Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2015 в 20:02, реферат
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы – ядрода орналасқан хромосомалар гендерінің тасымалдаушысы болатындығын және олардың тұқымқуалау негізі екендігін дәлелдейтін теория. Т. х. т. 20 ғ-дың басында клетка теориясы негізінде қалыптасты. 1902 – 07 ж. неміс ғалымы Т.Бовери және 1902 – 03 ж. АҚШ ғалымы У.Сеттон мендельдік тұқымқуалау факторы (қазір ол «ген» деп аталады) хромосомада локализденген (орналасқан) деген тұқымқуалаушылықтың хромосомалық гипотезасын ұсынды. Бұл гипотезаның алғашқы дәлелі жануарларда жынысты анықтаудың генетикалық механизмдерін зерттеу кезінде алынды. Теорияны тәжірибе арқылы американдық ғалым Т. Морган (1866 – 1945) дәлелдеді.
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы
Тұқымқуалаушылықтың
хромосомалық теориясы – ядрода орналасқан
хромосомалар гендерінің тасымалдаушысы
болатындығын және олардың тұқымқуалау
негізі екендігін дәлелдейтін теория.
Т. х. т. 20 ғ-дың басында клетка теориясы
негізінде қалыптасты. 1902 – 07 ж. неміс
ғалымы Т.Бовери және 1902 – 03 ж. АҚШ ғалымы
У.Сеттон мендельдік тұқымқуалау факторы
(қазір ол «ген» деп аталады) хромосомада
локализденген (орналасқан) деген тұқымқуалаушылықтың
хромосомалық гипотезасын ұсынды. Бұл
гипотезаның алғашқы дәлелі жануарларда
жынысты анықтаудың генетикалық механизмдерін
зерттеу кезінде алынды. Теорияны тәжірибе
арқылы американдық ғалым Т. Морган (1866
– 1945) дәлелдеді. Ол кейбір гендердің ұрпақтан-ұрпаққа
берілуі жыныс хромосомаларына байланысты
болатындығын, яғни, жыныспен тіркесіп
тұқымқуалайтындығын байқады. Тұқымқуалаушылық
хромосомалық теориясының дамуы арқасында
бір хромосомада орналасқан гендер бір
тіркесу тобын құрайтындығы және келесі
ұрпаққа бірге берілетіндігі, яғни, тіркесу
тобының саны клеткадағы жұп хромосомалар
санына тең болатындығы анықталды (мыс.,
адамда, 23 жұп хромосома болса, тіркесу
тобының саны да 23-ке тең). Морган және
оның қызметкерлері (А.Стертевант, т.б.)
гендердің толық емес тіркесу құбылысын
зерттеп, соның нәтижесінде гендердің
хромосомада бір түзу сызық бойында орналасатындығын
анықтады. Гомологты хромосомаларда тіркескен
гендер гетерозиготалы жағдайда мейоз
кезінде жаңа комбинациялы гаметалар
береді. Мұндай хромосомалық қайта құрылулар
немесе кроссинговер құбылысын (қ. Кроссинговер)
дрозофила шыбынына жасалған тәжірибелер
арқылы К.Штерн, жүгеріде Х.Критон және
Б.Мак-Клиток дәлелдеп берді (1933). Хромосомада
гендер бір-бірінен қаншалықты қашықта
(алыс) орналасса, онда олардың арасында
кроссинговердің жүруі соғұрлым жиілей
түседі. Осы құбылыс, яғни, тіркескен гендер
арасындағы қашықтық пен кроссинговер
жиілігінің бір-біріне тәуелділігі хромосомалардың
генет. картасын жасауға мүмкіндік берді.
Тұқымқуалаушылық хромосомалық теориясы
өсімдіктер мен жануарлар организміндегі
белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарын
түсіндіре отырып, а. ш. ғылымы мен тәжірибесінде
маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ хромосомалардың
қайта құрылу заңдылықтарын білу адамдағы
тұқымқуалайтын ауруларды жан-жақты зерттеуге
негіз болады.
Б. Бекманов.
ХІХ ғасырдың соңында клетка құрылысының зерттелуіне байланысты ядро мен оның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаушылыққа қатысы бар екені анықталды. 1883 жылы бельгиялық зоолог Э.Бенеден мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.
Мендель заңдарын кейін 1902—1903 жылдары В.Сэттон редукциялық бөліну және ұрықтану кезіндегі хромосомалардың тәртібі мен будан ұрпақтардағы белгілердің тәуелсіз ажырауының арасында байланыс бар екенін анықтады. Өзінің "Хромосомалар және тұқым қуалаушылық” деген еңбегінде хромосомаларды цитологиялық тұрғыдан алғанда Мендель анықтаған тұқым қуалау факторларының таралуына сәйкес келетіндігін көрсетті. 1905 жылы Э.Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады.
Т.Морган заңдылықтары. Америка
Мендель тәжірибелерінде көрсетілгендей, аллельді емес гендер бір-бірінен толық тәуелсіз болу үшін олар әр түрлі хромосомаларда орналасуы керек. Сонда ғана олар мейоз кезінде тәуелсіз ажырай алады. Бірақ кез келген эукариотты организмде гендердің саны хромосомалардың санынан артық болады. Мысалы, ХХ ғасырдың бас кезінде Морган және оның шәкірттері дрозофила шыбынынан жүздеген генді ашты. Қазіргі кезде оның төрт жұп хромосомасында 7000-дай ген бар екені белгілі. Адамның 46 хромосомасында 50 мыңдай ген болады деген болжам бар.
Кроссинговер. Ұқсас жұп хромосомаларды бойлай бірнеше аллельді гендердің орналасатындығы анықталған. Кейде осы жұп хромосомалар айқасып, нәтижесінде Х тәрізді фигуралар (пішіндер) — хиазмалар пайда болады. 1911 жылы Морган ашқан бұл құбылысты хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер деп атады. Xромосомалардың айқасуы мен оларда болатын гендердің жаңа үйлесімдері көрсетілген. Бір хромосомада орналасқан екі ген (қызыл хромосомалардағы ақ дақтар) айқасу нәтижесінде әр түрлі ұқсас хромосомаларға ауысады.
Кроссинговердің нәтижесінде гендердің алмасуы жүреді, соған байланысты сапа жағынан мүлде жаңа хромосомалар түзіледі. Демек, ұрықтану кезінде хромосомаларда гендердің жаңа үйлесімдері пайда болады. Мысалы, Морган дрозофила шыбынына тәжірибе жасағанда 17%-ы ата-аналарына ұқсамайтын, жаңа белгілері бар шыбындар болып шыққан. Ол белгілер: шыбындардың 8,5%-ы жетік қанат, қара дененің болуы, 8,5%-ы шала қанат пен сұр дененің пайда болуы. Ол клетканың мейоздық бөлінуі кезінде хромосомалардың бір-бірімен айқасып, сәйкес үлескілерімен алмасуының нәтижесі болып есептелінеді.
Бір хромосоманы бойлай орналасқан аллельді емес гендердің алмасу жиілігі сол гендердің ара қашықтығын көрсетеді. Гендер неғұрлым бір-біріне жақын орналасса, соғұрлым олардың тіркесу мүмкіндігі артып, алмасуға ұшырауы сирек байқалады. Керісінше, бір-бірінен алшақ орналасқан гендердің тіркесіп тұқым қуалауы төмендеп алмасуға жиірек ұшырайтындығы байқалған. Хромосомалардың айқасуына байланысты гендердің алмасуы үнемі болып тұрады.
Мұны Морган өз шәкірттерімен бірге дәлелдеп, хромосомалардың генетикалық картасын жасады. Ол картада гендердің орналасу ретін көрсетті (оны келесі сабақта қарастырасыңдар).
Кроссинговерге ұшырған хромосомалары бар гаметалар кроссоверлі, ал ұшырамаған хромосомаларды кроссоверленбеген деп атайды. Хромосомалардың айқасу мөлшерін, кроссоверлі дарақтардың пайызын ұрпақтың жалпы санына шағып есептейді. Айқасудың өлшем бірлігі ретінде оның бір пайызға тең мөлшері алынады. Оны Т.Морганның құрметіне морганида кейде сантиморган деп атайды. Мысалы, жүгерінің екі сорт тармағын (линиясын) будандастырғанда барлығы 1000 дән алынса, оның 36-сы кроссоверлі болған. Сонда айқасудың немесе кроссинговердің мөлшері:
Морган өз шәкірттерімен бірге дрозофила шыбынына тәжірибе жасаудың нәтижесінде "тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын” ашты. Бұл теорияның негізгі қағидалары мынадай:
1. Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тізбектеле орналасқан. Әр геннің хромосомада нақтылы орны (локус) болады.
2. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны сол организмге тән хромосомалардың гаплоидты санына сәйкес келеді.
3. Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді.
4. Хромосомадағы
гендердің ара қашықтығы
Информация о работе Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы