Сүтқоректiлер немесе аңдар класының негiзгi белгiлерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 14:37, реферат

Описание работы

1)ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2)СҮТҚОРЕКТIЛЕРДIҢ ШЫҒУ ТЕГI
3)СҮТҚОРЕКТIЛЕРДIҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ
4)ЖОҒАРЫ АҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ
5)ТӨМЕНГI АҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ НЕМЕСЕ ЖАРТЫЛАЙ ПЛАЦЕНТАЛЫЛАР
6) КЛОАКАЛЫЛАР НЕМЕСЕ АЛҒАШҚЫ АҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

Файлы: 1 файл

Жоспары.docx

— 25.98 Кб (Скачать файл)

2)     Ұрықтары  анасымен нағыз плацента арқылы  байланыса тура дамиды, және балалары  жетiле туып, өзi сүт сора алады.

3)     Бас миы  жақсы дамыған.

4)     Ересектерiнде  дене температурасы жоғары және  тұрақты.

5)     Сүттi тiстiң  және тұрақтыға  ауысуы жақсы байқалады.

Жоғары құрылымнан және психикасының жақсы дамымағандығына сай, плаценталылар те жер шарын ғана жайлап қоймай, сонымен қатар, суда тiршiлiк үшiн күрестi жеңiп, әлемдiк мұхит киттәрiздiлер және ескекаяқтылар тарады, және әуе кеңiстiгiнде олар құстармен бәсекелесте болды (жарқанаттар).

 

5)ТӨМЕНГI АҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ НЕМЕСЕ ЖАРТЫЛАЙ ПЛАЦЕНТАЛЫЛАР

ҚАЛТАЛЫ СҮТҚОРЕКТIЛЕР ОТРЯДЫ

Сыртқы құрылысының әртүрлiлiгiне қарамастан, барлық қалталылар текөзiне тән қасиеттер жиынтығына ие. Бiрiншiден, плацента (қағанақ) болмайды, сол себептен қалталылардың балалары нашар дамыған және кiшкентай болып туылады (осылай, алып, бойы ересек еркекке жететiн кенгурудың, жаңа туылған баласы грек жаңғағындай болады). Олар сора да алмайды және емiзiкте асылып қана тұрады, емiзiк маңында олардың аузының шеттерi жабысады, ал сүт олардың аузына арнайы сүттi бездi сығушы бұлшықеттердiң қысқаруымен шашырайды. Осындай пассивтi қоректенуге бейiмделу ретiнде, баласының көмейi көтерiлiп хоанға жабысқан, осылай сүт оның бүйiрлерiнен ағып, баласының еркiн тыныс алуына мүмкiндiк бередi. Екiншiден, баласын тiрiдей туып, арнаулы қалтада өсiредi. Үшiншiден, олардың миы, барлық жоғары сүтқоректiлерге тән, иiрiмдерден айрылған. Төртiншiден, аналықтарында тек екi жатыр ғана емес, сонымен қатар екi қынап та бар.Бесiншiден, азудың алдындағы тiсi ғана ауысады, ал қалған тiстерiнiң барлығы бiр рет өмiр бойы шығады және жоғары сүтқоректiлердiң сүттi ауысуына сәйкес келедi.  Алтыншыдан, дене температурасы бiртесiктiлерден жоғары болғанымен, плаценттiлерге қарағанда төмен және өте тұрақты емес.

Қалталылар Австралияда, соған көршiлес аралдарда, Оңтүстiк және Орталық Америкада таралған. Бiр түрi Солтүстiк Америкада кең тараған. Австралия облысында плацентарлы конвергенттi топтардың бүкiл тiзбегiн құрайды. Осылай қалталы қасқыр ит тұқымды нағыз жыртқыштарға, қалталы тиын – ұшқыр тиынға, қалталы аю – суырға, қалталы қөртышқан – нағыз қөртышқанға ұқсайды. Қалталылардың қазiргi уақытта 180 түрi бар, олар 8 туысқа, 3 отряд тармаққа бөлiнедi.

 

6) КЛОАКАЛЫЛАР  НЕМЕСЕ АЛҒАШҚЫ АҢДАР КЛАСС  ТАРМАҒЫ 

БIРТЕСIКТIЛЕР ОТРЯДЫ (Monotnemata)

Бұған тек үйректұмсық, түрлi және соған жақын, бiртесiктiлердiң бiр отрядын түзетiн протүрпiлержатады. (Monotnemata). Бiртесiктiлер өте қарапайым қасиеттермен сипатталады:

1)     Үлкен, қоректi сарыуыздарға бай жұмыртқа қалдыру (диаметрi 14 мм) арқылы көбейедi.

2)     Iшегi және несеп жол синусы сыртқа өз бетiнше тесiктермен ашылмайды, олар клоакаға түседi;

3)     Сүт бездерi, ерекше бездi өрiсте көптеген тесiктер ретiнде ашылады, ал балалары сүттi сол жерден жалайды;

4)     Бас миы үлкен комиссура – мозольдi денеден айрылған (қалталылармен ортақ белгiлерi).

5)     Шықты белбеуi бауырменжорғалаушылар шықты белбеуiмен өте ұқсас: жақсы дамыған үстiңгi төсi, үлкен өз беттiк сүйек түрiндегi коракоиды, прокоракоидтары да бар.

6)     Оң жақты атриовентрикулярлы тесiгiнде тек бiр клапанмен қамтамасыз етiлген (бұл да бауырменжорғалаушыларға ұқсас).

7)     Дене температурасы  төмен 26 дан  С – та құбылады. Алдынан маңдай сүйегiне жұп қалиталы сүйектер қосылады. Түрпiде, тек көбею кезiнде түзiлiп, сүтбездерi ашылатын, құрсағындағы терi қатпарлары болып табылатын – ұяласты қалта болады. Үйректұмсықта қалта болмайды. Жұмсақ ерiндерi жоқ, жақтары мүйiздi тұмсықпен қапталған. Нағыз тiстер тек жас үйректұмсықтарда болады: Олар мезозой дәуiрiнiң көнедегi көптөбешiктi сүтқоректiлерiнiң (Multubenculata) тiстерiне ұқсас.

Бiртесiктiлер тек Австралияда, Тасманияда және Жаңа Гвинеяда тараған.

Үйректұмсық (Onnithonhynchus anatinus), Австралия мен Тасманияда мекендейдi, жартылай суда тiршiлiк етедi және ол жануардың бүкiл құрылысында әсер қалдырған. Денесi қысқа, қалың жүнмен қапталған. Жалпақ, кең тұмсығының бүйiрлерiндегi мүйiздi тақташалар тiлiнiң мүйiздi тақташаларымен бiрлесiп сүзгi түзедi. Сол арқылы жануарлар сүзiп, өз қорегiн табады. Қысқа бессаусақты аяқтары жүзбелi жарғақтармен қамтамассыздандырылған; олар артқы аяқтарында қысқалау, ал алдында ұзынырақ және саусақтарының артынан көрiнедi, бiрақ құрғақты қозғалып және қазғанда артқа бүгiледi.

Аталық және жас аналық үйректұмсықтарда артқы аяқтарында қозғалмалы мүйiздi тiкендер бар. Ересек аталықтарында жiптерi тiкендерi немесе шпора улы секрет бөлетiн безбен байланысты. Бұл сүтқоректiлер арасындағы улылықтың бiр мысалы.

Үйректұмсықтылар терең iндерде тiршiлiк етедi, олардың кiретiн тесiгi су астында, ал қарама-қарсы ұшы ұялы камераға кеңейiп, су деңгейiнде жатады. Жұмыртқаны олар ұяда қалдырады. Суық айларды ұйқыда өткiзедi. Үйректұмсықтың терiлерi бұрынғы уақытта жоғары бағаланған: ал қазiр оларды аулауға тиым салынған.

Австралияда мекендейтiн түрлi (Tachyglossus) және соған жақын Жаңа Гвинеяда таралған протүр (Zaglossus)  — құрлықты, жердi жақсы қазушы жануарлар. Олардың, түктер мен өткiр тiкендер араласа қаптаған тығыз денесi, қысқа, күштi тырнақпен қаруланған аяқтары, ұзын немесе қысқа, жiңiшке тұмсығы және ұзын, күрттәрiздi, жабысқақ сiлекеймен қапталған тiлi бар, оған түрпiнiң басты қорегiн құрайтын құмырсқалар жабысады. Қауiп төнгенде түрпiлер кiрпi сияқты, тiкендерiн сыртқа шығарып оранады, Ареал бөлiгiнде суық қысты шамамен төрт ай бойы ұйқыда өткiзедi.

 

                        

Қорытынды

Сүтқоректiлер немесе аңдар класының негiзгi белгiлерi: тiрi туу, балаларын қоректендiру үшiн сүт бөлетiн сүт бездерiнiң болуы, дене қуысын төстi және құрсақты етiп диафрагмамен бөлу және жылықандылық. Бұл кластың маңызды ерекшелiгi – жоғарғы жүйке жүйесiнiң дамуы. Сүтқоректiлер эволюциясының шыңы болып адам туысы және саналы адам {Homo sapiens} түрi есептеледi.  Сүтқоректiлердiң тарихи дамуы үш бағытта жүрдi: жұмыртқа салушы сүтқоректiлер, қалталы сүтқоректiлер және плацентарлы сүтқоректiлер. Тек плацентарлы дамыған төл туатын жоғарғы сүтқоректiлер, тiршiлiк үшiн күресте жеңiп шықты.

Жұмыртқа салушы және қалталылар, австралиядан басқа континенттерде табиғи сұрыптауға түстi және жойылып кеттi.

Жамылғысы кезеңдеп түлейтiн жүннен (өстен) және жүн астынан тұратын түктi. Терiде тер бездерi аз, майлы және иiстi бездерi бар. Сүт бездерi – емiзiктерi бар түр өзгерткен тер бездер.

 

 

                   Пайдаланылған әдебиеттер

1)Зоолгия-Омыртқалы жануарлар. С.М.Махмұтов. Алматы,1995 ж.

2)Қазақстан сүтқоректілері. Бекенов А.,Есжанов Б. Алматы, «Ғылым»,1995ж.

3)Биология. Қасымбаев Т.,Мұхамбетжанов Қасымбаев Т.,Мұхамбетжанов Алматы « Мектеп »2006ж.

 

 


Информация о работе Сүтқоректiлер немесе аңдар класының негiзгi белгiлерi