«Қорқыт ата» кітабы эпикалық әрі тарихи мұра

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 13:40, реферат

Описание работы

Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт — сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері.Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, ал әкесі Қарақожа оғыздардың Қамы (Қайыспас) деген атасынан шыққан. Сондықтан Қорқыт оғыз бен қыпшақтар арасында бірдей кемеңгер ел ағасы болып өткен.

Содержание работы

I. Кіріспе
Қорқыт ата – өлмес өнер иесі.
II. Негізгі бөлім
a)Мәңгілік өмірді іздеуші - Қорқыт
ә) Қорқыт және қобыз.Құнды тарихи мұрасы.
б) Қорқыт ата туралы аңыздар.
III.Қорытынды
«Қорқыт ата кітабы» және оның сюжеттік желісі
«Қорқыт ата» кітабының тарихы.Нұсқалары мен зерттелуі

Файлы: 1 файл

коркыт.docx

— 46.08 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының   Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

 

 

 РеФеРаТ

 

 

Тақырыбы:   «Қорқыт ата» кітабы эпикалық әрі тарихи мұра

 

 

 

                                                                                   Орындаған:Риза Қ.Е

                                                                                  Тексерген: Тоқсамбаева А.О

                                                                                  Тобы: ҚЯ- 313

 

                                 

 

 

 

 

                                     Семей 2014ж.

                                  

 

Жоспар:

I. Кіріспе

Қорқыт ата – өлмес өнер иесі.

II. Негізгі бөлім

a)Мәңгілік өмірді іздеуші -  Қорқыт

ә) Қорқыт және қобыз.Құнды тарихи мұрасы.

б) Қорқыт ата туралы аңыздар.

III.Қорытынды

«Қорқыт ата кітабы» және оның сюжеттік желісі

«Қорқыт ата» кітабының тарихы.Нұсқалары мен зерттелуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт — сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері.Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, ал әкесі Қарақожа оғыздардың Қамы (Қайыспас) деген атасынан шыққан. Сондықтан Қорқыт оғыз бен қыпшақтар арасында бірдей кемеңгер ел ағасы болып өткен. Ватикан архивінде Қорқыт туралы «Расул пайғамбар заманына жақын кезде (7 – 8 ғ.) Баят (Сырдария) бойында Қорқыт ата атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәлаятты ол өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт ата оғыз қауымының мүшкіл халін сөйлер еді. Әрине ісі болса, бәрі оның алдына келіп кеңес сұрап, ол не бұйырса соны қабыл етер еді» деген дерек бар. Жазба ескерткіштердегі деректер бойынша Қ. 95 (кей деректер 195) жыл жасаған қарт данышпан. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарған. Тарихта Қорқыт  ықпалында болған Инал, Көл – Еркен, Қаңылқожа деген хан аттары аталады. Ал бұл хандардың Жетісу (Алмалық, Ыстықкөл), Талас, Сайрам, Қазығұрт, Қаратау, Сыр бойы, Орт. Қазақстан (Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу), Торғай өлкесі, Ертіс бойы мен Алтайда әкімш. құрғандығы тарихтан белгілі. Қорқыт осы тұста әлеуметтік жора (заң) негізін жасап, оны: ата–баба жасаған мекенді ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан қорғау, жер–суды белгілі тәртіппенен пайдалану, дау–жанжалды ақылмен шешу, кіналы болған адамды жазалау сияқты салаларға бөледі. Сондай–ақ халық әскерді сапқа тұрғызғанда ортасына алқа– қотан етіп, екі қанатын оң қол, сол қолға бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас–той үстінде мүше беріп, шүлен таратқандағы тәртіптердің бәрі де Қорқыт жасаған аталық заңға (жораларға) жатқызады. Ел аузында «Қорқыт айтты» деген мәтелдер жиі кездеседі. Мыс., «Ескі мамық бөз болмас, Кәрі дұшпан дос болмас. Өлген кісі тірілмес, Өткен қайтып келмес», «Шөлді жердің отын киік білер, Сулы жердің қадірін құлан білер, Ұзақ жолдың сырын түйе білер, Шытырманды тау қойнауын түркі білер» т. б. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қорқыт асқан күйші ғана емес, қазақ музыкасының, ән – күй өнерінің атасы. Оның шын мәніндегі күйші – композитор болғандығын ел ішінде сақталған «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны» атты муз. шығармалары дәлелдейді. Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы, Найман бала жырларында Қорқыт аты олардың ұстаз-пірі ретінде жиі аталады. Мыс., «Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата, Бата алған барлық бақсы ата. Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен, Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда»,-деген жыр тармақтары мұра қалдырған Қорқыттың әдеби–муз. мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына (Қ. «Китаби дәдәм Қорқыт»). Оның мазары соңғы кезге дейін Сырдария өзенінің жағасында сақталып келеді (қ. Қорқыт мазары). Қорқыт ел аузында таралған аңыздарда білмейтін, мәңгі жасайтын өмір іздеуші ретінде суреттеледі. Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сиқырлы күйлері, ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мүра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келе жатыр.

Қорқыт ата — халық қамқоршысы, ақын, күйші, дарынды данышпан. Ол қазақ жерінде (Қызылорда облысында) ҮІІІ-ІХ ғасырда өмір сүріп,  көптеген жырлар мен күйлер шығарып, тәлім-тәрбиелік мәні зор өсиет қалдырған. Ал, Қорқыт ата  туралы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә.Марғұлан төмендегідей пікір айтады: "Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады".

Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан  екені мәлім. Міне, сондық-тан да Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың үзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Ал, оның теңдесі жоқ күйші-композитор болғандығын халық жадында сақталған "Қорқыт ата күйі", "Қорқыт сарыны", т.б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір-ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өлең жырларын бастар алдында, алдымен Қорқыт атаның есімін ауызға алуды шарт деп білген:

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған барлық бақсы асқан ата.

Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.

 

Мәңгілік өмірді іздеуші -  Қорқыт

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.

Бұл аңыздарда Қорқыт Ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді. Таң атысымен тағы да жолға шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады. Қазақ аңызындағы Қорқыт Ата бейнесі енді өлімнен қашқан шаман емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір құдіретті күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан алып рухани тұлға болып көрінеді. Зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт Ата философиясын әйгілі шумер эпосы “Гильгамеш туралы жырдағы” Гильгамеш әрекетімен салыстырады. М.Әуезов Қорқыт аңызын адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлаған Прометей туралы грек аңызымен теңестіреді. Тарихи деректер мен ғылыми пайымдауларды түйіндей келе, Қорқыт Атаны исламды әлі толық қабылдамаған түркі тайпаларының мәдени рәмізі деп қарастыруға болады. Аңыз әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Зерттеуші Е.Тұрсыновтың түсіндіруі бойынша, бұл жердегі желмая қобыздың рәміздік бейнесі болып табылады. Өйткені ол мәңгілік өмірді қобыздың сарынынан табады. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады. Қорқыт Ата жырларының философиялық мән-мағынасының алтын діңгегі – әлемді, табиғат заңдарын көркемдік таным тұрғысынан игеру. Оның өмір сүйгіштік дүниетанымы күнделікті күйкі тірліктің шеңберінен шыға білу және адамзат үшін әрбір тіршілік сәтінің құнды екенін ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік ету идеясы Қорқыт философиясының іргетасын құрайды.

Түркі тілдес халықтарда  қобыз Қорқыт Ата  есімімен тікелей байланысты  екендігі көпшілікке мәлім. Қазақтың философиясы тарихында Қорқыт Ата –ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымның негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді.

Аңыз-әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің   желмаясына мініп, халыққа  мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Ғалым- филолог Е. Тұрсыновтың пікірі бойынша, Қорқыт баба тұлғасы аңыздарда  қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады.

Белгілі болған ғылыми деректерге сүйенер болсақ, Қорқыт сегіз қырлы бір сырлы, қасиетті тұлға,  бақсы, көріпкел, әулие, асқан күйші, емші, жырау, тайпа кеңесшісі, қиындықтарға қарсы тұра білген адам. Бақсылық кез- келген  адамға қона бермейтін  қасиет. Ол жоғарыдағы «иелер» немесе перілердің  таңдаған адамы болады деген ұғым бар.

Әлемдік діндерге дейін Евразияға тараған түркі халықтарының ортақ діні Тәңірлік дін болды. Ислам   діні  Қорқыттың бар болмысына жат еді. Ол көшпелілер қоғамының өмір салтына  айналған Тәңірлік дінінің аса көрнекті өкілі болатын.

Ш. Уәлихановтың сөзімен айтқанда: — «Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуды үйреткен ең бірінші бақсы». Яғни  Тәңірлік діннің ең басты идеологы. Сөз жоқ , қылыштың жүзі, найзаның ұшымен орныға бастаған ислам дінінің көшпелілер ортасындағы ең басты қарсыласы сол ортадағы  дәстүр Тәңірлік дүние таным, Тәңірлік наным-сенім еді. Ал, Тәңірлік дүние танымның көрнекті тұлғасы Қорқыт болатын.

Қорқыт және қобыз.Құнды тарихи мұрасы.

Қорқыт-қазақ үшін ең алдымен күй атасы, қобызда күй шалу дәстүрін  алғаш  орнықтырушы.  « Қазақ философиясы  тарихында Қорқыт Ата – ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымның негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист  ретінде де  көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Бірінші ол, оғыз қыпшақ  ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден — күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден — әйгілі жырау, оның жырлары оғыз – қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби –тарихи мұра».

Бұрынғы бақсылар өздеріне ұлы ұстаз ретінде пір тұтып, Қорқыт бабамыздың күйлерін аңырата тартып оның аруағына  сиынып отырған екен.  Ал, бақсыны Тәңірімен тілдестіретін аспабы — қобыз еді.

Қобыз аспабының өзін ескінің көзі деп қарасақ, аңыздардың арасында ең ерекше орын алатыны Қорқыт атаның елге жайылып, күй атасы атануы. Бұл аңыздардан біз қобыз аспабы мен қобызда ойнау өнерінің қай заманда қалыптасып, аспаптың музыка  саласының қай дәуірден бері белгілі болып келгенін аңғарамыз. Қорқыт өмір сүрген дәуірде қобызда күй тарту, ол аспап үшін шығармалар шығару  дегеніміз,  бұл өнердің сол кездің өзінде өркендеп кең құлаш жайып, дәстүрге айналғаны ғой. Сол кездегі сарындарды, күйлерді орындау әдістеріне байқап қарасақ, бұл күйлер орындаушылардан белгілі шеберлікті қажет ететінін байқаймыз. Көркем күйлерді кемеліне келтіре ойнау, оны халық   сүйіп, тыңдайтын дәрежеге жеткізу үшін де  қобыздың мүмкіншілігі мол болуы керек.

Демек, қобыздың сол Қорқыт өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ, аспап болып қалыптасу деңгейінің жоғары болғаны ғой деп ойлаймыз. Әрине, қобызшының шеберлігінің ашылуы, оның орындау өнерінің аңызға айналуы-қобыздың ойнау әдісінің жетіліп, оның аспап болып қалыптасуына байланысты екені айқын. Қобыз жасау жолдары мен ол аспапта ән мен күй тарту өнері бір-бірімен байланысты болып келеді.

Қорқыт күйлерінің жалпы  тақырыптық, сюжеттік, жанрлық  сипаттамалары.

Қазақ фольклоршыларының ішінде алғаш «әпсана» терминін  жанрлық атау ретінде танып қолдана бастаған белгілі ғалым Ә. Х. Марғұлан.  Бірақ, ол әпсананы фольклорлық жанр ретінде арнайы қарамаған. Бұл ретте тұңғыш рет әпсанаға дербес жанр ретінде ден қойып, жан-жақты сипаттап берген фольклоршы — С. Қасқабасов  Әпсана — хикаят деп кейде ертеде болған бір оқиғаны көркемдей баяндайтын, бірақ көбінесе ойдан шығарылған, я болмаса кітаби және діни сюжетті  әрлеп, әсірелеп, әңгімелейтін прозалық шығармаларды айтамыз. Осы сияқты әпсаналардың тарихи түрлеріне сай келетін аңыздарының бір парасы — Қорқыт  жайындағы аңыз — әңгімелер. Қорқыт күйлерінің басым көпшілігінің аңыз-әңгімесіне әпсаналық сипат тән болып келеді.Бүгінде   бізге     Қорқыттың 20-дан астам күйлерінің аты белгілі, бірақ нотаға түсіруілі бізге жеткені  11 күй. Арада сан ғасыр замандар өтсе де, атадан мұра болып қалған   Қорқыт, Ықылас  күйлері дәлелденіп, ұмытылмай   күні  бүгінге дейін жеткендігі қайран қалдырады. Көне мұраның мұншама ғұмыры ұзақ болуын ғылыми түрде түсіндірген белгілі зерттеуші-ғалым  Ә.Марғұлан.

Әрине, арада қаншама  ғасырлар өтсе де қылқобыз аспабының  біздің заманымызға өзгермей жетуі  тіпті  мүмкін емес. Бақсы-балгерлер аспаптың мистикалық жұмбақ, сырлы болуына септігін тигізіп, қылқобызға әр  түрлі  аспаптың  нарқобыз түрін қолданған,   ішектері жылқының  қылынан  қалың  тағылып, әр-түрлі әшекейлер, айна, үкі қанаттарын, теңгешелер таққан, сонда олардың әр қайсысы өзіндік дыбыс шығарып, бақсының қимылын айрықша көрсеткен. Ал, бұл мистикалық қөрініс емдеушінің қобыздың емшілік қасиетіне сенуіне бірден-бір әсер еткен.

Қорқыттың қай  күйін алсаңыз да, олардың  барлығы да толған мазмұнды,  аңыз.  Күй аңызын  бір бөлек жанр деп, оның аясындағы мифтік, әпсаналық сюжеттер мен  әуендерді өз алдына бөлек жыр ретінде қарастыруға  болмайды. Күй аңызы жанырының мифтік және аңыз  түрде айтылуы оның өмірлік формасы. Басқаша айтқанда, күйдің шығу себебі миф, аңыз түрінде айтылады да, мұның өзі күй аңызының жанрлық  төл сипатын айғақтайды.

Мысалы  Қорқыттың күйі «Қорқыт», «Тарғыл тана», «Әуіппай», «Башпай»- аңыздарға  қараңыз. «Қорқыт» күйіндегі аңызда, Қорқыт  тарғыл тананы  қуамын деп  байқаусызда  өлім  аузына келеді де, ол өкініп қалады. Енді өзіне ажалдың жақындағанын сезген күйші, одан құтылуды ойлап, мәңгілік өлмейтін жер іздейді. Ол Желмаясына мініп, дүниенің төрт бұрышын түгел шараласа да,  мәңгілік өмір сүрген жерді таба алмайды. Қайда барса да, алдынан Қорқыттың көрі кездесе берген соң, бұл дүниеде ажалдан қашып, өз жанын алып қала алмасына көзі жетіп, ол жер кіндігін іздейді. Сонда  жер кіндігі  Сыр бойы екен. Ең ақырында ол:

«Дүниеде ажалдың құрығы жетпейтін жер жоқ екен. Бәлкім, суға барып отырсам, маған ешкім  көр қаза алмас, ажал да батып келе алмас»,-деп, Желмаясының үстіне жауып жүрген, суға салса батпайтын, тозбайтын қасиетті кілемін Сыр суына төсеп, судың бетінде қобызын тартып отырып, осы күйді шығарған екен.  Мінеки, күйдің дүниеге келу тарихы ретінде айтылса болды, жанрлық   қасиетіне қарамастан  миф те,  әпсана да,  күй — аңыз ретінде  қабылданады.»

 

Халық ақын-жыраулары өзінің сүйікті қобызына қосып, Қорқыттың туған күнін осылай жырлаған. Тағы бір қызық жайт: халық поэзиясында Қорқыт қазақтың ұлттық музыкалық аспабы — қобызды тұңғыш жасаушы ретінде жырланады Қобызды жасаушы да, тартушы да — Қорқыт. Жырда халықтың бұл тамаша аспабы — қыл қобыздың қандай заттардан, қалай жасалғаны да сипатталады. Мысалы:Қарағайдын түбінен қайырып алған қобызым. Үйенкінін түбінен үйіріп алған, қобызым. Ақ қайынның безінен қағып алған, қобызым. Өзегінен кара емен ойып алған, қобызым. Қыл құйрығын тұлпардын ішек қылған, қобызым. Тау текенің мүйізін тиек қылған, қобызым. Ақ ырғайын қиянның құлақ қылған, қобызым. Ортекенің терісін сауыт қылған, қобызым. Ақ түйенің сүтімен — сылап алған, қобызым Сырынды ашып, үніңді сынап алған қобызым.

Информация о работе «Қорқыт ата» кітабы эпикалық әрі тарихи мұра