Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 21:58, реферат
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі — ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі — көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым
Жалпы жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым
Жүйке жүйесінің құрылымы
Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі
Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жастық ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация ( торлы құрылым ) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және мөлшерлі бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны торлы құрылым деп те атайды. Торлы құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын, мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлынның белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады. Торлы құрылымның әсерінен жұлынның байланыс жолдары жеңілденіп, әлсіз тітіркендіргіштің өзіне жұлын рефлекстері толығынан және жақсы пайда болады. Ал тежеп әсер еткенде жұлын рефлексі әлсіреп, нашарлап тітіркендіргіштің күшті әсерін қажет етеді. Ми сыңарларына белсенділендіріп әсер етуіне байланысты оның қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға кетеді. Торлы құрылымның әсеріне байланысты рецепторлардан келген арнайы мәліметтер ми сыңарларында талданып, дұрыс ұғым пайда болады. Ми сыңарлары мен торлы құрылым бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Тек қана торлы құрылым ми сыңарларын белсенділендіріп қоймай, керісінше, ми сыңарларының қыртыстары да торлы құрылымға белгілі шамада әсер етеді.
Қыртысасты ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішінде қыртыс асты ядроларының сұр заттары болады. Ол ядролардың ішінде ең маңыздысы - бозарған, қауызды және құйрықты ядролар. Бозарған ядро қозғалу кезінде көмекші қимылдарды қамтамасыз етеді және ортаңғы мидағы қызыл ядроны тежейді. Бұл ядроның қызметі күшейгенде қосымша қимылдар көбейіп, бұлшық еттің тонусы төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда қолдың қажетсіз еріксіз тырбаңдаған қимылдары пайда болады, беті тыржияды т.с.с. қимылдар туады. Ондай еріксіз қимылдар, мысалы, хорея ауруымен ауырған адамдарда байқалады. Бозарған ядроның қызметі нашарлағанда бүлшық еттің хонусы күшейіп, көмекші қимылдар мүлдем жойылады. Он-дай адамның беті маска тәрізді болып, қимылдары икемсіз, бір-біріне сәйкестелмейді. Қ ұ й р ы қ т ы ядро мен қ а у ы з д ы ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. Сондықтан бүлардың қызметі күшейгенде бозарған ядроның қызметі темендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді. Мүндайда паркинсон ауруын-дағы тәрізді белгілер байқалады. Ал оның қызметі нашарла-ғанда хореяға үқсас кемшіліктер пайда болады. 2-3 жаста қыртыс асты ядроларының мөлшері ересек адамның мөлшерінің 40%-ындай болады. Оның нейрондары бүл мерзімде әлі де болса дифференцияланып (нейрондардың белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі) үлгермейді, аксондарының көпшілігінде миелин қабығы жетілмеген, сондықтан балалардың қимылдары әлі де болса ыңғайсыз-дау, дүрыс бағытталмаған. 4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-ындай болады.
7-13 жаста оның аксондары
толық миелинденіп,
Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі болады. Ми қыртысының қүрамында нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады және оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрон-дардан 10 есе артық болады.
Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейрондардан тұрады:
1. Молекулярлық қабат
ми қыртысының ең үстіңгі
2. Сыртқы түйіршікті қабат пішіні дән, пирамида және көп бұрышты нейрондардан түрады;
3. Сыртқы пирамидалы
қабат пирамида пішінді
4. Ішкі түйіршікті қабат
тығыз орналасқан әртүрлі
5. Терең орналасқан пирамида
қабаты Бец клеткаларының
6. Көп пішінді клеткалар
қабаты үш бүрышты, ұршық
7. Бұл қабат жіп тәрізді
өте ұзын нерв торшаларының
кейбіреулерінің дендриттері 1-
Ми қыртысында белгілі бір қызмет атқаратын бөлімдер сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.
Орталык жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жар-шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады: .
1 Организмнщ сыртқы
ортамен баиланысын қамтамасыз
етеді, яғни адамның мінез-
2. Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптас-тыру, келтіру, яғни үйлестіру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
Бүдан бір ғасырдай бүрын ми жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе олардың қызметінің арасындағы айырма-шылығы анықталған болатын. Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан кейін, адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бүзылғанын Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға қаты-сы барлығы байқалды. Мидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, алсол жақ жарты шары сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратыны туралы мәліметті Р.Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми деректер жиналды. Сөйтіп адамның миының жарты шарларына тән негізгі қызметтер анықталды. Р. Сперри өзінің пациенттерін бақылау арқылы мидың екі жарты шары екі ми іспетті қызмет атқаратынын байқады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: