Шатарлық бұлшықеттері және шандырлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 17:03, реферат

Описание работы

Шат,perineum,-кіші жамбас астауынан шығаберісті толтырып тұратын жұмсақ тіндердің (тері, бұлшықеттер, шандырлар) жиынтығы. Шат аймағы алдынан қасаға симфизінің төменгі жиегімен,артынан – құйымшақ ұшымен,бүйірінен-қасаға және шоңданай сүйектерінің тармақтарымен және шоңданай төмпесімен шектеледі. Егер,соңғы бүйір жиектерін – шоңданай төмпелерін, алдынан-қасаға симфизінің төменгі нүктелерін, артынан-құйымшақ ұшын алатын болсақ шаттың пішіні ромбтәрізді.

Содержание работы

I Кіріспе
Шатаралық туралы мағлұмат
II Негізгі бөлім
1)Несепжыныс көкетінің бұлшықеттері
2)Шаттың шандырлары
3)Шоңданай-тік ішек шұңқыры
4)Шаттың қанмен қамтамасыз етілуі
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

шатаралык.docx

— 24.44 Кб (Скачать файл)

Шат (бұтаралық)

    Шат,perineum,-кіші жамбас астауынан шығаберісті толтырып тұратын жұмсақ тіндердің (тері, бұлшықеттер, шандырлар) жиынтығы.

    Шат аймағы  алдынан қасаға симфизінің төменгі  жиегімен,артынан – құйымшақ  ұшымен,бүйірінен-қасаға және шоңданай  сүйектерінің тармақтарымен және  шоңданай төмпесімен шектеледі.

     Егер,соңғы бүйір жиектерін – шоңданай төмпелерін, алдынан-қасаға симфизінің төменгі нүктелерін, артынан-құйымшақ ұшын алатын болсақ шаттың пішіні ромбтәрізді.

    Шоңданай төмпелерін  қосатын көлденең сызық,шатты  екі үшбұрышқа: алдыңғыжоғарғы-несепжыныс (regio urogenitalia) ,ал төменгіартқы-артқы өтіс аймақтарына (regio analis)  бөледі. Несепжыныс аймағы деңгейінде несепжыныс көкеті,ал артқы өтіс аймағында – жамбас астау көкеті орналасады. Екі көкет өзара негіздерімен жанасқан,ал ұштары сәйкес қасаға симфизіне және құйымшаққа бағытталған.

     Шат кіші мағынада алдынан сыртқы жыныс мүшелері және артынан артқы өтіс аралығындағы,шаттың сіңірлі орталығына, (centrum tendineum perinei), сәйкес аймақ. Әйелдерде бұл аймақ жыныс саңылауының артқы жиегінен артқы өтістің алдыңғы жиегіне дейін,ал ерлерде ұманың артқы жиегінен артқы өтістің алдыңғы жиегіне дейінгі аралық. Шат терісінде алдан-артқа бағытталған қою жолақ-орталық жік, (raphe mediana), өтеді, ол ерлерде ұма жігіне жалғасады.

Несепжыныс және жамбас астау  көкеттері екі қабат (терең,беткей) орналасқан бұлшықеттермен және шандырлармен құралған бұлшықетті-шандырлы табақ. Артқы өтіс аймағында жамбас астау көкетінің бұлшықеттері жоғарғы және төменгі шандырлардың аралығында жатады. Несепжыныс көкетінің терең бұлшықеттері несепжыныс көкетінің жоғарғы және төменгі шандырларының аралығында жатады. Барлық бұлшықетті-шандырлы табақ кіші жамбас астау қуысы жағынан жамбас астау шандырының париеталді табағымен,сыртынан (төменнен) беткей шандырмен жабылған.

     Несепжыныс  көкеті, diaphragm urogenitalis, ұшы қасаға симфизіне қараған, үшбұрыш пішінді, шаттың алдыңғы бөлігі. Оның жиектері қасаға және шоңданай сүйектерінің тармақтарымен шектелген және негізі шоңданай төмпелерін қосатын сызыққа сәйкес келеді. Ерлерде несепжыныс көкеті арқылы несеп шығаратын өзек, әйелдерде – несеп шығаратын өзек пен қынап өтеді.

    Несепжыныс  көкетінің бұлшықеттері беткей  және терең болып бөлінеді.

    Беткей бұлшықеттеріне үш бұлшықет:шаттың беткей көлденең бұлшықеті, буылтық-кеуек бұлшықеті, шоңданай-үңгір бұлшықеті жатады.

   - Шаттың беткей көлденең бұлшықеті, m.transversus perinea superificialis, -жұп,теріасты шелмайдың терең қабатында жатып,шоңданай сүйегінің төменгі тармағынан басталып,қарама-қарсы бұлшықетке қарсы жүріп,шаттың сіңірлі орталығына аяқталады. Бұлшықеттің кішкене талшықтары артқы өтістің сыртқы қысқышына және буылтық-кеуек бұлшықеттеріне қоса шырмалады.

  Беткей көлденең бұлшықет  шаттың сіңірлі орталығының қатаюына  әсер етеді.

   - Шоңданай-үңгір бұлшықеті, m.ischiocavernosis, -жұп,шоңданай сүйегінің төменгі тармағынан басталып,аталық жыныс мүшесі түбіріне (ерлерде) латералді жатып,алдыңғы шеттерімен аталық жыныс мүшесінің үңгірлі денесінің (ерлерде) немесе деліткінің (әйелдерде) ақ қабығына қоса шырмалады. Бұл бұлшықеттер жиырылғанда эрекцияны туғызады.

    - Буылтық-кеуек  бұлшықеті, m.bulbospongiosus, бөліктен тұрады,олар аталық жыныс мүшесі буылтығының төменгі бетіндегі жіктен басталып,аталық жыныс мүшесі буылтығын және кеуекті денесін оңнан және солдан қапсырып,аталық жыныс мүшесінің артқы бетінің беткей шандырына және оның ақ қабығына бекиді. Бұлшықет жиырылғанда буылтықты,үңгірлі денелерді және аталық жыныс мүшесінің дорсалді венасын және буылтық несеп шығаратын өзек безін қысып,эрекцияға қатысады. Әйелдерде буылтық-кеуек бұлшықеті-жұп бұлшықет,қынапты тесігі аймағында қапсырып, m.constrictor cunni,s.sphincter vaginae, түзеді. Бұлшықет шаттың сіңірлі орталығынан және артқы өтістің сыртқы қысқышынан басталып,деліткінің дорсалді бетіне бекіп,оның ақ қабығына қоса шырмалады. Өз жолында бұлшықет төменнен кіреберіс бездеріне жатады.

    Бұлшықет жиырылғанда  қынап кіреберісін тарылтып,кіреберіс  бездерін,кіреберіс буылтығын және  одан шығатын веналарды қысып  басады.

    Несепжыныс көкетінің  терең бұлшықетіне шаттың терең  көлденең бұлшықеті мен несеп  шығаратын өзектің қысқышы жатады.

    -Шаттың терең көлденең бұлшықеті, m.transversus perinea profundus, шоңданай және қасаға сүйектерінің тармақтарынан басталатын,жіңішке табақ түріндегі жұп бұлшықет. Бұлшықеттер бір-бірімен шаттың ортаңғы сызығында қосылып,сіңірлі орталықтың түзілуіне қатысып,несепжыныс көкетін қатайтуға қатысады.

    -Несеп шығаратын  өзектің қысқышы, m.sphincter urethrae, тақ бұлшықет,талшықтары дөңгелек бағытта орналасып,ерлерде несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігін,әйелдерде қасаға сүйегінің төменгі тармағынан басталып,несеп шығаратын өзекті қапсырады.

     Ерлерде бұлшықет  талшықтары қуықасты безге,әйелдерде  – қынап қабырғасына қосылады. Бұл бұлшықет несеп шығаратын өзектің ерікті қысқышы болып саналады.

    Жамбас астау  көкеті, diaphragm pelvina, үшбұрыш пішінді,шаттың артқы бөлігінде орналасқан. Оның ұшы құйымшаққа,ал екі басқа бұрышы шоңданай төмпелеріне қараған.

   Жамбас астау көкеті  арқылы ерлерде де,әйелдерде де  тік ішектің соңғы бөлігі өтеді.

   Жамбас астау көкетінің  бұлшықеттері терең және беткей  қабаттардан тұрады.

    -Жамбас астау  көкетінің беткей бұлшықетіне  артқы өтістің сыртқы қысқышы, m.sphincter ani externus, жатады. Артқы өтістің сыртқы қысқышы бірнеше талшықтардан тұрады. Ең беткей талшықтары теріасты шелмайда аяқталады.

     Құйымшақ ұшынан  басталатын талшықтар артқы өтісті  қапсырып,шаттың сіңірлі орталығында аяқталады.

     Терең талшықтары  тік ішектің төменгі бөлігін  қоршап,артқы өтісті көтеретін  бұлшықетте жатады. Артқы өтістің сыртқы қысқыш бұлщықетінің барлық талшықтары жиырылғанда артқы өтіс тесігін қысады жабады. Жамбас астау көкетінің терең қабатына екі бұлшықет;артқы өтісті көтеретін және құйымшақ бұлшықеттері жатады.

      - Артқы  өтісті көтеретін бұлшықет, m. levator ani, жұп,жіңішке үшбұрыш табақ пішінді,кең бөлігімен жоғары қараған.Екі бұлшықеттің төменгі бөліктері тарылып,тік ішекті ілмек түрінде қапсырады. Артқы өтісті көтеретін бұлшықет бірнеше будаларымен кіші жамбас астауының бүйір қабырғасынан басталады. Алдыңғы будалары қасаға сүйегінің  төменгі тармағының ішкі бетінен,бүйірлері-артқы өтісті көтеретін бұлшықеттің сіңірлі доғасынан басталады. Ал бұлшықеттің оң және сол будалары төмен және артқа бағытталып,өзара қосылып,тік ішекті қапсырады,кейін төмен және медиалді бағытталады. Артқы өтісті көтеретін бұлшықеттің кейбір талшықтары қуықасты безге (ерлерде),қынап қабырғасына (әйелдерде),несепқуық және тік ішек қабырғаларына қоса шырмалып,бұлшықет құйымшақ ұшында артқы өтіс-құйымшақ байламымен lig.anococcygeum аяқталады.

    Артқы өтісті  көтеретін бұлшықет жиырылғанда  жамбас астау түбі қатаяды  және көтеріледі,тік ішектің соңғы  бөлігі алға және жоғары тартылып,қысылады. Әйелдерде бұлшықет жиырылғанда қынап кіреберісін тарылтып,қынаптың артқы қабырғасын алдыңғыға жақындатады.

    -Құйымшақ бұлшықеті, m.coccygeus, -жұп бұлшықет,шоңданай білігінен және сегізкөз-қылқан байламынан басталып,медиалді және артқа жүріп,құйымшақтың латералді жиегі мен сегізкөз ұшына бекиді. Бұлшықет будалары медиалді жағынан сегізкөз-қылқан байламында жатады,бір бөлігі байламға шырмалып,жамбас астау көкетінің артқы бөлігін қатайтады.

         Шаттың шандырлары

    Шатта беткей  шандырды және жамбас астау  көкеті мен несеп-жыныс көкетінің  жоғарғы және төменгі шандырларын  ажыратады.

    -Шаттың беткей  шандыры, fascia superficialis, әлсіз көрсетілген,дененің көршілес бөліктерін жабатын жалпы теріасты шандырының туындысы. Бұл шандыр төменнен (сыртынан) несепжыныс көкетінің беткей топ бұлшықеттеріне жанасып,олардың меншікті шандырларымен бірігеді. Ерлерде шаттың беткей шандыры алдынан еркек жыныс мүшесінің беткей шандырына жалғасады. Шандыр бүйірінен шоңданай төмпелеріне бекиді.

    -Шаттың беткей  шандырының астында,оның артқы  бөлімінде жамбас астау көкетінің төменгі шaндыры, fascia diaphragmatic pelvis inferior орналасады. Бұл шандыр артынан бөксенің үлкен бұлшықетінің меншікті шандырымен бірігеді де,оның жалғасы болып саналады. Кейін бұл шандыр шоңданай-тік ішек шұңқырын жабады. Шоңданай-тік ішек шұңқырының ұшына жетіп,жапқыш бұлшықеттің сыртқы бетін жауып,артқы өтісті көтеретін бұлшықеттің сыртқы бетіне өтеді. Жамбас астау көкетінің төменгі шандыры артқы өтістің  сыртқы қысқышына өтіп,артқы өтісті қоршайтын шелмайға аяқталады,ал алдынан несепжыныс көкетінің артқы жиегіне жетіп,оның жоғарғы және төменгі шандырларымен бірігеді. Артқы өтісті көтеретін бұлшықетті жоғарыдан жамбас астау көкетіңің жоғары шандыры, fascia diaphragmatic pelvis superior, жабады.

     Сонымен, m.levator ani, m.coccygeus ,m.sphincter ani externus, бұлшықеттері және олардың жабатын жамбас астау көкетінің жоғары және төменгі шандырлары бірігіп,бұлшықетті-шандырлы табақ-жамбас астау көкетін,құрайды.

     Несепжыныс  көкетінің төменгі шандыры, fascia diaphragmatis urogenitalis inferior, membrane perinea шаттың терең көлденең бұлшықеті мен несеп шығаратын өзектің қысқышын төменнен жауып,беткей және терең бұлшықеттердің аралығында орналасады. Бұл бұлшықеттердің үстінде несепжыныс көкетінің жоғарғы шандыры, fascia diaphragmatis urogenitalis superior, жатады. Ерлерде бұл шандырлардың аралығында буылтық несеп бездері (куперов бездері) немесе әйелдерде кіреберістің үлкен бездері (бартолиний бездері) орналасады. Несепжыныс көкетінің жоғарғы және төменгі шандырлары бүйірінен шоңданай және қасаға сүйектерінің төменгі тармақтарының сүйектік қабағымен бітісіп кетеді. Бұл шандырлар өзара қасаға симфизінің астында бітісіп,шаттың көлденең байламын түзеді.Байлам несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің алдынан орналасып,қасағаның доғатәрізді байламына жетпейді. Соның әсерінен екі байламның аралығында тар саңылау қалады,ол арқылы еркек жыныс мүшесінің (деліткінің) дорсалді артериясы мен венасы өтеді.

     Жамбас астау  көкетінің жоғарғы шандыры жамбас  астау шандырының париеталді  табағының бөлігі, fascia pelvis болып саналады. Кіші жамбас астау қуысында орналасатын ішкі мүшелердің аралығында қалқалар түзетін жамбас астау шандырының бір бөлігің,жамбас астау шандырының висцералді табағы, fascia pelvis visceralis деп атайды. Алдынан қасаға симфизі мен несепқуықтың төменгі бөлігінің аралығында жамбас астау шандырының висцералді табағы жұп байламдар:қасаға-қуықтық (қасаға-қуықасты байламы) байламды (lig,pubovesicales, puboprostaticum) құрайды. Ерлерде жамбас астау шандырының висцералді табағы несепқуық пен тік ішектің аралығында фронталді орналасқан-тік ішек-қуықтық қалқасын, septum rectovesicale, әйелдерде тік ішек пен қынаптың аралығында көлденең орналасқан  -тік ішек-қынаптық қалқасын, septum rectovaginale, түзеді.

     Әйел шатының  өзіндік ерекшеліктері бар.

    Несепжыныс көкеті  енінің көлемі үлкен,ол арқылы  несеп шығаратын өзек пен бірге  қынапта өтеді. Бұл аймақтың бұлшықеттері ерлердің аттас бұлшықеттеріне қарағанда нашар дамыған. Кейбір жағдайларда шаттың беткей көлденең бұлшықеттері мүлдем болмайды. Сонымен қатар,шаттың терең көлденең бұлшықеті де нашар жетілген. Керісінше,несепжыныс көкетінің екі шандыры (жоғарғы және төменгі) жақсы жетілген. Несеп шығаратын өзек (үрпі) қысқышының бұлшықеттік будалары қынапты қоршап,оның қабырғасына шырмалады. Шаттың сіңірлі орталығы қынап пен артқы өтіс аралығында орналасып,өзара қиылысқан сіңірлі және эластикалық талшықтардан тұрады.

     Шоңданай-тік ішек шұңқыры

    Шоңданай-тік ішек шұңқыры, fossa ischiorectalis ,шат аймағында,артқы өтіс тесігінің бүйірінде орналасқан жұп ұңғыл. Шоңданай-тік ішек шұңқырының пішіні призматәрізді,құрамында тамырлар мен нервтер орналасқан шелмаймен толтырылған,төменнен кең ашылып,жоғарыдан тарылады.

    Фронталді жазықтықтағы  кесіндісінде ұшы жамбас астау  қуысына қараған үшбұрыш пішінді.  Шоңданай-тік ішек шұңқырының  ұшы жамбас астау шандырының  сіңірлі доғасының төменгі жиегіне сәйкес келеді. Шоңданай-тік ішек шұңқырының латералді қабырғасын ішкі жапқыш бұлшықетпен шоңданай төмпесінің ішкі беті құрайды. Шұңқырдың медиалдіқабырғасы артқы өтісті көтеретін бұлшықеттің сыртқы бетімен және жамбас астау көкетінің төменгі шандырымен жабылған артқы өтістің сыртқы қысқышымен шектеледі. Шоңданай-тік ішек шұңқырының артқы қабырғасын артқы өтісті көтеретін бұлшықеттің артқы будалары мен құйымшақ бұлшықеті құрайды. Шұңқырдың алдыңғы қабырғасы болып шаттың көлденең бұлшықеттері саналады. Шоңданай-тік ішек шұңқырын толтыратын шелмай серпімді эластикалық жастық қызметін атқарады.

     Шаттың қанмен қамтамасыз етілуі:

     Шатты ішкі  жыныс артериясының, a.pudenda interna, тармақтары қанмен қамтамасыз етеді. Артерия жамбас астау қуысынан үлкен шоңданай тесігі арқылы шығып,шоңданай білігін орап,кіші шоңданай тесігі арқылы шоңданай-тік ішек шұңқырына кіріп,бірнеше тармақтар,төменгі тік ішек артериясын, a. rectalis inferior, шат артериясын, a. perinealis, еркек жыныс мүшесінің немесе деліткінің дорсалді артериясын, a. dorsalis penis, s. clitoridis, береді.

     Шаттан веналық  қан аттас веналар арқылы ішкі  мықын веналарына ағады.

     Лимфа тамырлары  беткей шап лимфа түйіндеріне  ағады.

     Шатты жыныс  нервісінің тармақтары: төменгі тік ішек нервтері, n. rectalis inferior, шат нервтері, n. perinealis және де құйымшақ нервісінің тармағы - артқы өтіс-құйымшақ нервтерімен, nn. anococcygei, нервтендіріледі.

Информация о работе Шатарлық бұлшықеттері және шандырлары