Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 16:32, реферат
Құстар дене температурасы жоғары, жылықанды,қауырсын жабынды, жұмыртқа арқылы көбейетін , жоғары жаралымды, омыртқалы жануарлар. Олардың алдыңғы аяғы қанатқа айналған, көпшілігі ұша алады. Қозғалып жүру амалына байланысты құстар үш топқа бөлінеді. Олар: қыртөстілер (ұша алатын құстар), қыртөссіздер (ұша алмай, жүгіріп жүретіндер) және жүзгіш құстар (пингвиндер) деп бөлінеді. Олардың жүйке жүйесі жоғары құрылымды, көздері қырағы. Жүрегі – төрт қуысты. Екі қанайналым шеңбері бар, тыныс алып, тыныс шығару қосарлы тынысалу жолымен жүзеге асады.
№16 мектеп – гимназия
Құстар класына жалпы сипаттама
Құстар
дене температурасы жоғары, жылықанды,қауырсын
жабынды, жұмыртқа арқылы
Құстар класына жалпы сипаттама. Құстардың денесі бас, мойын және тұлға бөлімдеріне бөлінген. Дене салмағы 1,5 грамнан (колибрилерде), 80-90 килограмға дейін (түйеқұстарда) жетеді.
Құстардың терісі жұқа әрі құрғақ, бездері өте аз. Тек кейбір құстарда ғана қауырсындарын майлайтын құйымшақ безі болады. Терісінің қосалқы бөлімдерінде қауырсындар, тұмсықтарының мүйізді бөлігі, жіліншік, саусақтарындағы мүйізді қабыршықтар жатады.
Құс қауырсындары бүкіл денесін жауып тұрады. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі- қаламша. Мүйізді өзегі- сояуы. Оның екі бүйіріндегі ұсақ шашақ тәрізді түзілістер- пәрі. Пәрі мұрттан және мұртшалардан құралады. Қауырсындар құстардың ұшуына жағдай жасайды әрі денесіндегі жылуды реттейді.
Құстардың
қаңқасы жеңіл әрі берік.
Құстардың көпшілік түрлері үш не төрт саусақты, тек африкалық түйеқұстардың (страус) саусағы- екеу.
Құс жұмыртқасының құрылысы
Құс жұмыртқасының құрылысы. Аналық безде жетілген жұмыртқажасушаның сарыуызы мол. Жетілген жұмырқажасуша жұмыртқажолға түсіп, ұрықтанады. Жұмыртқажлдың қабырғасындағы бездерден бөлінген қалың нәруызды және өзге де қабықтармен жұмыртқажасушаның сырты әкқабықпен қапталады. Ондай жұмыртқажасуша сарыуызының жоғарғы шетінде ұрық табақшасы болады. Ол ашық түсті дақ тәрізді болып көрінеді. Сарыуыз қабығының екі бүйірінде тығыз нәруыздан тұратын арқаншалар (халаза) бекиді. Сарыуыздың төменгі бөлігі ауыр болғандықтан, ұрық табақшасы үнемі сарыуыздың жоғарғы бөлігінде жатады. Сарыуыз құрамында ұрықтың дамуына қажетті қоректік заттар мен су мол болады.
Сарыуыз сыртындағы қалың нәруыз қабығы жұқа екі қабаттан тұратын қабықпен қапталған. Жұмырқаның доғал ұшында бұл екі қабықтың арасы ауа қуысын құрайды. Сарыуыз сыртындағы қалың нәруыз қабаты- ұрықтың дамуына қажетті су қоры. Сонымен бірге нәруыз қабаты ұрықты сыртқы зақымданудан қорғайды. Жұмыртқа сыртындағы әкқабықта көптеген өте ұсақ тесіктер (шұрықтар) болады. Мұндай шұрықтар жұмыртқаның доғал ұшына көбірек шоғырланған. Осы шұрықтар арқылы дамып жатқан ұрық пен сыртқы орта арасында газ алмасу жүреді. Жұмыртқаның әкқабығының сыртындағы өте жұқа қабық микробтарды жұмыртқа ішіне өткізбейді. Жұмыртқаның сыртқы әкқабығының біраз бөлігі еріп, ұрық қаңқасын түзуге қатысады.
