Проводящая система сердца

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 18:45, реферат

Описание работы

Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Жүректің өткізгіштік жүйесі
Жүректің өткізгіштік жүйесінің
құрамы
Өткізгіштік жүйенің түйіндері
мен будалары
Балалардағы жүрек
өткізгіштік жүйесінің ерекшеліктері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

анатомия.pptx

— 1.47 Мб (Скачать файл)

Жүректің өткізгіштік жүйесінің 

түйіндері мен будалары

 

 

 

 

 

Орындаған: Қасымбекова С.,

Раймбаева М.

Топ: 322_ЖМ

Тексерген: Сүлейменова Ф.М.

 

 

 

 

 

 

Астана, 2013 ж

 

 

 «Астана медицина университеті» АҚ

   

Қалыпты анатомия кафедрасы


Жоспар:

 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
    • Жүректің өткізгіштік жүйесі
    • Жүректің өткізгіштік жүйесінің

        құрамы

    • Өткізгіштік жүйенің түйіндері

         мен будалары

    • Балалардағы жүрек

          өткізгіштік жүйесінің ерекшеліктері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

Жүрек бұлшықеті

 

қозғыштық

 

қозуды  өткізгіш

 

жиырылғыш

Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет.  Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне  (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті  шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.   

 

 Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні  арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады.

 Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне  ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

Жүректің өткізгіштік  жүйесінің ерекшеліктері

 

    • Жүректің өткізгіштік жүйесінің ерекшелігі әр жасушаның қозуды өздігінен өндіру  қабілеттілігі болып табылады. Жиілігі минутына  60-80 серпіністерді өндіретін  синусты- жүрекше түйіншегінен өткізгіштік жүйенің алыстауына қарай оның әртүрлі бөлігінің автоматияға қабілеттілігінің төмендеуін өрнектейтін автоматия градиенті бар болады.
    • Жүректің өткізгіштік жүйесінің айрықша ерекшілігі оның жасушаларында жасушааралық контактінің – нексустардың көп мөлшерде  бар болуы. Осы контактілер  қозудың бір жасушадан басқа жасушаға өтетін жері болып табылады. Осындай  контактілер  өткізгіштік жүйе мен жұмыс миокарды жасушаларының арасында да болады. Контактінің бар болуы арқасында жеке жасушалардан тұратын миокард тұтас біртұтас  түрінде жұмыс жасайды. Жасуашааралық контактінің көп болуы миокардта қозудың таралуының сенімділігін арттырады.

 

 

 Жүректің өткізгіштік жүйесінің құрылысы мен қозу таралуының хронотопографиясы.

  SA- синоатриалды  түйіншек, AV- атриовентрикулярлы түйіншек. Сандар синоатриалды түйіншекте  серпіністің пайда болу мезетінен  бастап секунд бойынша жүрек  бөліктерінің қозу аумағын көрсетеді.

 

 

Құрылысы:

 

Миофибрилдары аз, эмбрионды бұлшықетті тінге ұқсас және саркоплазмаға бай айрықша (атипті) бұлшықетті тіннен тұратын миокардтың белгілі бір бөліктері автоматияға қабілетті.

Жүректің өткізгіш жүйесі: синусты- жүрекшелі (синоатриалды) түйіншектен (жүректің ырғағын басқарушы) және оң жақ жүрекшенің төменгі үштен бір бөлігі мен қарыншааралық пердеде орналасқан жүрекше- қарыншалар (атриовентрикулярлы) түйіншегінен атриовентрикулярлы (Гис) будасынан, оның оң және сол жақ аяқшаларынан және олардың Пуркинье талшықтарына субэндокардиальды және интрамиокардиальды түріндегі тармақтары .

 

 

Айрықша (атипті) бұлшықетті тіннен тұрады, қалыпты  жүректің жұмысын қамтамасыз етуге  бағытталған жүректің  түрлі бөлімдерін бір жүйеге келтіріліп, координацияланған  жұмысын жүзеге асырады.

Жүректің өткізгіш жүйесі екі өзара байланысқан  бөліктен тұрады:

 

Синоатриальды

(синустық-жүрекшелік)

 

  Атриовентрикулярлы 

   (жүрекше-қарыншалық)

 

    • синатриальды түйін (Кис-Фляк),
    • синатриальды түйін мен атриовентрикулярлы түйінді байланыстыратын 3 буда: 

         Бахман;

         Торель;

         Венкебах.

    • тез өткізгіш жүрекшеаралық буда синатриальды түйінді сол жақ   жүрекшемен байланыстырады.

 

 

    • атриовентрикулярлы түйін

(Ашофф-Тавар)

    • Гис будасы                          

(сабау және 3 тармақтары:

 сол жақтағы алдыңғы,

сол жақтағы артқы

және  оң жақтағы тармақтары)

    • өткізгіш Пуркинье

талшықтары

 

Синатриальды түйін лат. nódius sinuatriális жоғарғы қуыс венаның латеральды, оң жақ жүрекшенің қабырғасында, жоғырғы қуыс венаның тесігі мен оң жақ жүрекшенің құлақшасында  субэндокардиальды орналасқан; жүрекшелер миокардына тармақтарын береді.

Синатриальды түйін құрылымы бойынша екіге бөледі: жоғарғы (нағыз Пейсмекер жасушалары)  және төменгі (әлеуетті Пейсмекер жасушалары).

Ұзындығы ≈ 15 мм, ені ≈ 5 мм и қалыңдығы ≈ 2 мм.  Адамдардың 65%  түйін артериясы бастауды оң жақ тәждік артериясынан , ал қалғандары сол жақ тәждік артерияның айналған тармағынан алады. Синатриальды түйін жүректің симпатикалық және оң парасимпатикалық жүйкелеріне бай.  Олар сәйкеснше теріс және оң хронотропты эффекттерді шақырады.

 

 

 

 

 

 

T.James және оның  соавторларының (1963-1985) концепциясына сәйкес синатриальды түйін мен  атриовентрикулярлы байланыс 3 жол арқылы жүзеге асады:

 алдыңғы қысқа  жолы - жоғары қуыс венаның алдына  бағытталып, жүрекшеаралық қалқада  екіге бөлінеді: біреуі жүрекшеаралық  қалқадан төмен аториовентрикулярлы  түйінге өтеді, екіншісі  сол  жақ жүрекшеге (Бахман будасы) бағытталады;

ортаңғы (Венкебах будасы) - жоғары қуыс венасының артқы  сағасында төмен түсіп, алдыңғы  жол талшықтарымен бірге  атриовентрикулярлы түйіннің сыртқы бөліміне барады;

 артқы ұзын (Торель  будасы) - шекаралық қырқа (crista terminalis) бойымен оң жақ жүрекшенің төменгі бөлігіне, атриовентрикулярлы түйіннің төменгі бөлігіне немесе Гис будасына кіреді, осылай АВ түйіннің блокадалық(кідіртетін) аймағын айналып өтеді.

 

 

 

 

Әдетте  импульстер атриовентрикулярлы түйінге қысқа  алдыңғы және ортаңғы жолдар арқылы жетеді, ол 35-45 мсек уақытта өтеді. Жүрекшелерге қозу таралудың жылдамдығы 0,8—1,0 м/с.

Жүрекшелердің басқа  да өткізгіш жолдары сипатталған. Мысалы, B.Scherlag (1972) бойынша:  қозу  оң жақ жүрекшенің алдыңғы бетінен сол жақ жүрекшенің артқы төменгі бөлігіне төменгі жүрекшеаралық жол арқылы өтеді. Негізі физиологиялық жағдайда бұл будалар, сонымен қатар Торель будасы латентті болады.

Рис. 1.Жүректің өткізгіш жүйесінің схемасы. СУ — синатриальды түйін; ПЖУ —атриовентрикулярлы түйін. С — жолдар,  Suzuki сипаттаған.

 

F. Suzuki және оның авторластары (1972) ор қоянның жүрегінде тағы екі басқа өткізгіш жолдарды анықтады, сол АВ фиброзды сақинаны қоршаған, оң жақ жүрекше және  АВ түйінмен байланысады

Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы – қосымша Кент будасыныңпайда болуымен қарыншалардың ерте қозуы.  Бұл синдром жалпы популяцияның 0,1 — 0,3 % кездеседі.  Көбінесе адамдарда жүрек ауруларының белгілері байқалмайды. Ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда жиірек кездеседі.

Кент будасы –сол жақ жүрекше мен қарыншаларды бірінің арасында орналасатын аномальды  буда. Вольф-Паркинсон-Уайт синдромының патогенезінде маңызды рөл атқарады.

 Импульстың барынша тез өтуі 

P — R интервалының қысқаруы;

 қарыншалардың  ерте қозуына байланысты  Δ толқынының пайда болуы QRS кешенінің кеңеюі. 

Негізгі клиникалық белгілеріне аритмия жатады. 50 % аса жағдайларда пароксизмальды тахиаритмия: карыншаүстілік реципроктар, жүрекшелер фибрилляциясы, жүрекшер жыпылықтауы

                            

Лаун –Геном-Ливайн немесе қарыншалардың ерте қозу синдромы.

Бұл синдромның,негізінде жүрекшелерден қарыншаларға бір уақытта синусты импульстың екі түрлі жолмен баруы жатыр. Яғни, атриовентрикулярлы байланыс және қосымша жолдары арқылы қозу барады. Осы қосымша жолда импульс басқаға қарағанда қарынша бөліктеріне тезірек жетеді. Әдетте ол атриовентрикулярлы түйін арқылы жүзеге асу керек.

  

Басқа сөзбен айтқанда қосымша  шоғыр атривентрикулярлы түйінді  айнала өтіп,уақытыннан бұрын қарыншаларды белсендіретін «Қыска жол» .

Бұл қосымша жол- Джеймс шоғыры деп аталады. Оның салдарынан жүректің бірқалыпты ритмі өзгеріске ұшырайды,сонмен қатар ол гемодинамикағада әсер етеді. Әсіресе қарыншалардың ерте қозуы-диастола уақытының қысқаруына әкеп соғады.

Атриовентрикулярлы немесе Ашофф- Товар түйіні жүрекшеаралық қалқа мен оң жақ жүрекшенің төменгі негізі аралығындаорналасқан.Ұзындығы 5-6 мм,ені 2-3 мм-ді құрайды.Ол 80-90  жағдайда оң жақ тәждік артерияның аттас тармақтарымен,ал қалған бөлігі сол жақтың айналма тармақтарымен қоректенеді.

Екі түйінді бір-бірімен және синоатриалдық түйінді сол жүрекшемен жалғастыратын жіпшелер – Бахман талщықтары деп аталады.Яғни атриовентрикулярлы түйін жүрекшелер мен қарыншалардың қажетті тізбекті жиырылуын қамтамасыз етеді.

 

Жүрекше-қарыншалық түйінде Р-жасушалар аздау және дәнекер тінінің торларының мөлшері  мардымсыз ғана. Оның тұрақты орталық  өтетін артериясы жоқ. Майлы қабатта  жүрекше-қарыншалық түйіннің артында  кезбе нервтің талшықтары мен  ганглилері көп мөлшерде орналасқан.

ЖҚТ-ң қанмен қамтамасыз етілуі ramus septi fibrosi немесе ЖҚТ-ң артериясы арқылы жүзеге асады. 90% жағдайда ол оң тәждік артериядан шығады, ал 10% - сол тәждік артериядан ramus circumflexus шығады.

 Гис шоғыры  қарыншааралық перденің жоғарғы  жағында орналасқан. Ұзындығы 8-18  мм,ені  шамамен 2мм. Аталған  түйінде және диффузиялы орналасқан  жүректің өткізгішітік миоциттерінде  қозудың таралу жылдамдығы 4,5-5 м/с-ке  жетеді, ол жұмыс миокардымен  қозудың таралу жылдамдығынан  5 есе жоғары. Осының арқасында  қарыншалар миокарды жасушаларының  жиырылуы бір мезгілде өтеді.

Бұлшық етті бөлігінде  ол екі –оң және сол аяқшаларға, яғни crus dexter et sinister-ге бөлінеді.Бұл аяқшалар қарыншааралық перденің ішкі бетін көмкерген эндокардтың астымен төмен қарай түседі де, жүрек ұшындағы қалың бұлшық етке жетеді. Кейде Гис шоғырының дистальді бөлігінен және сол аяқшасынан қарышааралық қалқанның бұлшык етті қабатына қысқа талшықтар тарамданады. Бұл талшықтарды Махаймның параспецификалық талшығы деп атайды. Одан әрі иіліп,қарыншалардың сыртқы қабырғасының ішкі бетімен бойлап жоғары қарай көтеріледі,жолшыбай емізік тәрізді бұлшық еттерге тармақталып,жеке Пуркинье талшықтарына айналады.

Жүректің  өткізгіштік жүйесі

 

1 — оң қарынша; 2 —ЖҚТ-ң оң аяқшасы;

 3 — емізік бұлшық еттер; 4 — шеміршек;

5 — оң жүрекше-қарыншалық қақпақша(трёхстворчатый);

 6 — жүрекшелік-қарыншалық түйін;

 7 — устье венечной пазухи;

 8 —төменгі қуыс вена; 9 —жүрекшелік-қарыншалық түйін;

10 —сопақша тесік (ямка); 11 —оң жүрекше;

 12 —жүрекшеаралық жақтау; 13 —қойнау-жүрекшелік түйін;14 —жоғарғы қуыс вена;

15 —оң өкпе венасы; 16 —оң өкпе венасының аузы; 17 —сол ӨВ; 18 – жүрек  тамырлары;

19 — сол жүрекшелік-қарыншалық қақпақша(метральный); 20 —қарыншааралық жақтау; 21 —ЖҚТ-ң сол аяқшасыа; 22 - сол  қарынша. 

  
Балалардағы жүрек өткізгіштік жүйесінің ерекшеліктері: 

 

    • Балалардың өмірінің бастапқы жарты жылында жүректің өткізгіш миоциттері (Пуркинье талшықтары) белсенді түрде диаметрі жағынан ұлғаяды және дамиды.  Ерте жастағы балалардың өткізгіштік жүйесінің басты бөлігі қарыншааралық жақтаудың бұлшық етінің қалыңдығында орналасады (интрамуральды тип), ал жасөспірімдерде – мембраналық бөлігінде (септальды тип).  Өткізгіштік жүйенің гистологиялық құрылысының дамуы тек 14 – 15 жаста аяқталады.
    • Пуркинье талшықтарындағы әрекет потенциалы ересектерге қарағанда балаларда тыныштықтың мембраналық потенциалының аз мөлшерінде пайда болады,  ал реполяризация айтарлықтай тез өтеді.

Информация о работе Проводящая система сердца