Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 15:46, реферат
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны.Басқа өсімдіктерден басты айырмашылықтары пластидтері,хлорофилі болмайды.Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеротрофты өсімдіктер.Саңырауқұлақтардың басым көпшілігі құрлықта тез өсіп көбейетіндіктен табиғатта аса көп тараған организм.Саңырауқұлақтар ферменттерге бай келеді.Көпшілік саңырауқұлақтардың вегетатативтік денесі тарамдалып,матасқан гифалардан- жіңішке жіпшелерден тұрады.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым-микология деп аталады. Саңырауқұлақтар төменгі және жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар деп бөлінеді. Төменгсатыдағы саңырауқұлақтарға; Оомицеттер(Oomycetes),Зигомицеттер(Zigomycetes),
Саңырауқұлақтар-FUNGI, MYCETES
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің
ішіндегі ең көп тарағаны.Басқа өсімдіктерден
басты айырмашылықтары пластидтері,хлорофилі
болмайды.Бұлар дайын органикалық заттармен
қоректенуге бейімделген гетеротрофты
өсімдіктер.Саңырауқұлақтардың басым
көпшілігі құрлықта тез өсіп көбейетіндіктен
табиғатта аса көп тараған организм.Саңырауқұлақтар
ферменттерге бай келеді.Көпшілік саңырауқұлақтардың
вегетатативтік денесі тарамдалып,матасқан
гифалардан- жіңішке жіпшелерден тұрады.Саңырауқұлақтарды
зерттейтін ғылым-микология деп аталады.
Саңырауқұлақтар төменгі және жоғарғы
сатыдағы саңырауқұлақтар деп бөлінеді.
Төменгсатыдағы саңырауқұлақтарға;
Оомицеттер(Oomycetes),
Хитридиомицеттер-
Микроскопиялық, амебоид құрылымды мицелийлері жоқ не ризомицелийлері ғана бар 500-дей саңырауқұлақ жатады. Ризомицелийлер қабықшасы бар бір ядролы немесе көп ядролы, немесе ядросы жоқ дөңгелек клеткалардан тарайды. Көпшілік жағдайда бір талшығы бар зоосчпоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Хитридиомицеттердің көпшілігіне тән қасиет барлық денесі бір ғана зооспорангия құруға жұмсалады. Зооспоралар өсе келе денесінде бір зооспорангия кейбіреуінде бірнешеуі дамитын дараққа айналады. Хитридиалықтар- Chytridiales мицелийлер жоқ вегетативтік денесі өсімдіктер клеткасының ішінде жалаңаш протоплазмалық дене түрінде кездеседі, клетка қабықшасы болмайды. Мұның барлық денесі бір ғана зооспорангий құруға жұмсалады. Бұлардың барлығы құрлықта, көпшілігі теңіз және тұщы суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың клетка ішілік паразиттері. Олардың ішінде ерекше орынды- ольпидиум- Olpidium brassicae алады. Ол капуста көшеттерінде кездесіп, оны қара түбір ауруымен ауыртады. Бұл аурумен ауырғанда тамыр мойнының айналасы қарайып, сабағы жіңішкеріп, көшеті қурайды. Қарайған жерлердегі эпидермистің немесе паренхима клеткаларын микроскоппен қарағанда, паразит саңырауқұлақтың жалаңаш протоплазмадан тұратын бір ғана ядролы вегетативтік денесін көруге болады. Қолайсыз жағдайларда қалың қабықшалы цисталар түзеді. Бұлардың алғашқы кезде 2 ядросы болады, кейін олар бірігіп зигота құрайды, кейбір жағдайларда зооспоралар белгісіз себептермен,гаметалар сияқты бір-бірімен бірігіп, екі талшықты қозғалғыш зигота түзеді, ол қалың қабықшамен қапталады да, өсімдік шірігеннен кейін ғана өсе бастайды. Жынысты көбеюлері гологамия, изогамия, гетерогамия, кейбіреулерінде-зиготогамия. Зооспоралары мен гаметалары бір талшықты. Саңырауқұлақ клеткаларында қор заты ретінде еш уақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликоген, ал біраз саңырауқұлақтарда валютин жиналады. Кейбір саңырауқұлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі- клетка қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатын пигменттерге байланысты. Зооспорангилер түтікше тәрізді өсінділер береді, олардың ұштары қылтиып, эпидермистен сыртқа шығып тұрады да, бір талшықты зооспоралардың шығуына себін тигізеді. Дымқылды жерде зооспоралар жылжып, зақымданбаған өсімдікке барады. Онда клетка қабықтары арқылы эпидермис клеткаларынан әрірек жатқан тканьдарға өтіп,олардан жаңа зооспорангийлер дамиды.