Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 21:16, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады. ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған

Содержание работы

Кіріспе
1. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
2. Заңды тұлғалар
3. Заңды тұлға ұғымы
4. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі
5. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

азаматтық кодекс.docx

— 23.91 Кб (Скачать файл)

                                                       ЖОСПАРЫ:

  Кіріспе

1. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама

2. Заңды тұлғалар

3. Заңды тұлға ұғымы

4. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі

5. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады. ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған. Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.

1. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама

    Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды. Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады. Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.). Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады. Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді. Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.

Азаматтың құкықтың қағидаларына:

• тараптардың теңдігі;

• шарт еркіндігі және таңдау құкығы;

• еркіндік;

• меншікке қол сұкпаушылык;

• біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;

• азаматтык құкықтардың  еш кедергісіз жүзеге асырылуы;

• бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету;

• азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады.

    Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

   Азаматтық құқықтың жүйесі

    Азаматтык құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құкығы және міндеттемелік құкығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты катынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатьш алу-сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құкык және өсиетнама.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері 

Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне  мыналар жатады:

• Қазақстан Республикасының  Конституциясы. Конституция меншіктің  түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген

6-бапта: 

1. «Қазақстан Республикасында  мемлекеттік меншік пен жеке  меншік танылады жене бірдей  қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.

2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

З.Жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар  дүниесі, басқа да табиғи ресурстар  мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.

• Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі азаматтық  құқықтың негіздері жүйесіндегі  ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқыктық катынастардың негіздері, азаматтық құқыктың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.

   Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады. Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституцияльщ заң күші бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады. Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқыктьщ актілері жатады. Әдеттегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген. Халықаралық шарттар (конвенциялар). Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық кұкықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға карағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халыкаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары колданылады.

      Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған қүқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.

2. Заңды тұлғалар

2.1 Заңды тұлға ұғымы

   1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.

   2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.

Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

   1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

   2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

   3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк  қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы).

5. Заңды тұлға осы Кодекстiң,  заңды тұлғалар нысандарының  әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.

3.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі

   Құқық қабілеттілігі арнаулы және жалпы болады. Арнаулы құқық қабілеттілігі дегеніміз, заңды тұлғаның жарғыда көзделген қызметінің мақсатына сай келетіндей азаматтық құқықтары мен міндеттері болады. Мұндай жағдайда жарғыда олар айналысуға құқықты қызмет түрлері көрсетіледі. Осыған байланысты, ҚР АК 159-бабында былай делінген: «Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгені немесе күнілгері білуге тиіс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлік иесінің қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін».4 Арнаулы құқық қабілеті бар заңды тұлғаның мысал ретінде қазыналық кәсіпорынды атауға болады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда бекітілген мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалады. Арнаулы құқық қабілеттілігі сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға да: мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге, қоғамдық қорларға, тұтыну кооперативіне, діни бірлестіктерге, заңды тұлғалардың қауымдастық немесе одақ нысанындағы бірлестіктеріне тән. Жалпы құқық қабілеттілігі бар заңды тұлғалар өз кезегінде, кез келген қызметпен айналыса алады, кез келген азаматтық құқығы және соған қатысты міндеттемесі болады. Коммерциялық емес ұйымға жататын (шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар) көптеген заңды тұлғалардың жалпы құқық қабілеттілігі болады. Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің пайда болуы және тоқтатылуы туралы ереже белгіленген. ҚР азаматтық кодексінде заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі туралы былай делінген: «Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқталады» Заңды тұлғаның азаматтық айналымға қатысуы үшін тек қана құқық қабілеттілігі емес, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі де керек. Азаматтарға қарағанда заңды тұлғалардың ерекшелігі олардың құқық және әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде тоқтатылады. ҚР Азаматтық кодексінің 37-бабында былай делінген: «Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды». Заңды тұлғаның органы – бұл заңмен, жарғымен немесе құрылтай құжаттарымен көзделген лауазымды тұлғалар (бас директор, директор, президент, бастық, меңгеруші, төраға) және ұйым қатарында солармен бірге әрекет ететін лауазымды тұлғалардың алқалары (мысалы, акционерлік қоғамды –– директорлар кеңесі, ал кооперативтік және қоғамдық ұйымдарда –– басқарма, кеңес секретариат) заңды тұлғаның еркін білдіріп, оны жүзеге асырады.

ҚР Азаматтық кодексде заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріне қатысты органдардың құралы мен олардың құзыреті айқындалады. Мысалы, толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады, сенім серіктестігін ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады,акционерлік қоғамның жоғары орғаны оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке-дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді. Қоғамның басқа да органдарының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген ерекше құзыретіне кірмейтін барлық мәселелерді шешу акционерлік қоғамның атқарушысы органының айрықша құзыретіне жатады. Өндірістік кооперативті басқарудың жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.

   Фирмалық атау –– коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның тіркелгеннен кейінгі атауы. 1883 жылғы 30 наурызда қабылданған, 1993 жылдың 16 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы да мүшесі болып табылатын өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясының 8-бабына сәйкес фирмалық атау Конвенцияға қатысушы елдердің барлығында арнаулы тіркеусіз қорғалады. Демек, заңды тұлғаның фирмалық атауды оны тіркемей-ақ, пайдалану фактісіне қарай, пайдалануға құқығы бар деген сөз. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар, бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңдарда белгіленеді.

Қорытынды

     Қорытындылай келе, заңды тұлғалардың көптеп құрылуы елдің экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Қазақстан Республикасының 50 озық елдің қатарына шығар жолында заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген.

 

 

 

 

 

                                        Пайдаланылған әдебиеттер

1. Азаматтық құқық. М.К.Сүлейменов. Ю.Г.Басин. – Алматы, 2003.

2. ҚР Азаматтық Кодексі 05.06.2006ж. 159-бап,11-тармақ


Информация о работе Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама