Күздік бидай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:51, реферат

Описание работы

Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын арттырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айтарлықтай шарты.
Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі – Қазақстанда күздік дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі.

Файлы: 1 файл

куздик бидай.doc

— 47.00 Кб (Скачать файл)

Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын арттырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің айтарлықтай шарты.

Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі – Қазақстанда күздік дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі бойынша 4,0-тен 10-12 ц\га дейін асып түседі. Осыған қоса  жаздық бидайға қарағанда азық−түліктік құндылығы кем болмаса да, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді: ол топырақтан, күзгі, қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қоректік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғайды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі − астық сұр көбелегі жарақаттануынан «өтіп кетеді», әрі 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетациясын ерте аяқтайды. Күздік бидайдың ерте пісуі нәтижесінде егін жылы, құрғақ уақытта жиналады, ауыл шаруашылық техникалары тиімді пайдаланылады, көктемгі-күзгі себу және жаздық дақылдарды жинау кезеніндегі қаурыттылық төмендетеді. Оның ерте жиналуына байланысты тамыз айының бас кезінде сүдігер дайындауды ерте жүргізуге мүмкіндік береді, ал мұның өзі аңыз қалдықтарының жақсы минерализациясын қамтамасыз етеді, топырақта ылғал жинауға және арамшөптер мен зиянкестерге қарсы ерекше маңызды. Күздік бидай алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танабы болып табылады.

Дәнді астық дақылдары  ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде дүниежүзінде 230 млн.га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35%-ын құрайды, ал оның астық өнімі орта есеппен 25,4ц\га.

2009 жылы Қазақстанда  күздік бидай 465,1 мың га егістікте  өсірілді және орташа астық өнімі 11,7ц\га болады. Елімізде күздік бидайдың негізгі егістік ауданы Батыс Қазақстан (133 мың га), Оңтүстік Қазақстанда (137 мың га), Жамбыл (113 мың га) облыстарының үлесіне тиеді. Бұл жылы солтүстік Қазақстан облсытарында күздік бидай 29,9 мың га алқапқа өсіріледі.

Кезінде егіншілік  мәдениетінің өсуі, дақылдарды өсірудің қарқынды (пәрменді) технологияларын игерудің ж.б. нәтижесінде Солтүстік Қазақстанның жекеленген облыстары, шаруашылықтар күздік бидайды кеңінен өсіре бастады.

Биологиясындағы ерекшеліктер. Күздік бидай биологиясы бойынша жаздық бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы-оның вегетациялық кезеңі күзде басталады да, келесі жылы жазда аяқталады. Тіршілік үдерісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масактану, гүлдену және пісу (сүттене пісу, балауыздана және толық пісу) кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары-келесі жылы көктемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық.

Тұқымның өнуі – бұл тыныштық күйіндегі тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50% су сіңіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60-70% мөлшерінде болғаны дұрыс.

Тұқымның өнуінің  алғашқы күндерінде органогенезді  бірінші кезеңі жалғасады - өсу конусының әртүрлі ткандерге дифференциясы (оқшаулануы) жүреді, ұрықтықтамыршалармен жапырақтардың ұзара өсуі күшейеді, ұрықтық сабақ оқшауланады, жаңа жапырақтар ұрықтары қалыптасады.

Егін көгі (көктеу) кезеңі. Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді.

Ассимиляция мүшелерінің  қалыптасуы 4-тен 30°С-ға дейінгі аралықта жүреді, алайда оңтайлы мөлшері – 12-15°С. көктеу кезеңі жапырақтың пайда болуынан алғашқы үш жапырақтың өсу аралығын қамтиды және органогенездің екінші кезеңіне сәйкес келеді – ұрықтық түйіндер, сабақтар мен олардың буынаралықтары, негізгі гүл шоғырының бас бөлігі оқшауланады, масақ негізі түзіледі.

А.И.Носатовский (1965)деректері бойынша қалыпты жағдайларда көктеу кезеңінің өтуіне қажетті оң температура жиынтығы 200°шамасында.

