Аяқ сүйектері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 18:29, реферат

Описание работы

Аяқ сүйектері- жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі сүйектеріне: шат, мықын, отырықшы сүйектер; аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне сан, балтыр, аяқ басы сүйектері жатады. Жамбас белдеуінің сүйектері ( кости таза, os coxae). Жамбас: мықын, шат, отырықшы, үш суйектен тұрады.Адам 14-16-ға келгенде, бұлар- тұтас бір жамбас сүйегіне айналады.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 26.47 Кб (Скачать файл)

         Реферат

 Аяқ сүйектері

  Аяқ сүйектері- жамбас белдеуі  мен аяқтың еркін қозғалатын  сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі сүйектеріне: шат, мықын, отырықшы сүйектер; аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне сан, балтыр, аяқ басы сүйектері жатады. Жамбас белдеуінің сүйектері ( кости таза, os coxae). Жамбас: мықын, шат, отырықшы, үш суйектен тұрады.Адам 14-16-ға келгенде, бұлар- тұтас бір жамбас сүйегіне айналады.

Мықын, отырықшы, шат сүйектерінің қосылған жерінде ұршық ойығы пайда болады, ойықтың ішінде жарты ай тәріздес бет, оның ішінде буын шұнқыры бар.Бұл шұнқырға  сіңір арқылы сан сүйегі бекиді. Мықын сүйегі (подвздошная кость, os ilium).оның жуан бөлігі  - « денесі», ал жалпақтанып жайылған бөлігі - «қанаты» деп айталады. Қанатының жоғарғы және төменгі қыр томпақтары бар. Қанатының ішкі бетінде шұнқыр пайда болды. Мықын сүйегінің құлақша беті бар. Ол арқылы сегізкөз омыртқаларымен буындасады  Отырықшы сүйек (седалишная кость, os ischii). Оның жуан денесі мен тармақтары бар. Тармақтарының жуандау жері «төбешік» деп аталады. Ал төбешіктен жоғары  және артқа қарай отырықшы қыры басталады. Отарықшы сүйек қырының жоғары жағында – қыр менмықын сүйегінің аралығында – үлкен отырықшы ойық бар. Отырықшы төмпешік пен оның қыры аралығында – кіші отырықшы ойық жатыр.

  Шат сүйегі (лобковая кость, os pubis ). Денеден, жоғарғы, төменгі қанаттардан және жапқыш тесігінен тұрады. Шат пен отырықшы сүйектен, жапқыш тесігі  пайда болады. Оң және сол жақтағы шат сүйектері шат байламы арқылы қосылып, жамбас астауын тұйықтайды.

  Жамбас астауы (таз, pelvis). Жамбас сүйектерінің, сегізкөз, құйымшақ омыртқаларының тұйықталып қосылуынан – жамбас астауы пайда болады. Жамбас астауы – үлкен және кіші болып бөлінеді. Оларды бөліп тұратын шекаралық сызық омыртқа мүісінен басталып, мықын сүйектерінің доғашы сызығымен, шат сүйектерінің тармақтарымен, шат байламының жоғарғы жағымен өтеді.  Жамбастың үлкен астауы мықын сүйектерінің жайылған қанаттарынан пайда болған.  Ол іш қуысындағы мүшелерге сүйеніш болып тұрады. Жамбастың кіші астауы сегізкөз бен құйымшақтың астау беттерінен және отырықшы, шат сүйектерінен құралған. Кіші астаудың жоғарғы және төменгі апертуралары (кіретін, шығатынжерлері) қуысы болады. Кіші астауда – несеп қуығы, тік ішек, ішкі жыныс мүшелері (әйелде – жатыр, жатыр түгігі, аналық безі; еркекте – простата безі, шәует көпіршіктері, шәует өзектері) орналысқан. әйел жамбас астауының, еркек жамбас астауынан айырмашылығы болады. әйелдің жамбас астауы кең және қысқа, мықын сүйектерінің қанаттары кең жайылған. Шат сүйектерінің төменгі тармақтары доғал бұрыштаныпбіріккен, сегізкөз қысқа және жалпақ болады. Жамбас астауының пішінін, оның белгілі өлшемін білу акушерлік практика үшін өте маңызды.

  Үлкен жамбас астауының өлшемдері:

Қылқанды қашықтық (остистая дистанция, distantia spinarum), мықын сүйектерінің алдынғы жоғарғы қылқандар аралығының қашықтығы – 27 см. Қырлар  дистанциясы (гребневая дистанция, distantia cristarum), мықын қырларының ең алыстаған нүктелерінің аралығы – 29 см. Ұршық дистанциясы (вертельная дистанция, distantia trochanterica), сан сүйегінің үлкен ұршықтарының аралығы – 31 см.

  Жамбастың кіші астауының өлшемдері:

Сыртқы конъюгата (наружная конъюгата, diametr rekta), шат байламының жоғарғы қырынан бел, сегізкөз омыртқаның аралығына дейінгі қашықтық, оның ұзындығы – 20 см.

Омыртқаның мүйісі мен шат симфизінің төменгі қырының аралығы, диагональдық конъюгата (диагональная конъюгата, diametr transveza) - 12,5-13,0cm.

Гинекологиялық конъюгата (гинекологическая, истинная конъюгата, coniugata vera) – шат байламының ең шығынқы бөлігінің аралығы, оның ұзындығы 10,5-11,0 см. Әйелдің гинекологиялық конъюгатасын, сыртқыконъюгатадан диагоналды конъюгатаны алып тастау арқылы табамыз (20см. – 9см.= 11cм.).

Шат байламның төменгі шеті мен құйымшақтың ұшының аралығы немесе кіші астаудың шығу тесігінің тік өлшемі 10 см. Ол екі қабат әйел босанғанда құйымшақтың ұшының артқа жылжуы, нәтижесінде 1,0-1,5 см-ге кенейеді.

Жамбас астауының буындары.

Мықын-сегізкөз буыны – ол оң және сол мықын сүйектерінің құлақша бетінің сегізкөзге берік буындасынан пайда болған жұп буын.

 Жамбас астауының алдында оң және сол шат сүйектері шеміршек арқылы бірігіп шат байламы пайда болады. Жамбас буындарына: сегізкөз-отырықшы томпағымен, сегізкөз-қыр арасындағы буындар жатады. Олардың үлкен және кіші отырықшы ойықтарынан үлкен және кіші отырықшы тесіктері пайда болады. Бұл тесіктерден булшық еттер, тамырлар, жүйкелер өтеді.

Аяқ еркін қимылдайтын суйектері, олардың  буындары.

Сан сүйегі, ортан жілік (бедренная кость, os femoris) денедегі ең ұзын түтікше сүйек. Оның жоғарғы, төменгі эпифизі, денесі бар. Проксималь эпифизінде домалақ басы мен жіңішкерген мойыны болады. Жіліктің басы жамбас сүйегінің ұршық ойығына кіріп, сіңір арқылы бекіген. Сүйектің денесі мен мойынның аралығында үлкен және кіші ұршық томпақтары жатыр. Ол томпақтар бір-бірімен ұршық аралық сызық арқылы біріккен. Одан ұршық аралық қыр пайда болады, бұған бұлшық ет жабысады. Сан сүйегі денесінің алдынғы және бүйір беті тегіс, ал артында қалындаған екі медиаль және латераль еріндері бар. Сан сүйегінің төменгі эпифизі жуан, онда медиаль және латераль айдаршықтар бір-бірінен айдаршық аралық шұнқырымен бөлінген. Айдаршықтардың үстінде медиаль және латераль айдаршық үсті орналасқан. Сан сүйегінің айдаршықтары, балтырдың үлкен жілігі және тізе тобығы бір буынға бірігеді. Тізе тобығы (надколенник, patella) – қанқадағы ең ірі қосымша сүйек. Оның пішіні дөңгелек, алдынғы жағы дөңес, терінің сыртынан ұстағанда онай білінеді. Тізе тобығының ннннегізі жалпақ, ал үшкірлеу ұшы төменге қараған. Үстін санның 4 басты бұлшық етінің сінірі жауып тұрады.

Балтыр сүйектері (голень, crus) екі жілік сүйектен тұрады:

  1. балтырдың үлкен жілігі;
  2. балтырдың кіші жілігі.

Үлкен жілік балтырдың ішкі жағында орналасқан. Балтырдың үлкен жілігі (большеберцовая кость, tibia) немесе асық жілік – жоғарғы эпифизі жуандаған медиаль және латераль айдаршықтар және айдаршық усті. Айдаршық үсті тегіс, бұған сан сүйегінің айдаршықтары жанасады, асық жіліктің латераль айдаршығының төменгі жағында балтырдың кіші жілігінің басы келіп бірігетін ойық бар. Балтырдың үлкен жілігінің  денесі  үш қарлы, сондықтан оның 3 шеті, 3 беті  бар. Жіліктің алдынғы қыры терінің астында білініп тұрады. Ал жіліктің латераль қыры қабыршық арқылы балтырдың кіші жілігімен бірігеді. Үлкен балтыр сүйегінің төменгі эпифизінде өкше сүйегіне қараған буын беті мен сүйек өсікшесі бар. Медиаль сүйек өсікшесінен тірсектің ішкі бетіндегі тобық пайда болды. Балтырдың кіші жілігі немесе асықты жіліктің шыбық сүйегі (малоберцовая кость, os fibula) улкен  балтыр сүйегінің сыртқы жағында, одан әлдеқайда жіңішке сүйек. Сүйектің жоғарғы эпифизі жуанданған, онда асық жілікке жанасатын буын беті бар. Төменгі эпифизі өкше сүйегіне сәйкестеніп ойықтанып келген. Одан терінің астынан білініп тұратын аяқтың сыртқы тобығы пайда болды.

  Аяқ басының сүйектері (кости  стопы) үш топқа бөлінеді:

  1. тілерсек сүйектері (кости предплюсны, ossa tarsi);
  2. табан сүйектері (плюсневые кости, ossa metatarsi);
  3. бақай сүйектері (фаланги, ossa digitorum).

Тілерсек сүйектері – майда сүйектер. Олар: өкше, текше, қайықша, 3-еуі сына, топай сүйектері. Топай сүйегі улкен және кіші балтырсүйегімен буындасады.

  Табан сүйектері қатар орналасқан, 5 түтікше сүйектерден тұрады. Олардың басымен бақай сүйектері буындасады.

   Бақай сүйектері қолдың саусақтарындай үш сүйектен тұрады. Тек үлкен башпайда ғана екі сүйек болады.

  Аяқты еркін қимылдайтын сүйектерінің буындары:

  Ұршық буыны (тазобедренный сустав, articulatio coxae) жамбастың ұршық ойығы мен сан сүйегі басының арасындағы буын. Сан сүйегінің басында дөңгелек жалғама бар. Ол арқылы сан сүйегіне қан тамыры, жүйке өтеді. Ұршық буынының қапшығы өте берік, ол жалғалармен бекіген. Оның ең берігі  мықын-сан жалғамасы. Ол 300 кг дейіенгі жүкті көтереді.

  Тізе буыны (коленный сустав, articulation genus) өте күрделі буын, онда үш сүйек: сан, үлкен балтыр сүйегі және тізе тобығы буындасады. Бұл буынның негізгі қызметі балтырды бүгеді, жазады.

  Тілерсек буыны (голеностопный сустав, articulation talocruralis) балтыр сүйектерінен және топай сүйегінен тұрады. Бұл буын аяқтың басы бүгіп жазып, қимылға келтіреді.

  Табанның сүйектері бір-бірімен қысқа буындар арқылы біріккен. Топай-өкше-қайықша буыны өкшенің бір көлденең буыны болып бірігеді (шопар буыны). Хирургияда аяқты кескенде осы буынның бойымен кеседі.

  Бақай буындары башпай сүйектерінің арасындағы қысқа буындар болып саналады


Информация о работе Аяқ сүйектері