Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 00:28, реферат
Описание работы
Туберкулез - әлемде ең көп тараған жұқпалы инфекциялық аурулардың бірі. Туберкулез - әртүрлі органдарды зақымдайтын , көбіне өкпеде орнығып , әртүрлі клиникалы көрінуімен сипатталатын , организмнің улануымен өтетін созылмалы жұқпалы дерт. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен туберкулез және басқа өкпе ауруларымен күресу Халықаралық одағы 1982 жылы 24-наурызды ресми Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні деп жариялады. ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 30- наурызындағы №468 « Қоршаған ортаға қауып төндіретін дерттердің және әлеуметтік- маңызды аурулардың тізімін бекіту туралы » қаулысына сәйкес туберкулез әлеуметтік-маңызды дертке жатады
Содержание работы
І. Кіріспе бөлім ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Туберкулез(тарихы,этиологиясы,патогенезі,түрлері,диагностикасы,емі, алдын алу) ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Туберкулездың
арнайы алдын алуы.Бала туылғаннан кейін 2-4 күндері
перзентханада 0,05 мг (0,1мл) тері ішіне БЦЖ
вакцинасы егіледі.БЦЖ ревакцинациясы
бала мектепке барғанда 1 сыныпта қыркүйек
айында жүргізіледі.
Қорытынды
Туберкулез аурудың
ұлғайып алуына көбінесе адамдардың өздері
кінәлі. Ауру белгілері білініп, жағдайлары
нашарлай бастағанда дәрегерге келгенмен,
аурудың туберкулез екенің білгеннен
кейін, оны, ұят санап кейін дәрігерге
бармай қояды.Егер адам дер кезінде емделсе,
дәрігерлердің кеңестерін мұқият орындаса,
туберкулезден толық жазылуға болады.
Туберкулезді ақысыз емдеуге толық жағдайлар
(халық аралық ДОТS жоспары бойынша) жасалынған.
Бұл жоспар адамдардың 3-4 айда жазылып
кетуіне мүмкіндік береді.Ауру адам дұрыстап
қүнарлы азықпен тамақтануы, таза ауады
жиі болу, дене шынықтыру шараларын қолдану
қажет. Тамақтың құрамында мал өнімдерінің
белоктары жеткілікті болуы тиіс, жеміс
шырындардын және көкөністерді көбірек
пайдалану керек. Бұрыннан келе жатқан
қымызды да ұмытпаған жөн.Балалар дүниеге
келе салып осы дерттке қарсы егіледі,
кейін 5 жыл сайын қайталайды. Егілген
балалар 2-2,5 есе аз ауырады. 12 жастан бастап
әр адам жыл сайын флюорография түсу арқылы
аурудың бастапқы кезенің анықтауға болады.Ашық
түрдегі туберкулезбен ауырған адам тәулік
бойында қоршаған ортаға бірнеше миллионға
дейін микобактериясын бөлуі мүмкін. Сондықтан
ашық түрімен ауыратын адамдар ауруханаға
жатқызылады және олар оқшауланады.Туберкулез
ошағында залалсыздандыру өткізіледі.
Еденді, қабырғалар мен жиhазды 0,5 пайыз
хлораминмен немесе 0,25 пайыз хлорлы әк
ерітіндісімен тазарту жүргізіледі. Аурудың
жеке заттары арнайы тазартылады. Төсек
жамылғылары қайнатылады. Төсек орын,
матрас камералық дезинфекциядан өткізіледі.
Аурудың қақырығын 2,5 пайыз хлорамин ерітіндісімен
алдын ала залалсыздандырусыз канализацияға
төгуге тыйым салынады. Ыдыс-аяқ 15 минут
бойы 2 пайыз сода ерітіндісімен қайнатады.
Міне тек осындай шаралар жасап ауруды
азайтуға болады.