Жукпалы аурулал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:24, реферат

Описание работы

Жұқпалы аурулар —зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.Олар:а) ішектің;б) қанның;в)сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамғажәне жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.

Файлы: 1 файл

Жұқпалы аурулар.docx

— 49.56 Кб (Скачать файл)

Жұқпалы аурулар —зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.Олар:а) ішектің;б) қанның;в)сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамғажәне жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денегетарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды.Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштыңсыртқы ортаға шығыптұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді. Жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш буынына –жұқпалы ауру көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне бағытталған. Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде оқшаулау, емханаға жатқызу мен емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады. Жұқпалылық барысы екінші буынының – қоздырғыштың берілу жолының үзілуі аса маңызды, сондықтан ауруды сақтандыруда жеке гигиена тәртіптерін сақтауға, халық арасында гигиеналық дағдылар мен санитарлық мәдениетті сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде денсаулық сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі. Ауру ошағында азық түлік тағамдарының сақталуына, тамақтандыру және сумен жабдықтау нысандарының санитарлық күйіне, азық – түліктің, дайын тағамдардың сақталуы мен тасымалдануына, суды пайдалануға, сондай – ақ, дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық – гигиеналық бақылау қамтамасыз етіледі. Жұқпалы тізбегінің үшінші буынына халықтың бейімділігіне бағытталған сақтандыру шаралары жұқпалы ауруларға қарсы жасанды имумунитет жасау болып табылады. Ауру тудырғыш микроб әсеріне организмнің бейімделмеуі иммунитет деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) және келе біткен (жасанды) иммунитет болып бөлінеді. Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі бір жұқпалы ауруға бой алдырмауы жатады. Келе біткен иммунитетке шалдыққан аурудан кейін (қызылша, табиғи шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады. Дезинфекция немесе зарарсыздандыру адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны. Дезинфекцияның жекелеген түрлеріне дезинсекция, яғни жұқпалы ауруды тарататын жәндіктер мен кенелерді жою және дератизация – жұқпалылық тұрғысынан қауіпті кеміргіштерді құрту жатады. Зарарсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция сақтандыру, ағымдық, қорытынды болып бөлінеді. Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қоғамдық орындар )асхана, монша, кір жуу орыны, шаштараз, вокзал, вагон т.б.) арқылы жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу ықтималдығын ескерту мақсатында өтеді. Ағымдық дезинфекция жұқпалы аурудың таралуын ескерту мақсатында өтеді: оны жұқпалы ауруға шалдыққандар жатқан емдеу мекемесінде өткізеді. Ақтық дезинфекцияны жұқпалы дертке шалдыққан әкетілгеннен кейін, сауыққаннан сон немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі. Дезинфекцияға тән көрсеткіштерге байланысты зарарсыздандырудың механикалық, физикалық және химиялық әдістерін қолданады. Механикалық әдіске бөлме мен орналасқан дүниені ылғалдап тазарту, киім кешек пен төсек орынды қағу, шағ сорғыш көмегімен, әктеу арқылы бөлмені шаңнан тазарту жатады. Залалсыздандырудың механикалық тәсілі әлде қайда қарапайым және қолдануға мүмкіндік бар. Ол сыпыру, тазалау, қағу, барлық мүмкін заттардың бәрін сабындап жуу, дымқылдап тазалау, ғимаратқа таза ауа кіргізу және желдету, әр түрлі жерлердегі микроорганизмдерді шаңсорғышпен сорғызу, су мен ауаны фильтрлеу. Бұл тәсілдер микробтардың санын азайтуға ғана көмектеседі.Егер залалсыздандыру қоспаларына, қайнақ суға шылап механикалық тәсіл үйлесетін болса, залалсыздандыру тиімділігі артады.Қайнату – қайнаған суға бұзылмайтын заттарды заласыздандырудың қарапайым, қолайлы және сенімді тәсілі. Ол ыдыстарды, түкіргішті, дәретке отыратын орынды, іш киімдерді, орамалдарды, халаттарды, тамақтардың қалдықтарын залалсыздандыруға қолданылады. Көптеген бактериялар қайнаған суда сол сәтте – ақ немесе 2 - 5 минутта өледі. Кейбір вирустар (гепатит В,С), сібір жарасы спорлары (ұрықтары) 60 минуттан кейін өледі, сіреспе, делбе ауруларының спорлары 3 сағаттан кейін, ал ботулизм (тамақтан уланатын ауыр ауру) спорлары - 6 сағаттан кейін өледі. Қайнаған суға 2% - дық ас содасы ерітіндісін немесе сабын қосса оның залаласыздандыру әрекеті күшейеді.Жоғары температурада қыздыру барлық микроорганизмдерді, соның ішінде олардың спорларын да өлтіреді. Бұған денеге жіберілетін металл заттарды (уколдың инесі) газ отына залалсыздандыру, спиртке матырылған ыстық тампон (тығын) жатады. Шылапшындарды, темір заттарды (қайшылар, тістеуіктер, қысқыштар және т. б.) осылай залалсыздандыруға болады.От құнды емес зақымдалған заттарды: макулатура, қоқыс, шүберектер, дәкілер т.б. өртеу үшін пайдаланылады.Физикалық әдіс пен құралдар дезинфекцияның қарапайым және ең оңай тәсілі болып табылады. Олардың санатына күн сәулесі мен ультра күлгін сәулесімен емделу, қоқыс пен құндылығы жоқ заттарды өртеу, ыстық су бүрку жатады. Ультракүлгін сәуле (УКС) үлкен бактерицидтік қабілетке ие. Ультракүлгін шамдарды жағу кесте бойынша қатаң жүргізілуі тиіс, оны үйде барлығы білуі керек, өйткені ультракүлгін сәулелер ауруға соқтыруы мүмкін - көздің тез қарығуы, терінің күюі. Шамның жарығы төбеге немесе қабырғаға бағытталады.Күн сәулесі жақсы залалсыздандырады, бұл оның спектрінің ультра күлгін бөлігіне байланысты. Залалсыздандырудың химиялық әдістері ауруды күту кезінде басты залалсыздандыру тәсілі болып табылады.Хлор әгі – хлор өткір иісі бар, ақ кристалды ұнтақ. Хлор әгімен залалсыздандыру хлордың бөлінуіне негізделген. Хлор әгі ішек аурулары, ауа инфекциялары, зооноздар (малдардан жұғатын аурулар), сіреспе ауруларында қолданылады.Кальций хлориді тұзының үштен екісі — препарат, хлорлы әкке ұқсас, бірақ құрамында 50% дейін активті хлор бар. Ұзақ сақталына алады (2-3 жыл). Хлорлы әк сияқты, 0,1% - 15% концентрациясы сәулелену ерітіндісі түрінде қолданылады.Хлорамин (БХБ) – хлордың әлсіз исі бар ақ немесе сәл сарғыш ұнтақ. Құрамында 30% дейін белсенді хлор бар. Өзінің белсенділігін 30% дейін төмендетпей жылдар бойы сақтала алады. Хлорлы әктен айырмасы хлорамин маталардың бояуларын бүлдірмейді. 0,2% - 10% концентрациялы ерітіндісі қолды, щеткаларды, асхана ыдыс – аяқтарын және басқаларды залалсыздандыру үшін қолданылады.Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет. бұл ауру ошағында да, сондай – ақ оған жақын аудандарда да кенеттен және жылдам індеттік жағдайлардың ушығуына байланысты. Мұндай жағдайда апаттың қираған және бұзылған ошағы ретінде және соған қалыптасуын жалғастырушы ретінде, гигиеналық маңызды объектілер қатал бақылауға алынады.

Эпидемиологиялық ошақтан  орын ауыстыру кезінде анықталған жұқпалы  ауруды жұқтырушыларды қалған зардап шегушілерден оқшаулайды. Қауіпті аймақтан аурулар мен саулардың бірігіп көшірілуі олардыі өміріне сыртқы қауіп төніп ұурған (өрт, су тасқыны және басқалар) кезде ғана жүзеге асады. Ауруларды сараптау уақытша ашылған немесе стационарлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі.Көшірудің барлық кезеңінде жұқпалы аурумен ауырғандарды екі топқа бөледі.Бірінші топқа – байланысы жоқ (жұқпалы емес) немесе бурцеллез, туляремия, менингококты ауру сияқты шағын байланыстағы, кейбір түрлері геморрагиялық безгек, ботулизм және басқа жұқпалы аурулар.Екінші топқа – аурулары айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, байланысы бар (жұқпалы) және өте тез жұғатын – оба, сібір жарасы, іш ауруы, тырысқақ, вирусты гепатит, қызамық, қызылша, Ласса безгегі, Эбола безгегі, Марбург ауруы және тағы сондайлар.Дәрігерлік көмек алып жатқан басқа зардап шегушілерден бөліп, екі топтың да ауруларын жеке орналастырады және емдейді. Дала жағдайларында оларға арнап шатырлардан лагерь жасалады, ол ТЖ жағдайларын жою үшін тартылған адамдардың және басқа зардап шегушілердің лагерлерінен арақашықтығы қауіпсіз жерге орналасады.Апат ауданындағы алдыңғы кезектегі шаралардың бірі – тереңдетілген санитарлық – эпидемологиялықбарлау болып табылады. Апат ауданындағы санитарлық – эпидемологиялық іздестіру – кұтқару қызметі улы заттармен және патогенді микробтармен, ауыз суымен, азық – түлік тағамдарымен, сыртқы орта объектілерімен және зардап шеккен халықты қорғау жөнінде шаралар қабылдау, зақымданған адамдарды дер кезінде анықтау мақсатында қадағалау және зертханалық бақылау ұйымдастырады. 
Нақты шараларға байланысты апат болған ауданда зертханалық бақылау мен желілік бақылау міндеттері белгіленеді. Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде:

1)ауыз суының ластануын, азық – түлік тамақтарының, мал және өсімдік тағамдарының радиоактивтілігі;                                                                                                           

2)радиациялық қорғау шараларын негіздеу мақсатында сыртқы орта объектілері мен жергілікті жердің радиоактивті зақымдануының адамдар үшін қауіптілігін бағалау;                   3)азық – түлік тағамдарына, шикізат пен ауыз суына оларды пайдалану мен ішуте жарамды екендіктері туралы тұжырым жасауға сараптама өткізу.

Дератизация – әдістері, құралдары. Дератизация – жұқпалы аурулардың көзі болып табылатын (оба, туляремия және басқа) кеміргіштерді құрту. Дератизация жасау үшін биологиялық, химиялық және механикалық әдістер қолданылады.Биологиялық әдіс хайуанаттар (мысық, ит және т.б.) мен бактериалды мәдениетке пайдалануға негізделген. 
Механикалық әдісте әр түрлі аулар және қысқыштар қолданылады.Жетекші әдіс химиялық әдіс болып табылады. Зооқумарин, ратиндан, мырыш фосфады және жейтін жемдеріне қосып беретін тышқан дәрісі кеңінен қолданылады. Жер асты коммуникациялық ғимараттарда дератизация кезінде газ тәрізді заттар қолданылады – нілдеткіш қышқыл, бромды метил, күкіртті газ және басқалар.Кеміргіштерді жою үшін ұсынылатын химиялық зат.Зоокумарин – өзіне тән исі бар ақ немесе сұрғылт ұнтақ. Сақталуы тұрақты. Суға ерімейді. Ацетонда жақсы ериді, спиртте жаман, эфирде нашар ериді. Әрекеттің созылуы 7 – 15 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады. Ратиндан – көгілдір не басқа түсті (бояғыш затқа байланысты) түссіз ұнтақ. Сақталуы тұрақты, суға ерімейді. Органикалық еріткіштерде ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 5 – 8 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.Мырыш фосфады – сарымсақтың иісі бар қою – сұрғылт ұнтақ. Сакқтау кезінде фосфорлы сутек бөле отырып біртіндеп ыдырайды. Суда ерімейді қышқылда тез ыдырайды.Монофторин – күлгін түсті кристалл, сақталуы тұрақты. Спиртте, ацетонда ериді, ыстық суда нашар ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 1 тәулік.Өлген кеміргіштердің сүйегін мүмкіндігінше жинап, залалсыздандырып барып көмеді. Егер кеміргіштер өте қауіпті жұқпалы ауруларды тасушылар болып табылса, онда олардың сүйектерін тездетіп өртеу керек. Эпидемологиялық ошақта жұмыс істеу және өте қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын аурулармен байланыста болу кезінде қорғану костюмдерін кию керек.Жұкпа таратпау жөне жою үшін карантин жөне обсервация деп аталатын арнайы изоляциялык-шектеулік іс-шаралар кешені жүргізіледі. Ошак ішінде, сонымен бірге оның шектерінде жұқпа таралуының алдын алуға жөне пайда болған зақым ошағын жоюға бағытталған індетке қарсы, санитарлык-гигиеналық, емдеу жөне өкімшілік шаруашылыктық іс-шаралар  кешені карантин деп аталады.Қарсыластың бактериологиялык кару қолданғалы отырғаны туралы болжам болған кезде дереу карантин жасалады да, қоздырғыш түрі аныкталғанша созылады, ал егер АҚЖ (аса қауіпті жұкпа) туындаса, онда карантин жалғаса береді.Карантин төмендегідей режімдік іс-шаралардың жүргізілуін талап етеді: закым ошағын қоршау (күзету), алдын ала дезинфекция жасамай мүлікті тасуға, адамдарды кіргізіп-шығаруға тыйым салу. Ошақтарда мектеп, клуб, кинотеатрлар жөне тұрмыстық қызмет көрсетудің ұсақ мекемелері уақытша жұмысын тоқтатады. Жұмыстарын тоқтатуға болмайтын көсілорындар мен мекемелерде ауруларды дер кезінде анықтап, оларды окпіаулау, зауыт, цех аумағын залалсыздандыру, санитариялык өңдеу, шұғыл (профилактика) сактандыру жөне т.б. жүргізуді қамтитын жұмыстың індетке карсы режімі белгіленеді.Егер қарсыластың АҚЖ коздырғыштарын қолдан-бағаны дөлелденсе, онда сыртқы ортаны дезинфек-циялағаннан кейін, карантин обсервациямен ауыс-тырылады.Обсервация карантин зонасына іргелес жаткан аудан-дарда, сондай-ақ карантин зонасынан шығуға мұқтаж адамдарға бакылау жасау мақсатында ұйымдастырылады.Обсервация кезінде режімдік іс-шаралар катаң жүргізілмейді; емдік-сақтандыру жөне қоғамдык тамақтану мекемелерінен басқа барлык көсіпорындар дезинфекция мен санитариялық өңдеуден кейін қалыпты қызметтеріне кіріседі.Белгілі бір жұкпаға тән көбею кезеңі біткеннен кейін ғана карантин немесе обсервация токтатылады, ол соңғы ауруды оқшалау жөне ошакты дезинфекциялык өңдеуді аяқтау уакытынан бастап есептеледі.Ошакка кірер алдында командир міндетті түрде санитариялык пост мүшелерінде жеке корғаныш күрал-дары, табельдік мүліктін болуы мен дүрыстығын тексереді.СП негізгі міндеттері — биологиялык барлауға қатысу және халыкка эпидемиялық бақылау жасау. Жеке құрам нақты бір үйлерге, цехтарға бекітіледі және объектінің санитариялық жағдайына түрақты бақылау жасауға катысады. СП мүшелері аулалар мен пөтерлерге тексеру жасау арқылы ауруларды анықтап, ол туралы медицина кызметкерлеріне хабарлайды. Жергілікті халықтың шұғыл сақтандыру (дөрігер белгіленген емдік препараттар) және арнайы сақтандыру жүргізуін бақылау дезинфекция, су, азық-түлікті залалсыздандыру және санитариялык өңдеу жүргізу бойынша нұсқаулар береді, сактандыру байқау жөне егу жүмыстарын жүргізуге көмектеседі. СП мүше-лерінде шешпей-ак дезинфекция жасауға болатын қорғаныштык киім (жеке қорғаныштың табельдік күрал-дары немесе обаға карсы костюм) болуы керек.СП мүшелері қорытынды дезинфекция жүргізетін дезинфекция бригадасы күрамында, көшіру тобында көмекші қызметші ретінде жүмыс жасайды; олар обаға қарсы немесе химияға қарсы костюмдер киюі тиіс. Ауруды көшіру үшін санитариялык көлік арнайы бөлінеді. Пөтерден алып шығар алдында ауруда жөтел белгілері болса, оған макта-дөке таңғышын кигізеді, зембілге жатқызады жөне жаймамен жабады, аяқкиімді лизолдың 5 пайыздық ерітіндісімен сүртеді. Бір машинада диагноз-дары бірдей ауруларды тасуға рұксат етіледі. Диагноз анықталған аурулар мен ауруы күдікті адамдарды бөлек тасиды. Ауруды алып шыкканнан соң СП мүшелері аяккиім мен қолғап киген қолдарын дезинфекциялайды, бүркеме мен халаттарын ауыстырады жөне ауысым аякталғаннан кейін толық санитариялық өңдеуден өтеді. Түсіру-тиеу жұмыс-тарына жүргізуші қатыспайды, ол есік-терезелері жабылған кабинада отырады, ауруды жеткізіп тастағаннан кейін автомобиль арнайы алаңқайда залалсыздандырылады.СП мүшелері инфекциялық стационарлардағы жұмыс кезінде кіттті медициналык персонал ретінде пайдаланылады. Қабылдау-сұрыптау бөлімінде олар ауруларды тіркейді, шешіндіреді, ішінара санитариялық өңдеу жүргізеді.Міндеттерді орындау барысында СП мүшелері үлкен санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізеді (жұқпа ауруханаларынан сақтандыру шараларын түсіндіру, жеке гигиена ережелерін насихаттау).Санитарлық дружиналар (постылар) жұқпа ауруларын анықтауға, шұғыл және арнайы алдын алу жұмыстарын жүргізуге, ауруларды ауруханаға жатқызуға жөне орын ауыстыру, дезинфекциялау іс-шараларына катысады.Жұқпалы аурулар ошағында ауруларды дер кезінде анықтау жөне окшаулау, сондай-ақ барлық жергілдікті халықты толық қамти отырып сақтандыру шараларын шұғыл қолдану жұқпаның таралуын шектейді. Осы мақсатта ошақта түратын жөне өндірісте жұмыс істемейтін адамдарға аулалық тексеру жүргізіледі.Ошақта СД жұмыс істеуі үшін санитариялық семкенің табельдік мүлкі кұрамында: термометр — 5 дана; макта-дөке таңғыштары, шұғыл профилактика үшін таблеткалар жөне есеп карточкалары — бекітілген халык санына сөйкес; бір төулікке; мақта дөке тампоны — 10 дана; ауру туралы хабарлама 20 дана, құрғақ дезинфекциялаушы ерітінділер: өлшенетін хлораліш — 30 г-нан, лизол — 50 г-нан, қағаз, кнопкалар, қарындаштар, бор, жабысқақ пластырь.Көп қабатты үйлерде әр буын пөтерлерді подъезд бойынша тексереді. Буын командирі пәтерлерді бөліл береді де, өзі кірер есіғінде калады, оның жанында 5%-дьщ лизол ерітіндісі бар канистра, гидропульт немесе автомакс, 70%-дык спирті бар ыдыс, қорғаныш бүркемелері үшін клеенка қабы болады. СД-ның алғашқы және кайта тексеруі учаскідегі негізгі кірер есіктері мен өтпелерді дезин-фекцияланған соң жүргізіледі. Тексеру кезінде жеке құралдарын не обаға қарсы костюм киеді.Тексеру кезінде СД мүшелері жергілікті тұрғындардың накты кұрамын анықтайды, ата-анасыз қалған балалардың барлығын біледі, температураны өлшеу мен ауызша сұрау арқылы ауруларды аныктайды, тұрғындарды шұғыл сактандыру есеп карточкасын, температура қағазын толтыруға, ағымдаіы дезинфекция жөне ауру болған кезде күту ережелеріне, ауру пайда болған кезде жөне көшеде, үйде өзін ұстау режіміне үйретеді.Қайта тексеру белгіленген шаралардын орындалуын тексеру жөне ауырғавдарды аныктау мақсатында жүргізі-леді. Ауырғандығы анықталған жағдайда СД жүкпа ауруларының негізгі белгі беруші — сұрыптау белгілеріне: бас ауыруы, калтырау, ысу, өлсіздік, көрудің бұзылуы, іш өту, құсу, сондай-ак тексеру кезінде байкалған бет түсінің өзгеруі, денедегі бөртпе, тамыр соғысының жиілеуі, тілдегі өңездер жөне т. б. сүйенеді.СД анықталған ауруды пөтер мүмкіншілігімен пайда-лана отырып, уақытша оқшаулау үшін шаралар жүргізеді (бөлек бөлме немесе перде немесе жаймамен окшауланған бұрыш). Ауруға жеке төсек, сүлгі, ыдыс-аяк беріп, оларды жиі-жиі залалсыздандырып отырады.Аурулармен катынаста болған адамдардың ауыз шырышты қуысын екі пайыз сода ерітіндісімен 1 пайыз сутегі аскын тотығымен немесе калий перманганатының өлсізерітшдасіменемдейді. Бөлмедегі шыбындар мен баска да жөндіктерді жояды. Аурудьщ бөлінісін (қакырығын) аузы тығыз жабылатын ыдысқа жинайды, үстіне хлораминнің 3 пайыз ерітіндісі немесе хлорлы ізбестің 20 пайыздық ерітіндісін құяды. Аурумен карым-қатынасқа түскен бір пөтерде тұрушы адамдарға жұмысқа шығуға, баска пөтерлерге баруға тыйым салынады, пөтердің есігіне "Кіруге тыйым салынады, жұкпалы ауру!" деп жазылады.Тексеру кезіндеСД жұмысының індетке карсы режімін катаң сактауы тиіс. Егер жұқпалы ауру анықталса немесе ауьфу күдігі туса, онда сандружина мүшесіарнайы киімді ауыстырып немесе оны дезинфекциялап, басқа Іютерге кіруіне болады. Сандружина мүшесінің баяндауы бойынша, буын командирі ауру туралы хабарламаны толтырады, ал оны содан кейін СД командиріне жөне диспетчер пунктіне, ал аурудын пөтеріне учаскелік бригада дөрігерін жібереді. Тұрғындардьщ індетке қарсы режім ережелерін орындауынбақылауды КСК белгіленген санитариялық өкілетті адамдар жүзеге асырады, қайталап тексеруді СД төулігіне 2 рет жүргізеді.Ауруды ауруханаға орналастырғаннан кейін онымен қатынаста болған барлық адамды дереу толык санитария-лық өңдеуге жібереді, осыдан кейін олар үй обсервация-сында немесе арнайы оқшаулауда болады, оларды бақылау медбикеге немесе СД мүшесіне жүктеледі. Пөтерлердін кірер есіктерінде тұрғындардын аты-жөні, тегі жазылған температура парактары ілінеді, оған күніне 2 рет температура өзгерісінің нөтижелері жазылады.Шаруашылық объектілерінде ауруларды анықтауды СП жеке құрамы жұмысшылар мен қызметкерлердің денсаулығы туралы ауызша сұрау жөне жүмыс күшнің (ауысымының) басы мен аяғында 3 рет дене температура-сын өлшеу жолымен жөне нашар көңіл күйге шағымдану болған кезде жүргізеді. Нөтижелер арнайы журналға жазылады.Биологиялық зақым ошактарында жүргізілетін бірінші кезектегі іс-шаралар катарына дезинфекция, дератизация жұмыстарын ұйымдастыру жатады.Дезинфекция дегеніміз — сыртқы ортаның әр түрлі субстраттары мен өр түрлі объектілерінде жұқпалы ауру қоздырғыштарын жою қүралдары мен төсілдері. "Дезинфекция" түсінігі үш бөлімді біріктіреді; дезинфекция — залалсыздандыру, дезинсекция — жұқпалы ауруларды тасушы, буынаяқтыларды (жөндіктерді) жою жөне дератизация—бірқатар аурулардың коздырғыш көздері— кеміргіштерді жою.Залалсыздандыру мақсатына байланысты: алдын алу, ағымдағы, корытынды (ағымдағы жөне корытынды дезинфекция эпидемиялық ошақта жүргізіледі) болып бөлінеді. Алдьш алу дезинфекциясы қоғамдык орындарда: асхана, монша, кір жуу, вокзал, шаштаразда жөне т.б жерлерді жүйелі түрде залалсыздандыру жолымен жергілікті жерлерді сауыктыру жөне жүқпалы ауру-лардың пайда болу немесе таралуының, олардың бар-жоқтьиына карамай, алдын алу мақсатында жүргізіледі.Бұған бөлмені желдету, ылғалды тазалау, су тарткыш станциясындағы су күбырларының суын тазалау жөне хлорлау, сүтті пастеризациялау жөне қайнату, дөрет-ханаларды залалсыздандыру, жеке гигиена ережелерін сақтауға жағдайлар жасау жөне т.б. кіреді.Жатақхана, пөтерлерде, бапалар мекемелерінде аурудьщ барльны аныкталса, онда ошактық дезинфекция жасалады. Қай кезеңде жүргізілуіне байланысты ол: ағымдағы жөне корытынды болып бөлінеді. Ағымдағы дезинфекцияны жұкпа ошағында, емдеу мекемелерінде немесе үйде ауру коздырғыштарын ауру ағзасынан бөлінгеннен кейін дереу жою үшін жүргізіледі, ол үшін ауру бөліністерін, төсек-жаймасын, ыдыс-аяктарын, колданған заттарын залал-сыздандырады, еден, кабырға, кереует, тумба, ойын-шыктарды жиі-жиі дезинфекциялаушы ерітіндшен жуады. Ағымдағы дезинфекцияның мақсаты — жұкпаның таралуы-ның алдын алу. Дезинфекцияны ауруды күтетін адамдар жасайды.Қорытынды дезинфекция ауруды көшірген, ауруханаға орналастырған сон, айықканнан немесе өлгеннен кейін жүргізіледі. Оның мақсаты — ауру кол тигізген жиһаздар, тесек, бөлме заттарындағы жұкпалы ауру қоздырғыштарьш толық жою.Дезинфекциялаушы кұралдар: механикалык, физика-лық жөне химиялык больш бөлінеді. Механикалык кұралдар — бұл бөлмені ылғалды тазалау, желдету, шаңын кағу, іш киімдерді жуу, колды, денені жуу. Ол тек қосымша мөнге ие, өйткені жиналған кірмен бірге ауру қоздырғыштары ішінара ғана жойылады жөне толың залалсыздандыру қамтамасыз етілмейді. Залалсыздандырудың физикалық күралдарынан: от, ыстьқ ауа, кайнаған су, сумен канықтырғыш бу, ультра-күлгін сөулелер колданылады. Жұмыста колданылатын препараттар мен ерітінді концентрациясын таңдауда қоздырғыштардың беріктігі (кейбіреулеріне қарсы дезинфекция жүргізіледі) анық-талады, сондай-ақ өңделетін беттін ластануы дәрежесі мен сипаттамасы ескеріледі. Оньщ тікелей шарты бетті толық жуу болып жабылады. Дезинфекциялаушы құралдардың 1 м2 залалданған ауданға дұрыс жүмсаудың маңызы зор. Өңделген беттегі микробтар бірден емес, белгілі бір уақыт өткен соң өледі.Ылғалды дезинфекциялау арнайы аппараттар, автомакс жөне шлангілі гидропульт көмегімен жүргізіледі. СП жөне СД халық шаруашылық объектілерінде құрылады, оларды объект басшылығы ҚК жөне ҚЖАҚ ұйымдарымен бірлесе құрады. Екі жөне одан да көп ауысымда жинақталады, СД 16—55 жас аралығындағы өйелдерден, 16—60 жас аралығындағы ерлерден жинақ-талады. СД жөне СП кұрамына медициналық білімі барлар, оның іпгінде, запастағы мейірбикелер кірмейді. Құрылған СД-ға тіркелу нөмірі беріледі. СД командирі мен СД бастығы болып оку бағдарламасы (АҚ курстары, жиындары) бойынша даярлықтан өткен адамдар тағайындалады.


Информация о работе Жукпалы аурулал