Жалпы миология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 16:45, реферат

Описание работы

Бұлшықет ұлпасының филогенезде пайда болуы. Біржасушалы организмдердің барлық протоплазмасы тек зат алмасу мен қоректену қызметтерін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар тітіркендіргіштік және жиырылғыштық қасиеті бар. Көпжасушалы организмдерде, жасушалар мен ұлпалардың мамандануының нәтжесінде, қоздыруға қозғалыстық реакциялармен жауап беруге қабілетті арнаулы жасушалар бөлініп шығады. Бұл жасушалар нерв жасушаларымен байланысты қалыптастырады.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Жалпы миология.
Бұлшықет мүше ретінде
Бұлшыкеттердің жұмысы
Бұлшық еттердің таралу заңдылықтары
Бұлшықеттердің жіктелуі
Бұлшықеттердің қосалқы бөліктері
Шандырлардың қынаптық құрылысы
Бұлшықетке сыртқы орта факторларының әсері
Жеке миология.
Арқа бұлшықеттері
Кеуде бұлшықеттері
Іштің бұлшықеттері
Бастың бұлшықеттері
Қол бұлшықеттері
Иық бұлшықеттері
Білек бұлшықеттері
Аяқ бұлшықеттері
Сан бұлшықеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Миология срс.docx

— 37.18 Кб (Скачать файл)

                                            Жоспар

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

 

   Жалпы миология. 
Бұлшықет мүше ретінде 
Бұлшыкеттердің жұмысы

Бұлшық еттердің таралу заңдылықтары 
Бұлшықеттердің жіктелуі 
Бұлшықеттердің қосалқы бөліктері 
Шандырлардың қынаптық құрылысы 
Бұлшықетке сыртқы орта факторларының әсері 
   Жеке миология. 
Арқа бұлшықеттері 
Кеуде бұлшықеттері 
Іштің бұлшықеттері 
Бастың бұлшықеттері 
Қол бұлшықеттері 
Иық бұлшықеттері 
Білек бұлшықеттері 
Аяқ бұлшықеттері 
Сан бұлшықеттері

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Бұлшықет ұлпасының филогенезде пайда болуы. Біржасушалы организмдердің барлық протоплазмасы тек зат алмасу мен қоректену қызметтерін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар тітіркендіргіштік және жиырылғыштық қасиеті бар. Көпжасушалы организмдерде, жасушалар мен ұлпалардың мамандануының нәтжесінде, қоздыруға қозғалыстық реакциялармен жауап беруге қабілетті арнаулы жасушалар бөлініп шығады. Бұл жасушалар нерв жасушаларымен байланысты қалыптастырады.

    Көлденең жолақты бұлшықет талшықтары алғаш рет басаяқты моллюскаларда пайда болып, жануарлардың барлық кластрында тірек қозғалыс аппаратымен байланысқан соматикалық көлденең жолақты бұлшықеттерді және қан тамырлары мен ішкі мүшелердің бұлшықет қабығын құруға қатысатын висцеральды (жазық салалы) бұлшықеттерді бөлуге мүмкіндік берді. Осы бөлу принципі жоғарғы сатыда тұрған түрлерде де сақталады. Бұлшықет талшықтарының екі түрінің нервтенуі де ереке. Бұл байланыс бұлшықет элементтері жекелегенде бірден орнайды да, бұлшықет соңғы атққарушы мүше болып табылатын, функциональдық нерв – бұлшықет бірлестігі – нейротом түрінде сақталады. Нерв – бұлшықет байланыстарының арқасында жекелеген бұлшықеттердің орын ауыстыруы мен дамуын бақылауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Миология (myologia, грек, mys — ет, logos — ілім) — адам мен жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім.

 

                                                   Жалпы миология.

 

    Бұлшық еттер тірек қимыл аппаратының денені немесе жеке бір мүшелерді қимыл - қозғалыстарға келтіретін бөлігі. Бұлшық еттерге тән қасиеттер: жиырылғыштық, серпімділік, тітіркенгіштік, ширығушылық. Бұлшық еттердегі жиырылу процесін белокты жіпшелер миофибриллалар іс жүзіне асырады. 

 Бұлшық еттер жүйесі жекеленген бұлшық еттерден тұрады. Бұлшық ет құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады. Ол екі бөліктен, яғни паренхима мен стромадан құралған. Паренхима мүшенің негізгі қызмет атқаратын жұмысшы бөлігі. Демек, бұлшық еттің паренхимасын көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы құрайды. Строма паренхиманы біріктіріп, дәнекерлеп бір тұтас қомақты мүше ететін бұлшық еттің дәнекер ұлпалық бөлігі. Бұлшық еттің сыртқы дәнекер ұлпалық қабығын эпимизий деп атайды. Эпимизийден бұлшық еттің ішіне қарай тарап, ет талшықтары шоғырлар будаларын бір бірінен бөлетін борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтарды перимизий дейді. Перимизийлер арқылы бұлшық етті қоректендіретін қан мен лимфа тамырлары және оның қызметін реттейтін жүйкелер өтеді. Бұлшық ет шоғырлары будаларын құрайтын ет талшықтарының аралықтарындағы тым жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтарды эндомизий деп атайды. Сонымен бұлшық еттің стромасын эндомизий, перимизий, эпимизий бірігіп құрайды.

   Бұлшық еттер даму тегіне қарай: сомалық және висцеральдық болып екі топқа бөлінеді. Сомалық бұлшық еттер мезодерманың миотомынан, ал висцеральдық бұлшық еттер ұрықтың желбезек аппаратынан жетіледі.

 

   Бұлшықет — мүше ретінде.

   Бұлшықет көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бір-біріне параллелді жүретін бұл талшықтар борпылдақ дәнекер тін (endomysium) аркылы бірінші ретті шоғырға байланысады. Осындай бірнеше бірінiі шоғырлар бірігіп, екінші ретті шоғыр, және т.с.с. түзеді. Жалпы барлық ретті бұлшыкет шоғырлары бұлшықет қарыншасын түзе, дәнекертінді қабықпен — perimysium бірігеді. Бұлшықет будалары арасындағы, бұлшықет қарыншасы ұштарындағы дәнекер тінді қабатшалар бұлшықетінің сіңір бөлігіне айналады.

   Бұлшықет орталық нерв жүйесінен келетін импульстардың әсерінен жиырылатындықтан, әрбір бұлшықет онымен нервтер арқылы байланысқан: «бұлшықет сезімінің» өткізгіші (И. П. Павлов бойынша, қозғалыс анализаторы) болып табылатын афферентті нервтермен және оған нерв қозуын әкелетін эфферентті нервтермен байланысқан. Одан басқа, бұлшықеттерге симпатикалық нервтер келеді, солардың әсерінен тірі организмдердегі бұлшықет үнемі тонус деп аталатын біршама жиырылу күйінде болады. Бұлшықеттерде өте күшті зат алмасу жүреді, сонымен байланысты олар қан тамырлармен бай жабдықталған. Қан тамырлары бұлшықетке оның ішкі бетінен бұлшықет қақпалары деп аталатын бір немесе бірнеше пунктен өтеді. Бұлшықет қақпаларына қан тамырларымен бірге нервтер де еніп, олармен бірге бұлшықет қабатында оның шоғырларына сәйкестене (ұзына бойына және көлденең) тарамдалады.

    Бұлшықетте белсенді жиырылатын бөлігін — қарыншаны және пассивті, соның көмегімен сүйекке бекитін бөлігін — сіңірді ажыратады. Сіңір тығыз дәнекер тіннен тұрады және қызыл-қоңыр түсті бұлшықет қарыншасынан тым өзгеше келетін жылтыр ақшыл-алтын түсті Көбіне сіңірлер бұлшықеттін екі шетінде орналасады. Ол өте қысқа болса, бұлшықет сүйектен басталатын немссе оған тікелей қарыншасымен бекитін сияқты көрінеді. Зат алмасу аздау жүретін сіңір бұлшықет қарыншасына қарағанда қан тамырларымен кемдеу жабдықталады. Сөйтіп қаңқа бұлшықеті тек көлденең жолақты бұлшықет тінінен ғана емес, сонымен бірге дәнскер тіннің әр түрінеи (perimysium) (сіңір), нерв тінінен (бұлшықет нервтері), эндотелийден және бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан (қантамырлары) тұрады. Алайда көлденең салалы бұлшықет тіні басым келеді, оның қасиеті (жиырылғыштығы) бұлшықеттің жиырылу ағзасы ретіндегі қызметін анықтайды. Әрбір бұлшықет белгілі бір өзіне тән пішіні, құрылысы, қызметі, дамуы және организмдегі өзіндік жағдайы бар жеке ағза, яғни тұтас түзіліс болып табылады.

 

 

   Бұлшықеттердің жұмысы.

   Бұлшықет ұлпасының негізгі қасиеті, оның жұмысының негізіне жататын, жиырылғыштық болып табылады. Қозғалыс әр түрлі деңгейдегі организмдердің тіршілік әрекетінің негізі болып табылады.

   Күрделі қозғалыс процесіне тек бұлшықеттер ғана қатысып қоймайды, сондай-ақ адамның барлық мүшелері қатысады, әйтсе де қозғалысты тікелей орындаушы, сүйектермен, буындармен, нервтермен және тамырлармен байланысқан, бұлщықеттер болып табылады.

   Бұлшықеттері жұмысына негіз болатын бұлшықет тінінің негізгі қасиеті оның жиырылғыштығы болып табылады.

   Бұлшықет жиырылғыштығында қысқарып, бекіген екі нүкте өзара жақындайды. Бұл екі нүктеден жылжымалы беку пункті, punctum mobile қозғалмайтын нүктеге, punctum fixum, тартылып, нәтижесінде дененің сол бөлігі қозғалады.

   Осылай әрекет ете, бұлшықет белгілі бір күшпен тартады да, жүкті (мысалы, сүйек салмағын) қозғап, белгілі мөлшердегі механикалық жұмысты атқарады. Бұлшықетгің кіші оның құрамына кіретін бұлшықет талшықтарының санына байланысты және физиологиялык көлденеңі деп аталатынның ауданымен, яғни бұлшықеттің барлық талшықтары өтетін жердің кесіндісінің ауданымен анықталады. Жиырылу шамасы бұлшықеттің ұзындығына байланысты. Буындарда бұлшықеттердің әсерінен қозғалатын сүйектер механикалық тұрғыдан рычагтар, яғни ауырлықты қозғалтуға арналған карапайым машиналар түзетін сияқты.

   Бұлшықеттер тірек жерден неғұрлым алыстау бекісе, соғырлым пайдалы, өйткені рычаг иінінің ұзаруы арқасында олардың күші толығырақ пайдаланылады. Осы тұрғыдан П.Ф. Лесгафт тірек нүктесінен алыстау бекитін күшті бұлшықеттерді және оған жақын бекитін етті бұлшықеттерді ажыратады. Әрбір бұлшықеттің басталатын жері — origo, және бекитін жері — insetiro, болады. Дененің орта сызығы бойымен орналасқан омыртқа бағанасы бүкіл денеге тірек болатындықтан, бұлшықеттің әдетте қозғалмайтын нүктеге сәйкес келетін басталатын жері ортаңғы жазықтыққа жақындау, ал қол- аяқтарда тұлғаға жақын орналасқан; бұлшықеттің қозғалмайтын нүктеге сәйкес келетін бекитін жері ортаңғы сызықтан әрірек, ал қол-аяқтарда тұлғадан әрірек, дисталды жатады. Punctum fixum мен punctum mobile қозғалмалы нүкте бекітіліп, бекіген нүкте босатылған жағдайда бір-бірімен орын ауыстыра алады. Мысалы, тік тұрған кезде іштің тік бұлшықеттерінің қозғалмалы нүктесі оның жоғарғы шеті (тұлғаның жоғарғы бөлігін бүгу), ал қолмен көлденең жұмыр білекте (перекладинада) бүкіл дене асылып тұрғанда төменгі шеті қозғалмалы нүктесі болады (тұлғаның төменгі бөлігін бүгу). Қимыл екі қарама-қарсы бағытта жасалатындықтан (бүгу-жазу, қашықтату- жақындату, және т.б.), қайсыбір білік байланысындағы қозғалыс үшін қарама-қарсы жақтарда орналасқан ең кемі екі бұлшықет керек. Өзара қарама-қарсы бағытта қимылдайтын мұндай бұлшықеттер антагонистер деп аталады. Әрбір бүгілу кезінде бүккіш бұлшықет қана емес, міндетті түрде жазғыш бұлшықет те қимылдайды, ол біртіндеп бүккіш бұлшықетінің ыңғайына көшіп, оны тым қатты жиырылудан сақтайды. Сондықстан бұлшықеттердің антагонизмі (қарама — қарсылығы) қимылдың бірқалыпты және үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, әрбір қозғалыс антагонистер әрекетінің нәтижесі болып табылады.

   Антагонистерден өзгеше, теңдестірушілері бір бағытта өтетін бұлшықеттер агонистер немесе синергистер деп аталады Қозғалыс сипатына және оған қатысатын бұлшықеттердің функционалдық комбинациясына қарай, бір бұлшықеттің озі бірде антагонист, бірде сннергист ретінде қимылдауы мүмкін.

Бұлшықеттердің  нақты буынының айналу бідігіне анатомиялық  қатынасымен анықталатын олардың  қарапайым қызметінен басқа тірі организмде байқалатын бұлшықеттердің функционалдық күйінің өзгеріп отыратынын ескеру қажет. Ол өзгерістер дене мен оның бөліктерінің калпын сақтауга және қозғалыш аппаратына түсетін статикалық жүктеменің үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Сондықтан бір бұлшықеттің өзі дененің немесе қасына әрекет ететің дене бөлігінің қалпына және тиісті қозгалыс актісінің фазасына карай өз қызметін өзгертіп отырады. Мысалы, трапециятәрізіді бұлшықет қолды горнзонталды қалыптан жоғары көтергенде жоғарыжәне төменгі шеттерімен оған түрліше қатысады. Мәселен, қолды көтергенде трапеция тәрізді бұлшықеттің аталған екі бөлігі бұл қимылға белсене қатысады, содан кейін (120 – тан жоғары қарай көтергенде) оңын төменгі белсенділігі тоқталады да, ал жоғарғы бөлігінің белсенділігі қолды вертикалды қалыпқа көтергенше жалғаса береді. Қолды бүккенде, яғни оны алға қарай көтергенде, трапециятәрізді бұлшықеттің төменгі бөлігі онша белсенділік көрсетпейді, ал 120-тан жоғары көтергенде белсенділігі едәуір артады.

   Тірі организмнің жекелеген бұлшықеттерінің функционалдық күйі туралы мұндай тереңдеу және дәлдеу дерекгер электромиография әдісінін көмегімен алынады.

 

    Бұлшықеттердің таралу заңдылықтары.

    Дененің екі жақты симмметрия принципі бойынша құралуына сәйкес бұлшықеттер жұп болады немесе 2 симметриялық жартылардан тұрады  

Сегменттік құрылысты  тұлғадаа көпшілік бұлшықеттер сегментті  түрде орналасқан (қабырғааралық, омыртқалардың  қысқа ббұлшықеттері), немесе сегменттік іздері сақталған                                  

   Құрсақтың жалпақ  бұлшықеттеі қабырғаларының жойылып  кетуініің нәтижесіінде қабырғааралық  еттердің бірігуінен пайда болған.

   Бұлшықет тудыратын қозғалыс екі нүктенің арасындағы ең қысқа қашықтық болып саналатын түзудің бойымен іскее асатындықтан, бұлшықеттердің өздері де осы екі нүктенің арасында ең қысқа қашықтықтың бойында орналасады.    Сондықтан, бұлшықеттің бекитін нүктелерін, сондай-ақ бұлшықет жиырылғанда қозғалмалы нүкте қозғалыссыз нүктеге қарай тартылатынын біле отырып,, қай жаққа қарай қлзғалыс болатынын және бұлшықеттің қызметін күні бұрын айтып анықтауға болады.

    Бұлшықеттер бунды аттап өтіп, олардың айналу біліктеріне белгілі бір қатыста болады да, олардың қызметі қамтамасыз етілді.

 

    Бұлшықеттердің жіктелуі.

    Саңсыз көп бұлшықеттердің (олар 400-ге жуык) пішіні, құрылысы, қызметі және дамуы әр алуан болады. Пішіні жағынан бұлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп бөледі. Ұзын бұлшықеттер қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан көбіне қол-аяктарда кездеседі. Олар ұршық пішінді, сонымен бірге олардың ортаңғы бөлігі қарынша, venter, бұлшықеттің басталатын жеріне сәйкес келетін бір шеті — басы, caputі, ал екінші шеті — құйрық, cauda деп аталады.          Ұзын бұлшықеттердің сіңірі — tendo, жіңішке таспа тәрізді болып келеді.

    Ұзын бұлшықеттер түрлі сүйектерден бірнеше баспен (көпбасты) басталады, бұл олардың тірегін күшейтеді. Екібасты, biceps, ұшбасты, triceps және төртбасты, quadriceps, бұлшықеттер болады. Әр текті немесе бірнеше миотомдардан дамыған бұлшықеттер қосылып-тұтасқанда олардың арасында аралық сінірлі дәнекерлер, intersecciones tendineae қалады. Мұндай бұлшықеттердің (көпқарыншалы) екі (мысалы, m. digastricus) немесе одан көп (мысалы, m. Rectus abdominis) қарыншалары болады. Бұлшықетгер аяқталатын сіңірлердің саны да өзгеріп отырады. Мәселен, қол мен аяқтың бүккіш және жазғыш бұлшықеттерінде бірнешеден сіңір (4-ке дейін) болады, сол себепті бір бұлшықет қарыншасының жиырылуы бірден бірнеше саусаққа қозғалу эффектісін беріп, сол арқылы бұлшықеттер жұмысын үнемдеп жасауға қол жетеді.

    Жалпақ бұлшықеттер негізінен тұлғада орналасқан және оның жалпақ сіңір немесе апоневроз, aponeurosis, деп аталатын сіңірі болады.

Бұлшықеттердің  басқа пішінділері де болады: шаршы (m. quadratus), ұшбұрышты (m. triangularis), пирамидалық (m. pyramidalis), дөңгелек (жұмыр) (m. teres), дельтатәрізді (m. deltoideus), тісті (m. serratus), камбалатәрізді (m. soleus) және т.б.

    Талшықтардың атқаратын қызметіне байланысты бағыты бойынша талшықтары тік параллелді (m. rectus), қиғаш (m. obliquus), көлденең (m. transversus), дөңгелек (m. orbicularis) орналасқан бұлшықеттер болады. Соңғы бұлшыкеттер тесікті қоршап тұратын қысқыш немесе сфинктер тузеді. Егер қиғаш талшықтар сіңірге бір жағынан  байланысатын болса, онда бір қауырсынды бұлшықет тузіледі. Талшыктардың сіңірге ерекше қатынасы жартылай сіңірлі (m. semitendinosus) және жартылай жарғақты(m. semimembranosus) бұлшықеттер де байқалады.

    Бұлшықеттер қызметі жағынан бүккіштер (flexores), жазғыштар (extensores), әкелушілер (adductores) әкетушілер (abductores), айналдырушылар (ratatores), ішке (pronatores) және сыртқа қарай айналдырушылар (supinatores) деп бөлінеді.

    Бұлшықеттер буындарға (бір, екі немесе бірнешеу) қатынасы бойынша бір, екі немесе көпбуынды деп аталады. Ұзындау келетін көпбуынды бұлшықеттер бірбуынды бұлшықеттерге қарағанда беткей орналасады. Орналасу жағдайына қарай бұлшықеттер беткей және терең, сыртқы және ішкі, латералды және медиалды деп бөлінеді.

Информация о работе Жалпы миология