Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:56, реферат
Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
әл−Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
CӨЖ
Тақырыбы: Бүйрек аурулары және
Орындаған: Каршалова Балжан БЖ211К
Алматы – 2012
Жоспар
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім.........................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.................11
Кіріспе
Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын
бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен
орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері
орналасқан.Адам бүйрегінің массасы-150
г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті
қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті
ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек
астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің
ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе
түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы
астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа
жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа
шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы
қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне
1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір
5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан
бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үне
Бүйрек аурулары адамда ең
жиі кездесетін аурулар
Бүйректер патологиясын
Қан мен несеп арасында, электронды микроскоппен жаксы көрінетін шумақша сузгісі (фильтр) орналасқан. Ол үш қабаттан тұрады: 1) ішкі - эндотелий қабаты; 2) ортада негізгі мембрана; 3) оның сыртында - эпителий қабаты.
Капиллярлар эндотелийінің көлденеңі 50-100 мм тесіктері (фенестрлері) болады, олар әрдайым ашық. Ал эпителий қабатының жасушаларын подоцит немесе эпицит деп атайды. Электронды микроскопта олардың "ұзын өсінділерден" трабекулалардан және олардан тарайтын "қысқа өсінділерден" педикулалардан түзілгенін көреміз. Подоциттер бүйрек капиллярларын жан-жақтан орап алып өзінің "аяқшалары" арқылы оның үстінен көтеріліп тұрады. Бүйрек шумағының негізгі мембранасы күрделі құрылысқа ие. Ол эндотелий және эпителий мембраналарының қосылуынан пайда болады. Бұл мембрана негізінен белоктар мен глюкозамингликандардан түзілген. Осы жердің болмашы зақымдануының өзі несеп болып шығуын шұғыл өзгертеді. Демек, алғашқы несептің мөлшерін әсіресе оның құрамы негізгі мембрананың қызметімен анықталады.
Кейбір жерлерде осы екі мембрана бір-бірінсн алшақтап арасында мезангиум дсп аталатын кеңістік пайда болады. Осы жерде аралық зат және мезангий жасушалары орналасқан, оларды үшінші жасуша деп те атайды. Бұл жасушалар фагоцитоз кызметін атқарып шөгіп қалған иммунды кешендерді ыдыратады. Олардың IV типтегі коллаген талшықтарын (ламипил) амилоидты синтездеуге де қатынасатыны анықталған. Сонымен қатар, мезангий жасушаларында ангиотензин II, атриопептид және вазопрессинмен әсерлесетін рецептор болады. Мезангий жасушаларының қысқаруы нәтижесінде капиллярлар тарылып, фильтрация көлемі азаяды.
Негізгі бөлім
Бүйрек — адам мен омыртқалы жа
Бүйрек ауруларының түрлері. 1827 жылы Р. Брайт дененің жалпы ісуімен, альбуминурия, гематурия және жүрек гипертрофиясымен сипатталатын сырқаттар тобының бүйрек патологиясымен байланысты екенін алғашқы рет көрсетіп берген болатын. Сол кезден бастап бүйрек ауруларын Брайт сырқаты деп атап кеткен.
XX ғасырдың басында (1914) Ф. Фольгард
және К.Т. Фар (бірі клиницист,
Қазіргі таңда бүйрек патологиясында бүйректің барлық құрылымдық компоненті қатысатындығы белгілі болды. Сондықтан бүйрек ауруларын үш үлкен топқа бөліп қарайды: 1) бүйрек шумақтарының аурулары (гломерулалық аурулар); 2) тубулоинтерстициалдық нефриттер; 3) бүйрек қантамырларының аурулары (біріншілік нефросклероздар).
Гломерулалық аурулар - негізінен бүйрек шумақтарының патологиясы.
Тубулоинтерстициалдық нефриттерде
қабыну үрдісі аралық тінде дамып, оған
бүйрек өзекшелерінің немесе бүйрек
түбегі мен тостағаншаларының
Біріншілік нефросклероздар
Дегенмен де, бүйректің барлық құрылымдық компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты.
Мембранопролиферативтік гломерулонефриттік екінші түрінде өте тығыз депозиттер неізгі мембрананың ішінде орналасады, сондықтан бұл патологияны "тыгыз депозиттер ауруы"деп атайды. Осындай депозиттер шумақтардың қабында да, өзекшелердің және өзекше айналасындағы капиллярлардың негізгі мембранасында да табылады. Негізгі мембрана қалыңдап, кейде қатарласып "трамвай жолындай" болып көрінеді.
Жай микроскоппен қарағанда бүйрек
шумақтары үлкейген, негізгі мсмбранасы
қалыңдаған, мезангий жасушалары көбейген,
кейде жарты ай көріністері көрінеді.
