Ашық тұқымды өсімдіктердің биологиялық маңызы және практикалық маңызы,сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:11, реферат

Описание работы

Ашық тұқымдылар , жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан.

Файлы: 1 файл

Ашық тұқымды өсімдіктердің биологиялық маңызы және практикалық маңызы.doc

— 489.00 Кб (Скачать файл)

Қылқанжапырақтылардың  iшiнде кiшiлеу  ағаштар немесе бұталар болады. Оларға кәдiмгi аршаны жатқыза аламыз. Оның жапырақтары ине тәрiздi, тiкенектi. Бүрлерi жасыл түстi, сыртын балауыз басқан, шырынды жемiске ұқсайды. Ашық тұқымдылардың iшiнде шөптесiн өсiмдiктер жоқ.

Көбеюi. Ашық тұқымдыларда қарақайдың көбеюiн қарастырамыз. Қарағай  барлық ашық тұқымдылар  секiлдi тұқымы арқылы көбейедi. Қарағайдың ашылған аналық бүрiнiң  қабыршақтарының қолтығында екiден тұқым орналасады. Және олар ашық жатады. Соған байланысты қарағайды және басқа да қылқан жапырақтыларды ашық тұқымды өсiмдiктерге жатқызады.

Қарағайдың  тұқымы қалай пайда болатынын қарастырайық.

Көктемде қарғайдың  жас бұтақтарында екi түрлi : аталық және аналық бүрлер пайда болады. Аталық бүрлер сарғылт жасыл түстi болады, және жас өркендерiнiң түп жағына тығыз топтасып орналасады. Аналық бүрлер қызғылттау түстi болады және жалғыздан  орналасады.

 

Аталық бүр  өстен және оған тығыз орналасқан қабыршақтардан тұрады. Осы қабыршақтардың қолтықтарында екiден тозаң қабы орналасады. Тозаң қабының iшiнде  көптеген екi клеткалы тозаңдар жетiледi. Әрбiр тозаңның екiден ауа қуысы  болады. Мұндай тозаңдарды жел аналық бүрдiң тұқым бүршiгiне оңай жеткiзедi. Аналық бүрлерi де сол ағашта дамиды. Олар жас бұтақтардың жоғары ұштарында бiреуден орналасады. Аналық бүрде екi түрлi қабыршақ болады. Сыртқы жабындық қабыршақтар, астында тұқымдық қабыршақтар орналасады. Осы тұқымдық қабыршақатардың қолтығында екiден тұқымбүршiгi пайда болады.

Аталық бүрде  пiсiп жетiлген тозаңдар, тозаңқаптың  қабықшасы жыртылуының нәтижесiнде  сыртқа шашылады. Оларды жел алып кетедi. Тозаңдануын тұқымбүршiгiнiң саңылауына келiп түскен тозаң жүзеге асырады. Тұқымбүрi  тозаңданғаннан кейiн аналық бүрдiң қабыршақтары  бiрiгiп, шайырмен желiмделiнедi. Тозаңдарда аталық, ал тұқымбүршiктерiнде аналық жыныс клеткалары жетiледi. Ұрықтану тұқымбұршiктерiнде жүзеге асады. Ұрықтанған аналық жыныс кеткаларынан ұрық, ал тұқымбүршiгiнен тұқым пайда болады. Осыдан кейiн аналық бүрдiң көлемi ұлғайып қайтадан сүректенедi.  Алғашқы кездерде аналық бүрлердiң түсi жасыл болады, кейiнiрек қоңырқай тартады. Қарағайдың тұқымдары тозаңданған уақыттан бiр жарым жыл өткен соң пiсiп жетiледi. Бiрақ бүрден екi жылдан кейiн шашылады. Ашық тұқымдылардың тұқымдарында артық қор заттарын жинайтын ұлпа болады. Ол ұрықты қоршап тұрады.

Қарағай тұқымының жұқа жарғақ қанатшалары болады, солар арқылы олар желмен таралады. Бiрақ кейбiр қарағай тұқымдарында қанатшалар кездеспейдi. Сiбiр қарағайының (самырсын қарағайының) тұқымын самырсын жаңғақшасы деп атайды.

Кәдiмгi қарағайдың бүрiнiң мөлшерi онша үлкен болмайды, оның ұзындығы 4-5 сантиметрден аспайды. Шыршаның бүрi үлкен болады және оның ұзындығы 4-5 сантиметрден аспайды. Шыршаның бүрi үлкен болады және оның ұзындығы 10-15 сантиметрге жетедi. Шыршаның тұқымбүршiгiндегi тұқымдары шашылып жел арқылы оңай таралады. Келешегiнде осы тұқымдардан жас қарағай өсiмдiгi пайда болады.

Ашық тұқымдылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы

 Ашық тұқымды өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олар фотоситез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi, және ауаға оттек бөлiп шығарады.

Орман ағаштары кесiлген және өрт шалған жерлерде алдымен күй таңдамйтын қарағай пайда болады. Қарағайлар сусымалы құмдарға өсiп, олардың одан әрi жылжуын тоқтатады.. Қарағайдың тамырлары құмды бекiтедi, жерге түскен қылқандары құмның бетiнде топырақ түзiлу процесiн жеделдетедi. Қарағайлар ауаға ерекше заттар бөлiп шығарады. Олар ормандағы ғана емес, сол төңiректегi зиянкес бактериялардың көбеюiн тежейдi. Қылқанжапырақты ормандар, қардың еруiн баяулатады, мұның өзi топырқтағы ылғалдың артуына мүмкiндiк бередi.

Қарағай мен шыршаны құрлыс материалдары ретiнде кеңiнен пайдаланылады. Қарағай сүрегiн химиялық жолмен өңдеу негiзiнде жiбек жiптерге ұқсас жасанды талшық алынады. Шырша сүрегiнен қағаз алынады. Қарағайды, шыршаны, балқарағайды әртүрлi үй жиһаздарын жасауға пайдаланады.  Балқарағай  сүрегi басқа қалқанжапырақтылардың сүрегiнен әлде қайда қатты және суда шiрiмейдi. Соған байланысты оны кемелер жасауға, шпал жасауға, шахталарда тiреу ретiнде қолданады. Сонымен бiрге осы ағаштардың барлығын парктерде, скверлерде, ботаникалық бақтарда сәндiк өсiмдiктер  ретiнде  өсiредi. Сiбiр қарағайының жаңғақшасынан сапасы жоғары тамаққа пайдалалатын май алынады. Сәндiк өсiмдiктер ретiнде аршаның бiрқатар түрлерi мәденилендiрiлген. Ашық тұқымдыларға жататын өсiмдiктердiң барлығы отын ретiнде кеңiнен пайдаланылады.

Қылқан жапырақтылар— сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар: қарағай тұқымдасы— қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай және кипарис тұқымдасы— арша, кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп қалатын балқарағайдан басқасы) өсімдіктер. Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп-өседі. Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті не қабыршақты болып біткен, сағақсыз, өркендері қысқа, шоқтанып орналасқан. Мамыр—шілдеде гүлдеп, шілде—тамызда жеміс береді. Қылқан жапырақтардың сүрегінен құрылыс материалдары жасалады, қағаз жасайтын үгінді, канифоль, скипидар.[1]

Қарағай – еліміздің  таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бонсай жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады. Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.

Күтімі

Жас көшетін  ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа  отырғызу керек. Жыл сайын көктемде қалқанжапырақты ағаштарға арналған минералды заттармен қоректендірген жөн. Қоректік заттары жеткілікті қарағай  қылқанының түсі қанық болады. Кейбір жұмсақ қылқанды түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді.

Қарағай (лат. Pіnus) — қарағайлар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш, кейде бұта.

Сипаттамасы

Бұл ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі мықты, бұтақ  шоғыры дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті, бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (инесі) 2 – 5-тен шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2 – 3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді. Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2 – 3-тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі. Тұқымы – қара, не сұр түсті; қанатты кейде қанатсыз болады. Қарағай ағашы 300 – 500 жыл жасайды.

Еуразияның қоңыржай және субтропиктік аймақтары мен Солтүстік Америкада өсетін 100-ге жуық түрі белгілі.

Емдік қасиеті

Қарағайдан  жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр  алуға болады. Қарағай – дәрілік  ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор.

Қазақстанда

Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі Қарағай (P. sіlvestrіs) және самырсын Қарағайы (P. sіbіrіca) бар. Бұлар республиканың солтүстік-шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Қазақстанда ботан. бақтарда Қарағайдың: сары Қарағай, тау Қарағайы, Веймутов Қарағайы түрлері қолдан өсіріледі.

Қызықты дерек

Балқарағай (лат. Lárix) — қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар. Оның биіктігі 30 м-дей, діңінің диаметрі 175 см-ге жетеді. Ине тәрізді жіңішке, жұмсақ қылқан жапырақтарының ұзындығы 3–4 см, ені 1–1,5 мм, қыста түсіп қалады. Сібір Балқарағайы — қос жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық бүрі сопақша шар тәрізді, ақшыл, сары түсті. Ол жапырақсыз қысқа өркенде өніп, жетіледі. Аналық бүрі ұзынша қызыл, қызғылт, жасыл түсті, негізгі діңінде пайда болады. Жел арқылы тозаңданады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйекте жемісі бүрімен қатар піседі. Дәні сарғыштау, күңгірт жолақты болады. 15–20 жылдан кейін жеміс бере бастайды, 300–500 жыл жасайды. Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.[1]

Біржылдық қылқандары жұмсақ, нәзік болады. Кәдімгі шырша, қарағай секілді биік болып өседі. Табиғатта 80 метрлік алып балқарағайларды да кездестіруге болады. Тамыры тереңге бойлап жайылады. Сондықтан да оны сел, көшкін жүретін маңдарға еккен абзал. Қылқандарын түріне қарай әр мезгілде түсіреді. Сібірлік балқарағай қылқанын қазан айының екінші жартысында түсірсе, американдық балқарағай қараша айында түсіреді. Балқарағай ерте көктемде, қылқаны шыққан уақытта гүлдейді. Гүлі деп қызыл, сары түсті әдемі бүрлерін айтады.

Балқарағай  екі үйлі өсімдік болып саналады. Аталығының бүрі - дөңгелек қоңыр түсті  болса, аналығы - қызыл, күлгін, сары түсті. Ол тез өсетін және ұзақ өмір сүретін  ағаштар қатарына жатады. Туысында 20-ға жуық түрі бар. Оның ішінде еуропалық балқарағай суыққа шыдамсыз болып келеді. Ал, елімізде көбінесе сібірлік балқарағайлар өсіріледі. Олар көктемгі үсікке, қысқы суыққа өте төзімді. Балқарағайдың барлық түрлерінің (еуропалық, жапондық және т.б) бұтақтары төменге салбырап өседі. Арнайы жалғанбалы түрлері де бар. Бірақ, жалғанбалы түрлері суыққа шыдамсыз.[2]

Қолданылуы

Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.[2]

Күтімі

Балқарағай  — жарықты сүйетін ағаш. Отырғызылатын  жері көлемді, әрі кең болуы қажет. Жаз кезінде мол суғаруды қажет  етеді.[2]

Көбейтілуі

Тұқымын себу және қалемшелеу арқылы көбейтеді.[2]

Қарағай мен  шыршаны құрлыс материалдары ретiнде кеңiнен пайдаланылады. Қарағай сүрегiн химиялық жолмен өңдеу негiзiнде жiбек жiптерге ұқсас жасанды талшық алынады. Шырша сүрегiнен қағаз алынады. Қарағайды, шыршаны, балқарағайды әртүрлi үй жиһаздарын жасауға пайдаланады.  Балқарағай  сүрегi басқа қалқанжапырақтылардың сүрегiнен әлде қайда қатты және суда шiрiмейдi. Соған байланысты оны кемелер жасауға, шпал жасауға, шахталарда тiреу ретiнде қолданады. Сонымен бiрге осы ағаштардың барлығын парктерде, скверлерде, ботаникалық бақтарда сәндiк өсiмдiктер  ретiнде  өсiредi. Сiбiр қарағайының жаңғақшасынан сапасы жоғары тамаққа пайдалалатын май алынады. Сәндiк өсiмдiктер ретiнде аршаның бiрқатар түрлерi мәденилендiрiлген. Ашық тұқымдыларға жататын өсiмдiктердiң барлығы отын ретiнде кеңiнен пайдаланылады. Ашықтұқымдылар


Уикипедия —  ашық энциклопедиясынан алынған  мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Araucaria brasiliana (= Araucaria angustifolia) Picea excelsa (= Picea abies) Abies bracteata Chamaecyparis obtusa Thujopsis dolabrata Juniperus communis Libocedrus decurrens (= Calocedrus decurrens) Phyllocladus rhomboidalis (= Phyllocladus aspleniifolius Ginkgo biloba Sequoya gigantea (= Sequoiadendron giganteum) Cupressus sempervirens Taxodium distichum Pinus serotina

Ашықтұқымдылар (Gymnospermae) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ірі тобының бірі. Мұның тұқымы мен тұқым бүрі — жабықтұқымдылардікі сияқты емес, олар аналыкпен жабылмай, жеміс жапырақшасында ашық жатады. Бұларда гүлсеріктері, (гүлқоршаулары) болмайды.

 

Қарағай

Уикипедия —  ашық энциклопедиясынан алынған  мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Қарағай

Солтүстік Корея

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Өсімдіктер

Бөлімі:

Pinophyta

Табы:

Pinopsida

Сабы:

Pinales

Тұқымдасы:

Қарағайлар  тұқымдасы

Тегі:

Pinus



Өсімдік туралы

Қарағай – еліміздің  таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бонсай жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады. Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.

Күтімі

Жас көшетін  ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа  отырғызу керек. Жыл сайын көктемде қалқанжапырақты ағаштарға арналған минералды заттармен қоректендірген жөн. Қоректік заттары жеткілікті қарағай қылқанының түсі қанық болады. Кейбір жұмсақ қылқанды түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді.

Информация о работе Ашық тұқымды өсімдіктердің биологиялық маңызы және практикалық маңызы,сипаттамасы