Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2015 в 20:05, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті :
- Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына сипаттама беру;
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін төлем жүйесінің орны мен рөлі жайында ұғым қалыптастыру;
табиғат пайдалану төлемдерінің түрлері мен жүйесін қолдану жайында ұғымды қарастыру;
табиғат пайдалану төлемдерін анықтаудың әдістері мен ұсынылған және қолданылып жүрген принциптерін зерттеу;

Содержание работы

кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ...............................

1.1 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары.........................

1.2 Қазақстанның жер ресурстары................................................

1.3 Қазақстанның су ресурстары....................................................

1.4 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары................................

1.5. Қазақстанның биологиялық ресурстары..................................

2. Табиғат ресурстарын пайдалану және оны пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері

3. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері

3.1. Минералды шикізат ресурстары мен жер қойнауларын қорғау............................................................................................................

3.2. Атмосфералық ауа мен климаттық ресурстарды қорғау

3.3. Су ресурстарын қорғау

қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТАБИҒАТ-РЕСУРСТАРЫ.doc

— 422.00 Кб (Скачать файл)

Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

     Осы бағыттарда кәсіпорынның  жұмысын бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі осындай өндірістердің  көрсеткіштері   мен ғылыми жетістіктерін назарға ала отырып, өндірілетін   шикізаттардың  ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары нормативтерді белгілеуі үшін қажетті   материалдармен,  ұсыныстармен   қамтамасыз етуге саяды.

     Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия  жүйесіне келсек, ол  екі ірі  саладан тұрады – қара металлургия және түсті металлургия:

 – қара  металлургия  темір, марганец, хром  кенін, болат, шойын, прокат, ферроқұймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;

– түсті металлургия  26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.

     1996-2005-жылдар аралығында Қазақстанның  минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде  жер қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында  мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

     Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі  шикізатына бағытталған инвестициялардың  орта есеппен 79 проценті өнім  өндіруге, 21 проценті геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.

     Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен  Қазақстан көмірсутегі шикізатының   қорына  қарай әлемдегі алдыңғы  ондыққа кіреді. Ал табиғи газдың  барланған   қоры  бойынша   еліміз   дүниежүзінде 15-ші орында.

     Расталған және алып пайдалануға  болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді, газ қоры 3 трлн текше  метр

          Каспий теңізінің қазақстандық  бөлігінде 120-ға жуық құрылым анықталған. Олардың арасында көмірсутегі  шикізатының үлкен қоры болуы  әбден мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің көмірсутегі ресурстары 12-17 миллиард тонна болады.

     Солтүстік Каспий жобасының аясындағы  алғашқы барлау бұрғылау жұмыстарының  алғашқы нәтижелері – Каспийдің  қазақстандық бөлігінің болашағы зор деген қорытынды жасатып отыр.

     Республикамызда  197 мұнай  және  газ кен   орындары, олардың  ішінде 102  мұнай, 29  газ  конденсаты, 30 мұнай –газ  конденсаты, 6  мұнай  –газ,   11 газ  конденсаты  және  12  газ  кен  орындары  ашылған. Мұнайдың  ашылған  кен  қорлары  3млрд. тоннасы, ал  газдың  анықталған  қорлары  3 трлн. текше  метрді  құрайды. Негізгі  мұнай  мен  газды  өндіру  Батыс Қазақстанда  жүзеге  асырылады. Онда  мұнайдың  90,4% және  газ  конденсатының  100% өндіріледі. Бұл регион  Қазақстан   территориясындағы  неғұрлым  ластанған   және  экологиялық  жағдайы  нашар  аудандар қатарына  жатады. Тау – кен  өндіру  өнеркәсәбәнің  мұнай  өндірі  саласы  жеке  тұрғыдыан алғанда  да басымдық  маңызға  ие  ( 2030 жылға  қарай  мұнай  өндіруді  жылына  қарай   150 млн.т – ға  дейін  жеткізу  болжамын  есепке  алғанда).

Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.

                         Сондай ақ темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш, мыс  рудаларын алтын, фосфориттер, құрылыс тастары, мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер  табиғи ортаға  жағымсыз  әсер  етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын  қорғау  жөнінде  тиімді  шараларды  қолдануды талап  етеді.

                             Жер  қойнауларын  қорғау  мәселесі  литосфера  қабаттарынан  минералды шикізатты  рудалы  және  рудалы  емес  пайдалы  қазбалар  түрінде  неғұрлым  толығымен  айырып  алуды  қамтамасыз  ететін  шаралардың  жиынтығын  қамтиды. Жер  қойнауларын  қорғау  жөніндегі  шаралар  кешені  сондай – ақ  рельеф  формасының  сақталуын,  геодинамикалық  процестердің  көрініс  табуда  жоюын  қамтиды.

                              Осыған  байланысты  пайдалы  қазбалардың  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу , минералды  шикізатты  өндіру , өңдеу , және  тасымалдау  кезінде  шығынды  жан–жақты  жоюға  ұмтылу  жер  қойнауын  эксплатациялаудың  басты  қағидасы  болуға  тиіс.Бұл  шығындар  неғұрлым  аз  болған  сайын, соғұрлым  көп  пайдалы  қазбалар  болашақ  ұрпақтың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жер  қойнауында  қала  береді .

                                           Тау–кен  өндіру  өнеркәсібі   қоршаған  ортаға   жан–жақты  әсерін  тигізеді .бұл  рельефтің  өзгеріске  ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың  пайда  болуынан  және  тау  жыныстарының  құлауынани  көрінеді.Пайдалы  қазбаларды  өндіру  топырақ , атмосфера , су  бөгендері  мен  жерасты  суларының  сулық  режимінің  жағдаййына  әсер  етеді.Мұның  үстіне  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігінің  мән  жайлы  түбірімен өзгереді.Пайдалы  қазбалардың  кен  орындарынөңдеу  тікелей  ландшафтардың  геохмиялық  жағдайына , техногендік  аномалиялардың  пайда  болуына  әсерін  тигізеді.

                                           Өндіру  және  қайта  өңдеу  процесінде  пайдалы  қазбаларды  шала  алу  минералдарды–шикізат ресурстарын  эксплутациялаудағы  басты  кемшілік  болып  табылады.Технологиялық   дамымаудың  нәтижесінде  түсті  металлургияда  өндірілген  рудаларды  байыту  кезінде  алынған  шикізаттың  10-20%  ғана  пайдаланылатыны   ал80-90%  лақтырылатынымәлім  болды.

                                       Бұл  қалдықтар  химиялық  реагенттер  сіңген  тау  жыныстарының  ұсақталған  түрін  білдіреді.Концентраттарды  балқыту процесінде  материалдың  пайызына  жуығы  шлаққа  айналады.

                                        Байыту  фабрикаларында  өңдеу  процесінде  минералды  шикізат  көп  жұмсалады.Руданың  гегізгі  компоненттерін  айыру  кезінде  қосалқы  лақтырылып  тасталады  да ,  су  мен  жел  эрозиясы  нәтижесінде  жойылып  кетеді.Қосалқы  пайдалы  компоненттердің  жалпы  құны  көбінесе  негізгі   түрдің  құнынан  жоғарғы  болатынын  ұмытпауымыз  тиіс. Өндірістік  қалдықтарды  қайтадан  эксплутациялау  үлкен  экологиялық  және  басқа  да  қиыншылықтармен  жалғасады  және  барлық  уақытта  мүмкін  бола  бермейді.Нәтижесінде  қалпына  келтірілмейтін  табиғи  ресурстар  үлкен  шығынға  ұшырайды.

                                          Қалдықсыз  кен  қалдығы  аз  өндірісті  жасау  жер  қойнауының  байлықтарын    неғұрлым  толық  пайдалануды  және  қоршаған  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  етеді.

                                           Жер  қойнауы  ресурстарын   рационалды  пайдалану  және  қорғау  негізінде  келесі  басымдықтар  жатқызылуы  тиіс:

  • пайдалы  қазбалар  өндіру  технологиясын  жетілдіру;
  • бос, өңделген  жынысты  пайдалану  арқылы  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу;
  • пайдалы  қазбалар  кен  орындарын  үнемдеп  пайдалану  олардың  іске  жарау мерзімін  ұзартуға  ұмтылу;
  • қажетті  жағдайларда  сирек  кездесетін  минералды  шикізаттардың  орнына  басқа  нәрсе  қолдану;
  • тау –кен  орындары  игерілген  жерлерді   кеңінен  рекультивациялаужәне  т.б.

                    Жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғау  тәртібі  мен  мән  жайларын  реттейтін  және  олардың  рациональды , кешенді  пайдаланылуына және  экологиялық  зардаптың  алдын  алуға  бағытталған  құқықтық  нормалар  бар.Табиғатты  қорғау  аясындағы  тау –кен  игеру  қызметі  Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы  Қ Р заңымен  реттеледі.

 

    1.2. Қазақстанның   жер    ресурстары  

 

      Жер  шарының   түгелдей  дерлік  аймақтарында   көрініс  тапқан   осы  зардаптар  адамдар  тарапынан  олардың  қоршаған ортаны  сақтауға  тікелей  тәуелді  екндігін   түсінуіне , табиғат   қорғау  проблемасына  жауапкершілік  көзқарастың  қалыптасуына   алып  келді. Көптеген   жүзжылдықтар   бойы  адамзат  өзінің  тіршілігін   өндірістің  қарқынды  дамуымен   байланыстырып, алынған   өнімнің  басым   бөлігін  өндірісті  одан әрі    дамытуға  жұмсады. Бұдан   қорытындылайтынымыз  табиғат  ресурстарын   тиімді  пайдалану  және  оларды  сақтау, қалпына  келтіру  тірі  табиғатты, адамды,  қоршаған  ортаны   қорғау  мәселелерінен  алшақтағандығында.

     Адам – табиғаттың    бір   бөлшегі   әрі   ғажайып  туындысы. Адам  табиғатқа  тәуелді. Сондықтан    өзінің  өмір  сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл   жасайтын, аяулы   армандарын   жүзеге   асыратын    ортасы,  күнкөріс   көзі    болып    табылатын   табиғатқа   адамның   қалай   болса   солай   емес,аялай   есіркей   қарауы – оның   перзенттік  міндеті.

        Табиғаттың   тілін  тауып, сырын  тану   арқылы   оны  жасартып, жаңғыртуға   ғылыми  практикалық    үлес   қосқан   көрнекті   табиғат    зерттеуші   ғалым    И.В Мичуриннің  өзіі   большевиктік   желікке  бой   алдырып,  ашқан    жаңалықтарынана   жалған   қорытынды    шығарды: «  Біз   табиғаттан   рақымшылық   күтіп   отыра   алмаймыз, оның   бермегенін    күшпен   тартып   аламыз » , - деп, аракідік   айтылып   қап  жүрген   пікірді   одан  сайын   асқындырып   жіберді.

           Ф.Н.Реймерс   бойынша   «жүйелі   түрде   пайдаланатын   немесе   белгілі   бір   шаруашылық   мақсатта  пайдалануға  болатын    жерді  жер   ресурстары   деп   түсінеді. Жер   ресурстарды   төмендегідей  мағынада   түсінуге   болады: а) егістік  жер  ресурстары; б) ауылдық  жарамды  барлық  жерлерді; в) аумақтық  ( территориялық )  ресурстар. Әдетте, бұл   термин  а)  және  б) мағынада  түсінеді» ( Реймерс, 1990,453 бет.)

      Белгілі  бір   жағдайды  сақтап   үздіксіз  пайдаланған   жағдайда   жер   ресурстары   қалпына   келетін   ресурс  деп   есептейді. Егістік  мақсатпен  пайдаланғанда   жер  ресурстары   өңдеу   құралы   болып  табылады. Мұндай  жағдайда   табиғаттан   жер   ресурстары   емес, оның   көмегімен   пайда  болған   өсімдік   өнімдері   алынады.

      Жер   ресурстарын   пайдалануда   барлық    табиғи   компоненттердің   өзара   байланысқан  ықпалы    айқын    байқалады – жанама   болып     ландшафттың   негізгі   компоненттердің   әрекеттестігін    интегралды   сәулелендіретін   топырақ  арқылы   және   тікелей, себебі   жер    бедері   климаттың, сулардың, өсімдіктердің    және   жануарлардың   сипаты   ауыл шаруашылық  әрекеттің   нәтижесіне   тіке   ықпалы  бар. Сондықтан   топырақты  немесе   әдебиетте   жиі   айтылатын  « топырақ–климаттық    ресурстары»  ауыл    шаруашылық  деп    қарастыру   бірнеше   авторлар 

дұрыс  емес  деп   есептейді.

     А.А. Минц  бойынша  ауыл   шарауашылық  ресурстар   деп   табиғи  кешендерді   түсінеміз, ( ландшафт, мекеннің   типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық    ресурстардың  бас    қасиеттері   табиғи   территориалдық  кешеннің  қалыптасу  заңдылықтарымен  анықталады. Осыған   байланысты   жерді   шаруашылықта   пайдаланудың   географиялық   айыпмашылықтар   пайда  болады.

    Құнарлық  немесе  биологиялық    өнімділік   ауыл шаруашылықта   пайдаланатын   жердің   негізгі  қасиеті  болғандықтан   табиғи  шарттанған    өнімділік     деңгейіндегі   географиялық   айырмашылықтарды   анықтау  негізгі   орын   алады.

     Жердің   бас   қасиеті, оны   пайдаланудағы    әмбебаптылығында. Себебі   адамның   іс–әрекетінің  барлық   түрлері   жер    пайдаланумен    байланысты, жер  еңбектің   предметі   және  еңбектің   жалпы  құралы, яғни   кез–келген  материалдық     өндірістің   қажетті   шарты.

     Пайдаланудың   белгілі   бір    түрлері   арасында, жер  бөлістірудің   әлеуметтік, экономикалық   факторлармен   анықталатын    стихиялық   немесе   жоспарлы  механизм    қалыптасуының   алғышарттары   болып    территорияның  шектелуімен    ауыспашылығы, оны   пайдаланудың    көптеген   түрлерінің   бір–бірін  жоққа   шығаратындық   сипаты   болып    табылады.

     Әдетте   пайдаланатын  ауыл шаруашылық  дақылдардың   түрлері   ондай   көп  емес, себебі  дақылдардың   түрлері    әрбір   ауданда   экономикалық    және  басқа   да  себептер   бойынша   ауыл шаруашылық  бағытымен    таңдалады, бірақ   уақыт    бойы  қатты   өзгеруі   мүмкін. Таралу    аймақ    шегінде    дақылдардың   өнімділігіндегі   үлкен   географиялық    айырмашылықтар, осындай   таңдауға   әсер    ететіні   негізгі   факторлардың  бірі. Дақылдардың   әртүрлі   экологиялық    талаптарының    себебінен   әрбір    дақылдың    өнімділігінің   айырмашылық   сипаты   ерекше  болады.

    Жердің   әрбір    түрінің   өнімділігінің   айырмашылығына, онда   егілетін   жеке   бір   дақыл   егудің    экологиялық    тімділігі,   сонымен   бірге  жалпы   ауыл  шаруашылық    өндірістің   тиімділігі   тәуелді.

        Қазақстан     аса зор    жер   қорына  ие.  Егістікке    жарамды   жердің   жалпы  ауданы   2001 жылдың    1 қаңтарында     30,2  млн. га   болды. Жайылымдық   және   шабындық    жерлер    190  млн. гп. Республикамыздағы  жайылымдық   жерлердің  негізгі  бөлігі   шөл   және   шөлейт   зоналарында   жатыр.

      Ландшафтардың  шөлге  айналуы. Шөлді  экожүйелердің  жоғарғы  температурада  дамуы қазіргі  уақыттың  глобальды  проблемасы. Шөлге  айналу  себептері: табиғи  және  антропогендік . Қазақстанда  шөлдер мен  шөлейттердің биологиялық  өнімділігінің  кему  себептері антропогендік  әрекет: жайылымдар  дигродациясы,топырақтың  тұздануы , техногенез  болып  табылады. Қазақстан  территориясының  60%  жуығы  шөлге  айналу  процестерін  өткеруде.

      Топырақ  жер  ресурстарының  дегредациясы.Топырақ  жер  ресурстарын  қорғау  проблемасы  Жердің  көптеген  региондары  үшін  актуалды  болып  табылады. Қазақстанда  Солтүстік  Қазақстан   далалық  зоналарының  топырақ  эрозиясы  мен  дегулификациясы (өнімділіктің  кемуі) неғұрлым  үлкен  қауіп  төндіруде.

Информация о работе Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері