Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:39, реферат
Қол мен аяқтардың қан мен қандануы ол адам денесіндегі үлкен қанайналым шеңберінің артериялары болып табылады. Сонымен қатар ол артериялар бірнеше топтарға жіктеледі. Мысалға қолдың артерияларын айтатын болсақ қолтық артериялары, иық артериялары, кәрі жілік артериялары, шынтақ артериялары жатады, ал аяқ артерияларына келсек, оған: сан артериялары, тақым артериялары, асық жіліктің алдыңғы артериялары, асық жіліктің артқы артериялары, аяқ ұшы артериялары болып табылады. Ол артериялардың қызметтері бір – бірімен тізбектеле жұмыс атқарады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қол артериялары
Қолтық артериясы
Иық артериясы
Кәрі жілік артериясы
Шынтақ артериясы
Аяқ артериялары
Сан артериясы
Тақым артериясы
Асық жіліктің алдыңғы артериясы
Асық жіліктің артқы артериясы
Аяқ ұшы артериялары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Асықты жіліктің артқы артериясы, a. tibialis posterior, тізеасты артериясының жалғасы. Ол canalis cruropopliteus-тің бойымен төмен түсе, балтырдың ортаңғы үштен бірі мен төменгі үштен бірінің шекарасында т. soleus-тің медиалды жиегінен шығып, беткей орналасады. Балтырдың төменгі үштен бірінде a. tibialis posterior, m. flexor digitorum longus пен m. flexor hallucis longus арасында, ахилл сіңірінен медиалды, тері және шандырмен ғана бүркесіп жатады. Ол медиалды тобықты артқы жағынан айналып өтіп, табанда өзінің екі тармағына: а. plantares medialis et lateralis-ке бөлінеді. A. tibialis posterior-дың соғуы (пульсі) медиалды тобыкқа қысу арқылы анықталады.
Асықты жіліктің артқы артериясының ең үлкен тармағы a. peronea кіші жіліншік артериясы, a. tibialis posterior-дан оның жоғарғы үштен бірінен шығып, canalis musculoperoneus inferior-де өтіп, өкше сүйегінде аяқталады.
A. tibialis posterior мен a. peronea өз жолдарында жакын жатқан сүйек, бұлшықет, буындарға (артқы тобық тармақтары) және геріге тармақтар береді.
Аяқ ұшының сыртында a. dorsalis pedis - аяқ ұшының сыртқы артериясы өтеді, ол асықты жіліктің алдыңғы артериясының жалғасы болып саналады да, сүйектер мен байламдарда орналасады, онын медиалды жағында бас бармақ ұзын жазғышының сіңірі, латералды жағында саусақтардың қысқа жазғышының медиалды құрсақ жатады.
Бұл жерде a. dorsalis pedis-ті сүйектерге қысу арқылы пульсті анық-тауға болады. Аяқ ұшының медиалды жағы меп сыртқы бетінің терісінде тармақталатын 2-3 тері тармақтарынан басқа, аяқ ұшының сыртқы жақ артериясы мынадай тармақтар береді:
1. Aa. tarseae mediales - медиалды тілерсек артериялары - аяқ ұшының медиалды жиегіне барады.
2. A. tarseae lateralis— латералдм тілерсек артериясы патералды жаққа кетеді де, ұшымен аяқ ұшы артериясының келесі тармағымен, атап айтқанда доғатәрізді артериямен косылады.
3. A. arcuata – доға тәрізді артерия, медиалды сына тәрізді сүйекке қарсы жерден шығады, табан сүйектері негіздерінің үстімен латералды жақка жүріп, латералды тобық артериясымен жалғасады; доғатәрізді артерия алға қарай үш - екінші, үшінші және төртінші a. metatarseae dorsales-ті шығарады.
4. A. metatarseae dorsalis prima - табан сүйектерінің бірінші сыртқы артериясы, аяқ ұшының сыртқы артериясының соңғы екі тармақтарының біреуі болып табылады, I және II бақайлар арасына барып, сол жерде екі бақай тармағына бөлінеді, бөлінерден бұрын үлкен бақайдың медиалды жағына тармақ береді.
5. Ramus plantaris profundus -терең табандық тармағы, аяқ ұшының сыртқы артериясынан бөлінетін соңғы тармақтардың ірілеу екіншісі, ол бірінші табанаралық кеңістік арқылы табанға барып, сол жерде табан доғасын - arcus plantaris - түзуге қатысады.
Аяқ ұшы табанында екі табан артериясы — аа. plantaris medialis et lateralis бар, олар асықты жіліктің артқы артериясының соңғы тармақтары болып саналады.
Табанның латералды артериясыныц тармақтары:
а) жақын жанасып бұлшықеттер мем теріге баратын тармақшалар; ә) аа. metatarseae plantares (төртеу), бұлар әрбір табан аралықтарының артқы шетінде тесіп өтетін сыртқы артериялар мен ал алдыңғы шетінде тесіп өтетін алдыңғы артериялармен қосылады, содан кейін бақайдың негізі тұсында табандық саусақ артерияларына аа. digitales plantares - ыдырайды. Нәтижесінде аяқ ұшының оның сырт жағы мен табан тамырларын байланыстыратын артериялардың екі қатары пайда болады. Бұл тамырлар аа. metatarseae plantaris пен аа. metatarseae dorsalis-ті байланыстырып, соның нәтижесінде a. tibialis anterior мен a. tibialis pos-terior-дың арасында анастомоздар түзеді. Сондықтан сирақтың бұл негізгі екі артериялары арасында - аяқ ұшында екі анастомоздар түрі бар деуге болады: 1) arcus plantaris және 2) rami perforantes.
Қорытынды
Қорыта айтқанда үлкен қанайналым шеңберінің артерияларының ішіндегі ең маңыздысы қол мен аяқтардың қан мен қандауның болып табылады.
Қолдың өзі беткей немесе теріасты, өзара анастомозданып, кеңтұзақты тор түзеді, оның әр жерінен ірілеу сабаулар бөліктеніп шығады. Қол артериялары қолтық артериялары, иық артериялары, кәрі жілік артериялары, шынтақ артериялары жатады.
Аяқ ол табаннан бірнеше тармақтарды қосып алып, сирақ пен санның медиалды жағымен жоғары карай кетеді. Ол санның жоғарғы үштен бірінде алдыңғы медиалды бетіне иіліп, жалпақ шандырға орналасады. Сонымен қатар аяқ артериялары яғни олар: сан артериялары, тақым артериялары, асық жіліктің алдыңғы артериялары, асық жіліктің артқы артериялары, аяқ ұшы артериялары жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Жандар Керімбек Ермаханов «Тәнтану адам анатомиясы»., «Білім» 2004 жыл. Алматы
Мария Дайырбекова «Адам анатомиясы» Алматы «Медицина баспасы» 2004 жыл.
«Адам анатомиясы» (ІІ кітап) Алшынбай Рақышев., Алматы «Білім» 1995 жыл.
«Адам анатомиясы» Алматы «Рауан» 1992 жыл. Е. Керімбек
Әмина Кузенбаева «Адам анатомиясы» Алматы «Арыс баспасы» 2001 жыл.