Адамның анатомияны оқудың тәсілдері антропометрия. Дене тұлғасының типтері. Сүйек құрылысындағы,еңбектің,спорттың,әлеуметтік және биоло

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 21:47, творческая работа

Описание работы

Организмді жүйелер бойынша
қарастыра отырып , біз
талдау әдісін пайдаланып,
оны жасанды түрде бөлшектейміз.

Файлы: 1 файл

анатомия СРС.pptx

— 2.92 Мб (Скачать файл)

МАРАТ ОСПАНОВ  АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

ФАКУЛЬТЕТ:          Медициналық профилактикалық іс

 

 КАФЕДРА:        Қалыпты анатомия

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК

ЖҰМЫСЫ

 

Орындаған: 115 «б»

 

Тақырыбы: Адамның анатомияны оқудың тәсілдері антропометрия. Дене тұлғасының типтері. Сүйек құрылысындағы,еңбектің,спорттың,әлеуметтік және биологиялық факторлардың маңызы.

 

Ақтөбе 2012 жыл

         Анатомия

 

 Адам денесінің пішінін, құрылысын,  атқаратын қызметін және оны  қоршаған ортаға байланысты дамуын  зерттейтін

ғылымды анатомия деп аталады.

Адам анатомиясының  салалары:

    • Ең ескі ,бірақ әлі де маңызын жоғалтпаған ,ғылымға ат берген (anatemno-кесу,бұтарлау),преператтау. Бұл әдіс ірі түзілістердің сыртқы құрылғысымен топографиясын зерттеуде қолданады.

Адам анатомиясын зерттеудің барлық өзіндік жеке мақсат емес, олар теория мен практиканың бірлігі принципіне негізделген медицина мен дене тәрбие ғылымдарына қызмет етеді. Адам денесін зерттеудің қиындығынан, оны алдымен жүйелерге бөліп тексереді

Организмді жүйелер бойынша 

қарастыра отырып , біз

талдау әдісін пайдаланып,

 оны жасанды түрде бөлшектейміз.

Алайда тірі организмде денені құрайтын жеке бөлшектер мен элементтер оқшау тұрмайды, өздерінің пайда болуы, дамуы және  тіршілік әрекетінде бір-бірімен байланысып түр түзуге   қатысады. Сондықтан организмді тұтас күйінде түсіну үшін синтез әдісін пайдалану керек.

Еркек тұлғаның антропометриялық мінездемелері

Дене тәрбиесі институттарында  қозғалыстың құрылысын ғана  емес, оның динамикасын да зерттейтін тірек- қимыл  аппаратының функционалдық анатомиясына ерекше назар

аударылады, оны динамикалық анатомия деп атайды. Тірі адам анатомиясы, әсіресе адамды емдеумен айналысатын дәрігерге осы зерттеу әдістері өте- мөте қажет.

 Спорт

 денсаулық негізі

Адам тірі табиғаттың бөлігі сияқты, оның құрылысын зерттейтін  ғылым яғни анатомия да биологиялық бөлігі болып табылады.Организмнің құрылымын түрі мен атқаратын қызметінің байланысы тұрғысынан түсіну  үшін анатомия организмнің тіршілік әрекеті туралы ғылым – физиологиялық деректерін  пайдаланады. Анатомияның өзі ағзалардың сыртқы ғана емес ішкі

пішіні мен құрылымын да микроскоптың көмегімен зерттейді.

Кейіннен тіндерді қышқылдарда  еріте отырып, тамыр, өзек, қуыстарды инъекциялау кеңінен қолданылады. Бұның нәтижеснде ағзаның басқа анатомиялық түзілістерге қатысты орналасуын тоңазытып қатырылған дененің арамен кесілген жерінен зерттейді. Осы аралап кесу әдісін бірінші рет қолданған Н.И.Пирогов.

 

Н.И.Пирогов

Егер  қалыңдығы микрометермен  өлшенетін киінді даярлап, оны гистологиялық бояулармен өңдесек, онда мұндай

кесінділермен алынған деректерді тіндік ара қатынастар туралы  мағлұматтармен толықтыруға болады. Бұл әдіс

гистопографиялық деп аталады.

Сонымен қатар мәйітті де адамды да зерттеу үшін  қолданылатын әдістер бар: оларға рентгенография және  эндоскопия. Бұл әдістерді аурулардың диагнозын дәлелдеп

нақтылау қажет болғанда ғана қолданылады.

Рентгенологиялық  зерттеудің ең жаңа әдістері мыналар:  

 

    • 1.Жұмсақ тіндердің рентгендік кескінін алуға мүмкіндік беретін электрорентгенография.

 

    • 2.Томография әдісінің көмегімен белгілі жазықтықта жатқан , рентген сәулелерін ұстайтын кескіндерді алуға болады.

 

    • 3.Компьютерлік томография әдісі көптеген томографиялық кескіндерден жинақталған кескінді теледидар экранында көруге мүмкіндік береді.

 

    • 4.Рентгеноденсиметрия – сүйектердегі минералды тұздардың мөлшерін организм тірі жағдайында анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

             Остеология

 

  Сүйектер туралы ілім остеология. Қаңқа – механикалық  маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің  жиынтығы болып табылады. Ол өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тіндерінің көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады;қаңқа қимыл аппаратының пассивті  бөлімін құрайды.

Сүйек жүйесі негізінен механикалық, көбінесе биологиялық маңызы бар бірқатар қызмет атқарады. Сүйек жүйесінің биологиялық функциясы қаңқаның зат алмасуға қатысуына

байланысты минералдық фосфор, кальций, темір т.б. тұздардың жиналатын жері. Сүйек – мүше. Сүйек ,оs, ossis, тірі организмнің мүшесі ретінде бірнеше тіндерден тұрады, олардың ең бастысы сүйек тіні.

                 Еңбектің әсері

 

Адам еңбек үрдісінде қол, аяқ, саусақ, бақай, және т.б. осы сияқты өзінің табиғи құралдарын іс қимылға қосады. Еңбек құралдарын жасау арқылы ол дененің табиғи мүшелерінің құрылысын өзгерте отырып, оларды толықтыра, ұзартатын жаңа жасанды құралдар алады және адамның  өзі ... Сонымен бір  мезгілде өз табиғатын өзгертеді.

Бұлшықеттің дене

жаттығулары мен кәсіби жұмыс кезіндегідей ұзақ және жүйелі

жиырылуы біртіндеп зат алмасуын өзгертеді. Дене

шынықтыру мен айналысатындардың  қарағанда тәуір дамыған.

Дене бітімі мықтылау балаларда  дене бітімі әлсіздеу балаларға

қарағанда қаңқа жүйесі әлдеқайда  жақсы жетіледі.

Тиімді дене

жаттығулары, қимылдары арқасында  баланың қаңқасы, кеуде

торына қоса барлық бөлімдері жақсы  дамып, мұның өзі

олардыңішіне жайғасқан өмірлік  маңызды ағзалардың дамуына

қолайлы әсер етеді.

Егер оң немесе сол қолға немесе

Оң  не сол аяққа көбірек жүк түссе, онда ауырлық көбірек түскен

аяқ не қол көбірек жуандайды. Демек, сүйек затының дамуы

дәрежесінде туа біткен факторлар  ғана емес, сонымен бірге

туғаннан кейінгі адамның бүкіл  өмір бойы дене еңбегінің сипаты

да шешуші рөл атқарады.

Қаңқа жүйесінің дара өзгерткіштігі

биологиялық та, әлеуметтік те факторларға  байланысты. Организм сыртқы орта факторларын биологиялық жағынан  қабылдап, ол қаңқаның қайта құрылуына әкеледі. Сүйек тінінің қайта құрылуы арқылы арқылы өзгеріп отыратын функциялық

қажеттіліктерге бейімделу қабілеті сүйектердің биологиялық өзгергіштігінің себебі: ол жүктеме сипаты, тіршілік қалпы және басқа әлеуметтік сәттер осы өзгергіштіктің әлеуметтік себептері болып табылады.

 Пайдаланылған  әдебиеттері:

 

    •  А.Рақышев « Адам анатомиясы »

 Алматы - 2009

    •  Иртернет көздері.
    • www.google.ru
    • www.adam.com.

 

 


Информация о работе Адамның анатомияны оқудың тәсілдері антропометрия. Дене тұлғасының типтері. Сүйек құрылысындағы,еңбектің,спорттың,әлеуметтік және биоло