Әдебиетке шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 08:33, лекция

Описание работы

Сайып келгенде адам күн көрісін жеңілдету үшін мал өсіреді. Оның басты себебі малдан алынатын аса маңызды азық өнімі.Жануарлардың етінде, түлік түріне, жынысына, жасына, тұқымына қарай, адам асказанында жақсы сіңірлерісіңірлері формадағы құрғақ зат, май, минералдық заттар, А, Д, В тобының витаминдері, т.б. көптеген қажетті заттар бар. Сондықтан қайқай түліктің болмасын еттілік қасиеттерін жетілдіру селекция жүйесінің бағзы заманнан бергі түбегейлі мәселесі. Малды ет өнімділігі бойынша бағалай білу зооинженерлердің мамандық тұрғысынан тікелей міндеті.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 32.62 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

 

Малдан алынатын маңызды азық – ет. Оның құндылығы, оның құрамындағы нәруыз және майға, сондай – ақ жоғары каллориялығына байланысты анықталады. Көптеген адамдардың мәзірінен етті алып тастаса, онда оларда асқа қанағаттанбаушылық, тез қарыны ашушылық болатындығы белгілі. Еттің құрамының энергетикалық бөлігі (көмірсутектері, майлар) және құрылымдылық ( ақуыз ) бөлігі жақсы қатынаста.

Әлемдегі ет өндірудің құрылымына талдау, меншікті салмақ бойынша 1 – ші орынды шошқа, 2 – ші орынды сиыр, 3 – орынды құс алатындығын көрсетті. Біздің елдің балансында алдыңғы орынды сиыр еті мен қой еті алады.

Ауыл шаруашылық малдарының ет өнімділігінің негізгі көрсеткіштері болып енетіндер: тірі салмақ, тез жетушілік және бордақылауға қабілеттілігі, сою шығымы, сою массасы, қондылығы, еттің морфологиялық және физикалық – химиялық құрамы.

Қазіргі күннің өзекті проблемасының ішінді зооехния ғана емес, биологиялық ғылым да және тәжірибелерде, ауыл шаруашылық малдарын тез жетілуін арттыру проблемалар аса маңызды назар аударуды қажет етеді. Бұл жоғары сапалы ет өнімдерін аз шығын жұмсай өндіру мәселелерімен тығыз байланысты және нарықтық экономика талаптарына толық көлемде сай.

Ет өнімділігінің негізгі көрсеткіштерін бағалау, және есепке алу малдың тірі кезінде бағалау, ең алдымен малды кезеңмен өлшеу арқылы, осы арқылы күндік және айлық тірі массасының өсуін анықтайды және ет өнімі көлемінің қаншалықты болатының болжай алады. Етті малдың түрінің даму деңгейін оның қабілетінің экстерьерлік өлшемднрі арқылы анықтайды.

Малдың еттілігінің дамуын көрсетуші өлшемдер болып: кеуденің қисық ұзындығы, көкірек қуысының ені айналымына, бөксенің жартылай айналымы, жалдың биіктігі және т.б. Малдың бордақылауға қабілеттілігін және семіру деңгейін сыртынан көзбен қарау арқылы және дененің өте көп май жиналған жерін саусақпен санап көру арқылы анықтайды. Осындай болып көруге болатын жерлер ірі қара малына: құйымшақтың, бөксе өсінділерінде,шап аймақтарында, шығып тұрған жамбас сүйектің басына, бел омыртқа бөліктері, қабырғалар, төс сүйегі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Әдебиетке шолу

 

 

Сайып келгенде адам күн көрісін жеңілдету үшін мал өсіреді. Оның басты себебі малдан алынатын аса маңызды азық өнімі.Жануарлардың етінде, түлік түріне, жынысына, жасына, тұқымына қарай, адам асказанында жақсы сіңірлерісіңірлері формадағы құрғақ зат, май, минералдық заттар, А, Д, В тобының витаминдері, т.б. көптеген қажетті заттар бар. Сондықтан қайқай түліктің болмасын еттілік қасиеттерін жетілдіру селекция жүйесінің бағзы заманнан бергі түбегейлі мәселесі. Малды ет өнімділігі бойынша бағалай білу зооинженерлердің мамандық тұрғысынан тікелей міндеті. 

ТМД елдерінің жалпы ет балансында бірінші орынды сиыр еті, екінші орынды шошқа еті, үшінші орынды қой еті алады. Сонымен қатар, ет ресурстары жылқы етімен, қоян етімен, біраз дәрежеде ешкі етімен толығып отырады. Дәмі жақсы әрі диеталық қасиеттері бар үй құстарының етін өндіру де ерекше маңызды. 

Малдың ет өнімінің нақтылы саны мен сапасын оны сойғаннан кейін анықтайды. Малға еттілігі бойынша баға бергенде сойыс салмағы мен оның шығымына, ұшасының салмағы мен шығымына және еттің сапасына аса көп мән беріледі.  Сойыс шығымы мен ұшысының шығымын олардың әрқайсысы салмағының пайыздық қатынасын есептеу арқылы анықтайды.  Ал сойыс салмағы ұғымына түрлі түлік үшін әр түрлі мағына береді. 

Мысалы, ірі қара мен қойда сойыс салмағына сойған малдың қаның ағызып, басын, терісін, сирағын, құйрығын, өкпе бауырын, ішек қарның алып тастағаннан кейін қалған таза етті мен іш майы кіреді.  Шошқа шаруашылығында сойыс салмағына сойылған шошқаның қаны ағызылып, сирақтары мен өкпе бауыры және ішек қарыны бөлінгеннен кейін қалған денесі түгел кіреді, яғни басы мен терісі де сойыс салмағына кіреді.  Бұл ұғымын мағынасы құста, оны сойғаннан кейін өңдеу ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Ішін жармай өңдеген құстың сойыс салмағына қаны ағызылып, жүні жұлынып, ішектері алынғаннан кейінгі демесінін салмағы жатады. Толық өлген құстың сойыс салмағына қаны ағызылып, кауырсындары жұлынып, ішек қарны, өкпе бауыры алынып, екінші мойын омыртқасы тұсынан басы кесілгеннен кейінгі қалған денесі кіреді. 

Сойыс салмағының малдыңмалдың сояр алдындағы тірілей салмағына пайыздық қатынасын сойыс шығымы деп атайды.  Сойыс шығымы түліктің түріне байланысты әрәр түрлі болады [1] .

Малдың ет өтімділігін сойғаннан кейін бағалаған уақытта әдетте оның еттілік коэффициентін де анықтайды.  Еттілік коэффициенті деп малдың сұрпы еті мен май сүйегінің арақатынасын айтады.  Мал ұшысының құрамына бұлшық ет, май, сүйек, дәнекер ұлпалары, шеміршектер, сіңірлер кіреді.  Ұшада шеміршектер мен сіңірлер қаншама аз, ал бұлшық ет және май ұлпалары қаншама көп болса, еттің сорты мен жұғымдылығы да жоғары болад 

 

Бұлшық ет ұлпаларында май болғандықтан етті қасиеті жақсарып, дәмдік және жұғымдылық сапалары, едәуір артады. Алайда майдың өте көп болуы организмнің қоректік заттары сіңіруін, оның аспаздық қасиеттерін кемітеді.

Ұшадағы сүйек ұлпасының мөлшері орташа болады. Пішініне қарай ұзын, қысқа, жалпақ сүйек, аралас сүйек болып бөлінеді. Сүйектер оның беткі қабатын түзетін тығыз зат пен кемдік заттан тұрады. Сүйектердің қуысы мен кемдік заттың ішін май толтырып тұрады. Дәнекер ұлпасы әр түрлі мүшелердің арасына орналасып, оларды жалғастырады. Тірек қызметін атқарады, сіңірлерді, шандырларды, қалыптастырады. Дәнекер ұлпасының құрамының ішінде құнсыз белоктар бар және еті қатайтып , тарамыстандырып жіберетін коллагенді және эластикалық талшықтар кіреді. Дәнекер ұлпасы аз жағдайда ет болбырап, ал өте көп жағдайда жұғымдылығы мен аспаздық қасиеттерінен айырылады.

Жануарларды етке сойғанда олардан ұшадан басқа ішек қарын, өкпе бауыр алынады. Олардың ішіндегі ең бағалылары өкпе, бауыр, бүйрек, бас, тіл, сирақтар, қарын, ішек және ішкі секреция бездері.

Ұшаның сапасы оның шамасы мен пішініне, ондағы бұлшық ет және май ұлпаоарының, сүйектер мен сіңірлердің арақатынасында, майдың орналасуына, қанның ағу дәрежесіне байланысты. Ұшаларды өндеуге арналған қондырғылар мен тетіктер стандпртқа келтірілген ет комбинаттары үшін ұшаның белгілі дәрежедегі шамасы мен пішіні болуының зор маңызы бар.

Малдың тірі кезіндегі оның еттілік қасиеттеріне дұрыс баға берудің селекциялық маңызы үлкен. Себебі селекцияның түпкі мақсаты өнімділігі мол малдан ұрпақ алу. Малдың тірі кезінде еттілік қасиетін дене бітімі мен сыртқы пішінін бағалау, қажет болса сыртқы дене мүшелерін өлшеу, ауық салмағын өлшеу, соның деректері бойынша тәулігіне қосатын салмағының анықтау арқылы бағалайды. Осы ретте еттілік индексін септеуге біршама мән беріледі [3].

Соңғы уақытта малдың еттілігін тірі кезінде жай көзбен гөрі дәлірек анықтайтын әр түрлі техникалық құралдар шығарылып, пайдаланылуда. Мысалы, шошқаның май қабатының қалыңдығын анықтау үшін линметрді,ультрадыбысқа негізделген ДОН – 2, ТУК – 2  және сиырдың еттілігін анықтау үшін полномиомер деген құралдар кеңінен қолданылады.

Кейінгі жылдары малдың еттік сапасын анықтау технологиялық тәсілмен нақты жүргізіледі. Семіру деңгейін, малдың тірі кезінде май қалыңдығы және бұлшық ет ұлпасының анықтау үшін құрал құрастырылған. Мысалы, шошқаның майын ниметрмен өлшейді. Ірі қараны бағалау үшін лиомиомер қолданылады.

Малдың және құстың етінің сапасын бағалау үшін ультра дыбыстрдың көмегімен анықтау кең тараған. Ультра дыбыстың өту жылдамдығы заттың тығыздығына байланысты. Әр түрлі тығыздықтағы ұлпаларға дыбыстық толқындар байламын бағыттай отырып, ультрадыбыстың импульстерін әр түрлі ұлпалардың шекарасынан бергендері бойынша зерттеп отырған материалдардың ультрадбыстық профилин алуға болады. Ең алған соң осы ультрадыбысты ірі қара малының арқасындағы малды өлшеу арқылы 1956 жылы Р. Темлмен, 1957 жылы шошқаға Б. Стайфермен ультрадыбысты пайдаланудың негізгі талаптары зерттеліп шығарылды.

Елімізде өндірілетін қой етінің 23 пайыз астамы біздің республикамызда дайындалады. Бізде өндірілетін қой етінің өзіндік құны сиыр мен шошқа етіне қарағанда едәуір төмен.

Қой өсіруде негізгі мақсат арзан өнім алу, өндірілетін өнім мөлшерін жылдан жылға арттыру болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда қой етін өндіру әлі де болса алға қойған мақсатқа сай келмей отыр. Қой мен ешкі өтін өндіру мөлшерінің кейінгі жылдарытөмендеп кеткенің аңғаруға болады.

Қой етін өндіру технологиясы оның төлінің өсіп жетілуін қамтамасыз ететін биологиялық процестерге негізделген. Төлдің есеюі, өсіп жетілуі деген ұғым ет түзу деген ұғыммен тікелей байланысты. Өйткені оның массасы негізінен бұлшық ет тканьдерінің өсуі арқылы арта түседі.

Төл организмнің қалыпты жетілу көрсеткіштерінің бірі тірідей салмағы, ал тиісті кезеңдерде дененің жалпы массасының өсу процесін нақты көрсетеді. Төл салмағының өсу қарқыны көптеген факторларға, атап айтқанда азықтандыруға байланысты болатыны мәлім. Тірідей салмақ пен уақыт факторының арасында организмнің сан және сапа жағынан қайта құрылуын әкеліп соқтыратын байланыс болатындығы белгілі, осыған қарамастан, әр түрлі азықтандырған жағдайда малдың тірідей салмағының өзгеруі оның көптеген органдарының өзгеруімен өзара байланысты, Демек, төлдің салмағының өсу көрсеткіштері уақыттың өзгеруіне белгілі бір дәрежеде сай келуі тиіс. Мал организмнің сан және сапа жағынан өзгеруі тіршілігінің нақтылы кезеңдеріне жатқызылатын заңды процесстер.

Буаз кезінде азықтандыру жағдайы нашар болған саулықтардың қозыларының салмағы кемірек, аяқтары қысқалау және органдары толық жетілмеген, әлжуаз болып  келеді. Келешекте де азықтандыру жағдайы жақсартылған  саулықтардың қозыларынақарағанда, мұндай қозылар баяу өседі.

 

 

       1.1 Ірі қара малды шет елде экспорттау

 

Ірі қараның етті бағыттағы қолтұқымдары шет елдерде көптеп өсіріледі. Мұндай қолтұқымдарға - абердин-ангусс, герефорд, шортгорн, галловей, шароле, лимузин, сапта-гертруда, т. б. жатады.  Герефорд  пен ангус —  әлем бойынша ең көп тараған сиыр тұқымдары. Қыстың қатты суығы мен жаздың аптап ыстығына шыдамды. Жайылым  талғамайды. Қазақстанның жер бетіне орналасу бедері Канадамен бірдей ендікте, бірдей бойлықта жатыр. Екі елдің климаттық жағдайлары да өте ұқсас. Шөп құрамының құнарлылығы да Қазақстанмен бірдей. Сондықтан Канададан әкелінген малдар еліміздің жеріне тез бейімделеді.

Абердин-ангус сиыры — сиырдың етті тұқымы. 1917 жылы Шотландияда жергілікті сиырды қолдан сұрыптау нәтижесінде алынды. Елімізге 1932 жылы Англиядан әкелінді.

    Ангус сиыры тез өседі. 210 күнде салмағы 250 келіден кем түспейтін жас төл алуға болады. Аталған тұқымның төлі тәулігіне орташа алғанда 800 грамм салмақ қосады. Сиырлардың тірі салмағы  500-550 килограмм, бұқалар —  750-950 килограмм. Жаңа туған төлдің салмағы —  18-28 килограмм. Күтімі жақсы болса, күн сайын шамамен 1200-1500 грамға дейін салмақ қосады.

   Герефорд тұқымы да — етті бағыттағы ірі қара. Бұл малдың тұқымы 18 айынан бастап барынша көп салмақ жинайды. Тәулігіне шамамен 1500 грамға дейін салмақ қосады. Сиырлары 3 жаста 430-500 килограмм, толық жасты сиырлар —  500-540 килограмм, бұқалар — 800-900 килограмм салмақта болады. Салмағы 750 килограмм тартатын сиырлар да бар. 
Бір жарым жасында 1 келі сүйекке шаққанда 5,5 келі еті болады. Герефорд тұқымының малы жақсы жемделеді.

          Ауыл шаруашылығы – еліміздің  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз  етуде, үдемелі экономикалық даму  жолында ауыл тұрғындарын жұмыспен  қамтуда, отандық өнімнің экспорттық  әлеуетін арттыруда айрықша орын  алатыны талай айтылып келеді. Осы бағытта мемлекет тарапынан  бірқатар батыл да құтты қадам  жасалып жатқаны белгілі.

Ет экспортын 2016 жылға дейін 60 мың тоннаға жеткізу керектігін тапсырды. Бұл қазіргі жағдайдағы 4 млн. тонна бидай экспортына тең әлеуеті зор жоба. Мемлекет аталған мақсатқа 130 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлмек. 
Жалпы, Кедендік одақ аясында елімізге тиімді өндірістің бірі – ет экспорты екені даусыз. Аумағында 170 млн.-ға жуық халқы бар «үштік одақтың» тұтынуына орайластырылған бұл бағдарламаның келешегі үлкен. Тіпті, бір ғана Ресейдің өзі бүгінгі күні әлемде сиыр етін тұтынуда 8 орында (АҚШ, ЕО, Бразилия, Қытай, Аргентина, Австралия, Мексика) деген мәлімет бар. Статистикалық мәліметтерге қарағанда бұл мемлекеттің ішкі сұранысы тек ірі қараның етіне жылына 2 млн. тоннаға баратын көрінеді (шошқа еті 1,5 млн. тонна, құс еті 1 млн. тонна). Әрине, осыншама азықты Ресей өз ішінде өндіре алмасы анық жайт. Қазірдің өзінде етті сонау Аргентина, Бразилия сияқты мемлекеттерден тасып жеп отырған РФ үшін іргедегі Қазақстанның өнімі тиімді болмақ. Олай болса, біз өндірген ет өнімдері түгелдей «орыс орманға» өтіп кетуі ғажап емес. Елімізде ет бағасы өскеннің «көкесі» сонда болмақ. Шілденің 1-нен бастап,үштік одақ территориясында кедендік рәсімдеу алынып тасталып, әкімшілік кедергілер жойылды. Сондай-ақ, ветеринарлық талаптар да бір ізге түсірілуде. Малдың пұл болатынына шынымен көзі жеткен үкіметіміз назарын мал шаруашылығына аударып отыр. Міне, сондықтан да, осынау ауқымды, халықтық жобаны игеруді бақылау тікелей премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке жүктелді.

Мамандар аталған жобаны игерудің арқасында ауылшаруашылығының экспорттық әлеуеті 1,5 есе күшейетінін айтады. Оның үстіне, әлемде ет саудасының қызып тұрғанын ескеретін болсақ, болашақта тек Ресей бағытымен ғана шектеліп қалмасымыз анық. Бүгінде адам өміріне ең қажетті әрі экологиялық таза өнімге дамыған еуропа мемлекеттері де, аштық құрсауында қызылсырап отырған африка елдері де мұқтаж. Сондықтан, ежелгі ата кәсібіміз мал бағуға қайтадан жаппай мойын бұратын уақыт келді. Себебі, ет өндірісінің артуы алдымен өзіміздің ішкі тұтынуымыз үшін де қажет. 2009 жылғы дерек бойынша Қазақстан сыртқа 300 тонна етті зорға шығарған болатын. 
Дегенмен, экспорт көлемін жылына 60 мың тонналық көрсеткішке жеткізу үшін жыл сайын 300 мың ірі қараны жемге байлап, бордақылау керек. Дәл қазіргі жағдайымыз мұндай талапты әсте көтере алмайтыны белгілі. Сондықтан, қолда бар малдың тұқымын асылдандырып, мол өнім беретін ірі қара санын көбейткен жөн. Неге десеңіз, дүниежүзінде ет саудасымен аты озып тұрған Бразилияда асылтұқымды малдың үлесі 75 пайыз болса, Аргентинада – 72 пайыз, Канадада – 65 пайыз. Ал, біздің елдің бүгінгі көрсеткіші 2 пайыздың төңірегінде ғана. Таяуда, бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев үкімет алдағы бес жыл ішінде шетелдерден 72 мың асылтұқымды ірі қараны әкелуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл республикамыздағы малдың сапасын жақсартып, мол өнім алуға жағдай туғызбақ. Атап айтқанда, ұрықтандыру жұмыстарына баса көңіл бөлініп, жыл сайын 300 мың ұрғашы малды асылдандыру көзделген. Ол дегеніңіз 2020 жылға дейін мүйізді ірі қараның 60 пайызын асылдандыруға мүмкіндік бермек.

Информация о работе Әдебиетке шолу