Жедел бронхит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 21:38, лекция

Описание работы

Этиологиясы. Бронхиттің негізгі себептері микробтар – пневмококктер, стрептококктер, стафиллококктер, вирустар т.б.Жедел бронхитке мұрын-көмей инфекциясымен (гайморит, ринит, тонзиллит)ауыратын адамдар бейім болады. Жедел бронхит механикалық және химиялық тітіркендіргіштердің (көмір, цемент, әктің шаңы, булар және дәрілер) әсерінен де пайда болады. Оның ішінде кәсіби факторлардың маңызы өте зор. Жедел бронхиттің дамуына организмнің бейімділігін тудыратын факторлардың (салқын тию, шаршау, темекі және ішімдік) да ролі үлкен.

Файлы: 1 файл

бронхит.doc

— 333.50 Кб (Скачать файл)

БРОНХИТТЕР

 

БРОНХИТ-  бронхтардың  жедел және созылмалы кабынуы.

                               

Жедел  бронхит

    Жедел бронхит-бронхтың кілегей қабығының жедел жайылма қабынуы (жедел эндобронхит), сирегірек жағдайда бронхтың басқа да қабықтарының қабынуы. Кейде бронх қабығы түгел қабынады.(пан-бронхит).

Жедел бронхиолит-диаметрі 2мм аспайтын ұсақ брохтардың қабынуы.

Этиологиясы. Бронхиттің негізгі себептері микробтар – пневмококктер, стрептококктер, стафиллококктер, вирустар т.б.Жедел бронхитке мұрын-көмей инфекциясымен (гайморит, ринит, тонзиллит)ауыратын адамдар бейім болады. Жедел бронхит механикалық және химиялық  тітіркендіргіштердің (көмір, цемент, әктің шаңы, булар және дәрілер) әсерінен де пайда болады. Оның ішінде кәсіби факторлардың маңызы өте зор. Жедел бронхиттің дамуына организмнің бейімділігін тудыратын факторлардың (салқын тию, шаршау, темекі және ішімдік) да ролі үлкен.

Патогенезі (басты механизмдері)

  1. Тыныс жолдарындағы мукоцилиарлық тасымалдың бұзылуы.
  2. Бронх секретініңт өзгеруі.
  3. Тыныс жолдарының сүзгі, қызуды реттеу және ауаны ылғалдандыру функцияларының бұзылуы.
  4. Тамырлар өзгерісі (микроциркуляцияның бұзылуы). Нервті трофикалық және функционалдық өзгерістер.

Клиникасы басты синдромдар).

  1. Жалпы қабыну синдромы: құрғақ жөтел, қақырықты жөтел, кеуденің ауруы, везикула тынысының күшеюі, құрғақ сырылдар, ЭТЖ шамалы өсуі, орташа дәрежелі лейкоцитоз, С-реактивті белок, сиал қышқылдары мен альфа -2- глобулиндердің көбеюі, рентгенограм мада өкпе суретінің күшеюі.
  2. Улану синдромы: қызба, қалтырап тоңу, бас ауруы, делсалдық, әлсіздік,

дененің сырқырап ауруы.

  1. Бронх бітелуі (обструкциясы) синдромы: құрғақ жөтел, экспиратолық демікпе, кейде тұншығу, көбіне демді сыртқа шығарғанда естілетін жайылма құрғақ сырылдар.
  2. Тыныс жетіспеушілігі синдромы: әр дәрежелі демікпе, орташа дәрежелі тахикардия, сыртқы тыныс функциясы көрсеткіштерінің өзгеруі.

Асқынулары

  1. Бронхопневмония
  2. Жедел тыныс жетіспеушілігі (төменгі бронхит пен бронхиолитте)
  3. Созылмалы бронхитқа айналуы (сирек кездеседі)

Емі

Катаральдық бронхитте: ацетилсалицил қышқылы (тамақтан кейін 0,5 күнге 3 рет), индометации не метиндол беруге болады (тамақтан кейін 0,025 күнге 3) аскорбин қышқылы (тәулігіне 0,3-0,5 рет), витамин А (ретинол 1-2 дражеде      күніне 2-3 рет). Сұйықтығы көп ішу (лимонмен, таңқурай қайнатпасымен шай ішу).

Бактериялық инфекция қосылған жағдайда (іріңді қақырық), антибактериялық дәрілер беріледі: эритромицин (тәулігіне 0,5тен 4 рет), ампицилин (0,5тен 4 рет) 5-7 күн бойында, муколитиктер. Обструктивті белгілері болса 2,4% эуфилиннің 5-10мл венаға егеді

Қыша қағаз,оңқа салу.

 

Созылмалы бронхит

Созылмалы бронхит (СБ)- бронхтың кілегей қабығының қабынуынан басталып, бронх қабырғасының склерозымен аяқталатын бронх тарамдарының жайылма және үдемелі зақымдануы.

СБ этиологиясы

  1. экзогендік себептер (темекі тарту, ауаның ластануы, кәсіби қызметінің жағымсыз жағдайлары, инфекция-бактерия, вирус, аралас себептері).
  2. Эндогендік себептер (мұрын-жұтқыншақ қайталама қабынулары, созылмалы инфекция көзі болу, зат алмасудың бұзылуы, тұқым қуалайтын бейімділік-ферменттер жетіспеушілігі, аллергияға бейімділік).

Патогенезі (басты механизмдері)

    1. Жағымсыз метеорологиялық, химиялық және табиғи себептер.
    2. Тұқым қуатын бейімділік.
    3. Басқа да эндогендік себептер
    4. Инфекция.
    5. Бронх бездері бокал тәрізді клеткаларының гиперплазиясы
    6. Кілегейді көп өндіру және оның қасиеттерінің өзгеруі.
    7. Кілегей қабықтың қабынуы, оның эпителийінің метаплазия және атрофия болуы.
    8. Бронхтың өткізгіш және тазару функцияларының бұзылуы.

 

       Патанатомиясы.   Бронхтың  кілегей  қабығы  қызарып, онда гипертрофиялық  процесстер  дамиды.  Дерт үдей  келе  гипертрофиялық  процесс атрофиялық  процеске  ауысады  және  бронх  қабырғасында  дәнекер  ткані  өсе  бастайды. Бронх  қабырғасының  жұқарған  жерлерінде  бронх  кеңіп, бронхоэктаздар  пайда  болады. Бронх  қабырғасында  дәнекер  тканінің  өсуі  және  қабыну  процесінің бронхтың сыртына және бронхтың  айналасына  қарай  ығысуы пневмосклероз  дамуына  жағдай  туғызады.Бронх  қабырғасында  тыртықтар  пайда  болып, бронх  деформацияға  ұшырайды. Бұл  өзгерістер өкпе  эмфиземасын  тудырады. Қабынудың өкпе  тканіне  тарауы  созылмалы  пневмония  дамуына  себеп  болады.            

  Клиникасы.  Клиникалық  тұрғыдан  созылмалы  бронхиттің  екі  түрі  болады; катаральді (қарапайым) бронхит  және  іріңді бронхит.Функциялық  тұрғыдан  қарағанда  бұл  бронхиттің  әрқайсысы  обструктивті  не  обструктивсіз  болып екіге  бөлінеді. Катаральді  бронхитта  ауру  кілегей  қақырық  тастайды. Іріңді  бронхитте  ауру  іріңді қақырық  түкіреді.

      Созылмалы  обструктивті  бронхиттің клиникасында  бронх  өзегі  өткізгіштігінің  бұзылу  белгілері  басым  болады. Қақырықты  жөтелмен  қатар  экспираторлы  демікпе  байқалады. Кеуденің  ілгері-кейінгі мөлшері  кеңіген,

перкуссияда өкпе  дыбысында  дабыл  дыбысының  реңі  естіледі. Тыңдағанда – везикула  тынысының  сыртқа  шығару  компоненті ұзарған. Сырыл құрғақ та, ылғалды да болады. Көбінесе  тынысты  сыртқа  шығару  кезінде  құрғақ  сырыл естіледі.

          Cыртқы  тыныс функциясын  тексергенде,  бронх  өзегі  өткізгіштігін сипаттайтын  көрсеткіштер  /Тиффио-Вотчал  индексі, пневмотахометрия  көрсеткіштері/ төмендеген  болады.

          Созылмалы  бронхит  клиникасында  оның  асқынуларының  белгілері  басым  болады. 

          Созылмалы  бронхитте  болатын  асқынулар;

    1. Бронхоэктазия  ауруы
    2. Пневмосклероз
    3. Өкпе  эмфиземасы
    4. Созылмалы  пневмония
    5. Өкпе-жүрек  әлсіздігі

 

           Емдеу  принциптері:

  1. Қабыну  процестерін  емдеу ( антибиотиктер,сульфаниламидтер)
  2. Бронх  өзегі  өткізгіштігін  кеңейту (бронхолитиктер)  және  қақырық  жүргізу.
  3. Физиотерапевтік  емдер  қолдану.
  4. Созылмалы  бронхиттің  асқынуларын  емдеу.

 

 

 

 

Бронхоэктаз   ауруы

     Дертті  түрде  кеңіген  бронхтың  (бронхоэктаздың)  қабынуын  бронхоэктазия  ауруы  деп  атайды.

Этиологиясы   және  патогенезі.  Бронхоэктазия  ауруы  екінші  ретте  дамитын  ауру. Оның  негізгі  себептері  созылмалы  бронхит,созылмалы  пневмония, өкпе  туберкулезі және  өкпе  абсцессі.

Бронхтардың  патологиялық  кеңуі  төмендегі  факторлардың  әсерінен  болады:

  1. Іштен  туа болатын  бронх  қабырғасының  әлсіздігі.
  2. Трофикасы  нашарлаған  бронх  қабырғасы  бұлшық  еттерінің  семіп, дәнекер  тканімен  ауысуы.
  3. Бронх  қабырғасың  ісінуі, бронхтың  деформациялануы  және  оның түйілуі  нәтижесінде  оның өткізгіштігіне  қарсы кедергінің  өсуі.
  4. Жөтел  кезінде  бронх  іші  қысымының  көтерілуі. Бұл  факторлардың  құрама  әсері  бара-бара  бронх қабырғасының  кеңіп, бронхоэктазия  қалыптасуына  әкеліп  соқтырады. Бронхоэктазияға  қабынудың  қосылуы  бронхоэктазия  ауруын  тудырады.

Клиникасы. Негізгі  шағымдар:  жөтел, іріңді  не  кілегей- іріңді, кейде  қан  аралас  қақырық  түкіру, қызу  көтерілуі  және  демікпе. Қақырықты  ауру  адам “аузын  толтырып” түкіреді. Қақырық  көбіне  ертеңгі  мезгілде  бөлінеді (“бронхтың  ертеңгі тазаруы”). Себебі  түнде  аурудың  тыныш күйінде  кеңіген  қуыстарға  жиналған  қақырық,  таңертең  ауру  қимылдай  бастағанда, ол да  қозғалып, бронх  қабырғасындағы  нерв талшықтарын қоздырып,  жөтел тудырады. Жөтел  мен  қақырық  түкіру ауру  адамның   төсектегі  белгілі  бір  қалпында күшейіп отырады. Кеңіген бронхтың дренаж функциясын  жақсартатын  аурудың  төсектегі  қалпы  жөтел  мен  қақырық бөлінуді  де күшейтеді. Бронхоэктаздар  оң  жақ өкпеде  болса, қақырық бөліну  мен  жөтел  ауру адам сол жақ бүйірге жатқанда күшейеді. Бронх қабырғасының  жаралануы  және бронх қабырғасы тамырларының  зақымдануы  қан  түкірудің  себебі  болады. Өкпе тканінің белгілі бір көлемінің тыныс алу процесіне қатыспауы демікпе туғызады. Кейінірек тыныс функциясының бұзылуына  жүрек  әлсіздігі  қосылады.

Емдеу принциптері:

 1.Қабыну  процесін емдеу (антибиотиктер, сульфаниламидтер),

2.Бронхтың дренажды функциясын  жақсарту (позициялық дренаж, бронхоли тиктер, қақырық  жүргізетін  дәрілер) ,

3.Жүрек әлсіздігі қосылса, оны емдеу, операция жолымен емдеу (бронхоэктаз  өкпенің бір бөлігінің бойында болса).

 

 


Информация о работе Жедел бронхит