Бүйрек шумақтарында фиброз құбылысы
басым болса, ол жердс бүйрек мембранасының
қалындап склерозға ұшырағаны, эндотелий
және мезангий жасушаларының пролиферациясы
бүйрек шумақгшаларының бүтіндей склерозданып
немесе гиалинозданып қалғаны
Мембранопролиферативтік гломерулонефриттен
электронды- тығыз депозиттердің
пайда болу көзі анықталмаған, сондықтан
оның басым көпшілігі (95%) идиопатиялық
бүйрек патологиясының қатарына жатады.
Ал, екіншілік
Жалпы алғанда созылмалы
Басқа ағзалардагы өзгерістер. Оларга: жүректің сол қарыншасының гипертрофиясы, орталык нерв жүйесінің, бауырдың жасушаларындағы дистрофиялық өзгерістер, көздің тор қабатының ісінуі, қан құйылуы немесе оның сыдырылып түсуі және уремия кіреді
НЕФРОЗДЫҚ СИНДРОМ
Нефроздық сидромның дамуы бүйрек сүзгісінің өткізгіштігінің күшеюіне байланысты болып клиникада,протеурия гипоалъбуминемия, гиперлипидемия, липидурия белгілерімен, дененің ісінуімен көрінеді. Көбінесе нефроздық синдром ересек кісілерде: жедел жүйелі қызыл жегіде, мембраноздық, нейропатияда, бүйрек амилоидозында, диабеттік нефропатияда жәнс т.б. байқалып, екіншілік нефроздық синдром деп аталады. Жас балаларда нефроздық синдром бүйректің біріншілік патологиясымен байланысты липоидты нефроз (аз өзгерістер ауруы) немесе идиопатиялық нефроздық синдром деген атпен белгілі.
Липоидтық нефроз (аз өзгерістер ауруы)
Негізінен 5 жасқа дейінгі балалар ауырады. Бұл патологияның негізінде подоциттердің туа біткен, ферментопатияға байланысты өзгерістері жатады.
Патологиялық анатомиясы. Липоидтық нефроздың морфологиясын тек электрондық микроскоппен ғана анық ажыратуға болады. Бұл жерде подоциттердің кіші өсіннілері аяқшаларының бір- біріне қосылып немесе бүтіндей жойылып кеткенін көреміз.
Негізгі мембрана өзгермеген, ол жерде депозиттер жоқ. Негізгі морфологиялық өзгерістер бүйрек өзектерінде дамиды. Бүйрек өзектерінде майлы дистрофия, некробиоз, десквамация құбылыстары; өзек ішінде цилиндрлер табылады. Бүйректер едәуір үлкейеді олардың қыртысты қабаты қалындап, ақшыл-сары түске еніп, ал оның пирамидалары керісінше қанмен толып, көкшіл-қызыл болып көрінді. ("үлкен ақ бүйректер"). Әдетте бұл синдромнан кейін бүйректерде еш өзгеріс қалмайды, тек кейбір жағдайларда ғана ошақты гломерулосклероз дамиды.
Мембраноздық нефропатия
Мембраноздық нефропатияны мембранозды гломерулонефрит деп те атайды, бірақ бүйрек шумақтарында қабыну сіңбелері болмайды, сондықтан осы терминді негізге алу керек.
Мембраноздық нефропатияны иммундық кешендік аурулар қатарына жатқызады, бірак көп жағдайларда осы иммундық кешендердің қай жерде түзілетіні, антиген құрамы белгісіз.
Мембраноздық нефропатия қатерлі эиителийлік ісіктерден кейін, жүйелі қызыл жегіде, кейбір инфекцияларда (В гепатиті, мерез), кейбір металдармен уланғанда (сынап, корғасын, алтын), дәрі-дәрмектер әсерінде дамуы мумкін.
Пайда болған иммундық кешендер бүйрек
шумағының негізгі
Жай микроскоппен қарағанда шумақтар капиллярлар қабырғасының. Қалыңдағанын олардың саңылауларының тарылып қалғанын көреміз.
Осы патологияға тән
Ошақты сегменттік гломерулосклероз
Бұл патологияда склероздық өзгерістер бүйрек шумақтарының бір бөлігінен басталады. Клиникада нефроздық синдром белгілерін береді.
Ошақты сегменттік гломерулосклероздың көп жағдайларды себебі белгісіз (идиопатиялық) болады, кейде липоидтық нефроздан кейін басталады.
Бұл патологиядан айырмашылығы клиникада гематурия жиі дамиды, көп жағдайда созылмалы гломерулонефритке айналады.
Микроскоппен қарағанда
БҮЙРЕК АМИЛОИДОЗЫ
Бүйрек амилоидозы- амилоидоздың біріншілік те, екіншілік те түрлерінде кездесетін құбылыс. Сонымен қатар бүйрек амилоидозының өзіне тән клиникалық және морфологиялық ерекшеліктері бар.
Этиологиясы. Бүйрек амилоидозы негізінен
екіншілік амилоидоз