Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 18:01, реферат
Дәрістің мақсаты студенттерге бактериямия тудыратын «нозокомиальді инфекциялардың» анықтамасымен таныстырып, этиологиясын, құрылымын түсіндіру.
Дәріс жоспары:
Нозокомиальді инфекциялар, анықтамасы.
Бактериальды этиологиялық ауруханаішілік инфекция негізгі қоздырғыштары.
Бактериальды этиологиялық ауруханаішілік инфекцияның туындауының негізгі себептері.
Этиологиясы бактериальді инфекцияның берілу жолдары
Ф КГМУ 4/3-04/02
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ДӘРІС
Тақырыбы: «Нозокомиальді инфекциялар. Негізгі түрі, көзі, этиологиялық құрылымы»
Клиникалық және санитарлық микробиология пәні
051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы
5 курс
Кафедра меңгерушісі, доцент ______________Ахметова С.Б.
Тақырыбы: «Нозокомиальді инфекциялар. Негізгі түрі, көзі, этиологиялық құрылымы»
Дәрістің мақсаты студенттерге
бактериямия тудыратын «
Дәріс жоспары:
Кіріспе
Іріңді- қабыну аурулары кең таралған аурулар қатарына жатады. Бұл аурулармен жылына миллиондаған адамдар ауырады. Бұның бір себебі – қоздырғыштар санының үлкен болуы. Адамдарда іріңді және серозды - іріңді қабынуларды көптеген патогенді және шартты- патогенді бактериялар, әсіресе көптеген жедел және жеделдеу іріңдеудерді кокктар (барлық іріңді аурулардың 70-80%) тудырады.
Жаралы және іріңді инфекциялар
хирургиялық, акушерлік- гинекологиялық,
терапевтік, педиатриялық тәжірибеде,
әрі медицинаның басқа
ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес жие кездесетін бактериалды патогенді басымдылығы бойынша деңгейге бөлінген:
Нозокомиальді инфекцияның түсінігі
Ауруханаішілік немесе нозокомиальді (грек. сөзі nosokomeo - науқасты күту) инфекцияға микробты этиологиялық аурулар жатқызылады, ондай аурулар ауруханаға келген науқастарда немесе емделуге келетіндерге, не жұмыс кезінде жұқтырып алатын аурухана қызметкерлерінде пайда болады. АІИ емдеу орындарында кеңінен таралған және денсаулық сақтау орнына өте күрделі мәселе болып отыр. Мұның барлығы (яғни осындай инфекциялар) негізгі аурулар ағымын тездетіп, науқас өміріне қауіп тудырып, госпитальдегі науқастардың емделу уақытын ұзартады және улкен қосымша экономикалық дағдарысқа әкеліп соғады. Ресейде ауруханаішілік инфекциядан 2млн адам зардап шегеді, олардан жазылу 15%-ы құрайды. Әртүрлі Европа елдерінде госпитальді инфекция жиілігі 6%-дан 27%-ға дейін құрайды, АҚШ-та 7-8%, жыл сайын экономика тигізетін кесірі бірнеше млрд. долларға әкеліп соғады.
АІИ негізгі қоздырғыштары
АІИ қоздырғышы болып әртүрлі
бактерия, вирустар саңырауқұлақтар
және қарапайымдылар өкілдері болып
табылады. Алайда жетекші болып патогенді
және шартты патогенді есебінде бактериялар
табылады. Олардың тізімі өте ауқымды.
Олардың ішіне
Әртүрлі микроорганизмдердің нақты әсер ету ролі әртүрлі себептерге байланысты, ол: бөлме ішіндегі науқас санына, аурухананың орналасу орнына, санитарлық-гигиеналық тәртіпке байланысты. Алайда әртүрлі елдерде көптеген зерттеулер көрсеткіштері бойынша соңғы жылдары АІИ этиологиясында грамм коккпен қоса грамм (-) бактериялар да маңызды роль атқарады. Госпитальді инфекция қоздырғыштарының ішінде несеп шығару жолдарын зақымдаушы ішек таяқшаларында 38% ке дейін, протейн-17,5% көкіріңді таяқшада-11,6%, клебсиеллада-8,5% және энтеробактерияда-6,4% кездеседі. Госпитальді инфекция кезінде төменгі тыныс алу жолдарын зақымдаушы-көкіріңді таяқша және пневмакокк(17,1%), стафилакокк-12,4%, ал 31% науқастарда әртүрлі грамм (-) бактериялар кезіңдегі. Бүйрек инфекциясы кезіңде 41% науқаста алтын стафилакокк табылды, 7,2%- стрептококк, 31%-грам (-) таяқшалар.
АІИ болып бактериялар табылады. Олар шартты патогенді кейде патогенді емес те түрі болады. Ал энтерококктар жарақат инфекцияларының қоздырғышы болып табылады, ол әртүрлі іріңді хирургиялық аурулар, босанушылар және гинекологиялық науқастарда іріңді асқынулар тудырады. Энтерококктар сепсис, эндокардит тудырады, бүйрек және несеп жолдарын инфицирлейді жаңа туған нәрестелер ауруларының этиологиясында маңызды роль атқаратын- Streptococcus agalactiae, нәрестелерде олар туғызатын аурудың жиілігі 1:500 -1:900-ы құрайды. S. аgalactiae-ң ең жиі тудыратын ауруы: тыныс алу жолдары, септицемия, менингит. Жұғу жолының көзі болып, босану жолының шырышы, перзентхананың қызметкері ол кантакты-тұрмыстық жолмен жүреді. S. Agalactiae-ң негізгі қасиеті. Қос кокктан құралған өте ұзын шыңшыр тәріздес шар немесе сопақ диаметрі 0,6--1,2мкм-дегі болатын клетка. Серотоп В-ға жатқызылады. Антиген 5 иммунопротективті қасиеті бар патогенділік фактор болып табылады. S.agalactiae 10c, 40с. рН 9,6 ортасында, 0,1% метилий бар сүтте, 6,5% MgCl ортасында, 40% өт ортасында 30 минут ішінде 400 өспейді, фибринолизин түзбейді, желатинді, Крахмалды, эскулинді гидролиздемейді, бірақ гипурат пен аргининнің гидролизін тудырады. Глюкоза, мальтоза, трегалозаны фермменттей отырып, қышқыл түзеді. Ксилоза, арабикозаны, икулинді, маннитті және сарбитті ферменттемейді. Глициринді тек аэробты жағдайда ғана ферменттейді. Өзінің өсуі үшін 6 витаминді, 9 амин қышқылын қажет етеді.
АИІ -ң ерекшелігі келесі жағдайлармен анықталады.
1. Олар негізгі ауруға қосылады немесе бірінші нәрестелердің организмін зақымдайды.
2. Госпитальді инфекцияның қатаң этиологиясы жоқ. Қолайлы жағдайда госпитальді инфекцияны патогенді немесе шартты -патогенді микроорганизм тудырады.
3. Госпитальді инфекция қоздырғышы болып шартты -патогенді бактерия болып табылады, алайда оның әсері микроорганизм иммунитетіне байланысты. Оппортунистік инфекция деп-иммунореактиві төмен адамдарда (иммунитет қажеттілік) шартты немесе әлсіз патогенді микроорганизмдер тудыратын ауруды айтады.
4. Госпитальді инфекцияның патогенезімен клиникалық көрінісі өзгеше.
Жұқтыру
жолдары мен патогенезінің
1.Септицемиялар мен бактериемиялар. Олардың жиі қоздырғыштары- алтын және эпидермальді стафилакокктар, протей, ішек таяқшасы, клебсиеллалар, энтеробактериялар, псевдомонадалар, серрациялар, бактериоидтар, стрептакокктар, саңырауқұлақтар, кандидалар және т.б.
2.Іріңді - қабыну инфекциялары: жедел және созылмалы; жергілікті әр түрлі таралған жәнежайылмалы. Әр ауруханалардағы операциядан кейінгі іріңді асқынулар жиілігі 2-ден 20%-ті құрайды. Операциядан кейінгі өлімнің 40%-і ауруханаішілік іріңді-септикалық инфекциямен негізделген. Қоздырғыштары: стафилакокктар, стрептакокктар, грам теріс бактериялар, клостридиялар, бактероидтар, фузобактериялар және т.б. Сонымен қоса іріңді- қабынуды бүйректе және жұмсақ ұлпаларда тудыратын қоздырғыштар: алтын және эпидермальді стафилакокк және грам теріс таяқшалар. Жедел іріңді отит -стафилакокктар, пневмококктар, клебсиелалар және т.б. Босанғаннан кейінгі мастит-алтын және эпидермальді стафилококктар. Омфалиттер- алтын және эпидермальді стафилакоккитар. Іріңді аппендицит- ішек таяқшасы, бактероидтар, протей. Жедел гемотогенді остеомиелитті жиі тудыратын- алтын стафилакокк. Перитонит қоздырғышы ретінде табылатындар: ішек таяқшалары, протей, бактероидтар, клебсиеллалар, энтерококктар.
3. Жаралы және күйіктік инфекциялар. Жаралы инфекция эндогенді және экзогенді қасиетке ие болуы мүмкін. Олардың қоздырғышы болып госпитальді бактерия штаммдары, әсіресе стафилакокктар, жоғары вирулентті қасиетке ие,көптеген дәрілік препараттарға тұрақты. Жаралы госпитальді инфекцияға пуэрперальді және аборттан кейінгі сепсисті жатқызуға болады, олардың қоздырғышы болып: стрептококктар, стафилакокктар, грам (-) бактериялар болып табылады.
Күйіктік инфекцияларды
туғызушы көбіне старфилакокктар мен
грам (-) бактериялар, олар тері немесе
науқастың шырышты
4.Тыныс алу жолдарының аурулары: Олар ринит, фарингит, конъюктивит, бронхит, бронхиолит, пневмония, өкпенің абсцесс және өкпе гангренасы, атипті пневмония және т.б. түрінде дамуы мүмкін. Қоздырғыштары болып: риновирустар, короновирустар, аденовирустар, парамиксовирустар, респираторлы-синтициальді, тұмау вирусы және т.б вирустар, сонымен бірге пневмококктар,инфлюэнца таяқшалары, микоплазмалар, пневмоцистер және т.б. микроорганизмдер табылады.
5.Урогенитальді инфекциялар-пиелонефрит, уретрит, гломерунонефрит және т.б. Осы инфекцияның ең ауыр түрі уросепсис болып табылады. Қоздырғыштары әртүрлі серотоптардың стрептококктары, стафилакокктар және грам (-) таяқшалар (протей, көкіріңді таяқшалар, ішек таяқшалары және т.б ).
6.Жедел ішек инфекциялары. Олар тағамдық интоксикация,, токсикоинфекция немесе тағамдық инфекция сипатында болуы мүмкін. Тағамдық интоксикация ретінде стафилакокктар, продуцирлеуші энтеротоксиндер; тағамдық токсикоинфекциялар-олар мына тұқымдастық өкілдеріне кіреді: Enterobacteriaceae, Pseudomonadaceae, Vibrionaceae, Bacillaceae және Streptococcacea; тағамдық инфекциялар-эшерихиялар, шигеллалар, кампилобактериялар, сальмонеллалар және т.б. Әсіресе жиі байқалатыны ауруханаішілік сальмонеллездардың өршуі. Эпидемиологиялық жағынан оларды 3 топқа бөлуге болады:
1) Сальмонеллездар аурухана мекемелеріндегі (құс өнімдерін, жұмыртқа, сүт, ет және т.б. өнімдерден) қоздырғыштармен инфицирленген және дұрыс термиялық өңдеуден өтпеген тағамдарды пайдаланғаннан болады.
2) Науқастардың арасында
немесе емдеу мекемесі
3) Ауру сұйық дәрілік
заттарды пероральді қолданумен
байланысты. Олар босану мекемелерінде
және ерте жастағы балалар
ауруханасында жиі байқалады.
Мысалы сауылған төс сүтінің
сальмонелламен жұқтырылуы (сонымен
бірге т.б.грам теріс
7. Посттрансфузионды инфекция. Бұл ауру әртүрлі диагностикалық (бронхоскопия, гастроскопия, цистоскопия) және емдеу шараларымен (гемодиализ, интубация, наркоздық аппараттар және т.б.) байланысты. Олар көбінесе құрал-жабдықтардың залалсыздандырылуы қиын өткенде немесе егу кезінде стерильденбеген шприц (инелер) қолданған кезде тууы мүмкін. Осындай жолмен АИВ, гепатит вирустары В,С,Д; цитомегаловирус, эпидермальді стафилакокктар мен басқа қоздырғыштармен жұғуы байқалады. Донарлық қан құю немесе олардың препараттары, сәйкес қоздырғыштарға тексерілмеген жағдайда осындай нәтижеге алып келеді.
8. АІИ ерекше тобына жататын аурулар, кең спектрлі антибиотиктерді ұзақ уақыт қолдануымен байланысты. Олар ағзадағы қалыпты микрофлораның балансын бұзады. Бұл антибиотиктердің әсері тек ауру тудырушы қоздырғыштарға ғана тиіп қоймай сонымен қатар қалыпты микрофлора өкілдеріне жататындардың антибиотикке деген сезімталдық қасиетін тежейді. Олардың орнын микроорганизмдер басады, олар көп мөлшерде көбейгіш, антибиотиктерге тұрақты және дисбактериоз тудырады. Клиникалық жағдайда антибиотиктерді қолдану ауруханаішілік инфекцияның пайда болуымен таралуына бірден-бір себеп болады.Стационарда алғаш жаңа антибиотиктерді қоолдану барысында, бактерия штаммдарының тұрақтануы үшін қажетті жағдай, көрсетілген бактерия түріне жаңа эпидемиялық клонның пайда болуы. Антибиотиктерге тұрақтылық жағдайын қамтамасыз ететін және басқа да бір патогенді факторлар синтезін қадағалайтын конъюгативті және конъюгативті емес R-плазмидалар болып табылады. Осыған байланысты антибиотикке тұрақтылық және вируленттілік қасиетіне ие бактерияльді клоны табылуы мүмкін. Осындай жол арқылы пайда болатын эпидемиологиялық бактерия клоны, сонымен қатар шартты-патогенді бактериялар берілген аурулар эпидемиологиясында маңызды роль атқарады.
Информация о работе Нозокомиальді инфекциялар. Негізгі түрі, көзі, этиологиялық құрылымы