Қызыл кітап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2014 в 05:58, реферат

Описание работы

Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты

Файлы: 1 файл

Қызыл кітап.docx

— 72.02 Кб (Скачать файл)

Көктұма қазақ орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Қызыл кітап



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Қанатбеков Ж

Тексерген: Нұғманова М

Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.

 Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

 

 

 

 

Қазақстанның Қызыл кітабында  сирек және жойылып бара жатқан түрлердің  тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және                                                                         Өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі  таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.Қызыл  кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік  табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының  нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.Адамдар  мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен  жануарлар дүниесін пайдаланып келді  және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің  пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты  өзгерту арқылы көптеген түрлердің  өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа  антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктұма қазақ орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

Қызыл кітап



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Қанатбеков Ж

Тексерген: Нұғманова М

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. 
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. 
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.  
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.  
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.  
Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі  
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы»  
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы  
21 тамыздағы № 1152 Қаулысы 
СҮТҚОРЕКТІЛЕР  
1. Жоңғар сальпинготусы 7. Тас сусары 
2. Жалман 8. Шұбар күзен 
3. Роборовский атжалманы 9. Түркістан сілеусіні 
4. Сары алақоржын 10. Қазақстан арқары 
5. Қызыл қасқыр 11. Алтай арқары 
6. Сабаншы  
ҚҰСТАР 
1. Қызғылт бірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы  
2. Бұйра бірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар 
3. Жалбағай, қалбағай 20. Кіші шалшықшы құс 37. Ителгі 
4. Қара дегелек 21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс 38. Лашын 
5. Қоқиқаз 22. Қарабас өгіз шағала 39. Тұрымтай 
6. Сұңқылдақ аққу 23. Қарамойнақ шағала 40. Үкі 
7. Кіші аққу 24. Қарабауыр бұлдырық  
8. Қутұмсық қаз 25. Ұбақ, қолаңтөс  
9. Қызыл жемсаулы қарашақа 26. Балықшы тұйғын  
10. Қара тұрпан 27. Жыланшы қыран, бүркіт  
11. Дөңтұмсық тұрпан 28. Бақалтақ қыран  
12. Ақбас үйрек 29. Дала қыраны  
13. Алтай ұлары 30. Қарақұс  
14. Ақ тырна 31. Бүркіт  
15. Ақбас тырна 32. Ақиық субүркіт  
16. Дуадақ 33. Аққұйрық субүркіт  
17. Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай  
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР 
1. Шұбар батбат кесіртке 4. Шұбар кесіртке 
2. Зайсан батбат кесірткесі 5. Жолақты әбжылан 
3. Үлкен көз кесіртке  
ҚОС МЕКЕНДІЛЕР 
1.Даната құрбақасы 
БАЛЫҚТАР 
1.Таймен 2. Сылан  
Шығыс Қазақстан облысының Қазақстанның Қызыл кітабына 
енгізілген сирек кездесетін, бағалы, жергілікті және 
құрып кету бар өсімдік түрлерінің тізімі 
(Қазақ ССР-дің Қызыл кітабы, Алматы, 1981ж.) 
1. Верещагин сазшөбі – сирек, жергілікті түр 
2. Қыртысты жуа – сирек, аз жергілікті түр, құрып кету қаупі бар 
2. Ұсақ торлы жуа – сирек түр 
3. Көп тамырлы жуа – сирек түр 
4. Ақшыл секпілгүл – сирек, жергілікті түр 
5. Ала күлтелі қызғалдақ – сирек түр 
6. Сібір қандығы, жауқарын – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр 
7. Людвиг құртқашашы – сирек, аз жергілікті түр 
8. Ірі гүлді шолпанкебіс - сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр 
9. Нағыз шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр 
10. Секпіл шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр 
11. Телпек сүйсін– саны азайып бара жатқан сирек түр 
12. Алтай рауғашы – таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр 
13. Ақ тұңғиық, аққугүл – сирек түр  
14. Дала шұғылығы, сәлдегүл – таралу аймағы азайып бара жатқан жергілікті түр 
15. Сауыр тегеурінгүлі – сирек, аз жергілікті түр 
16. Көктем жанаргүлі– сирек түр  
17. Алтай гимноспермиумы – көп жерлерде азайып бара жатқан сирек түр 
18. Қар дәуаяғы – сирек түр, көне түр 
19. Сабақсыз ашықжеміс – сирек, жергілікті түр 
20. Жебе жапырақты ергеш – өте сирек, жергілікті көне түр  
21. Қызғылт семізот, алтын тамыр – саны қатты азайып бара жатқан бағалы түр 
22. Алтай суық шөбі – саны азайып бара жатқан сирек түр 
23. Сиверс алмасы – саны қатты азайып бара жатқан түр 
24. Павлов итмұрыны – сирек, жергілікті түр 
25. Ледебур бадамы – сирек, жергілікті түр 
26. Ховен майқарағаны– сирек, жергілікті, көне түр 
27. Ақ түкті таспа – Зайсан ойпатының жергілікті түрі 
28. Тәтті жапырақты таспа – сирек, көне түр 
29. Жіңішке сабақты таспа – сирек, жергілікті түр 
30. Инелі кекек – өте сирек, жергілікті түр 
31. Шыбықша тиынтағы– өте сирек түр 
32. Ледебур қоянбұршағы – сирек, жергілікті түр 
33. Алтай қасқыржидегі– сирек, жергілікті, көне түр 
34. Тарбағатай таушешегі – сирек, жергілікті түр  
35. Су жаңғақ - сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан көне түр  
36. Еуропа орманоты - сирек, көне түр 
37. Қылтанды дәлен– өте сирек, көне түр 
38. Желбезекше ледебуриелла – сирек, жергілікті түр 
39. Мейр шоқгүлі – саны аз сирек түр  
40. Саз қазанақ – сирек түр 
41. Кәдімгі аюжидек, аюбүлдірген – сирек түр 
42. Ұсақ жемісті мүкжидек – сирек түр 
43. Тарбағатай кемпіршөбі – сирек, аз таралған жергілікті түр  
44. Резниченко кермегі – сирек, көне, жергілікті түр 
45. Попов дембеті – сирек, жергілікті түр 
46. Тарбагатай дембеті– өте сирек, аз жергілікті түр 
47. Кірпі қаратұқым – сирек, аз жергілікті түр 
48. Тарбағатай қандыгүлі– сирек, аз жергілікті түр 
49. Резниченко рияны – сирек, аз жергілікті түр 
50. Дауыр бақаауызы– сирек түр  
51. Келлер кесте жусаны– сирек, аз жергілікті түр, көне түр 
52. Зайсан лаксасы – сирек, аз жергілікті түр 
53. Сафлор тәрізді аюдәрі (марал тамыры) – саны қатты азайып бара жатқан түр 
54. Таңдамалы сушырмауық – өте сирек түр 
55. Тамыр сүйгіш полипорус – сирек түр 
56. Кладина, бұғы мүгі– қынаның сирек түрі

