Жер тарихы және оны зерттеу әдістері. Жер тарихының шежіресі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 06:09, творческая работа

Описание работы

Работа содержит презентацию по дисциплине "Биология"

Файлы: 1 файл

жер тарихы2.pptx

— 769.19 Кб (Скачать файл)

Жер тарихы және оны зерттеу әдістері. Жер тарихының шежіресі

Жер тарихы және оны жерттеу әдістері.

 

    • Эволюциялық процесті басынан аяғына дейін ертедегі тіршілік туралы ғылым – палеонтология жаңғыртып жасап береді. Палеонтолог ғалымдар организмдерді өткен дәуірде Жер қабатындағы тасқа айналып сақталып қалған қалдықтарынан зерттейді. Сондықтан геологиялық қабаттар – Жер тарихының тас шежіресі. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронологиялық әдіс қолданылады. Әрбір геологиялық дәуірдің өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдықтарын анықтау үшін қабаттардың орналасу тәртібінің сұлбасын жасайды. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады. Организмдердің пайда болу жүйелілігін және жер қыртысы қабаттарының жасын біліп, ғалымдар ғаламшар тарихының хронологиясын (тарихи оқиғаның уақытын белгілеу), тіршіліктің дамуын сипаттайды.

Жер тарихының  шежіресі.

 

    • Жер тарихы (ұзақ уақыты аралығы) – заманға; заман – кезеңге; кезең – дәуірге; дәір – ғасырға бөлінеді. Бір заманның аяқталуы мен келесі заманның басталуының арасында құрлық пен теңіздің арақатынасының (байланысының) өзгеруі; тау түзілудің қарқынды жүруі – жер бедерін өзгертіп, қайта құрады.

Заманның  аттары:

 

    1. Архей – ежелгі заман.
    2. Протерозой – алғашқы тіршілік заманы.
    3. Палеозой – ертедегі тіршілік заманы.
    4. Мезозой – ортадағы тіршілік заманы.
    5. Кайнозой – жаңа өмір заманы.

Архей заманында  тіршіліктің дамуы.

 

    • Архей заманында аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанартаулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз еді. Тау жыныстарының құрамында графит көп болған. Ғалымдар графит тірі организмдердің құрамына кіретін органикалық қосылыстардың қалдығынан түзіледі деп есептейді. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда қабағы мен ядросы жоқ тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болған. Олар суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған. Сондықтан алғаш пайда болған тірі организмдер – гетеротрофтар (органикалық қосылыстармен қоректену) деп есептеледі.
    • Канада, Австралия, Африка, Орал, Сібірден табылған бағана тәрізді әкті түзілістер – стоматолиттер(ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың әрекеті екндігі анықталған. Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар – прокариоттар архейде тіршілік еткен. Шөгінді жыныстар – темір, никель, марганецтерге де бактериялардың қатасы бар. Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да зат алмасу жақсы дамып көбеюге қабілетті болған. Жер бетінде тіршілік эволюциясында фотосинтездің болуы – ең басты кезең. Себебі фотосинтез органикалық дүниені жануарларға және өсімдіктерге бөлуге себебші болды. Ең алғашқы фотосинтездеуші организмдер прокариоттар – көк-жасыл балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табиғат эволюциясындағы ірі ароморфоз фотосинтез процесін жүру. Архей заманының соңында ең алғашқы колониялы балдырдың шыққандығына Аустралия мен Африка құрлығынан тасқа айналған қалдықтардың табылғаны дәлел.

Протерозой  заманында тіршіліктің дамуы.

 

    • Протерозой – Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Бұл кезеңде көпжасушалы жасыл балдырлардың суда еркін жүзген және су түбіне бекінген түрлері шықты. Су түбіне бекінген балдырлардың денесі бөліктерге бөлінген формаларынан мүшелер дамыды. Жасыл балдырлар ауа қабатына оттекті көп мөлшерде бөліп, жануарлардың тыныс алып өркендеуіне әсер етті. Әсіресе біржасушалы организмдерден – бактериялар, көк-жасыл балдырлар және талшықтылар өте көп таралған.
    • Протерозойда организмдердің басым көпшілігі теңіз ішекқуыстылары, губкалар, буылтық құрттар, былқылдақденелілер екендігі жер қыртысы қабаттарынан табылған қалдықтардан байқалған. Сонымен қатар саңырауқұлақтар, буынаяқтылардың қалдықтарының болғандығы дәлелденген.
    • Протерозойда табылған жыныстардан фотосинтез процесінің нәтижесінде, су мен атмосфера оттектің көп жиналғандығы анықталды.

Информация о работе Жер тарихы және оны зерттеу әдістері. Жер тарихының шежіресі