Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 23:27, реферат
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты ірі шаруашылықтардың ұсақталып, кіші фермерлік шаруашылықтардың пайда болуы , арнайы агрономдық білімі бар мамандардың жетіспеуі, керекті техникаға қол жеткізе алмау өсімдік қорғау саласындағы жұмыстардың сапасын күрт төмендетіп жіберді. Егістікте фитосанитарлық жағдай нашарлады, егін өнімі зиянды ағзалардың әсерінен тоқырап қалды. Әсіресе, жеке ұсақ фермерлердің егістерін арамшөптер басты.
Қазақстанда агроценоз саласында бес жүзге жуық арамшөптердің түрі бар. Олардың ішінде 20-30 түрі екпе дақылдарда кездеседі. Сапалы, мол өнім алу үшін арамшөптермен күрес алғашқы орында тұруы керек. Егер бұл іске селсоқ қарайтын болсақ, топырақтың құнарлығы азаяды да , егістіктегі әртүрлі екпе дақылдардың өнімі мен сапасы төмендейді.
б) Жоғарғы қабаттағы арамшөптер екпе өсімдіктерді көлеңкелеп, олардың органикалықзаттар құрауын төмендетеді. Арамшөптер топырақ температурасын 1-4С төмендетіп, арпа мен картоп егісінің жарықтануын тиісінше 17,7 және 23,6 % нашарлатады.
в) Шырмалып өсетін арамшөптер (далалық шырмауық, шырмауық таран) екпе өсімдіктердің қатып қалуына әкеліп соғады. Бұл егінді жинауды қиындатып, өнімнің көп шығынына жол береді.
г) Арамшөптер кейбір ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарының мекендейтін орны болып табылады. Мысалы, жатаған бидайық линиялық тот ауруы мен сымқұрттың таралуына мүмкіншілік жасайды. Күнбағыс сұнғыласы ащы жусанда паразиттік өмір сүреді.
ғ) Паразитті арамшөптер екпе өсімдіктерлің фотосинтез өнімдерін пайдалана отырып, оларды әлсіретеді және өлтіреді. Мысалы, сұнғыла күнбағыста, дала арамсояуы көкөніс дақылдарында, картоп егістіктерінде паразиттік өмір сүреді. Арамсояумен зақымдалған егістіктердегі жоңышқа шөбінің өнімі 20-30%, қант қызылшасының тамырларының өнімі 14-18% , ал көкөніс дақылдарының өнімі 30-50% төмендейді.
д) Арамшөптер ауыл шаруашылығының кейбір жұмыстарын жүргізуді қиындатады. Танаптардың атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптермен ластануы қосымша топырақ өңдеуді керек етеді. Топырақ өңдейтін құралдарға түсетін кедергіні 30% дейін арттырады. Дәрілік түйежоңышқа , қызғылт қалуен және тағы басқа арамшөптердің қатайып кеткен сабақтары комбайндардың бөліктерін сындырады. Олардың өнімділігін төмендетіп, жұмыс сапасын нашарлатады.
е) Кейбір арамшөптердің жемістері мен тұқымдары өнімнің сапасын төмендетеді. Ащы жусан астыққа жағымсыз иіс берсе, қара меңдуана араласқан дән улы болады. Ошаған, кәдімгі кәріқыз қойлардың жүніне жабысып ластайды. Ащы жусан сүтке ащы дәм береді.
ж) Арамшөптердің тамырынан бөлінген заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы, ересек итқонақтың тамырынан бөлінген заттар жүгерінің биіктігін кемітіп, массасын төмендетеді. Татар ақсүттігенінің тамырынан бөлінген заттар жаздық бидай тұқымының өнгіштігін азайтады. Жатаған бидайықтың тамырсабақтарында да осындай қасиет болады.
з) Кейбір арамшөптердің гүл тозаңдары адамдардың аллергия ауруын қоздырады. Мысалы, ащы жусан мен жусан жапырақтары , ойраншөптің тозаңдары безгек ауруын қоздырады.
и) Арамшөптермен күрес елеулі шығын шығаруды талап етеді.Оған алынбаған өнімнің құны , агротехникалық және химиялық күрес шараларына жұмсалған қаржы, астықты тазартудың, әсіресе, тұқымды тазартудың бағасы тағы басқалары жатады.
Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Көптеген арамшөптер
түрлерінің тіршілік етуіне
Арамшөптердің тұқымдары бірден қаулап өнбейді. Бұл олардың табиғи және мәжбүр болған тыныштық кезеңдерінің болуымен байланысты. Мәжбүр болған тыныштық кезеңі тұқымдардың өнуіне керекті факторлардың жеткілісіз болуымен байланысты. Терң тыныштық кезеңдері тұқымның өнуіне керекті жағдайлардың бәрі жеткілікті болғанның өзінде де байқалады. Мысалы, қара сұлының шашақ басының жетілуі жоғарыдан төмен қарай жүреді. Алғашқыда жоғарыдағы, ең соңынан төмендегі масақшалары піседі. Төменгі масақшаларындағы ірі дәншіктердің терең тыныштық кезеңдері 2,5 айда аяқталса, орташаларынікі 6 айда, ал жоғарыдағы масақшалардағы 2 жылға созылады. Сондықтан қара сұлының жоғарғы дәншіктері түрдің сақталуы үшін өзіндік резерв «сақтандыру қоры» болып табылады. Ұсақ және орташа дәншіктері егінді жинағанға дейін пісіп, төгіледі де, егістікті ластаса, ірілері тұқымдық жадығатты ластайды.
Кейбір армшөптердің тұқымдары топырақта бірнеше жыл қатса да өздерінің өнгіштігін сақтайды. Мысалы, қара сұлының , ақ алабұтаның, далалық ярутканың, үлкен бақа жапырақтың тұқымдары өнгіштігін 5-7 жылға дейін сақтаса, кәдімгі жұмыршақтың, дымқыл жұлдызшөптің, дәрілік түйежоңышқаның тұқымдары 30 жылға дейін , далалық шырмауықтікі , бұйра қымыздықтікі 50 жылға дейін сақтайды.
Арамшөптердің тұқымдары
біраз уақытқа дейін көңде,
сүрлемде және суда да
Көптеген арамшөптердің
тұқымдарының сол аймаққа
Көпжылдық арамшөптер
атпатамырлары, тамырсабақтары
Кейбір арамшөптер
өздерінің биологиялық,
Даристер 10бет