Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 12:11, реферат
Пайдалы қазбалар алынған жердің кадастры - бұл пайдалы қазбалардың барлық түрінің пайда болуы мен шығу орны жағдайындағы мәліметтердің жүйелі саласы. Сонымен қатар мұнда түрлі пайдалы қазба байлықтарының құрылымы және геофизикалық аномалиялары жайында да айтылады.
Пайдалы қазбалардың айқындалуы мен шығу орнының мемлекеттік кадастры - бұл ҚР жерінде табылған пайдалы қазбалардың айқындалуы және шығу жерінің мемлекеттік санағының формасы. Мұнда құрамында гидрогеологиялық және экологиялық компоненттері бар пайдалы қазбалардың сандық және сапалық қасиеттері жөніндегі мәселелер қарастырылады.
Лекция 14 Тақырыбы: Пайдалы қазбалар алынған жердің кадастры.
Пайдалы қазбалар алынған жердің кадастры - бұл пайдалы қазбалардың барлық түрінің пайда болуы мен шығу орны жағдайындағы мәліметтердің жүйелі саласы. Сонымен қатар мұнда түрлі пайдалы қазба байлықтарының құрылымы және геофизикалық аномалиялары жайында да айтылады.
Пайдалы қазбалардың айқындалуы мен шығу орнының мемлекеттік кадастры - бұл ҚР жерінде табылған пайдалы қазбалардың айқындалуы және шығу жерінің мемлекеттік санағының формасы. Мұнда құрамында гидрогеологиялық және экологиялық компоненттері бар пайдалы қазбалардың сандық және сапалық қасиеттері жөніндегі мәселелер қарастырылады.
Пайдалы қазбалардың
айқындалуы мен табылған
Кадастрларды құру
және толықтырудағы
Мұндай кадастрларды өңдеу мен енгізу - ресурс сақтау технологиялары және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану проблемаларын шешуде база құруға мүмкіндік береді.
Соңғы кездері өндіріс қалдықтарын құрамына және улылық деңгейіне қарай болу қажеттілігі туындады. Қоршаған ортаны ластауды тіркеуші ксенобиотик мәселелері де талқылануда. Мұнда қалдықтар реестрін (кадастр) құру мәселелері көтеріледі. Тіркеу объекті - барлық қауіпті және қаупі болуы мүмкін заттар болуы қажет. Бұ заттар ҚР аумағында өндірілуі, сонымен қатар шетелден әкелінген де болуы мүмкін.
Темір, жез, күміс рудаларының саны бойынша ҚР ТМД -да бірінші орында. Орталық Қазақстан, Жоңғар Алатауында, Алтайда - полиметалл рудаларының шығу орындарында ертеде б.э.д 700-1500 ж.ж жүргізілген металл өндіру жұмыстарынан қалған іздері әлі де бар. Революцияға дейінгі кезеңде табылған пайдалы қазбалар орыс және шетел капиталистерінің қолына түсіп аяусыз жұмсалды. Қазақстан және Ресей архивінің материалына сүйенсек, (И.Т.Тажиков, П.Н. Крупко,1956), 1910 ж австриялық князь Турн-и-Таксис пен доктор Жанэ патша өкіметінен Алтайдағы Зыряновск, Путинцевское, Москвинское сияқты кен орындарын әрқайсысына 40 тиыннан 2 рубльге дейін төлеп сатып алған. 1859 жылы орыс саудагерлері Ушаков пен Рязанов Қарағандыны байлардан 250 рубльге сатып алған.
Ал , ағылшын капиталисті Лесли Уркварт Романовтар әулетінің князьдерінің біріне 500 мың рубль пара беру арқылы Алтайдағы алтын мен күміске бай - Риддерді алған. Англия, Франция, Америка, Германия, Швеция, Австрия және т.б елдерден келген капиталисттер Қазақстанның байлығын аяусыз өндіріп, үстінен өте көп пайда көрді.
Кеңес дәуірінде әлемдік маңызы бар жаңа кен орындары ашылды. Олар: Соколов-Сарыбай темір -кен орны, Жезқазған және Қоңырат мыс өндіріс орны, Қаратау фосфориті және де басқа да көп түрлері Қазақстан аумағында пайдалы қазбалардың 100-ден астам түрі табылған.
Қазір республикамызда тас және қара көмірдің 500-дей, ал мұнай мен табиғи газдың 50-ден астам орындары ашылған.
Қарағанды көмір өндіру орны - ТМД-дағы ең ірі өндіріс орындарының бірі болып табылады. Қарағанды көмірі жоғары техникалық сапаға ие.Оның құрамында күкірт мөлшері (1,0-3,5% дейін) және фосфор мөлшері (0,01-0,04%) аз болады. Оның бұл қасиеті жоғары сапалы болат балқытуда бағаланады.
ҚР-да екінші ірі көмір өндіру орны Павлодар облысындағы - Екібастұзда. Мұнда миллиардтаған тонна көмір бар, оны ашық әдіспен өндіреді.
Батыс Қазақстанда жылыны 40 млн тонна мұнай өндіріледі. Қазіргі кезде Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да мұнай өндірілуде.
ҚР территориясында вольфрам, молибден, боксит және де басқа сирек кездесетін түсті металлдар қоры бар. Осылайша ванадий кенінің қоры бойынша Қазақстан дүние жүзі бойынша 1-ші орынды алады.
Информация о работе Пайдалы қазбалар алынған жердің кадастры