Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 20:00, реферат
Әр түрлі жынысты организмдердің пайда болу себебін білу биологиядағы маңыз проблемалардың бірі болып табылады.бұл құбылыстың табиғаты жөнінде өткен ғасырда,әсіресе 19 ғасырда шамамен ондаған гипотезалар ұсынылды.бірақ бұл проблеманы тек хромосомалық теория ғана түсіндіріп берді.бұл теория жынысты анықтау механизмдерін және табиғатта көпшілік жағдайда неліктен дарабастардың жартысы еркек, ал жартысы ұрғашы жынысты болатындығынг толық дәлелдеді.генетикалық тұрғыдан өте жақсы зерттелген жеміс шыбыны-дрозофиланың холмосомалар жиынтығымен танысайық.
1.1 Жыныс хромосомалары, гомо және гетерогаметалы жыныс
1.2 Жыныс анықтаудың генетикалық механизмі
1.3 Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау
1.4 Жыныстың анықталуының баланстық теориясы
1.5 Жыныстың анықтау ортасының рөлі
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология және биотехнология факультеті
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жыныс хромосомасы
Тексерген: б.ғ.к, профессор Бигалиев А. Б.
Алматы 2013
Жоспар:
1.1 Жыныс хромосомалары, гомо және гетерогаметалы жыныс
1.3 Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау
1.4 Жыныстың анықталуының баланстық теориясы
1.5 Жыныстың анықтау ортасының рөлі
1.1 Жыныс хромосомалары, гомо және гетерогаметалы жыныс
Әр түрлі жынысты организмдердің пайда болу себебін білу биологиядағы маңыз проблемалардың бірі болып табылады.бұл құбылыстың табиғаты жөнінде өткен ғасырда,әсіресе 19 ғасырда шамамен ондаған гипотезалар ұсынылды.бірақ бұл проблеманы тек хромосомалық теория ғана түсіндіріп берді.бұл теория жынысты анықтау механизмдерін және табиғатта көпшілік жағдайда неліктен дарабастардың жартысы еркек, ал жартысы ұрғашы жынысты болатындығынг толық дәлелдеді.генетикалық тұрғыдан өте жақсы зерттелген жеміс шыбыны-дрозофиланың холмосомалар жиынтығымен танысайық.дрозофиланың аталықтарының дене клеткаларында 4 жұп құрайтын 8 хромосомалар болады.оның 3 жұбы бірдей, ал 4 жұбының х хромосома деп аталатын біреуі таяқша тәріздес (акроцентрлі) ал у хромосома деп аталатын екіншісі ілмек тәріздес (субметацентрлі) болады.аналықтарын ңдене клеткаларында да 8хромосомадан болады. Оның 3 жұбы аталықтардағы 3 жұппен бірдей. Ал 4 жұбы екі Х хромосомадан тұраы және аталықта болатын жалғыз Х хромосомаға ұқсас болады. Екі жыныс дарабастарындада бірдей болатын хромосомаларды аутосомалар, ал ХУ хромосомаларынды жыныс хромосомасы деп атайды. Аутосомаларды әдетте А белгілейді. Жыныс хромосомалары жөніннен бірдей гаметалар беретін жынысты гомогаметалы, ал жыныс хромосомалары екі типтес гаметалар беретін жынысты гетерогаметалы жыныс деп атайды.ХХ-омогаметалы аналық жыныс, ал ХУ- гетерогаметалы аталық жыныс.
1.2 Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі
Табиғатта кездесетін көптеген тірі
организмдердің арасындағы аталықтары
мен аналықтарының ара қатынасы
шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады.
Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді
деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық
негізі жыныстардың біреуінің
P Aa x aa
Г Аа а
Ғ1 1Аа : 1аа
Жүргізілген цитогенетикалық зерттеулердің
нәтижесі жануарлар мен өсімдіктердің
көпшілігінде аталық және аналық организмдердің
хромосома жиынтығындағы бір
жұп хромосоманың өзгелерінен ерекше
болатындығын көрсетті. Кейінірек бұл
хромосомалардың жынысты
Адамда, сүтқоректі жануарларда, дрозофилада және т.б. көптеген түрлерде аналық жыныс гомогаметалы (ХХ), ал аталық — гетерогаметалы (ХУ). Бұл аталған түрлерде мейоз кезінде біркелкі жұмыртқа клеткалары мен әркелкі аталық клеткаларда түзіледі. Тауықтарда және басқа құстарда, сол сияқты жібек құрты мен көбелектерде, керісінше, аналық жыныс — гетерогаметалы (ХУ), ал аталық — гомогаметалы (ХХ). Кейбір жәндіктерде У — хромосома мүлде болмайды. Мысалы, шегіртке мен қандала аналықтарында ХХ, ал аталықтарында жалғыз Х хромосома, яғни генотипі ХО, ал қаракүйеде, керісінше, аналықтарында — ХО, аталықтарында — ХХ болып келеді.
