Конституция және ағымдағы заңдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:12, реферат

Описание работы

Конституция термині латын сөзінен алынған – «constitio», – «құрылыс», «құрылым», - деген мағананы білдіреді. Яғни, мемлекетті құру, қоғам құрылысын қалыптастыру деген сөз. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің ең жоғарғы негізгі Заңы. Яғни – барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі.
Ежелгі дәуір және орта ғасырларда көпшілік елдерде деспотиялық жеке билікке негізделген абсолюттік билік орнаған еді. Т.ғ.к., құқықтану доценті Ғ.Маймақовтың пікірнше, - «Патшалар, императорлар, корольдер мен хандар билеген заманда Конституция ұғымы қабылданбады. Монархтар өзі би, өзі заң, өзі мемлекет болды.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 28.48 Кб (Скачать файл)

Біздің Негізгі Заң  дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың  бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн. Сондықтан оның әрбір әрпіне құрметпен қарауымыз қажет.

Ағымдағы заңдар

Заңдар. Конституциядан кейін заң күші бар және Конституциялық құқықтың ең таралған қайнар көзі болып табылады. Заңдар Конституциялық, органикалық және ағымдығы болып бөлінеді.

Конституциялық заңдар. Кейбір мемлекеттерде Конситуцияға өзгерістер енгізеді, Коснитуцияны толықтыратын заңдар ретінде (бұрыңғы Чехословакия), немесе жай заңдардан  жоғары тұратын, бірақ Конституцядан  төмен жоғарғы заң күші бар Конституцияның маңызды  мәселелері   бойынша қабылданатын заңдар (Италия), немесе  өтпелі жағдайларды қамтитын және Конситуциямен бірге қабылданатын заңдар.

Органикалық заңдар – мемлекеттік  органдардың мәртебесін айқындайтын заңдар.

Ағымдағы заңдар – жеке қоғамдық  қатынастарды реттейтін нормаларға  сүйенетін заңдар (мысалы, сайлау құқығы, депутат мәртебесі, азаматтық, т.б,)

 

Заң, құқықта (ағылш. law) - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан. Заң күші кез келген нормативтік актінің нормаларын жоя алады. Бүкіл мемлекеттік органдардың актілері заңға сәйкес келуге, оның қағидалары негізінде және оны орындау бағытында шығарылуға тиіс, яғни заңға негізделген сипатта болуы шарт. Заңға қарама-қайшы келетін кез келген құқықтық акт "қолданысқа жарамсыз" деп танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың айрықша тәртібі бар. Мазмұндалған нормалардың маңызына қарай заңдар конституциялық заңдар және қарапайым заңдар болып бөлінеді. Конституциялық заңға конституцияның өзі және Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал қарапайым заңдарға жүйелік және ағымдағы заңдар жатады.

Бюджеттік заң - нақты кезендегі бюджет пен оның әрекет ету мерзімі мен тәртібін, бюджеттік ресурстар бойынша негізгі тағайындалуы мен бюджеттік қаржы бөлуді бекітетін жалпы мемлекеттік заңнамалық акт.

Неке және отбасы туралы заң - неке мен отбасыға тиесіліктен пайда болатын қатынастарды реттеп, нормаларды біріктіретін, бірыңғай жүйелендірілген заңнамалық акт.

Заңды тұлғаның заңы - занды тұлға құрылған елдің құқығы, осы заңды тұлғаның заңы болып саналады.

Занды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі  осы заңды тұлғаның заңымен анықталады.

Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып  табылмайтын шетел ұйымдарының  азаматтық құқық кабілеттілігі, ұйым құрылған елдің құқығы бойынша  анықталады.


Информация о работе Конституция және ағымдағы заңдар