Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 18:15, реферат
Бұлшықет көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бір- біріне параллелді жүретін бұл талшықтар борпылдақ дәнекер тін (endomysium) аркылы бірінші ретті шоғырға байланысады. Осындай бірнеше бірінiі шоғырлар бірігіп, екінші ретті шоғыр, және т.с.с. түзеді. Жалпы барлық ретті бұлшыкет шоғырлары бұлшықет қарыншасын түзе, дәнекертінді қабықпен — perimysium бірігеді. Бұлшыкет будалары арасындағы, бұлшыкет қарыншасы ұштарындағы дәнекер тінді қабатшалар бұлшықетінің сіңір бөлігіне айналады.
1 Жалпы миология
2 Бұлшықет – мүше ретінде
3 Бұлшықеттердің жұмысы және жіктелуі
4 Сыртқы орта факторларының әсері
5 Жеке миология
Жоспар:
1 Жалпы миология
2 Бұлшықет – мүше ретінде
3 Бұлшықеттердің жұмысы және жіктелуі
4 Сыртқы орта факторларының әсері
5 Жеке миология
Бұлшықет — мүше ретінде.
Бұлшықет
көлденең жолақты бұлшықет
Бұлшыкет орталық
нерв жүйесінен келетін
Бұлшықетте белсенді жиырылатын бөлігін — қарыншаны және пассивті, соның көмегімен сүйекке бекитін бөлігін — сіңірді ажыратады. Сіңір тығыз дәнекер тіннен тұрады және қызыл-қоңыр түсті бұлшықет қарыншасынан тым өзгеше келетін жылтыр ақшыл-алтын түсті Көбіне сіңірлер бұлшықеттін екі шетінде орналасады. Ол өте қысқа болса, бұлшықет сүйектен басталатын немссе оған тікелей қарыншасымен бекитін сияқты көрінеді. Зат алмасу аздау жүретін сіңір бұлшықет қарыншасына қарағанда қан тамырларымен кемдеу жабдықталады. Сөйтіп қаңқа бұлшықеті тек көлденең жолақты бұлшықет тінінен ғана емес, сонымен бірге дәнскер тіннің әр түрінеи (perimysium) (сіңір), нерв тінінен (бұлшықет нервтері), эндотелийден және бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан (қантамырлары) тұрады. Алайда көлденең салалы бұлшықет тіні басым келеді, оның қасиеті (жиырылғыштығы) бұлшықеттің жиырылу ағзасы ретіндегі қызметін анықтайды. Әрбір бұлшықет белгілі бір өзіне тән пішіні, құрылысы, қызметі, дамуы және организмдегі өзіндік жағдайы бар жеке ағза, яғни тұтас түзіліс болып табылады.
Бұлшықеттердің жұмысы.
Бұлшықеттері жұмысына негіз болатын бұлшықет тінінің негізгі қасиеті оның жиырылғыштығы болып табылады.
Бұлшыкет жиырылғыштығында қысқарып, бекіген екі нүкте өзара жақындайды. Бұл екі нүктеден жылжымалы беку пункті, punctum mobile қозғалмайтын нүктеге, punctum fixum, тартылып, нәтижесінде дененің сол бөлігі қозғалады.
Осылай әрекет ете, бұлшықет белгілі бір күшпен тартады да, жүкті (мысалы, сүйек салмағын) қозғап, белгілі мөлшердегі механикалық жұмысты атқарады. Бұлшықетгің кіші оның құрамына кіретін бұлшықет талшықтарының санына байланысты және физиологиялык көлденеңі деп аталатынның ауданымен, яғни бұлшықеттің барлық талшықтары өтетін жердің кесіндісінің ауданымен анықталады. Жиырылу шамасы бұлшықеттің ұзындығына байланысты. Буындарда бұлшықеттердің әсерінен қозғалатын сүйектер механикалық тұрғыдан рычагтар, яғни ауырлықты қозғалтуға арналған карапайым машиналар түзетін сияқты.
Бұлшықеттер тірек жерден неғұрлым алыстау бекісе, соғырлым пайдалы, өйткені рычаг иінінің ұзаруы арқасында олардың күші толығырақ пайдаланылады. Осы тұрғыдан П.Ф. Лесгафт тірек нүктесінен алыстау бекитін күшті бұлшықеттерді және оған жақын бекитін етті бұлшықеттерді ажыратады. Әрбір бұлшықеттің басталатын жері — origo, және бекитін жері — insetiro, болады. Дененің орта сызығы бойымен орналасқан омыртқа бағанасы бүкіл денеге тірек болатындықтан, бұлшықеттің әдетте қозғалмайтын нүктеге сәйкес келетін басталатын жері ортаңғы жазықтыққа жақындау, ал қол- аяқтарда тұлғаға жақын орналасқан; бұлшықеттің қозғалмайтын нүктеге сәйкес келетін бекитін жері ортаңғы сызықтан әрірек, ал қол-аяқтарда тұлғадан әрірек, дисталды жатады. Punctum fixum мен punctum mobile қозғалмалы нүкте бекітіліп, бекіген нүкте босатылған жағдайда бір-бірімен орын ауыстыра алады. Мысалы, тік тұрған кезде іштің тік бұлшықеттерінің қозғалмалы нүктесі оның жоғарғы шеті (тұлғаның жоғарғы бөлігін бүгу), ал қолмен көлденең жұмыр білекте (перекладинада) бүкіл дене асылып тұрғанда төменгі шеті қозғалмалы нүктесі болады (тұлғаның төменгі бөлігін бүгу). Қимыл екі қарама-қарсы бағытта жасалатындықтан (бүгу-жазу, қашықтату- жақындату, және т.б.), қайсыбір білік байланысындағы қозғалыс үшін қарама-қарсы жақтарда орналасқан ең кемі екі бұлшықет керек. Өзара қарама-қарсы бағытта қимылдайтын мұндай бұлшықеттер антагонистер деп аталады. Әрбір бүгілу кезінде бүккіш бұлшықет қана емес, міндетті түрде жазғыш бұлшықет те қимылдайды, ол біртіндеп бүккіш бұлшықетінің ыңғайына көшіп, оны тым қатты жиырылудан сақтайды. Сондықстан бұлшықеттердің антагонизмі (қарама — қарсылығы) қимылдың бірқалыпты және үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, әрбір қозғалыс антагонистер әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Антагонистерден өзгеше, теңдестірушілері бір бағытта өтетін бұлшықеттер агонистер немесе синергистер деп аталады Қозғалыс сипатына және оған қатысатын бұлшықеттердің функционалдық комбинациясына қарай, бір бұлшықеттің озі бірде антагонист, бірде сннергист ретінде қимылдауы мүмкін.
Бұлшықеттердің нақты буынының айналу бідігіне анатомиялық қатынасымен анықталатын олардың қарапайым қызметінен басқа тірі организмде байқалатын бұлшықеттердің функционалдық күйінің өзгеріп отыратынын ескеру қажет. Ол өзгерістер дене мен оның бөліктерінің калпын сақтауга және қозғалыш аппаратына түсетін статикалық жүктеменің үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Сондықтан бір бұлшықеттің өзі дененің немесе қасына әрекет ететің дене бөлігінің қалпына және тиісті қозгалыс актісінің фазасына карай өз қызметін өзгертіп отырады. Мысалы, трапециятәрізіді бұлшықет қолды горнзонталды қалыптан жоғары көтергенде жоғарыжәне төменгі шеттерімен оған түрліше қатысады. Мәселен, қолды көтергенде трапеция тәрізді бұлшықеттің аталған екі бөлігі бұл қимылға белсене қатысады, содан кейін (120 – тан жоғары қарай көтергенде) оңын төменгі белсенділігі тоқталады да, ал жоғарғы бөлігінің белсенділігі қолды вертикалды қалыпқа көтергенше жалғаса береді. Қолды бүккенде, яғни оны алға қарай көтергенде, трапециятәрізді бұлшықеттің төменгі бөлігі онша белсенділік көрсетпейді, ал 120-тан жоғары көтергенде белсенділігі едәуір артады.
Тірі организмнің
жекелеген бұлшықеттерінің
Бұлшықеттердің жіктелуі.
Саңсыз көп бұлшықеттердің (олар 400-ге жуык) пішіні, құрылысы, қызметі және дамуы әр алуан болады. Пішіні жағынан бұлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп бөледі. Ұзын бұлшықеттер қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан көбіне қол-аяктарда кездеседі. Олар ұршық пішінді, сонымен бірге олардың ортаңғы бөлігі қарынша, venter, бұлшықеттің басталатын жеріне сәйкес келетін бір шеті — басы, caputі, ал екінші шеті — құйрық, cauda деп аталады. Ұзын бұлшықеттердің сіңірі — tendo, жіңішке таспа тәрізді болып келеді.
Ұзын бұлшықеттер
түрлі сүйектерден бірнеше
Жалпақ бұлшықеттер негізінен тұлғада
орналасқан және оның жалпак сіңір немесе
апоневроз, aponeurosis, деп аталатын сіңірі
болады.
Бұлшықеттердің басқа пішінділері де болады: шаршы (m. quadratus), ұшбұрышты (m. triangularis), пирамидалық (m. pyramidalis), дөңгелек (жұмыр) (m. teres), дельтатәрізді (m. deltoideus), тісті (m. serratus), камбалатәрізді (m. soleus) және т.б.
Талшықтардың атқаратын қызметіне байланысты бағыты бойынша талшықтары тік параллелді (m. rectus), қиғаш (m. obliquus), көлденең (m. transversus), дөңгелек (m. orbicularis) орналасқан бұлшықеттер болады. Соңғы бұлшыкеттер тесікті қоршап тұратын қысқыш немесе сфинктер тузеді. Егер қиғаш талшықтар сіңірге бір жағынан байланысатын болса, онда бір қауырсынды бұлшықет тузіледі. Талшыктардың сіңірге ерекше қатынасы жартылай сіңірлі (m. semitendinosus) және жартылай жарғақты(m. semimembranosus) бұлшықеттер де байқалады.
Бұлшыкеттер қызметі жағынан бүккіштер (flexores), жазғыштар (extensores), әкелушілер (adductores) әкетушілер (abductores), айналдырушылар (ratatores), ішке (pronatores) және сыртқа қарай айналдырушылар (supinatores) деп бөлінеді.
Бұлшықеттер буындарға
(бір, екі немесе бірнешеу) қатынасы
бойынша бір, екі немесе көпбуынды
деп аталады. Ұзындау келетін
көпбуынды бұлшықеттер
Бұлшықеттердің қосалқы бөліктері.
Бұлшықеттердің басты бөліктері — оның денесі мен сіңірінен басқа оның жұмысын жеңілдететің қосалқы бейімділіктер болады. Бұлшықеттер тобы (немесе дененін белігілі бір бөлігінің барлық бұлшықеттер жиынтығы) талшықты дәнекер тіннен түзілген шандырмен (фасциямен) қоршалады.
Шандырлар құрылымдык және қызметтік ерекшеліктеріне қарай беткей, терең және ағзалар шандырлары деп бөлінеді.Беткей (теріасты) шандырлар, fasciae superficiales s. subcutaneae терінін астында жатады. Олар теріасты шелмайының тығыздалған түрі больш, сол аумақтын барлық бұлшықеттерін қоршайды. Беткей шандырлар морфологиялық, қызметтік жағынан теріасты шелмайы, терімен байланысты және олармен бірге дененің серпімді тірегін қамтамасыз етеді.
Терең шаңдырлар, fasciae profundae, синергист-
Бұлшықеттердің бір тобын басқа топтан бөліп тұратын шандырлардан тереңге қарай, көрші бұлшықет топтарының арасына өтетін және сүйектерге бекитін өсінділер, бұлшықет аралық қалкалар Septa intermuscularia түзіледі.
Шандырлардың қынаптық құрылысы.
Беткей шандыр бүкіл адам денесі үшін өзіндік біртұтас қынап түзеді. Меншікті шандырлар жеке бұлшықеттер мен ағзалар үшін қынап құрайды. Шандырлардын кынаптык құрылыс принципі дененің барлық бөліктерінін (тұлға, бас. кол-аяқтар) және іш, кеуде, жамбас куыстары ағзаларынын шандырларына тән; әсіресе, қол-аяқ шандырлары құрылысын Н.И. Пярогов толық зерттеді.
Қол -аяқтың әрбір бөлімінің бір сүйек (токпан жілік және ортан жілікте) немесе екі сүйек (білек пен сирақта) айналасында орналасқан бірнеше қынабы немесе шандырлы қаптары болады. Мысалы, тоқпан жіліктің проксималды бөлімінде — 7-8, ал дисталды бөлімінде 14 шандырлы қынапты айыруға болады.
Бүкіл қол-аяқ айналасын қоршайтын негізгі қынапты және бұлшықет топтарын, тамыр және нервтерді қамтитын екінші ретті қынаптарды ажыратады. Н.И. Пироговтың қол-аяқ шандырларының қынапты құрылысы туралы теориясының ірінді ісіктердің, қан құйылганда қанның таралуын түсінуде, сондай-ақ жергілікті (қынапты) анестезия үшін маңызы бар.
Шандырлардың қынапты құрылысынан басқа, соңғы кезде тірек және шектеуші рөлін атқаратын шандырлы түйіндер туралы түсінік пайда болды. Тірек рөлі шандырлы түйіндердің сүйек және сүйек қабығымен байланысынан көрінеді, соның арқасында шандырлар бұлшықеттердің тарту күшіне жағдай туғызады. Шандырлы түйіндер тамыр мен нервтердің, бездердің және т.б. қынаптарын нығаитып, қан және лимфа ағындарына жағдай тудырады.
Шектеуші рөлі мынада: шандырлы түніндер бір шандырлы қынапты басқаларынан бөліп, іріңнің таралуына тосқауыл болады, ал шандырлы түйіндер бұзылса, ірің ешбір кедергісіз тарала береді.
Шандырлар бұлшықеттерді қоршап және бір-бірінен бөліп, одардың бөлек жиырылуына жағдай жасайды. Сөйтіп, шандырлар бұлшықеттерді әрі бөледі, әрі байланыстырады.
Ағзаларды, жабатын терең шандырлар, атап айтканда бұлшықеттердін меншікті шандырлары қаңқада бұлшықетаралық қалқалар немесе шандырлы түйіндердің көмегімен бекиді. Тамыр-нерв будаларының қынабы осы шандырлардың қатысуымен құрылады. Аталған түзілістер, қаңқаны созған сияқтанып, ағзалар, бұлшықеттер, нервтер үшін тірек қызметін атқарады. Сондықтан оларды адам дсенесінің жұмсақ қаңқасы деп карауға болады.
Кейбір қол-аяқ буындары аймағында шандыр калыңдап, осы жерден өтетін сіңірлерден асып өтетін тығыз талшықтардан тұратын сіңірлі ұстағыш (retinaculum) түзеді. Осы шандырлы байламдардың астында фиброзды және сүйекті-фиброзды қынаптар, vaginae fibrosae tendinum, түзіледі, олар арқылы сіңірлер өтеді. Байламдар және олардың астындағы фиброзды қынаптар сіңірлерді сәйектерден алыстатпай өз қалпында ұстап тұрады, оның үстіне сіңірлердің бүйір жақтарға ығысуын болдырмай, бұлшықеттердің тарту күшінің дәлірек бағытталуына жағдай жасайды. Фиброзды қынаптың қабырғасын астарлаған жұқа синовиалды қабық өзек шеттері аймағында сіңірге қарай бүгіліп, оны айналдыра тұйық синовиалды қынап, vagina synovialis tendinis, түзеді. Синовиалды қабықтың бір бөлігі сіңірді қоршап, онымен бітісе-өсіп, оның висцералды жапырақшасын түзеді. Ал басқа бөлігі фиброзды қынапты іштей астарлап, онымен бітісе-өсіп, қабырғалық, париеталды жапырақша түзеді. Висцералды жапырақшанын париеталды жапырақшаға ауысқан жерінде сіңір жанында синовиалды қабық екі еселеніп, сіңір шажырқайын, mesotendineum, түзеді. Оның қабатында сіңір нервтері мен тамырлары өтеді, сондықтан — mesotendineum -де орналасқан нервтер мен тамырлар зақымдануынан сіңір жансызданады. Сіңір шажырқайы жіңішке байламдар, vincula tendinum, аркылы бекиді . Синовиалды қынап қуысында, синовиалды қабықтың висцералды және париеталды жапырақшалары арасында синовиге ұқсас бірнеше тамшы сұйық жатады, ол сіңірдің қынап ішінде сырғанай қозғалуын жеңілдетеді.