Жапырақтарының  өсуімен бір мезгілде тамыр жүйесінің  дамуы жүреді. Үшінші және төртінші жапырақтардың қалыптасу уақытында  ұрықтық тамырлар 27-28 см-ге дейін топыраққа бойлайды, бұл уақытта түптену түйіні қалыптаса бастайды.

Түптену кезеңі. Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен қалыптасады ж.б. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі. Күздік бидай да күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды.

Күздік бидайдың түптенуі 2-4°C-да жүре алады, алайда оңтайлы түптену температурасы 12-14°С.

Түптенудің күзгі  кезеңің және көктемгі бұл кезеңнің бір бөлігін органогенездің екінші кезеңі қамтиды. Органогенездің екінші кезеңінің соңында өсу конусы ұзарады да 0,5-0,8 мм жетеді.

Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі. Бұл кезең бірінші буын аралығының 5-6 cм-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік сабағының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапырақтардың негізгі массасының түзілуі аяқталады. Бұл кезеңде барлық буынаралықтар қалыптасады, тамыр жүйесі жайылып өседі. Масақтың қалыптасуына азоттың өте көп мөлшері де, жетімсіздігі де кері әсерін тигізеді. Фосформен жеткілікті қамтамасыз етілуі масақтың түзілуін тездетеді және генеративтік мүшелерінің дамуына, ал кейіннен масақтың дәнділігіне ықпал етеді, жоғары температура мен төмен салыстырмалы ауа ылғалдылығы масақ  пен оның мүшелерінің қалыптасуына теріс әсерін тигізеді, бұл кезеңдегі ылғал мен қоректік заттардың жетімсіздігі өсімдіктердің кейінгі өсуі мен өнім шамасына теріс әсерін байқатады.

Масақтану кезеңі. Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады.

Кезеңнің өтуі үшін оңтайла ауа  температурасы 18-20°С. Өсімдіктердің жеке дамуына бұл органогенездің сегізінші кезеңіне сәйкес келеді: ең жоғары буынаралықтардың өсуі жалғасады, масақтың барлық мүшелерінің қалыптасуы мен тозаңдық дәндер мен ұрық қынабының пісуі аяқталады. Жекелеген өсімдіктердің масақтануы 4 тәулікте аяқталады, ал түгелдей танап – 5-7 тәулікте.

Гүлдену кезеңі. Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлденуі масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7°C, ал барынша қолайлы ауа температурасы-20-25°C. Барынша жақсы гүлдену мен тозаңдану тәуліктің таңғы және кешкі сағаттарында өтеді. Гүлдену, тозаңдану, ұрықтану, зиготаның түзілуі мен эндоспермнің қалыптасуы органогенездің 9- кезеңін қамтиды.

Пісу кезеңі. Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды,жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады.

Күздік бидайдың қоршаған орта факторларына қажетсінуін қортыныдылай келе мынаны көрсеткен жөн:

-барлық өсіп-даму кезеңдерінде  топыраққа жоғары талап қояды  – қара топырақтарда жақсы  өседі, алайда күңгірт-қоңыр топырақтарда  да өсіруге болады;

-вегетация кезеңінде күздік  бидай жаздық бидайға қарағанда  ылғалды көбірек шығындайды, бұл оның аталған кезеңнің ұзақтығына байланысты; барынша оңтайлы топырақ ылғалдылығы ТЫС-тың төменгі ылғалдылықтың 70-75% мөлшерінде деп есептеледі; ылғалды өсу және даму кезеңдерінде пайдалану заңдылығы жаздық бидайға ұқсас.

-күздік бидайдың температуралық байқалатын өсу шекарасы 2-3-тен 37-40°C аралығы, алайда өсімдіктердің пәрменді өсу мен дамуына барынша қолайлысы -20-25°C; танаптық жағдайда күздік бидайдың  күзгі вегетациясы, түптенуді қоса есептегенде, 15°C-дан 3°C аралығында өтеді, басқаша айтқанда, оңтайлы шамадан төмен деген сөз; денегмен төменгі  температурада күздік бидай түптену түйінінде бүкіл құрғақ затқа есептегенде 20-30%-ға дейін қант жинақтайды, ал мұның өзі жасуша шырынының концентрациясын арттырады және жақсы қыстап шығуға мүмкіндік жасайды.

