Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 13:07, реферат

Описание работы

Адам 31 жұп жұлын нерві бар, атап айтқанда 8 жұп мойын, 12 жұп кеуде, 5 жұп бел, 5 жұп сегізкөз және 1 жұп құйымшақ нервтері. Әрбір жұлын нерві жұлыннан екі түбіршікпен шығады: артқы (сезімтал) және алдыңғы (қозғалыс) түбіршіктері. Екі түбіршік омыртқа аралық тесік арқылы омыртқа өзегінен шығатын бір сабауға, tractus n. spinalis-қа қосылады. Қосылатын жердің жанында және одан артқа қарай арткы түбіршік – түйін , gangloin spinale, түзеді, оған алдыңғы қозғалыс түбіршігі қатыспайды. Екі түбіршіктің косылуының нәтижесінде жұлын нервтері аралас нервтерге айналады. Оларда жұлын түйіндері жасушаларынан қозғалыс (афферентті) талшықтары, сондай-ақ бүйір мүйіздерінен жүлыннан алдыңғы түбіршік құрамында шығатын вегетативті талшықтар болады.

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Жұлын нервтері
Жұлын нервтерінің артқы тармақтары
Мойын өрімі
Иық өрімі
Бел өрімі
Сегізкөз өрімі
Құйымшақ өрімі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

АНИМАЛЬДЫК НЕРВТИК ОРИМ.doc

— 68.00 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім

    1. Жұлын нервтері
    2. Жұлын нервтерінің артқы тармақтары
    3. Мойын өрімі
    4. Иық өрімі
    5. Бел өрімі
    6. Сегізкөз өрімі
    7. Құйымшақ өрімі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық нерв жүйесінен  шығатын жеріне қарай невр сабаулары жұлындық, және бассүйектік, болып бөлінеді.

Жұлын  нервтері, nn. Spinals, дененің миотомдарына (миомерлеріне) сәйкес орналасады, әрбір нервке оған жататын тері бөлігі (дермотом) сәйкес келеді

Адам 31 жұп жұлын нерві бар, атап айтқанда 8 жұп мойын, 12 жұп кеуде, 5 жұп бел, 5 жұп сегізкөз және 1 жұп құйымшақ нервтері. Әрбір жұлын нерві жұлыннан екі түбіршікпен шығады: артқы (сезімтал) және алдыңғы (қозғалыс) түбіршіктері. Екі түбіршік омыртқа аралық тесік арқылы омыртқа өзегінен шығатын бір сабауға, tractus n. spinalis-қа қосылады. Қосылатын жердің жанында және одан артқа қарай арткы түбіршік – түйін , gangloin spinale, түзеді, оған алдыңғы қозғалыс түбіршігі қатыспайды. Екі түбіршіктің косылуының нәтижесінде жұлын нервтері аралас нервтерге айналады. Оларда жұлын түйіндері жасушаларынан қозғалыс (афферентті) талшықтары, сондай-ақ бүйір мүйіздерінен жүлыннан алдыңғы түбіршік құрамында шығатын вегетативті талшықтар болады.

Вегетативті талшықтар  артқы түбіршікте де болады. Түбіршіктер  арқылы анимал нервтерге келетін вегетативті талшықтар трофика, тамыр козғалтқыш және т. с. с. үрдістерді қамтамасыз етеді.

Әрбір жүлын  нерві омыртқааралык тесіктен шыққанда миотомның екі бөлігіне (дорсалды және вентралды) сәйкес екі тармаққа бөлінеді:

1) миотомның  дорсалды бөлігінен дамитын арқаның аутохтонды бүлшықеттері мен оны жабатын тері үшін артқы, ramus dorsalis, тармағы;

2) түлғаның вентралды  қабырғасы мен миотомдардың вентралды  бө-ліктерінен дамитын қол-аяқтар  үшін алдыңғы тармақ, ramus ventralis;

Бүдан басқа  жүлын нервтерінен екі түрлі тармақтар шығады:

3) ішкі ағзалар  мен тамырларды нервтендіру үшін - симпатикалық сабауға қосылатын  тармақтар, rr. communicantes;

4)  жүлын қабықтарын  нервтендіру үшін омыртқааралық  тесік арқылы кері өтетін, r. menengeus.

Жұлын нервтерінің артқы тармақтары

Барлық жұлын нервтерінің артқы тармақтары, rami dorsales, омыртқалардың көлденең өсінділері арасымеқ олардың буын өсінділерін орай артқа қарай кетеді. Олардың барлығы (1 мойьш, IV және V сегізкөз, қүйымшак тармақтарын қоспағанда) желке терісін, мойын мен арқаның артқы бетіқ сондай-ак терең арқа бүлшыкеттерін жабдықтайтын, ramus medialis жөне ramus lateralis болып бөлінеді.

I мойын нервінің артқы тармағы, n. suboccipitalis, шүйде сүйегі мен ауыз омыртқаның арасынан шығып, содан кейін mm. recti capitis major et minor, m. semispinalis capitis, m. obliqui capitis камтамасыз ететін тармақтарға бөлінеді. N. suboccipitalis теріге тармактар бермейді. 11 мойын нервінін артқы тармағы, n. suboccipitalis major, ауыз омыртқаның артқьі доғасы мен II омыртканын арасынаи шығып, бүлшықеттерді тесіп өтіп, терасты тармағына айналып, бастың шүйде аймағын нервтендіреді.

Кеуде нервтерінің rami dorsales-тері аутохтонды бұлшықетке тармақтар беретін медиалды және латералды тармақтарға бөлінеді; жоғарғы кеуде нервтерінің тері тармақтары тек rami mediales-тен, ал төменгі кеуде нервтерінің тері тармактары rami laterales-тен шығады.

Үш жоғарғы бел нервтерінің  тері тармақтары, nn. clunium superi-ores, ал сегізкөз тері тармактары, nn. clunium medi бөксе аймағына барады.

Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары

Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары, rami ventrales, дененің вентралды қабырғасының терісі мен бұлшықетін және қол-аяктарды нервтендіреді. Іш терісінің төменгі бөлігі сыртқы жыныс мүшелерінің дамуына катысатындыктан, оларды жабатын теріні де алдыңғы тармактар нервтендіреді. Алдыңғы тармақтар (бірінші екеуінен басқалары) арткы тармактарға қарағанда едәуір ірілеу келеді.

Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары тек кеуде бөлімінде ғана бастапқы метамерлі кұрылысын сақтайды, nn. intercostales. Даму кезінде сегменттігі жоғалатын, қол-аяқтармен байланысты басқа бөлімдерінде алдыңғы жұлын тармақтарынан шығатын талшықтар айқасып өріледі. Нерв өрімдері, plexus, түрлі невромер талшықтары алмасуы арқылы түзіледі. Әрбір жұлын нервісінің алдыңғы тармағы бірнеше шеткі нервтерге өз талшықтарын береді. Демек, олардың әрқайсысынан жұлынның бірнеше сегменттерінен талшықтар болады. Сондықтан нерв зақымданғанда осы нервке бастама берген сегменттерден нервтендірілетін барлық бұлшықеттер қызметінің бұзылуына өкелетіні түсінікті, себебі талшықтар басқа нервтің кұрамында келеді.

Өрімдерден шығатын нервтердің көбі - аралас нервтер; сондықтан зақымданудың клиникалық көрінісі қимыл-козғалыстардын, сезімталдықтың бұзылуларынан және вегетативтік бұзылулардан құралады.

Үлкен үш өрімді ажыратады: мойын, иық және бел-сегізкөз. Бел-сегізкөз өрімі бел, сегізкөз және құйымшак өрімдері болып бөлінеді. Бұл өрімдер сәйкес алдыңғы тармақтардың ілмек түрінде бірігуінен түзіледі. Мойын және иық өрімдері мойын аймағында; бел өрімі- бел аймағында, сегізкөз, жыныстық және құиымшақ  өрімдері кіші жамбас астауында түзіледі .  Өрімдерден денелер перифериясында бағытталатын тармақтар шығып , оның сәйкес бөлімдерін  нервтендіреді . Кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары өрімдер түзбейді , олар кеуде және іш қабырғаларының бүйір және алдыңғы бөлімдерінде тармақталады .

Мойын өрімі

Мойын өрімі, plexus cervicalis, төрт жоғарғы мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Олар өзара үш доға ілмектермен байланысып, көлденең өсінділердін бүйірінен медиалды жағынан омыртканың алдыңғы бұлшықеттері, ал латералды жағынан омыртқа бүлшықеттері, scalenus medius, m. levator scarulae, m. splenius cervicis арасында орналасып, n. accessorius пен n. hypoglossus және tractus sympaticus-пен анастомозданады. Өрімді алдыңғы жағынан m. sterno-cleidomastoideus жауып тұрады. Өрімнен шығатын тармақтар терілік, бұлшықеттік және аралас болып бөлінеді.

1. Кіші шүйде  нерві, n. Occipitalis minor екінші және үшінші мойын нервтерінен түзіліп m. Sternocleidomastoideus артқы жиегіне бағытталып, бұлшықеттен шыққан соң екі тармаққа бөлінеді .

2. Үлкен құлақ нерві  n. aurycularis magnus ,мойын өрімінің ең ірі нерві басталып m. Sternocleidomastoideus артқы жиегімн жүріп, оны кіші шүйде нервтен  төмен орап бұлшықеттің сыртқы бетіне шығады.

3. Мойынның көлденең  нерві, r. transuersus coli немесе мойынның терілік нерві, n.cutaneus coli түзіледі , ол жоғарыда көрсетілген нерв сияқты m.sternocleidomastoideus артқы жиегіне бағытталып , жиектен шыққан соң , оны орап, аталған бұлшықеттің сыртқы бетімен көлденең бағытта және төсбұғана- емізіктәрізді бұлшықет пен m. Platysma арасында алға жүреді.

 

Иық өрімі

Иық өрімі, plexus brachialis, төрт төменгі мойын нервтерінен және бірінші кеуде (Тһ) нервісінің үлкен бөлігінен құралады; көбіне Су-ден жіңішке тармақ косылады. Иык өрімі алдыңғы және ортаңғы сатылық бұлшықеттер аралығынан бұғана үсті щұңқырына шығып, а. subclavia-дап жоғары және артқа қарай орналасады. Одан қолтық шұңкырына баратын және a. axillaris-іі үш жуан нерв будасы пайда болады: латералды жағынан (латералды буда), медиалды жағынан (медиалды буда) және артерия артынан (артқы буда).

Өрімде бұғана үсті, pars supraclavicularis және бұғанаасты, pars infr-aclavicularis бөліктерін ажыратады. Шеткі тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар өрімнің бұғанаүсті бөлігінің түрлі жерлерінен шығып, ішінара мойын, сондай-ақ иық белдеу (m. trapezius-ті коспағанда) мен иық буыны бұлшықеттерін нервтендіреді. ¥зын тармақтар жоғарыда аталған үш будадан пайда болып, қолды бойлай өтіп, оның бұлшықеттері мен терісін нервтендіреді.

Қысқа тармақтар. 1. N. dorsalis scapulae (Су-ден) жауырынның медиалды жиегін бойлай өтеді. Ол m. levator scapulae және mm. rhom-boidei-ні нервтендіреді.

¥зын  тармақтар. Олардың ішінен алдыңғы тармақтарды - бүккіштер мен пронаторлар үшін nn. musculocutaneus, mcdianus et ulnaris-ті және артқы тармақтарды - жазғыштар мем супинаторлар үшін n. radialis-xi бөліп көрсетуге болады.

 

Кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары

Кеуде нервтерінің, пп. thoracici, алдыңғы тармақтары - rami ven-trales, қабырғааралық нервтер, nn. intercostales, деп аталады. Өйткені олар қабырға аралықтарымен өтеді, тек XII тармақ ғана XII қабырғаның төменгі жиегімен өтеді (m. subcostalis).

Жоғарғы алты қабырға аралық нерв төстің жиегіне дейін жетеді. Төменгі алты нерв іш қабырғасы қабатына өтіп, сол жерде көлденең және қиғаш бұлшықеттер арасымен қынабы арқылы өтіп, іштің тік бұлшықетіне барады. М. quadratus арқылы өтетін XII қабырға аралык нерв, қасаға симфизіне жақын келіп, тік бұлшықетпен m. pyramidal is-тің төменгі бөлігінде аяқталады.

N. intercostales өз жолында кеуде және іш қуыстары қабырғаларын-дағы барлық вентралды бұлшықеттер үшін, сондай-ақ арқадағы вентралды пайда болған бұлшықеттер: mm. serrati posteriores superiores et inferiores және m. levator costaram үшін rami musculares-ті береді. Олар сондай-ақ өкпе қап пен іш астарды нервтендіруге қатысады.

Сонымен бірге  п. intercostales-тен екі қатар тесіп өтетін тармақтар шығады: кеуде мен іштің латералды бетіндегі теріні жабдықтайтын екі rami cutanei laterales (pectorales et abdominales) және алдыңғы бетіндегі теріге rami cutanei anteriores шығады. Олардан сүт безіне: бүйір тармақтарынан rami mammarii laterales және алдыңғы тармақтардан rami mammarii mediales-тер кетеді.

Теменгі алты кабырғааралық нервтер rami cutanei anterior-дың жалғасы ретінде іштің тік бұлшықетін және оның қынабының алдыңғы жапырақшасымен тесіп өтіп, іштің осы аймақтағы терісінде тармакталады.

 

 

Бел-сегізкөз өрімі

Бел, сегізкөз және кұйымшақ нервтерінен бел-сегізкөз өрімі, plexus lumbosacralis, түзіледі. Бұл бел, сегізкөз және құйымшақ болып және бөліктерге немесе өрімдерге бөлінеді.

 

Бел өрімі

Бел өрімі, plexus lumbalis, үш жоғарғы бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан  және  IV  нервтің жоғарғы бөлігінен,  сондай-ақ  XII қабырғааралық нерв тармақтарынан түзіледі. Бұл өрім бел омыртқаларының көлденең өсінділері алдында қабатында жайғасып, бірқатар тармақтар береді. Олардың бір бөлігі осы бұлшықеттің латералды жиегінен, бір бөлігі медиалды жиегінен шығып, бір бөлігін оны тесіп өтіп, оның алдыңғы бетінен шығады.

Сегізкөз  өрімі

Сегізкөз өрімі, plexus sacralis, өрімдердің ішіндегі ең маңыздысы, IV (төменгі бөлігі) және V бел нерві алдыңғы тармақтарынан және сегізкөз алдыңғы тесіктерінен шығатын төрт сегізкөз нервтерінің (S, - SIV) дәл осындай тармақтарынан құралады. Өрім нервтері бір-бірімен қосылып, foramen in-frapiriforme арқылы жамбас астау куысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді, Сегізкөз өрімінен шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын, ал ұзын тармақтар оның бел өрімі тармақтарымен жабдықталған бөлігінен қоспағанда бүкіл аяқты нервтендіреді.

 

 

Құйымшақ  өрімі

Құйымшақ өрімі, plexus coccygeus, V сегізкөз және құйымшақ нервтерінің алдыңғы тармақтарынан құрылады. Одан жіңішке nn. аnоcoccygei шығып, құйымшақ нервінің артқы тармағымен қосылып, кұйымшақ ұшы жанындағы теріде тармақталады.Құйымшақ өрімі m. coccygeus сіңірлі бөлігінің алдыңғы бетінде  және lig . sacrospinale орналасады ; ол жыныстық өріммен және симпатикалық  сабаудың соңғы бөлімімен байланысады. Құйымшақ өрімінің тармақтары :

1. Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, m.coccygeus, m.levator ani, m. sacrococcygeus anterior бағытталады.

2. Артқы өтіс-құйымшақ нервтері, nn. anococcygei, үштен бесеу мөлшерінде жіңішке тармақтар, құйымшақ бұлшықетінің алдыңғы беті бойымен, аталмыш бұлшықетпен және m. levator ani арасында, құйымшақ ұшында жүріп, теріге кіріп, артқы өтіске дейін құйымшақ аймағында тармақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Қорытынды

Орталық нерв жүйесінен  шығатын жеріне қарай нерв сабаулары  жұлындық,nn.spinales және бассүйектік, nn. Craniales болып бөлінеді.Жұлын нервтері,nn. spinales, дененің миотомдарына сәйкес орналасады, әрбір нервке оған жататын тері бөлігі сәйкес келеді.Барлық жұлын нервтерінің артқы тармақтары, rami dorsales, омыртқалардың көлденең өсінділері арасымен, олардың буын өсінділерін орай артқа қарай кетеді.Олардың барлығы желке терісін. Мойын мен арқаның артқы бетін, сондай-ақ терең арқа бұлшықеттерін жабдықтайтын, ramus medialis және ramus lateralis болып бөлінеді.Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары,rami ventralis, дененің вентралды қабырғасының терісі мен бұлшықетін және қол-аяқтарды нервтендіреді. Іш терісінің төменгі бөлігі сыртқы жыныс мүшелерінің дамуына қатысатындықтан, оларды жабатын теріні де алдыңғы тармақтар нервтендіреді.Алдыңғы тармақтаро артқы тармақтарға қарағанда едәуір ірілеу келеді.                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

    1. Алшынбай Рақышев «Адам анатомиясы 2» ҚР Жоғарғы оқу орындарының Қауымдастығы. Алматы 2004 жыл.
    2. А.Б. Аубакиров., М.К. Жаналиева., «Адам анатомиясы»
    3. Интернет желісі (ғаламтор: www.google.kz, www.yandex.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Негізгі бөлім