Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері және оларды ауыл шаруашылығы практикасында қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2013 в 12:54, автореферат

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қарастырылып отырған жұмыс Қазақстанның әртүрлі типті топырақтарында таралған Trichoderma туысына жататын сапрофитті микромицеттердің биологиясы мен оларды астық дақылдарының өсіру технологиясында қолдану мақсаттарына арналған.

Файлы: 1 файл

АВТОРЕФЕРАТ [Бекишев Н.Ш].doc

— 537.50 Кб (Скачать файл)

 

       3.6  Trichoderma штамдарының антагонистік белсенділігі

 

Ғылыми әдебиеттерде жазылған мәліметтерді негізге ала  отырып, бөліп алынған Trichoderma штамдарының антагонистік қасиеттері зертхана жағдайында сынақтан өтті. Қарама-қарсы культураларды  өсіру әдісі бойынша, саңырауқұлақ колонияларының қарсы өсу жылдамдығы, алып жатқан аумағы, басып алу аумағының көлемі және гиперпаразиттік белсенділігі есептелінді (3 кесте).

Зертханалық жағдайда триходерма туысы саңырауқұлақтарының патогенді  саңырауқұлақтарға қарым-қатынасын  зерттей отыра анықталғаны: өсірудің 5-ші тәулігінде қос культураны қарама-қарсы өсіргенде олардың әртүрлі жылдамдықпен өсетіні анықталды. Альтернариоз қоздырғыштарының өсуін тежеу Т.350 және Т.386 штамдары бар бірлескен культураларда байқалды, осы нұсқалар бойынша патогеннің ығысу аймағы 3-ші тәулікте 4,0-4,8 см тең болды.

Гельминтоспориоз тамыр  шірігі ауруының негізігі қоздырғышы болып саналатын Bipolaris sorokoniana саңырауқұлағының бақылаудағы және антагонист саңырауқұлағы бар жерде өскен нұсқалармен салыстырғанда, қарама-қарсы культураларда патогеннің өсуінің тежелуі орташа есеппен  65,8 %-ға тең болды. Антагонист ретінде Т.350, Т.124, Т.115, Т.82 штамдары қолданылған нұсқаларда осы патогеннің өсуінің тежелуі мен мицелийінің лизиске ұшырауы  байқалды. Триходермалық және патогенді Fusarium  туысы саңырауқұлақтары арасындағы қарым-қатынаста да антагонизм құбылысы айқын байқалды.

 

 

 

 

 

 

  1. кесте -  Қарама-қарсы культуралардың 5-ші тәулікте өсуі

 

Trichoderma штамдары

Фитопатоген штамдары

Alternaria tenius

шт. 12

Антагонистке қатынасы

Штамның гиперактивтілігі, балл

Bipolaris sorokoniana

шт. 97

Антагонистке қатынасы

Штамның гиперактивтілігі, балл

Fusarium oxysporum шт.96

Антагонистке қатынасы

Штамның гиперактивтілігі, балл

Fusarium heterosporum шт. 91

Антагонистке қатынасы

Штамманың гиперактивтілігі, балл

Бақы-лау

31,2

-

-

12,6

-

-

42,8

-

-

25,4

-

-

Шт.

Т.134

14,4

14,9

Б

2+

15,1

8,2

Б

1+

9,7

25,8

А

2++

22,1

12,4

Б

1+

Шт.

Т.124

12,7

13,1

Б

1+

16,3

7,7

Б

2++

9,4

20,69

А

2++

13,2

12,6

Б

1+

Шт

Т.350

21,5

11,9

Г

4++

17,7

7,9

Г

1+

26,1

13,9

Г

3++

17,7

8,1

Г

4++

Шт.

Т.386

12,1

13,9

А

2+

9,3

9,7

В

2+

11,7

19,2

Б

+

11,1

12,9

Б

2++

Шт.

Т.115

12,4

15,5

Б

2+

15,2

7,8

А

3+++

17

17,8

Г

4++

13,2

12,6

А

3++

Шт.

Т.34

10,1

14,2

Б

1+

13,9

9,3

Б

1+

16,9

15,7

Б

+

16,7

6,8

А

2++

Шт.

Т.82

10,9

12,9

Б

1+

10,4

7,9

Б

1+

12,6

20,2

Б

+

12,3

13,3

Б

+

Ескерту: алымында триходерма, бөлімінде  фитопатоген; А-патоген қатты әлсіреген, мицелий сирек және субстратқа жабысқан; Б-патоген шамалы әлсіреген; В- патоген  әлсіремеген; Г-патогенді толықтай гиперпаразит басып жатыр.


 

Жалпы алғанда, патогендердің  өсуін тежеуде Т.350, Т.115, Т.134 және 124 штамдары күшті антагонистік белсенділігі пен субстратты жылдам иелену қасиеттері нәтижесінде 5-7 тәулік ішінде астық  дақылдарының аса қауіпті, өнімділігін  төмендететін, дәндерінде микотоксиндердің таралуын туғызатын фузариоз, альтернариоз  және гельминтоспориоз ауруларының қоздырғыштарның колонияларын лизиске ұшырата алатыны  анықталды.

 

3.7 Trichoderma штамдарының культуралдық фильтраттарының астық дақылдары дәндерінің өнгіштігі және өскіндердің өсуіне әсері

 

Trichoderma штамдарының астық дақылдарының өсіп, өнуіне әсерін зерттеу үшін зерзаттары ретінде Целинная Юбилейная, Дамсинская 90 бидай сорттарының және Целинный арпа сортының дәндері алынды.  Т.134, Т.124, Т.340, Т.115, Т.82, Т.350, Т.460 және Т.384 антагонист-штамдарының метаболиттерімен астық дақылдарының дәндері өңделді. Тәжірибелер көрсеткендей, триходерманың таңдап алынған 8 штамы бидайдың дәндері мен өскіндерінің өсуіне түрлі ынталандыру белсенділігі қасиетіне ие екені анықталды.

Жүргізілген тәжірибелер  барысында, Дамсинская 90 бидай сортының дәндерін Т.134, Т.124, Т.340, Т.115, Т.82, Т.460 және Т.386 штамдарының метаболиттерімен өңдегенде тамыршаның өсуін бақылаумен салыстырғанда 42-140% - ға жеделдетті. Т.340, Т.82, Т.386 штамдарының культуралды фильтраттарының тамырша, өскін ұзындығын, салмағының артуын жоғары үдету әсері байқалды.

Trichoderma туысы саңырауқұлақтарының Т.115, Т.460 және Т.340 штамдарының метаболиттері Целинная Юбилейная жаздық жұмсақ бидайының дәндерінің өнгіштігі және өскіндердің өсуі мен дамуын ынталандырды. Т.350 және Т.134 штамдарының КФ әсерінен өнгіштік қасиетінің 19%-ға төмендегені байқалды. Бірақ, олар өскіннің дамуына теріс әсері етпеді.

Trichoderma штамдарының КФ – мен арпа дәндерін өңдегенде тамырша ұзындығы штамм түріне байланысты 7,2%-дан 113,8%-ға дейін ұзарды. Т.134, Т.460 және Т.82 штамдарының нұсқаларында өскіндердің жедел өсуі байқалды.

 

3.8 Trichoderma штамдарының негізінде биопрепарат дайындауға түрлі субстраттардың жарамдылығын зерттеу

 

Триходерма  штамдарының негізінде биопрепарат  дайындау мақсатында біз 5 түрлі қоректік субстрат:  цеолит, күкірт цеолиті, сабан, ағаш ұнтағы, арпа дәндерін таңдап алдық (4 кесте).

Биопрепарат дайындауда белсенділігі жоғары Т.350 және Т.340 штамдары үшін сабан, арпа дәні, ағаш үгіндісі және цеолит минералды кешендерінің субстрат ретінде пайдалану экологиялық жағынан тиімді.

 

4 кесте - Триходерма штамдарының түрлі субстраттардағы титрлері

 

Субстрат

Биопрепарат титры, млн. спора

Шт.Т.115

Шт.Т.124

Шт.Т.134

Шт.Т.340

Шт.Т.350

Сабан

56±1,34

68±1,56

133±3,30

235±6,78

360±10,09

Цеолит

78±2,40

87±2,65

79±2,30

270±7,65

210±6,31

Күкірт цеолиті

29±0,78

20±0,51

11±0,32

40±1,10

73±2,15

Ағаш ұнтағы

125±3,65

54±1,65

95±2,75

240±7,31

152±4,35

Арпа дәні

130±3,2

152±4,45

270±7,64

124±3,67

310±9,50


  

 

Биопрепарат дайындауда белсенділігі жоғары Т.350 және Т.340 штамдары үшін сабан, арпа дәні, ағаш үгіндісі және цеолит минералды кешендерінің субстрат ретінде пайдалану экологиялық жағынан тиімді.

       Экономикалық тұрғыдан арпа дәндері мен сабан өте жақсы қоректік субстрат болғанымен, оларды ауыл шаруашылығында мал азығы немесе басқа да мақсаттарда қолданады. Цеолит минералдық кешені бағасының жоғары болуына байланысты биопрепараттарды өндірістік жағдайда өндіру  тиімсіздеу. Ал, ағаш ұнтағы бағасының төмендігі және тәжірибеге алынған штамдардың осы ортада орташа, әрі тұрақты биомасса түзуіне байланысты биопрепараттар  дайындау үшін ең тиімді субстрат деп санауға болады.

 

3.9 Триходермалық  саңырауқұлақтардың патогендігін анықтау және депонирлеу

Алынған нәтижелерді  сараптай келе берілген қорытынды бойынша, аталған штамдардың қауіптілік деңгейі  олардың негізінде биопрепараттар дайындауға рұқсат алуға болатындығы  айқындалды.

Осыған орай аталған триходермалық штамдар Республикалық микроорганизмдер коллекциясына сақтауға тапсырылды.  Оларға келесідей тіркеу номерлері берілді: Tr. album Т.115 - №F-RKM 0233, Tr. lignorum Т.124 - №F-RKM 0234, Tr. lignorum Т.134 - №F-RKM 0235, Tr. album Т.340 - №F-RKM 0236, Tr. album Т.350 - №F-RKM 0237.

 

3.10 Астық дақылдарын  тамыр шірігі ауруынан қорғауда Trichoderma саңырауқұлақтарын қолданудың тиімділігі

2007 жылдың егістік маусымында Trichoderma штамдарының негізінде жасалған биопрепараттардың зертханалық үлгілері ұсақ мөлтекті танапта сынақтан өткізілді. Сынаққа Дамсинская 90 қатты бидай сорты, Целинный арпа сорты алынды. Астық дақылдарының өсу–даму кезеңдерінде бақылаулар жүргізілді.

Бидай мөлтектерінде өсімдіктердің құрылымдық бөліктерінің жетілуіне барлық штамдардың жағымды әсері байқалады. Атап айтсақ,  тәжірибе нұсқаларында бақылаумен салыстырғанда өсімдік биіктігі 3,19-18,37 см-ге, сабақ саны көрсеткіші 0,4-1,5 данаға, өнімді сабақ саны 0,6-1,5 данаға, масақтағы масақшалар саны 3,8-5,3 данаға және 1000 дәннің салмағы 2,40-5,64 г-ға  артқанын көреміз.

Арпа егістігінде өнімді сабақтардың қалыптасуына   Т.134, Т.350, Т.124. штамдарының оң әсері көрініп, 0,7-1 данаға артса, Т.124, Т.82 және Т.350 антагонист-саңырауқұлақтарының нұсқаларында масақтағы масақшалар саны бақылаумен салыстырғанда 3,7-3,9 данаға көбеюі байқалды. 1000 дәннің салмағының жоғары дәрежесі (бақылаумен айырмашылық 8,6-9,16 г-ға артық) Т.134, Т.124 штамдарына тиесілі болды.

2007 жылы ауа-райының  қолайлылығы астық дақылдарының  тамыр шірігіне қоздырғыштарына  қарсы иммунитетінің жоғарылауына ықпалын тигізді. Бидай егістігінде толық пісу фазасы кезінде тамыр шірігінің таралуы 7,2%-ды құраса, аурудың дамуы  1,7%-ды құрады. Тәжірибе нұсқаларындағы байқалған тамыр шірігіне қарсы жоғарғы биологиялық тиімділік (88,8% - 100%) аурудың аз таралғанының себебі болуы мүмкін. Шаруашылық тиімділік 14,7-34,7% аралығында болса, өнімді жоғарылату бойынша Т.115, Т.124 штамдарының нұсқалары алдыңғы орыннан көрінді, қосымша өнім тиісінше гектарынан 4,31 ц және 4,71 ц-ді құрады.

Арпа егісінде толық пісу фазасында тамыр шірігінің таралуы 4,3-21,4% аралығында болды. Жекелеген штамдардың мысалға: Т.115, Т.134 және Т.350 нұсқаларының фунгицидтік белсенділігі тамыр шірігін 76,8%-83,3%-ға төмендетті. Арпа егісіндегі биологиялық тиімділігі 13,7-83,3%-ды құраса, шаруашылық тиімділігі 37,4% - 58,3% аралығында ауытқыды. Бақылаумен салыстырғанда 2,24-6,7 ц/га өнімнің жоғарылауы байқалса, жоғары нәтиже Т.134, Т.82, Т.350 штамдарының нұсқаларынан көрініп, тиісінше 6,7 ц/га; 4,3 ц/га; 6 ц/га шамасында қосымша өнім алынды.

 

3.10.1 Trichoderma туысы саңырауқұлақтары метаболиттерінің топырақ фунгистазисіне әсері

Trichoderma штамдарының биологиялық белсенді заттарының фитопатогендердің тіршілігіне әсерін анықтау мақсатында гельминтоспориоз қоздырғыштарына топырақ фунгистазисі зерттелді. Ол топыраққа алдын-ала триходерма штамдарының суспензиялары енгізіліді.

Т.124, Т.386, Т.134, Т.34 штамдары бөлетін биологиялық белсенді заттар гельминтоспориоз қоздырғыштарының өсіп-дамуына кері ықпалын тигізгені көрінді. Бұл нұсқалар бойынша топырақ фунгистазисі, бақылаумен салыстырғанда 52,3 %-дан 84,4% аралығында болды. Бақылау нұсқасындағы зарарсыздандырылмаған топырақта B.sorokiniana саңырауқұлағының конидийлерінің өсуін тежеуі айтарлықтай болмады. Сонымен триходермалық саңырауқұлақтар тек өсімдіктердің өсіп-өнуін жеделдетіп қана қоймай, топырақтағы ауру қоздырғыштардың спораларының өнуіне және көбеюіне кері әсерін тигізеді.

 

3.11 Биопрепараттардың зертханалық үлгілерін өндірістік жағдайда сынау

Биопрепараттардың тиімді әсерін зерттеу мақсатында Солтүстік  Қазақстанның құрғақ далалы аймағында  өндірістік тәжірибелер жаздық жұмсақ бидай егістігінде  жүргізілді.

Триходерманың түрлі  штамдарын танаптық жағдайда сынауда байқағандай бидайды сепкеннен соң бір аптадан кейін егін көгінің қалыптасуы байқалды. Танаптық өнгіштікті анықтау  жаппай егін көгінің пайда болу фазасында, 7 маусым күні жүргізілді. Нәтижелер 3 суретте көрсетілген.

 

Сурет  3 – Жаппай егін көгінің пайда болу кезеңінде түрлі Trichoderma

                    штамдарымен өңделген Астана 2 бидай  сорты 

                    тұқымдарының танаптық өнгіштігі

Суретте көрсетілгендей, тұқымдарды Т.340,  Т.115  және Т.350 штамдарымен өңдеу танаптық өнгіштікті бақылаумен салыстырғанда орта есеппен 11-16%-ға жоғарылатты.

 

3.11.1 Биопрепараттардың зертханалық үлгілерінің бидай сапасына әсері

2008 жылы тәжірибелік  танаптан жиналған бидай өнімінің  технологиялық сапасына талдау  жасалды (5 кесте).

 

5 кесте - Trichoderma штамдарымен өңделген Астана бидай сорты

                 дәндерінің технологиялық қасиеттері.

 

Нұсқа

Шынылық, %

Натуралық салмақ, %

Клейковина, %

Класс

Бақылау

63

789

32.2

3

Шт.Т.350

60

788

32.8

2

Шт.Т.340

64

787

32.8

3

Шт.Т.134

63

787

32.0

3

Шт.Т. 124

60

785

36.0

3

Шт.Т.115

62

788

32.8

3


 

5 кестеде көрсетілген бидай сапасының көрсеткіштері тәжірибе нұсқаларының дәннің натуралық салмағына айтарлықтай әсер етпегені жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Клейковина мөлшерін анықтауға жүргізілген биохимиялық талдау нәтижесінде триходерма штамдарын пайдаланудан ынталандыру эффектісі байқалды. 2008 жылы бидай тұқымдарын Т.124, Т.350, Т.115 және Т.340 штамдарымен өңдеу нәруыз мөлшерін 0,8%-дан 3,8%-ға дейін жоғарылатты.

3.11.2 Биопрепараттардың зертханалық үлгілерінің бидайдың

           тамыр шірігіне қарсы тиімділігі

2008 жылы астық дақылдарының  тамыр шірігімен зақымдалу қарқындылығына  және астық өніміне Trichoderma штамдарының әсері зерттелді. Т.115, Т.134, Т.340 штамдары қолданылған бидай мөлтектерінде барлық құрылымдық элементтер бойынша жоғарылау беталысы көрінді.  Атап айтсақ, Т.134 штамы барлық құрылымдық бөліктердің жетілуіне әсері күшті болды, ал Т.115 штамымен өңделген бидай мөлтектеріндегі бидайдың 1000 дәнінің салмағы ең жоғары болды.

Т.124, Т.350 штамдары өсімдік  бөліктерінің жоғары жетілуіне нақты  әсері байқалмағанмен, 1000 дәннің салмағын бойынша бақылаумен салыстырғанда 0,45-1,27 г жоғарылатқаны анықталды. Trichoderma туысының түрлі штамдарының негізінде дайындалған микробиологиялық препараттарды қолдану, биопрепараттармен өңделмей сіңірілген нұсқалармен салыстырғанда 1000 дәннің салмағының артуына жағдай жасады. Аталған нұсқаларда 1000 дәннің салмағы бақылаудан 0,45-2,5 г мөлшерінде жоғары болды.

Информация о работе Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері және оларды ауыл шаруашылығы практикасында қолдану