"Красная книга Казахстана" - Қазақстан Республикасы аумағында  жойылу қаупі төнген және сирек  кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің  сипаттамасы берілген арнайы  басылым. Қазақ КСР Мин. Кеңесінің  1978 ж. 16 қаңтарындағы қаулысына сәйкес  шыға бастады. Оның омыртқалы  жануарларға арналған 1-бөлімі жеке  кітап болып 1978 ж. жарық көрді. "Қ. Қ. к-ның" 2-бөлімі 1981 ж.  өсімдіктерге арналып шығарылды. "Қ. Қ. к-ның" 1-басылымына  тіркелген өсімдіктер мен жануарлар  түрлері 2 категория бойынша: А  категориясы — жойылып кету  қаупі төнген түрлер; Б категориясы  сирек кездесетін түрлер деп  берілді. "Қ. Қ. к-ның" жануарларға  арналған 1-басылымында омыртқалы  жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушы-лардың 8, қүстардың  43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1-басылымда тіркелген жануарларға  берілген деректер 10 - 20 жыл бүрынғы  зерттеулер негізінде берілді.  Сондықтан, 1985 ж. Қазақстан ҒА-ның  жанынан "Қызыл кітапты"  қайта басып шығару мақсатымен  арнайы зоол. комиссия жүмыс істей  бастады.Кітаптың мүқабасы, 1996 ж.  Кітаптың мұқабасы, 1981 ж.

1991 ж. осы комиссия "Қ.  Қ. к-ның" толықтырылған 2-басылымын  шығарды. Оның таралымы 500 дана  болды. Кітаптың 2-басылымына омыртқалы  жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары  тіркелді. Онда балыктардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, қүстардың  58, сүт-қоректілердің 42 түрі мен  түр тармақтары туралы мәліметтер  берілген. "Қ. Қ. к-ның" 2-басылымында  алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, үлулардың  6, қүрттардың 2 түрі туралы деректер  тіркел-ген. 1996 ж. "Қ. Қ. к-ның" 3-басылымы қайта өңделіп, әрі  толықтырылып, қазақ тілінде шықты.  Бүл 3-басылымның 1-томы "Жануар-лар", оның 1-бөлімі Омыртқалылар" деп  аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы ту-ралы  деректер берілген. "Қ. Қ. к-ның" 3-басылымында тіркелген жануарлар  түрлері 5 категория бойынша: 1-категория  - жойылып бара жатқан; 2-категория  - саны жылданжылға күрт азайып  бара жатқан; 3-категория — сирек  кездесетін; 4-категория — ғылыми  тұрғыдан толық зерттелмеген; 5-категория  — қалпына келтірілген түрлер  деп берілген. "Қ. Қ. к-ның" 3-басылымында тіркелген омыртқалы  жануарлар түрінің қандай отрядқа,  кандай түқымдасқа жататъ» және  әрбір жеке түрге қыcқша кдзақша,  ағылшынша деректер берілген. Сонымен  бірге әрбір тіркелген түрдін  суреті, Кдзақстан аумағынла таралуын  көрсететін карта және сол  жануардың түріне катысты акдарат  көздері (кітаптар макалалар)  көрсетілген. "Қ. Қ. к-ның"  өсімдіктерге арналғаи 1-басылымында  өсімдіктердің 307 түрі тіркелген  (1981). Онда жабықтүқымдылардың 288, ашыктүқымдылардың  2, қы рыққүлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқүлактардың 10, қыналардың - 1 түрі берілген.

"Қ. Қ. к-ның" әрі  танымдык. әрі тәрбиелік мәні  зор. Ол жастарды табиғатты  аялаі білуге, оның қамқоршысы  болуға тәрбиелейді.

 

 

 


Информация о работе Қызыл кітап