Жерасты мүшелер. Тропизмдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2015 в 17:24, реферат

Описание работы

Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.Тамырға радиальды симметрия тән,ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен жабылған.

Файлы: 1 файл

сөж жерасты мүшелері.docx

— 42.48 Кб (Скачать файл)

     МЕББМ  ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

                                        Фармация кафедрасы

 

 

       СӨЖ

Тақырыбы      Жер асты мүшелері.Тропизмдер

                                                                             

                                                                                Орындаған  Жиінбай Жансая

                                                                                Факультеті  фармация

                                                                                 Тобы           101 «А»

                                                                                 Тексерген   проф.Тегісбев Е.Т.

 

 

 

 

 

 

 

                                        Алматы 2015 жыл

                                           Кіріспе

Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.Тамырға радиальды симметрия тән,ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң  геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда  жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен  жабылған.

Күрделі және қарапайым риния тәрізділер мен псилот тәрізділерде,сол  сияқты мүк тәрізділерде нағыз тамыр жоқ.Риния тәрізділердің  жер астындағы мүшесі қалың ризоидтармен жабылған,ризоидтар деп аталатын құрылысы тамырсабаққа ұқсас денеден тұрады.Мүк тәрізділерде тамырдың  қызметін  экзогенді  жолмен пайда болған ризоидтар атқарады,ал сфагум мүктерінде ризоидтар жоқ.Сол сияқты тамыр кейбір су өсімдіктерінде: дүңгіршіктерде, жоғары сатыдағы тіршілік ететін өсімдіктер:арамсояуда, сұңғылада. Тамырда  көбінесе экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер  жетілген.Жанама тамырла сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді.Қосалқы бүршіктерден өркендер – тамыр атпалары жетіледі.Тамырларында қосалқы бүршіктер пайда болатын өсімдіктер тамыр атпалылар деп аталады.

Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады.Олар мыналар:

1.Суды және онда  еріген минералдық заттарды қабылдап,оны  сабақ және жапыраққа қарай  жылжытады.

2.Өсімдіктердің  топыраққа бекініп,өркеннің жоғары  қарай бойлап өсуін қамтамасыз  етеді. 

3.Дерон,Д.А.Савинин,И.И.Туманов  және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан  тамырда кейбір органикалық заттардың синтезделетіні белгілі.

4.Тамырда қор  заттары жиналады.

5.Топырақта тіршілік  ететін организмдер саңырауқұлақтар  бактериялармен үйлесіп селбеседі.

6.Вегетативтік жолмен  көбею қызметін де атқарады.

Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі морфологиялық ерекшеліктері және экология тұрғысынан жіктейді.Шығу тегіне қарай тамырлардың 3 типін ажыратамыз.Олар:негізгі тамыр,жанама тамыр және қосалқы тамыр.Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан өседі.Қосалқы немесе адвентивті тамыр сабақтан және жапырақтан сол сияқты өркеннің жер асты метаморфоздары – түйнек,жуашық  және тамырсабақтардан өседі.Негізгі және қосалқы тамырардан бұтақтанудың екінші,үшінші және одан кейінгі өстері ретінде жанама тамырлар өсіп шығады.

Тамырлар жүйесі  деп – бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратамыз: 1-кіндік тамырлар жүйесі,мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп,бірінші реттегі өс – негізгі тамыр бұтақтанып одан екінші,үшінші және одан арғы түзетін жанама тамырлар тарайды.Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады.2-ші кейде 3-ші реттегі жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықта орналасуы  бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп,ерекшеленіп тұрады.Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлігіне және жабық тұқымдылар бөлімінің қосжарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән.

Екінші сызықша қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар  жүйесі.Мұнда негізгі тамыр жүйесі нашар жетілген,қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды.Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар қуатты жетіліп,басымдық білдіреді.Шашақ тамырлар жүйесі дара жарнақтыларға, әсіресе,астықтарға тән,ол сирек жағдайда қос жарнақтыларда кездеседі.

Тамырларды морфологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде негізінен олардың пішінінің алуантүрлілігі,консистенциясы,бұтақтану ерекшеліктері және кеңістікте орналасуы ескеріледі.Пішіні жағынан әдетте кең тараған тамырлар: цилиндр тәрізді, жалпақ жапырақты кермек, ұршық тәрізді,шомыр тәрізді,түйнек тәрізді тамырлар.

Тамырлардың экологиялық 4 типі ажыратылады.Олар:жерасты тамыр,сутамыр,ауатамыр және гаусториялық тамырлар,Жерасты тамырлары тұтасынан немесе жартылай топырақ арасына таралады.Мұндай тамырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің 70%қамтиды.

Сутамырлары су қабаттарында орналасады.Су түбіне жетпейді.

Ауатамырлары ауада болады,атмосфералық ылғалды сіңіреді.Мұндай тамырлар ылғалды тропикалық орманның эпифидтеріне тән.

Гаусториялы тамыр паразитті тіршілік ететін,негізгі өсімдіктердің денесіне еніп,ондағы дайын қоректік заттарды сорып,қабылдау қызметін атқарады.

Анатомиялық құрылысы.Тамыр ұшының құрылысы.Тамырдың ұзына бойында оның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан,оның әртүрлі бөлімдері бірыңғай қызмет атқармайды.Әдетте жас тамыр ұшынан тамырдың 4аймағын (бөліну,өсу немесе созылу,сору,өткізу) және тамыр оймақшасын ажыратады.

Тұқымды өсімдіктердің ұрық тамыршасының меристемалық клеткалары өсу барысында әртүрлі ұлпаларға жіктеледі.Тамырдың бой конусы меристемалық құрылысын сақтап,тамырдың оң геотропизм бағытында тереңдеп өсуін қамтамасыз етеді.Өсу барысында тамыр топырақтың қатты бөлшектерімен жанасады.Тамырдың бой консусын механикалық зақымданудан сақтайтын ерекше паренхималық ұлпа клеткаларынан тұратын тамыр оймақшасы жауып тұрады.1-ші тамыр оймақшасы борпылдақ орналасқан тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Ол клеткалардың  сыртқы қабаттары тез ескіріп топырақтың қатты бөліктерімен жанасқан кезде түлеп түсіп отырады.Олардың орнын жаңадан жетілетін жас клеткалар басады.Тамыр оймақшасының әсіресе сыртқы клеткаларында көп мөлшерде крахмал дәндері жиналады.Құрлық өсімдіктерінің барлығының тамыр ұшында тамыр оймақшасы болады, ал суда өсетін өсімдіктерде тамыр оймақшасының орнына оймақшаға ұқсас тамыр қалташа жетіледі.Тұқымды өсімдіктердің көбінде,әсіресе даражарнақтылар тамырының ұшында калиптроген деп аталатын тамыр оймақшасының меристемасы болады.Соңғы деректерге қарағанда,калиптроген гормондарды синтездеп,тамырдың өсуіне әсер етеді.         

 Тамыр оймақшасының  ішкі жағында клеткалардың бөліну  аймағы жатыр.4-ші тамырдың барлық  ұлпалары меристемадан тұратын  бөліну аймағынан пайда болады.Инициалді  клеткалардың саны әртүрлі.Папаротник  тәрізділерде апикальды меристема 1инициалды клеткадан тұрса, ал  ашық тұқымдылар мен жабық  тұқымдыларда олардың саны молайып,кейде  тоттанып 3қабат түзіп жатады.Бөліну  аймағында меристемалық ұлпаның 3 қабаты түзіледі.Сыртқы қабат  – дерматоген ,ортаңғысы – периблема,ішкісі  – плерома.Дермотогеннен тамырдың  алғашқы жабындық  ұлпасы эпиблема немесе ризодерма және тамыр оймақшасы,периблемадан алғашқы қабық, плеромадан орталық цилиндр қалыптасады.Бөліну аймағынан жоғары клеткалардың өсу аймағы орналасады.Бұл аймақтағы клеткалардың пішіні алғашқы кезде изодиаметрлі,созылып өсудің нәтижесінде цилиндр тәрізді пішінге ие болады.Клетка ішінде вакуольдер санының артуына орай олардың көлемі де ұлғаяды.

Бұдан жоғары орналасқан сору аймағын,кейде клеткалардың маманану аймағы деп те аталады.Өйткені,мұнда клеткалар жіктеліп,өзгеріске ұшырап,олардан әр түрлі ұлпалар пайда болады.Сору аймағында жетілетін тамыр түктері арқылы өсімдіктер өзі өсіп тұрған ортасынан суда еріген минералдық заттарды қабылдайды.

Тамыр ұшының эпиблемасының сабақ пен жапырақ эпидермасының айырмасы – мұнда клетка қабықшасы жұқалығынан,устьицилер мен кутикулалар болмайды және суды оңай өткізеді.Тамырдың сору аймағында эпиблеманың әрбір клеткасы бір клеткалы тамыр түгін жасауға қабілетті.Тамыр түктері шағын аймақта,әрбір шаршы милиметрге бірнеше жүзден,ұзындығы әр түрлі.Ұзындығы 1см-ге жететін ұзын түктер қант қызылшасы,асқабақ өскіндерінде кездеседі,астықта 0,75-тен 2 мм-ге дейін болады.Тамыр түктерінің клетка қабықшасы целлюлозалы,вакуолі ірі,цитоплазмасы қабықшасын астарлай орналасады.Түктер түзетін эпиблеманың беті өсімдіктердің жапырағы сияқты кутикуламен емес, топырақ түйіршіктерін түктерге жабыстыратын  шараналы заттармен жабылады.Тамыр түктері су және батпақты жерде өсетін батпақ қалтагүлінде және т.б.болмайды.Тамыр түктерінің тіршілігі 10-20 күннен аспайды.Олардың орнын тамырдың  жаңа бөліктерінен өсіп шыққан түктер басады.Осыған қарамастан, тамыр кейбір өсімдіктерде түктерінің қабырғасы қалыңдап,сүректеніп,тіршілігін екі жылға дейін жалғастырады.

Келесі аймақ – өткізу аймағы.Мұнда тамырдың сору аймағы қабылдаған су және онда еріген минералдық тұздар мен басқа да қоректік заттар сабаққа қарап өтеді.Бұл аймақта жанама тамырлар қалыптасады.Сондықтан ол жанама тамырлар аймағы деп те аталады.

Тамырлардың алғашқы анатомиялық құрылысы.Тамырдың анатомиялық алғащқы құрылысы ашық тұқымдылардың,жабық тұқымдылардың және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің барлығының тамырына тән алғашқы құрылыс.Жоғарыда аталған өсімдік топтарынан тамыр алғашқы құрылысын жас тамыр ұшының сору аймағынан көре -аламыз.Ол үшін тамыр ұшының көленең кесіндісінен препарат дайындап,оны микроскоп арқылы қарау керек.Мұнда оның 3 бөлігі:эпиблема мен оның тамыр түктері,алғашқы қабық және орталық цилиндр көрінеді.

Эпиблема – тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа.Эпиблема дерматогеннен пайда болады және тірі,жұқа қабықты паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады.Эпиблеманың негізгі қызметі өсімдіктің өсіп тұрған топырағынан суды және онда еріген минералды тұздарды сорып,оны қабықтың паренхималық клеткаларына жеткізу.Эпиблеманың бұл қызметі одан өсіп шығатын тамыр түктерімен тікебей байланысты.

Алғашқы қабық тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Алғашқы түзуші ұлпа периблемадан пайда болады.Қабық паренхималық клеткалардың экзодерма,эндодерма қабаттарынан тұрады.

Экзодерма – қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты.Экзодерма бір қабатты,екі қабатты,көп қабатты болып келеді.Ол кейбір өсімдіктердің қабығында бөлініп айқын байқалмауы да мүмкін.Клеткалардың тірі пішіні – көп бұрышты.Клетка қабықшалары көбіне қалыңдау келед,әрі тығыз орналасады.Құрылымдық және физиологиялық тұрғыдан алғанда негізгі қызметі – қорғаныштық.Өйткені эпиблема клеткалары өліп,түлеп түсісімен,оның клетка қабықшалары тозданады,сирек жағдайда сүректенеді.Экзоерманың тозданған клеткаларының арасында қабықшасы целлюлозалы бірен-саран клеткалар қалады,солар арқылы сыртқы ортадан қоректік заттарды қабылдау жүзеге асады.Экзодерма дара жарнақтылардың тамырында жақсы жетіледі.Олардың алғашқы құрылысты ескі тамырларында тозданған экзодерма – қосжарнақтылардың тамырына тән соңғы жабындық ұлпа тоздың қорғаныштық қызметін атқарады,

Мезодерма – дөңгелек піщінді,ірі және паренхималық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты.Мезодерма клеткаларының шеттен орталыққа қарай пішіндері,орналасуы өзгереді.Шет жағында клеткалары майдарақ,жиі,орталыққа қарай іріленіп,борпылдақ тартады,орталыққа жақындай түскенде клеткалары қайтадан майдаланып,жиілей түседі.Мезодерма клеткаларының басым көпшілігінің борпылдақтығы өсімдіктердегі ауа алмасуына көп пайда тигізеді.

Алғашқы қабықтың паренхимасы суды және онда еріген минералдық тұздарды эпиблемадан орталық цилиндрге қарай көлбеу бағытта тасымалдайды.

Эндодерма – алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты.Ол орталық цилиндрді қоршап  орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады.Бұл қабаттың негізгі міндеті – қабықтың сыртқы қабаттары арқылы суда еріген қоректік заттардың орталық цилиндрде орналасқан өтккізгіш ұлпа элементтеріне қарай жылжып өтуін реттеу.Эндодерма жұқа қабықшалы, тірі, көлденең кесіндісінің пішіні төрт бұрышты клеткалардан тұрады.

Эндодерма клеткалары онтогенезінде 3 кезеңнен өтеді.1-ші кезеңінде клеткалардың радиалды және көлденең қабырғалары қалыңдайды.Егер бұл қалыңдаудан көлденең кесінді жүргізсек,олардың пішіні нүкте тәрізді болып көрінеді.Ол Каспари дақтары деп аталады.Басқа бағыттағы кесінділер қалыңдаулардың клетканы шеңбер жасап қоршап жататындығын көрсетеді.Сондықтан ол Каспари белбеуі деп аталады.Көрші клеткалардың белбеулері бір-бірімен жалғасып,орталық цилиндрді қоршап жатады,Химиялық талдаудың нәтижесі Каспари белбеуінде суберинге ұқсас заттың жиналатындығын және сүректену жүретінін көрсетті.

Эндодерма дамуының алғашқы кезеңі плаундардан басқа өсімдіктердің тамырынан табылған.Екінші кезеңде эндодерманың барлық клетка қабырғаларының ішкі бетіне суберин сіңеді.

Дара жарнақтылардың және қос жарнақтылардың көбінде тамырларына екінші рет қалыңдау тән емес,сондықтан мұнда эндодерма дамуының үшінші кезеңі байқалады.Бұл кезеңде клеткалардың барлық қабырғасы қатты қалыңдайды және сүректенеді.Тек сырт жаққа қараған қабырғалары ғана салыстырмалы түрде жұқа қалпында қалады.

Алтын тамыр

Алтын тамыр (лат. Rhodiola rosea)[1]— ірі әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырының сыртқы қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары түсті болады. Бұл - тек алтын тамырға ғана тән қасиет.

  • Тамырдан биіктігі 50 см-ге дейін жететін бірнеше түзу сабақтар өсіп шығады, бірақ бұтақтары болмайды.
  • Өте тығыз әрі кезектесіп қалың орналасқан етті, сопақша жапырақтары бар. Кейде жапырақтарының шеттерінде майда әрі сирек тістері болады.
  • Сары түсті гүлдері өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып тұрады.
  • Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Шілдеде тұқым бере бастайды.
  • Тұқымынан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді.

Қазақстанда Жетісу Алатауының, Алтай тауының биік белдеулерінде, тасты беткейлерде, су жағасындағы шабындықтарда өседі.

Емдік қасиеті


  • Алтын тамыр 400 жылдан астам уақыттан бері халық медицинасында қолданылып келеді. Ол әсіресе қытай медицинасында ертеден белгілі болған. Онда бұл өсімдіктің тамырын тауып келу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырып отырған.
  • Біздің еліміздің ғалымдары 1930 жылдан Алтай маңын мекендеген халықтарға белгілі осы дәрілік өсімдікті іздеп табу ісімен шұғылдана бастады. Соның нәтижесінде1931 жылы совет ғалымы Г.В.Крылов басқарған экспедиция алтын тамырды Алтай тауларынан тапты.
  • Алтын тамыр 1961 жылдан бері ғылыми медицинада қолданылып, аз уақыттың ішінде ғана халық арасына кеңінен белгілі болды.

Құрамында глюкозид, илік заттар, флавоноидтер, крахмал, органик, қышқылдар, эфир майы бар.

Халқымыз ерте заманнан емге қолданып келе жатқан шөптің бірі — алтын тамыр. Ол негізінен биік таулардың орта деңгейіндегі қыраттардың күн қиғаштау түсетін жерлерінде өседі. Басқа дәрілік өсімдіктерден өте кірпияздығымен ерекшеленетін алтын тамыр мал жайылымдарынан, сонымен қатар адам ізі көп түсетін аумақтан тез жоғалып кетеді. 

 

Өсетін ортасының жайлы, жайсыздығына қарай биіктігі 60 сантиметрден 1 метрге дейін жететін алтын тамыр негізінен маусым-шілде айларында гүлдеп, қызыл қоңыр гүл ашады. Сәл кейін гүлінің басындағы кішкене ұяшықтарда иненің көзіндей тұқым пісіп жетіледі. Осы тұқымды жинап алып, үйдің арнайы қоршалған, адам аяғы баспайтын ауласына ексе, көктеп өседі. Ерекше күтіп баптаса, бағалы дәрілік өсімдік өнім береді. Алтын тамырдың емге қолданылатын негізгі бөлігі — тамыры. Ұқыптылықпен қазып алғаннан кейін суға шайып байқасаңыз, тамырының алтын түстес жылтыраған сары қоңыр қабықпен қапталғанын көресіз. Өсімдіктің алтын тамыр аталуы тамырының алтындай жарқырап тұруынан болса керек. 

Дәрілік өсімдіктерді мынау бас ауруына, мынау жүрекке, мынау бауырға деп бөліп жарамыз. Денеге түскен ауру қоздырғыш микробтарды жоятын без деп білсек, алтын тамырдың басқа дәрілік өсімдіктерден негізгі ерекшелігі – осы бездің жұмысын күшейтетіндігінде, яғни адам денесінің ауруға қарсыласу қабілетін арттыратындығында. 

Екінші қасиеті — адамның жастық қуатының қалпына келуіне үлкен әсер етеді. Бұл тұрғыдан алғанда, қазақ емшілері «Алтын тамырдың қасиеті күйек кезінде бұғы қазып жейтін «маралтамырдан» артық болмаса кем емес» — деген пікірді бұрыннан айтып келеді. 

Ол адамның ішкі дүние-сіндегі, мысалы: мидағы ісік, асқазандағы жара, тамырдың түйінделуі, әйелдердің жатыр ауруларының да бірден-бір емі. 

Сонымен қатар бүйректің жұмысын күшейтіп, қанның тазаруына үлкен үлес қосады. Алтын тамырдың тағы бір қасиеті тұрғысында дәрілік өсімдіктің үлкен білгірі, халық емшісі Сейітқамза Қалиев: «Осыдан төрт жыл шамасы бұрын орыстардың Томскідегі медициналық университетінде алтын тамыр тұнбасына байланыс -ты сынақтар жасалды. Сол кездегі жүйке жүйесі сыр берген, есте сақтау қабілеттері нашарлаған адамдарды 70-тен екіге бөліп, бір бөлігіне 40 тамшыдан әр жолы алтын тамыр тұнбасынан ас алдында беріп отырған. Сонда дәрі қабылдағандар алғашқы 2-3 күн бойы бұрынғы аурулары қозып, жөнді ұйықтай алмай, жүректерінде бір ыңғайсыздық сезіле бастаған. Мінез-құлықтарында да әдеттен тыс тосылу байқалған. Сынақ алғандардың жағдайы алғашқы он күннен соң ғана өзгеріп, аурулар біртіндеп сауыға бастаған. Нәтижесінде сынақ жасағандар дәріні алғашында ағзаға сіңетіндей аз мөлшермен бастаған жөн деген шешімге келген. Алтын тамырдың құрамында 15,6 пайыз илік заттар, 5 пайыз эфир майы, сонымен қатар органикалық қышқылдар, тағы басқа да көптеген химиялық қосындылар бар», — дейді. 

Әрине, қазақ емшілері алтын тамырдың химиялық құрамының қандай екенін білмесе де, оның ерекше қасиетін жақсы біліп, дәрілік шөптің атын құпия ұстаған. Құпия ұстағаны соншалық, орыстар бұл шөпті 1930 жылы ғана танып білген. «Кірпияздығына орай кез келген жерде өсе бермейтін алтын тамырды ерте замандардан бері көп жағдайларда патшалар мен жоғары билік басындағылар жөнін тауып алдырып, пайдаланып келген» деген дерек бар. Осыған орай, алтын тамыр патшалардың дәрісі немесе «өлместің шөбі» деген атау алған.

Назар аударатын жағдай, қазіргі күнде көптеген адамдардың алтын тамырды Алатау, Алтай, Тарбағатай тауларының қойнауларынан жөнді-жөнсіз қазып алып, пайдаланып жатқандықтан, бағалы өсімдік еліміздің аумағынан тез жоғалып бара жатыр. 

Тез жоғалуына жалған құжатпен тау-тасты кезіп дәрілік шөптер терген қытайлар үлкен үлес қосып жатыр дегенді естиміз. Сондықтан мұндай келеңсіздікке тосқауыл қойылып, қазып алу жағдайында тамыр алынған жерге тұқымын сіңіріп кетуді мықтап қолға алған жөн деген пікірдеміз

Информация о работе Жерасты мүшелер. Тропизмдер