Құстарды топқа бөлу
Құстар- омыртқалы жануарлардың ішінде Жер шарында кеңінен таралған жануарлар.
Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар: қыртөссіздер (жүгіретін құстар); жүзетін құстар (пингвиндер); қыртөстілер (ұшатын құстар).
Жүзетін құстар (пингвиндер)- құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, құрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды.
Қыртөстілер (ұшатын) құстар- қазіргі кездегі құстардың ең түрі көп тобы. Төссүйекте жақсы жетілген қыр болады. Қанаттары да ұзын, сүірленіп келеді. Қаңқа сүйектері жеңіл. Ұшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
Жыл құстары күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайта оралады. Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіп, көбейеді. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды құс қанатының ызғары деп есептейді. Жылы жақтан ең алғаш қараторғайлар, «тыраулап» тырналар оралады.
Көшпелі құстар (полюстік үкі, кейбір жыртқыш құстар және т.б.) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды.
Қыстап
шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді.
Ешқайда жылыстамайды. Ондай құстар қарғалар,торғайлар,
Сұқартәріздестер- балықшы тұйғын, жыланжегіш, бүркіт, кезқұйрық, аққұйрықты су бүркіттер, сақалтай, жұртшы, құмай, ақсұңқар, ителгі, бидайық, лашын және т.б. Бұл құстарды халқымыз ерекше қадірлеп, қыран құстар деп те атайды. Жырқыш құстардың тұмсықтары, аяқтарындағы тырнақтары өткір, қорегін бүріп ұстауға бейімделген. Қыран құстардың қоразы- «шәулі», мекиені- «ұябасар», балапаны- «ақүрпек» деп аталады.
Тауықтәріздестерге жататын алтай ұлары биік таулы алқаптарда кездеседі. «Ұлы тауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе?» деген мәтел ұлардың таулы өңірде таралғанын аңғартады. Ұлар да киелі құс, олар шағын топ құрып тіршілік етеді. Еті де дәмді.
Тауықтәріздес құстардың тұмсықтары қысқа әрі доғалданып келеді. Тырнақтары да доғал, жіліншігінің артқы жағында мүйізді өскіні бар. Оны тепкі деп атайды, қорғаныштық қызмет атқарады.
Тырнақтәріздестер: ақ,сұр,ақбас тырна сулы,батпақты жерлерде таралған. Дуадақ- ірі құс, оның салмағы кейде 16 килограмға жетеді.
Оны кейде «тоқтыбалақ» немесе «қозыбалақ» деп те атайды. Ертеде далалы өңірде көптеп ауланған.
Тарғақ, орақтұмсық және реликті шағалалар (қарамойнақ, көнекөз шағала) Қызыл кітап тізімінде бар. Реликті шағала Қазақстанда Алакөл көлінде ғана таралған. Қорғау мақсатында Алакөл қорығы (1998) ұйымдастырылды.
Жапалақтәріздестерден тек үкі ғана Қызыл кітапқа тіркелген. Халқымыздда үкі- ерекше құрметке бөленген құс. Қолда ұстап, қауырсынын (үкісін) қадірлеп, бас киімге, домбыраға, үйге, бесікке іліп қою дәстүрі бар.
Торғайтәріздестердің түрлері көп және кеңінен таралған. Қазақстанда жорға торғай, көкқұс, үлкен құралай сирек кездеседі. Жорға торғай еліміздің шөлейтті алқабында мекендейді. Сексеуіл ағаштарының арасында (Іле, Балқаш өңірінде), жер бетінде жылдам жүгіретіндіктен «жорға торғай» деп аталған.
Құс шаруашылығы
Құстардың
адам өмірінде маңызы орасан
зор. Асыранды және табиғи
Қазіргі кезде
үйретілген құстардың 10-нан
Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат- олардың жұмыртқасы мен етін алу.
Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді.