Адамдар арасында тиімді қарым-қатынас жасау механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 11:16, реферат

Описание работы

Ортақ әрекеттесудің қажетті шарты ара қатынас жасау арқылы адамдар арасында жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат алмасуы, бірін-бірі тануы және қоса әрекеттесуі.Ара қатынастың негізінде жататын коммуникативтік үрдіс, яғни ақпараттың бір адамнан басқа адамға немесе бір топқа тасымалдануы және бұл хабарды басқалардың қабылдауы.

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Адамдар арасында тиімді қарым-қатынас жасау механизмдері.
Науқаспен өзара қарым-қатынас жасаудың директивалық және бейдирективалық әдістері, қарым-қатынастың тәсілдік және стратегиялық аспектілері туралы түсінік.

III.Қорытынды

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 32.33 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА

АКАДЕМИЯСЫ

 

            Неврология, психиатрия және психология  кафедрасы

Реферат

Кредит № II

№10 Тақырыбы: Адамдар арасында тиімді қарым-қатынас жасау механизмдері.Науқаспен өзара қарым-қатынас жасаудың директивалық және бейдирективалық әдістері, қарым-қатынастың тәсілдік және стратегиялық аспектілері туралы түсінік.

 

 

                                                                      Орындаған:Жәнәйдарқызы М

                                                                    Тобы: 102 «Б» МІК

                                                                         Қабылдаған: Нурымбетов Р.К

 

 

 

 

Шымкент 2014 жыл

                                 Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  1. Адамдар арасында тиімді қарым-қатынас жасау механизмдері.
  2. Науқаспен өзара қарым-қатынас жасаудың директивалық және бейдирективалық әдістері, қарым-қатынастың тәсілдік және стратегиялық аспектілері туралы түсінік.

 

III.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Кіріспе

  Ортақ әрекеттесудің  қажетті шарты ара қатынас  жасау арқылы адамдар арасында  жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат  алмасуы, бірін-бірі тануы және  қоса әрекеттесуі.Ара қатынастың  негізінде жататын коммуникативтік  үрдіс, яғни ақпараттың бір адамнан  басқа адамға немесе бір топқа  тасымалдануы және бұл хабарды  басқалардың қабылдауы.

  Медициналық қызметкерде  өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым-қатынас, байланыс, сұхбат жасауға мәжбүр  болады:оның ішінде науқаспен, оның  туыстарымен, әріптестерімен, басқа  медициналық қызметкерлермен.Медицина  қызметкері мен сырқат адамның  қарым-қатынасының жоғарғы дәрежеде  болуы, маманның кәсіби дамуына  үздіксіз әсер етеді.

  Қарым-қатынас адамдардың  жанасуы негізінде ақпаратпен  алмасуы, бірін-бірі қабылдауы және  әрекеттесуі.Медицина қызметкерінің  жұмысының нәтижелілігі мен деңгей  дәрежесі оның бейімділігі мен  біліктілігі ғана емес, қарым-қатынас  дағдыларынада байланысты екені  анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

  Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.

   Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы.Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.

  Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.

  Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.

  Қарым-қатынас ары қарай жеке  адам аралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді.Жеке адам аралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.

  Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық –қарым-қатынастарды да жатқызады.

  Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.

  Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым - қатынас адамдардың ұжымдық  іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық» функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2-функциясын «қалыптастырғыш» функция деп айтуға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элькониннің айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам – оның өзі және ересек адам» . Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың әшкә психологиялық процесіне және де баланың дербестік еріктк іс-әрекетіне айналады.

  Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккедіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде – бала өлімі жоқ, ал екіншісінде – балалардың үштен бірі шетінеген.

  Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «бекітетін, қолдаушы» деген функциясын атауға болады.басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы – ең зор жаза». Көптеген психотерапевтік жүйелерде адамның мұндай жағдайы «қолданылмаған бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі, және де «Сенікі жөн емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың», «Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді.

  Атақты ағылшын психологы  Р.Д.Ленг – бекітілмеу, көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофринияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттелген балалар ауырады екен.

    Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз. 

Ежелгі заманда дәрігерлер саны өте шамалы болағндықтан, олар бір өздері қызмет атқарып, басқа әріптестерімен көп қатынасқа түспеген. Қазіргі таңда дәрігерлер саны күрт өскендіктен, медициналық амандардың да саны артты. Және диагностикалық және емдеу технологияларын, ақпараттарды қолдануыға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандарда жұмыс атқарады. Сондықтан, бүгінгі таңда дәрігер жұмы бабына орай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлерімен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты.

Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады.

Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады.  Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады.

Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.

Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуын күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана не емханада әңгімелесіп отырған науқастар пікірлесе отырып өздерінің сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті таратып жібере алады. Бұл дәрігердің, бөлімшенің, медициналық мекеме мен ондағы дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы мүмкін.

Сонымен, дәрігер өз жұмыс атқаруда көптеген адамдармен қарым-қатынас орнатады, және бұл қатынастардың дәрігер үшін, оның жұмысының нәтижелігі үшін маңызы зор. Сондықтан да, дәрігер коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алуы керек.

Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Қарым-қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігер жұмысының нәтижелілігі мен дәңгейі, дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас дағдыларына да байланысты екені анық.

Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынасжасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.

Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады.

Өзара қарым-қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы субьект ретінде саналады. Коммуникатор – ақпарат жіберуші адам. Коммуникант – ақпарат қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы – жіберушіден, қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі – олардың әрекеттеріне тікелей байланысты. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, мақсатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардың әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болады.

     Науқас адамның ауруын анықтауда, тиімді емшараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіне, яғни коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесені байланысты.  Ал, дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін қалай бағалауға болады?

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін оның қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттігіне қарап бағалауға болады.

        Сырқаттар мен медицина қызметкерлерінің арасында тату-төтті байланыс, достық қарым-қатынас, науқастың жақын туыстарына сенгені сияқты бір-біріне деген сенімділік орнаған кезде ғана ауруға ем әсері байқалады. Егер науқас адам емдеп жүрген дәрігеріне, қызмет істеп жүрген медбикештерге сенбесе, қаншама күшті дәрі-дәрмек алып жатса да, берген ем қонбайды. Жасаған операциялар да көпшілік жағдайда сәтсіз аяқталып жатады. Бұның бәрі өмірде әлденеше рет дәлелденген шындықтар. Өкінішке орай осы заманғы дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біразының аттарына заттары, айтқандарына істегендері сай келмей жатады. Әріптестерімнің кейбіреуінің істейтін қылықтары, сөйлеген сөздері, жүріс-тұрыстары, адамдармен қарым-қатынастары. мінез-құлыктары, сырқатқа деген пейілдері "дәрігер", "медбикеш" деген қасиетті атқа лайық емес. Дәрігер болғандықтан талай дәрігердің, талай медбикештің сырқатқа, оның туған-туыстарына деген оғаш қылықтарын, жат мінездерін, дөрекі сөздерін, өздерінің мамандықтарына деген немқұрайдылықтарын, өздерінен басқа адамға жандары ашымайтындықтарын көзіммен көріп, талай рет түңілгенім бар. Аппақ қардай ақ халат киіп, сырттарынан жылтырағандарымен, іштерінде ит өліп жатқан қара ниетті, мәдениеті тым төмен, білімсіз дәрігерлер мен сауатсыз медбикештер бар екенін көргенде жүрегің ауырады. Солар үшін сен ұяласың. Ал енді сырқат жандар мұндай шала сауатты, мұз жүректі дәрігерлер мен медбикештерден қалай ғана шипалана қойсын-ау. Қайта дерттеріне дерт, кеселдеріне кесел қосылып, өмірі жазылмайтын созылмалы ауруға шалдығады. 
 
   Өзін-өзі сыйлайтын мәдениетті дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері медициналық этика мен деонтологияның ғасырлардан бері жинақталған білім бұлағынан сусындап, бойына сіңіріп, өзін үнемі жетілдіріп отырғанда ғана жақсы дәрігер, үлгілі медицина қызметкері бола алады. Дәрігер үшін де, орта буын медицина қызметкерлері үшін де ең басты қағида - адамгершілікті, мейірімділікті, ілтипатты сақтай білу. 
 
   Бір кезде халқы құдайдай сенген, пір тұтқан, төредей күтіп сыйлаған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің бұл күнде ел арасындағы абырой-атағы, сый-сияпаты, құрметі бұрынғыдай емес, әжептәуір төмендеп-ақ кеткен. Бұған кім кінәлі? Ең әуелі сол медицина қызметкерлері мен дәрігерлердің өздері кінәлі. Адам баласы өзін біреуге сыйлата алу үшін, ең әуелі өзі сыйласымды болғаны дұрыс. Өзің дөрекі, мәдениетсіз, білімсіз, санасыз, кір-қожалақ, салдыр-салақ болып тұрсаң сені кім сыйлайды? "Сыйға - сый, сыраға - бал" деп бұрынғылар бекер айтпаған. Мүмкін дәрігерлеріміз бен медицина қызметкерлеріміздің ел арасындағы қадір-қасиетінің тым төмендеп кетуі қоғамымыздағы болып жатқан экономикалық, саяси, рухани өзгерістер мен тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлардын өте нашарлап кетуіне де байланысты шығар. Қалай болған күнде де, ел басына қандай қиыншылық түссе де дәрігер болсын, орта буын медицина кызметкерлері болсын, өзінің кадір-қасиеті, намысы, мамандығының абырой-атағы үшін күресе білуі керек. Дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлерінің адам баласының денсаулығының сақшысы екенін қас қағым сәтке де ұмытуға қақылары жоқ. Ішкі мәдениеті үйлескен дәрігер мен медбикештер ғана сырқат жүрегіне жол тауып, адам жанының арашашысы бола алады. Тән жарасы мен жан жарасының шипагері бола білген адам ғана нағыз дәрігер, медбикеш деген атка лайық бола алады. Ол үшін әрбір дәрігердің, әрбір медбикештің көп ізденулері, білімі мен мәденитін көтерулері қажет. Дәрігерлік этика мен деонтология ілімдерін үздіксіз оқып-үйренулері керек. 
 
   Этика дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шықкан философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінез-құлқы, әдептілігі туралы ілім. Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы. 
 
  Этика - мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті, кішіпейілділікті, әдептілікті оқытады. Ал мораль дегеніміз қоғамдық сананың бір түрі немесе бір көрінісі. Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы мінез-құлқы мен инабатты, адамгершілікке толы қарым-қатынастарын реттейтін принциптер мен жиынтық ережелерін мораль дейміз. "Адам - адамға дос, жолдас, бауыр" деген ұлағатты сөз этиканың ең негізгі қағидаларының бірі. Медициналық этика - медициналық қызметкерлер жұмысындағы гуманизм көрінісі, деонтологияның теориялық негізі болып саналады. 
 
Деонтология - (гректің - тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы.  
 
   Деонтологияның негізгі принципі - адам жеке басының қамын ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында. 
 
  Медициналық деонтология дегеніміз - медицина қызметкерлерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптік парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім. 
 
   Дүние жүзі халықтарының әрқайсысының өздерінің ұлттық, діни, қоғамдық мәдени ерекшеліктеріне қарай әр дәуірде денсаулықты сақтау этикасы мен медициналық этика жөніндегі көзқарастары әртүрлі болған. Тарихқа жүгінсек, әртүрлі қоғамдық-экономикалық формацияларда адамның денсаулығы мен өнерін сақтауға байланысты этикалық нормалардың көптеген түрлері болғанына көзіміз жетеді. 
 
   Қай заманда болмасын дәрігерлер мен емшілерден, медицина қызметкерлерінен адамзатқа қызмет ету жолында олардың бойында адамгершіліктің мейірімділіктің ізгі ниеттіліктің, адамға деген сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың мол болуын талап етіп отырған. 
 
  Біздің дәуірімізге дейін IX ғасырда өмір сүрген атақты үнді дәрігерінің "Өмір кітабы (Аюр-Веде) атты еңбегінде дәрігерге былай деген өсиет айтады': "Дәрігер іс жүзінде табысқа жету үшін; өзінің дені сау, мұнтаздай таза, қарапайым, шыдамды сақалы қысқа етіп бастырылған, тырнақтары алынған, ақ жейде, жұпыны киім киген болу керек. Сөйлеген сөзі жұмсақ, жағымды, тартымды және үлкен үмітпен айтылуы қажет. Дәрігердің ақ жүректі адал, қайғыға ортақтасқыш, сезімтал, тура мінезді байсалды, ерекше сабырлы, асқан ақылды, әрқашанда жақсылық істеуге тырысып тұратын адам болғаны абзал. Жақсы дәрігер сырқатты үнемі уақтылы қарап, мұқият тексеруге міндетті. Қорқақтық және жасқаншақтық дәрігерге жат мінез. 
 
   Сол сияқты біздің дәуірімізге дейін VIII ғасырда өмір сүрген үнді-дәрігері Чарака өзінің "Чаракасмхита" деген дәрігер этикасында: "Көп жылдар бойы ұстазыңнан оқып-үйреніп қана қоймастан, өзіңді белгілі бір ақылдылық пен төзділікке де тәрбиелеуің керек. Науқасқа кетіп бара жатқанда өзіңнің ойыңды, сезіміңді тыныштандыр, мейірімді, адамгершілікті бол, істеген ісіңнен пайда іздеме, сырқатты аялай біл, сауығып кетсе қуан, тіпті жауыңды да емдеуге тырыс - бұл қасиеттердің бәрі дәрігердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайды, адамгершілік қасиеттерің аңғартады. Науқас туған-туыстарына, бала-шағасына, тіпті әке-шешесіне күдіктенсе де дәрігерге имандай сенуі қажет, сондықтан да сырқатқа оның балаларынан да, әке-шешесінен де артық қарауға тиіссің".    

Информация о работе Адамдар арасында тиімді қарым-қатынас жасау механизмдері