Қазақстан Республикасында, әсіресе  солтүстік Қазақстан жағдайында  күздік бидай негізінен көктемгі қардың еру кезеңінде, әсіресе қары аз қыста, опат болады; бұл уақытта  өсімдіктердің жапырақтары тіршілігін бастап, ылғалды буландыра бастайды, бірақ тамыр жүйесі топырақтың тоң қабатында әлі тыныштық күйде болатындықтан жапырақтарға ешқандай көмек жасай алмайды; өсімдіктер тез әлсірейді де түнгі 12-14°C аяздан опат болады; күздік бидай қолайлы қыстап шығу жайдайында көктемгі тіршілігінің басынан масақтануға дейін барлық қажетті ылғалды 70% гүлденуден балауызданып пісуге дейін -20% шығындайды; топырақтың 60 см қабатындағы оңтайлы ылғал мөлшері ТЫС- тың 70-75%, дақылдың транспирациялық коэффициенті-460-500.

-Күздік астық дақылдарының ішінде  күздік бидай топырақтарға барынша жоғары талап қояды; ол жоғары астық өнімін құнарлы, арамшөптерден таза, ылғалды қара және күңгірт-қоңыр топырақтарда қамтамасыз етеді; оған батпақтаған топырақтар жарамсыз; оған тегіс бетті, шұңқырларсыз танаптарды таңдайды – көктемде су жиналмайтын және өсімдіктердің тұңшықпауын қаперге алынады. Күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 180-310 күн аралығында өзгереді.

-Күздік бидайдың опат болу  себептері: өсімдіктердің үсіп  кетуінен; ойпаң жерлерде судың  артық мөлшерінен тыныс алу ережесінің бұзылуынан өсімдіктердің тұшығуы; түптену түйіннің топырақ бетіне шығып қалуынан; топырақ бетіне мұз қабыршақтарының пайда болуынан т.б.

-Үсіп кетуге қарсы тиімді  күрес шаралары- аязға төзімді сорттарды өсіру, фосфор-калий тыңайтқыштарын енгізу, дер кезінде себу, тұқымды топыраққа тереңірек сіңіру, сүрі танаптарында ықтырма өсіру арқылы қар тоқтату ж.б.; күздік бидайды шіруден опат болдырмауға топырақ тезірек қату үшін және өсімдіктерде тыныс алуға пластикалық заттардың шығынын азайту үшін қарды тығыздау қажет; ерте себуді және жиі егістік қалыптастыруды; артық мөлшерде азотпен үстеп қоректендіруді болдырмау.

Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін  жоғарылатудың маңызды шараларының  ішінде күздік бидайдың ауруларға төзімді, жоғары сорттарын өндіріске өндіру және олардан жоғары өнім алу ең маңызды мәселе болып отыр. Соңғы жылдары Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысы үшін өнімділік потенциалы 90-120 ц\га жететін, ауруларға төзімді, дәнінің сапа көрсеткіштері жоғары және суыққа, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігі жоғары сорттар шығарылуда.

Мәселен, Р.А.Оразалиев  пен А.Т.Сарбаевтың деректері бойынша  соңғы жылдары Қазақстанның біраз  аймақтарында, шет елдерде, жоғары сапалы агроэкотипіне жататын Прогресс, Алматинская полукарликовая, Қарлығаш сорттары өсірілуде, Богарная 56 және ОПАКС сорттарын тәлімі жерлерге жоғары сапалы астық өндіру талаптарына сай келеді. Тұқымы жоғары сапалы астық өндіру талаптарына сай келеді. Тұқымы жоғары сапалы күздік бидай сорттары алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда гектарынан 80-100 ц, ал қалғандарында 20-40 ц өнім береді.

 

 


Информация о работе Күздік бидай