Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 18:05, реферат
Көру анализаторының құрылысы . Көру анализаторының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру анализаторының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көру анализаторы
Көру анализаторының құрылысы . Көру анализаторының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру анализаторының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.
Құрылысы бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.
Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық – көз жасын түзейді. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады және сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. дез- —құрту, жою + инфекция — лат. жүқтыру) қызмет атқарады. Көз жасының артық мөлшері жас қапшығында қорда сақталып, қажет мезгілінде пайдаланылады. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көзалмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады: жоғарыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай (өте аз шамада).
Көру анализаторының қалған екі топ құрылымдары көз алмасында орналасқан. Көз алмасы — күрделі құрылысты мүше. Ол бас сауытының көз шарасында орналасқан, пішіні шар тәрізді, тек алдыңғы жағы сәл дөңестеу келеді
Көз алмасының Құрылысы .
1 — қасаң қабаты, 2 — алдыңғы сұйық камерасы, 3 — нұрлы қабық, 4 — артқы сұйық камерасы, 5 — цинн тарамыстары, 6 — кірпікті дене, 7 — көз бұршағы, 8 — тамырлы қабық, 9 — торлы қабық, 10 — сары дақ, 11 — көру нерві, 12 — шыны тәрізді дене.
Көздің сыртын тығыз а қ қ а б ы қ қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қ а с а ң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын т а м ы р л ы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат — пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қ а р а ш ы ғ ы деп атайды. Қасаң қабықтың артқы жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің ақ қабығының артқы жағынан көзге көру нерві кіреді. Көздің нұрлы қабығының түсі ондағы бояуға байланысты болады. Оның түсі көгілдір түстен қою қара түске дейін болуы мүмкін. Соған байланысты қара, көк, қоңыр т.б. көздерді кездестіруге болады. Кей адамдардың пигменті мүлде болмайды. Ондай адамның (альбиностың) көзі қызыл болады.
Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады. Бұл арнайы сұйық көз бұршағын қоректендіруге (көз бұршағының қан тамырлары болмайды), шыны тәрізді денені толықтыруға пайдаланылады. Көз бұршағы екі жақты дөңес келген мөлдір қапшықтың ішіндегі өте мөлдір қоймалжың зат. Көз бұршағының орта тұсы шетіне қарағанда тығыздау. Оның қапшығы тарамыс арқылы жоғары және төменгі жағынан бекітілген. Ол тарамыстарды Цинн тарамыстары дейді. Цинн тарамыстары көз бұршағының дөңестелуін реттейді.
Ішкі торлы қабығының құрылысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады . Фоторецепторлар торлы қабықтың бойында орналасқан. Саны 137 миллион, оның 130 миллионы таяқша, ал 7 миллионы — сауытша клеткалар. Торлы қабықтың дәл ортасында сары да. Онда тек сауытша тәрізді фоторецепторлар болады. Сары дақ пен о қ барның дәл ортасында терең орналасқан сауытша клеткалары түсті жарық сәулелеріне сезімтал келеді. Торлы қабықтың шетінде таяқша тәрізді рецепторлар көп болады. Сауытша клеткалар күндіз мол жарықта түсті сәулелерді сезеді де, таяқша клеткалар ымыртта жарық аз кезінде түссіз жарық толқындарын қабылдайды. Осыған байланысты сауытша тәрізді клеткаларды күндіз көру, таяқша тәрізді клеткаларды түнгі көру рецепторлары деп санайды. Жарық сәулелерінің әсерінен фоторецепторларда түрлі физикалық және химиялық өзгерістер туады.
0675