Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 21:06, реферат

Описание работы

1.Төзімділік.
2.Өсімдіктердің қолайсыз температуралық жағдайларға төзімділігі.
3.Өсімдіктің қуаңшылыққа төзімділігі.
4.Өсімдіктердің топырақтың немесе қоректік ортаның тұздылығына төзімділігі.

Файлы: 1 файл

Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігі.docx

— 19.27 Кб (Скачать файл)

Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігі: 
1.Төзімділік.  
2.Өсімдіктердің қолайсыз температуралық жағдайларға төзімділігі. 
3.Өсімдіктің қуаңшылыққа төзімділігі. 
4.Өсімдіктердің топырақтың немесе қоректік ортаның тұздылығына төзімділігі. 
Климаттық жағдайлар өсімдіктердің өсіп жет ілуіне қолайлы әсер ете бермейді. Қатаң климат жағдайлары өсімдіктердің тіршілігіне қауіп төндіреді. Солтүстік және қоңыржай өңірлерде өсімдіктер аздап, қысқы құрғақшылық пен температураның ауытқуынан зардап шегеді. Мұндай кезеңдерде күздік астық тұқымдары мен жеміс ағаштары үсікке шалдығады. Тұзды топырақты жерлердің өсімдіктері тұздар концентрациясының күштілігімен күреседі. Алайда барлық топырақ-климат жағдайларында да өсімдіктер орта жағдайларына бейімделеді. 
Қыста өсімдіктер көбіне төменгі температура мен жылылық кезіндегі температураның күрт ауытқуынан зардап шегеді. Н.А. Мансүмов 1912 жылы «Өсімдіктердің үсуі мен суыққа төзімділігі» еңбегінде өсімдіктердің аязға төзімділігі жөнінде, өсімдік клеткаларында мұз қатып, протаплазманың коллоидтың құрылымы бұзылатындықтан, өсімдік үсіп тіршіілігін тоқтады. Демек өсімдік бойында су қанша аз болса, тұз да сонша аз қатады. Өсімдіктің сусыздануы мен қатар, онда қорғаныш заттары- қант пен тұздыңі жиналуы протаплазма коллоидтарының төзімділігін арттырады. 
Өсімдіктердің зат алмасуы мен орта жағдайлары арасында үйлесімді байланыс бар. Бұл үйлесімділіктің бұзылуы Сергеевтің пікірі бойынша өсімдіктердің зақымдануы мен тіршілігін тоқтатуының себебі болып табылады. Сондықтан ортаның аса қиын жағдайларында организмнің тіршілікке қаблеттілігін оның төзімділігі емес, бейімделгіштігі анықтайды. 
Суды көп буландыратын ағаш тұқымдастары суыққа төзімсіз болады. Қысқа тронстарция неғұрлым төмен болса, өсімдік соғұрлым аязға төзімді келеді. 
Күзде вегетация мен өсу процестерін дер кезінде тоқтатудың зор маңызы бар. Шабдалы декабрьде терең тыныштықта болады-20.  
Вегетация зат тыңайтқышын кеш енгізу және ішкі суару өсу мерзімін ұзартып, аязға төзімділігі кемиді. Ал вегетация дәуірінің соңында фосфор-калий тыңайтқыштарын енгізу, керісінше көмірсулардың жиналуына және бір жылдық өркендердің тез өсуіне жағдай жасап аязға төзімділігін арттырды. Қыста суару жеміс ағашына төзімділігі артады. И.И. Туманов өсімдіктерді төменгі температураға шынықтыру мәселесін зерттеп аязға төзімділік ұзақ та күрделі даярлықтың нәтежесінде қалыптасатынын көрсетті қажетті генетикалық табиғаты бар өсімдіктерді ғана аязға төзімді етуге болады. Өсімдіктерде өсу процесі тоқтап, олар тыныштық кезеңінде тұрғанда ғана аязға шынықтыруға болады. 
Тыныштық кезеңінде тұрған өсімдікті шынықтыру екі фазада өтеді.  
1. Төменгі оң температурада өтеді. Бұл жағдайда клеткаларда қорғаныш заттары- қант жиналады. 
2. Фаза теріс температурамен баяу салқындату жағдайында өтеді. Бірінші және екінші фазаның барысында протоплазманың су өткізгіштігі артады, мұз болып қатуға бейім судың бәрі клетка аралығына ағып барады. Содан протаплазманың құрлымы өзгеріп төменгі температураға мүмкіндік береді. 
Қысқа уақыт әсер ететін, неғұрлым төменгі температура ұзақ уақыт әсер ететін төменгі температураға қарағанда қауіпті емес. Суыққа төзімділік дәрежесі өсімдіктің түрі мен сорттарының географиялық шығу тегіне, даму фазаларына байланысты.  
Құрғақшылыққа төзімді. 
Еліміздің көптеген терреториясының климатының құрғақтығы көзге түседі. Қазақстанда негізінен құрғақ климат болып келеді жауын-шашын аз, жазы ыстық және құрғақ келеді. 
Дала аймағында буланғыштық, түсетін жауын-шашынның 3-7 есе артық болады, ол жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-500 мм аралығында өскенде төмен болады кегіде 7-20 есе буланғыштық. Мұндай қатаң жағдайларда мәдени дақылдардың ғана емес, сондай-ақ жабайы өсімдіктердің де өсіп жетілуі тұтасымен олардың ылғал тапшылығына бейімделуіне байланысты. (Т.Б.Дарқапбаев) Құрғақшылықтың атмосфералық және топырақ құрғақшылығы деген түрлері бар.

Қуаңшылық өсімдіктерге екі  жақты әсер етеді:

1.Өсімдік денесінің температурасын жоғарылатады

2.Сусыздандырады( су тапшылығы немесе солу)

Сонымен қуаңшылыққа төзімділік өсімдіктің қызіға және сусыздануға  төтептілігі болып есептеледі. Осыған сәйкес ыстыққа төзімділік және қуңшылыққа төзімділік деген екі ұғым пайда болады.

Қуаңшылықтың жағымсыз әсері, ең алдымен, өсімдіктегі су алмасу процесінде байқалады. Топырақ қуаңшылығынан  клеткалар және ұлпалар бойындағы  су азайып, сусызданады, өсімдікте су тапшылығы пайда болады. Кейде  төмендеу су тапшылығынан өсімдік организмнің  тішілік әрекеттерінде онша бұзылыс  байқалмайды. Бірақ су тапшылығы  белгілі деңгейден асып кетсе, өсімдік  залалдана бастайды.

Су тапшылығы деген  ұғым - өсімдік суға толық қанығуы үшін жетіспейтін судың процентпен белгіленетін бөлігі. Мысалы, өсімдік толық қаныққан күйде, оның ылғал салмағының 100 г-нда судың мөлшері 90 г , ал қанықпаған күйде -70 г болсын делік. Сонда су тапшылығы – 90-70=20 г , немесе ( 90- 100 % /20 – х%) шамамен 22%-ке тең болады.

Қуаңшылықтың әсерінен, ең алдымен өсімдіктегі су алмасу процестері бұзылып, судың жалпы мөлшері  азаяды да оның мүшелерде қалыпты  таралуы өзгереді. Сабақта жоғары орналасқан жапырақтар мен мүшелер төмендегілердің судың біраз мөлшерін өзіне тартып пайдаланып, оларды сусыздандырады. Соның салдарынан төменгі жапырақтар мен басқа мүшелер тез қурап қалады да фотосинтездік аппарат азайып, өсімдіктің өнімділігі төмендейді.

Су тапшылығынан өсімдіктерде өсу процестерінің нашарлайтындығы  туралы өз кезінде А.М.Алексеев және Н.А.Максимов зерттеулерінде анықталған болатын. Содан бері көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесі осы пікірлерді толығынан дәлелдеді.

Соңғы кездерде өсімдіктердің  қуаңшылыққа және ыстыққа төзімділігі  тікелей талдау протоплазманың тұтқырлығы, синтездік қабілеттілігі, гидрофилділігі, белоктардың коагуляциялануы, т.б. көрсеткіштер арқылы анықтау әдістері енгізілді.

Өсімдіктердің қуаңшылыққа  төзімділігін арттыру мақсатында шынықтыру, әртүрлі тұздар ерітіндісімен өне  бастаған тұқымды өңдеу әдістері қолданады.


Информация о работе Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігі