Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 18:08, тест
1.Мектеп оқушысы салақ бола бастады, сабақта басын әр жаққа бұрады, жазған әріптерінің мөлшері әр түрлі, бетін тыржитады. Қарап тексергенде: қол-аяғындағы бұлшықет тонустары төмендеген, тез, ретсіз, еріксіз қимылдар жасайды, қол-аяғы мен денесінде еріксіз қимылдар. Синдром қалай аталады://
2.40 жастағы науқаста хорея тәрізді гиперкинездер, деменция. Симптомдар біртіндеп үдейді. Ауруды атаңыз://
3.Әйел, 42 жаста, бағаналы энцефалиттің тұрақты қалдық белгілерімен жүрісінің бұзылуына, теңселуге, вертикальды дене қалпында тұра алмау мен тепе-теңдік сақтай алмауға шағымданады. Қарап тексергенде: жеңіл орталық тетрапарез, екі жақты айқын статико-локомоторлы атаксия. Зақымдану орнын көрсетіңіз://