Әрі қарай жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жынысты анықтауға аутсомалардың да қатысатындығы белгілі болды. Американдық генетик К.Бриджес дрозофиланың жыныстық белгісінің дамуы Х хромосома мен аутосомалардың ара қатынасына байланысты өзгеретіндігін байқады. Бұл жыныстың анықталуының теңгерімдік (баланстық) теориясына негіз болды. Ол бойынша Х хромосома мен аутсомалардың (А) ара қатынасы (Х : А) 1-ге тең болса 1(2 х : 2А) — аналық, 0,5-ке тең болса 0,5 (1Х : 2А) аталық жыныс дамиды. Егер жыныстық индекстің мәні 1-ден жоғары болса (3Х:2А) — 1,5 басым аналық, 0,5-тен жоғары болса (2Х:3А) —0,63 басым аталық болып шығады.
1.3 Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау
Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер арқылы тұқым қуалауды жыныспен тіркесіп тұқым қуалау деп атайды. Оны ең алғаш Т.Морган зерттеп ашты. Ол — дрозофиланың көзінің түсі тұқым қуалауын зерттеуге арналған тәжірибелер жасады. Бұл тәжірибеде қызыл көзді аналықты ақ көзді аталықпен, ал екіншісінде, керісінше, ақ көзді аналықты қызыл көзді аталықпен будандастырды. Дрозофиланың көзінің қызыл түсі (W+) ақ түсіне (W) қарағанда басым болып келеді. Қызыл көзді аналықты ақ көзді аталықпен будандастырғанда бірінші буында (F1) алынған ұрпақтың барлығы да қызыл көзділер болып шығады. F1-дегі дарақтарды өзара будандастырғанда екінші буында (F2) алынатын ұрпақтың ішіндегі барлық аналықтар қызыл көзділер, ал аталықтардың жартысы қызыл көзділер, жартысы ақ көзділер болады. Ақ көзді аналықты қызыл көзді аталықпен будандастырғанда, бірінші буынның өзінде-ақ алынған ұрпақтың аналықтары қызыл көзді, ал аталықтары ақ көзді болып шыққан. Мұны крис-крос жолымен тұқым қуу дейді. F1-дегі алынған шыбындарды өзара будандастырғанда екінші буындағы ұрпақтың аналықтары мен аталықтарының жартысы қызыл көзді, жартысы ақ көзді болған. Тұқым қуалаудағы мұндай ерекше жағдайды түсіндіру үшін Морган көздің түсін анықтайтын гендер жыныстық хромосомада болуға тиіс деп есептеді. Мұндай құбылыс адамдар мен жануарларға тән. Мысалы, адамда болатын қан ауруы — гемофилия, дальтонизм (түсті ажырата алмау), тер бездерінің болмауы сияқты аурулар мен кемістіктер жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды. Осылардың ішінде аса қауіпті тұқым қуалайтын ауру — гемофилияны қарастырайық. Гемофилиямен ауырған кезде қанның ұюы кеміп, соған байланысты адам жарақаттанғанда қан тоқтамайды. Мұндай ауру көбінесе ер адамдарда кездеседі, себебі оны анықтайтын рецессивті ген Х хромосомада болады. Ал осы ген бойынша гетерозиготалы болып келетін әйел адамда қан қалыпты ұйиды, бірақ ол гемофилияның генін тасымалдайды.
Қанның дұрыс ұюын доминантты Н гені, ал керісінше ұю қабілеті болмауын рецессивті h гені анықтайды. Осыны ескере отырып, гемофилияның тұқым қуалау сызбанұсқасын келтірейік:
Р ХНХһ х XhY
Г ХН Хһ Xh Y
F1 ХНХh XhY ХһХh XһY
Гемофилия
ХНY — дені сау ер бала
XhХh — тасымалдаушы қыз
XhY — гемофилиямен ауыратын ер бала
Сонымен, әйел өз ұлдарының жартысына қалыпты, ал жартысына гемофилияның гені бар Х хромосоманы береді. Сондықтан оның ұлдарының арасында саулары да, гемофиликтері де болады. Ал қыз балалар кез келген жағдайда ата-анасының біреуінен доминантты гені бар Х хромосоманы (Xh) алатындықтан олардың қаны әрқашан дұрыс ұйиды. Бірақ қыздардың жартысы осы гендер бойынша гетерозиготалы (XhXһ) болатындықтан бұл ауруды тасымалдаушы болып есептеледі.
Жоғарыда айтылған басқа да аурулар мен кемістіктердің тұқым қуалауы осындай жолмен жүреді.
1.4 Жыныстың анықталуының баланстық теориясы
Әрі қарай жүргізген зерттеулердің нәтижесінде жынысты тек жыныстың хромосомалар ғана емес, аутосомалардың да анықтай алатындығы белгілі болды. Америка генетигі К.Бриджес 20 - шы жылдардың бас кезінде дрозофиланың жыныстық белгісінің дамуы Х - хромосома мен аутосомалардың ара қатынасына байланысты өзгеретіндігін байқады. Бұл шыбында кейде триплоидты (3х+3А) хромосома жиынтығы бар аналықтар пайда болады. Кейбір триплоидты аналықтар ұрпақ береді, бірақ мейоз кезінде олардың хромосомалары дұрыс ажырамайды. Мұндай триплоидты аналықты қалыпты диплоидты аталықпен будандастырғанда жыныстық хромосомалар мен аутосомаларының ара қатынастары әртүрлі сегіз типті дарақтар алынған. Олардың арасында қалыпты аналық және аталықтармен қатар гипертрофты (кейбір мүшелері шамадан тыс үлкейіп кеткен) особьтар да, сол сияқты асыра аналық және асыра аталықтарда болған, ал кейбір дарақтардың жыныстық белгілері аралық сипат алған (интерсекс). Осы жүргізген зерттеулердің негізінде Бриджес дрозофилада аналық жыныс екі Х - хромосомамен, ал аталық жыныстың дамуы ХУ - хромосомалармен анықталмайды, олар Х - хромосомалар санының аутосомалар жиынтығының ара қатынасына немесе жыныстық индекске (Х:А) байланысты деген қорытындыға келді. Бұл жыныстың анықталуының баланстық теориясына негіз болды. Ол бойынша Х:А қатынасы 1 - ге тең болса 1(2Х : 2А) аналық, 0,5-ке тең болса, 0,5 (1Х : 2а) аталық жыныс дамиды, ал егер жыныстық индекстің мәні бір санынан жоғары болса (3Х : 2А=1,5) басым аналық, 0,5 - тен төмен болса (2Х : 3А= 0,63) басым аталық, ал 1 мен 0,5 - тің аралығында (2Х : 3А=0,67) болса интерсекстер шығады.Кейде ата - аналарының бірінің жыныс клеткаларының түзілуі кезінде жыныстық хромосомалар ажырамайды, соған байланысты мысалы, адамда күрделі психикалық т.б. аурулар (синдромдар) пайда болады. Мейоз кезінде жыныстық хромосомалардың ажырамауы себепті жұмыртқа клеткасында жалғыз Х - хромосоманың орнына екеу болады немесе біреуі де болмайды. Осындай анамальды жұмыртқа клеткалары қалыпты сперматозоидтармен ұрықтанғанда түрлі хромосомдық аурулары бар организмдер қалыптасады.
1.5 Жыныстың анықтау ортасының рөлі
Жоғарыда көрсетілгендей жыныс ұрықтану кезінде жыныстық хромосомалардың қабысуының немесе олардың аутосомалармен түрліше ара қатынасының нәтижесінде қалыптасады. Бірақ оған хромосомалық механизммен қатар сыртқы және ішкі орта факторларының да қатысы бар. Жыныстық белгілердің дамуына жыныс бездерінде жасалатын жыныс гармондары, сол сияқты сыртқыфакторлар - температура, қорек, жарық т.б. әсер етеді. Мысалы,теңіз құртында егер личинкасы анасының тұмсығының ішінде өссе одан аталық дарақ дамиды. Ал егер анасының тұмсығындағы аталық жыныс дамып келе жатқан личинканы бөліп алса, ол интерсекс болып шығады.Жынысты анықтаудың хромосомдық механизмін білу жануарлардың жынысын қолдан реттеуге мүмкіндік туғызды. Мысалы, құс шаруашылығында жұмыртқалағыш тауықтарды өсіргенде инкубатордан мекиендердің көбірек алынғаны, ал етті бағыттағы шаруашылықта аталықтардың көп болғаны тиімді.
Стандарт Казахстана включает 30 обязательных показателей, в то время как Всемирная организация здравоохранения рекомендует более 100 показателей качества питьевой воды.
Основная причина загрязнения поверхностных водных бассейнов в республике - сброс в водоемы неочищенных или недостаточно очищенных сточных вод:
Загрязнения, поступающие в сточные воды делятся на несколько групп. По физическому состоянию выделяют примеси:
Кроме того, загрязнения делятся на:
Вопросы охраны и рационального
использования водных ресурсов в
Республике является актуальными. Имея
обширную территорию, многоотраслевой
народнохозяйственный комплекс, Республика
испытывает недостаточную и неравномерную
обеспеченность водными ресурсами.
Огромное значение в решении данной
проблемы имеет регулирование водопользования
Правовая основа водопользования в Республике
Казахстан определена Водным кодексом
от 31 марта 1993 года. Основной его задачей
является регулирование водных отношений
в целях рационального водопользования,
охраны водных ресурсов от загрязнения,
засорения и истощения, а также предупреждения
вредного воздействия на почву.
Вода является государственной собственностью
и предоставляется только в пользование.
Установлены следующие виды водопользования: