Қоршаған орта және денсаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2012 в 19:01, реферат

Описание работы

Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан.

Содержание работы

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
Арал теңізінің адам өміріне әсері
Семей ядролық полигоны
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Әлемдік мұхит проблемалары.
Ғаламдық проблемалар

Файлы: 1 файл

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ.docx

— 29.45 Кб (Скачать файл)

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ

Жоспар :

  • Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
  • Арал теңізінің адам өміріне әсері
  • Семей ядролық полигоны
  • Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
  • Әлемдік мұхит проблемалары.
  • Ғаламдық проблемалар

 

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

Ауаға шығатын  улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады.  
Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.  

Арал  теңізінің адам өміріне әсері

Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады.  
Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн.  
Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады 

Семей ядролық полигоны 
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

Жалпы, зардап шеккен жердің көлемі 304 000 шаршы шақырым. Онда 1,7 миллионнан астам халық тұрады. Зақымданған жер көлемі сынақ алаңынан 16 есе көп. Бүгінде Семей өңірінде медициналық-әлеуметтік проблемалар жетіп артылады. 
Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.  

Адам  әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің  өзгеруі

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады. 
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

 

Әлемдік мұхит проблемалары.

Статистикаға  сүйінсек . . .

   Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі.  
    Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ - д ә р і л е р д ің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа апармайтыны белгілі.  
Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады. Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер көмілген.  
Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды. 

Ғаламдық  проблемалар

әлемді  тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік  немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады

Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

    • Ресурстар проблемасы;
    • Энергетикалық проблема;
    • Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
    • Демографиялық проблема;
    • Климаттың өзгеруі;
    • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
    • Қауіпті ауруларды жою;
    • Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
    • Қылмыспен және терроризммен күрес;
    • Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды. Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.


Информация о работе Қоршаған орта және денсаулық