Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 22:27, лекция
Мақта өсімдігінің тамыры кіндікті болып келеді. Тұқымжарнағының кезеңінде негізгі тамыр 20 см дейін топырақ қабатына бойлайды, ал өсіп-жетілудің соңында – 2,5 – 3,0 м дейін жетеді.
Топырақ қабатының 3-8 см тереңдігінде негізгі тамырдан бірінші дәрежелі бүйір тамыршалары тарайды. Олар біршама бұрыш жасап 70-100 см радиуста жан-жаққа жайылады.
Тақырыбы: Мақта өсімдігінің тамыры және ерекшеліктері
Сұрақтар:
Мақта өсімдігінің тамыры кіндікті болып келеді. Тұқымжарнағының кезеңінде негізгі тамыр 20 см дейін топырақ қабатына бойлайды, ал өсіп-жетілудің соңында – 2,5 – 3,0 м дейін жетеді.
Топырақ қабатының 3-8 см тереңдігінде негізгі тамырдан бірінші дәрежелі бүйір тамыршалары тарайды. Олар біршама бұрыш жасап 70-100 см радиуста жан-жаққа жайылады.
Бірінші дәрежелі бүйір тамырларынан екінші дәрежелі тамырлар, олардан үшінші дәрежелі және т.б. тарайды. Әртүрлі дәрежелі тамырлардың тамырлануының нәтижесінде үлкен топырақ көлемін қамтитын тығыз тамыр жүйесі дамиды.
Тамыр жүйесінің негізгі массасы суармалы жерлерде топырақтың беткі 40-50 см, ал суарылмайтын жағдайда - 30-дан 85 см дейінгі қабатында шоғырланады. Құрғақ тамырлар массасы жалпы өсімдік массасының егін көгі-шанақтану («бүрену») кезеңінде 25 пайыз, шашақтануды 20 пайыз, гүлденуде 14 пайыз, піскенде 8 пайыз құрайды.
Қоза өсімдігінің тамыр жүйесі алғышқы 15 күннен бастап жетіледі, есесіне жер бетіндегі сабағы өте баяу өседі. Тамырдың нағыз күшті өсуі гүлденуіне дейін жалғасады. Тамырдың дамуына топырақ ылғалданып, ауаның температурасы, тыңайтқыштар әсер етеді. Фосфор тыңайтқышының тигізетін ықпалы өте күшті, қалың болуына ықпал етеді. Тамыр жүйесінің дамуы топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері әсерін тигізеді. Қоза өсімдігінің қатар аралығында тамырларға әсер етеді, егер өсімдіктің қатар аралығы жиі болған сайын белсенді әрекет ететін тамырлардың жүйесі неғұрлым тереңге қарай кетеді.
Қоза өсірілетін егістікті өңдеуде тамыр жүйесінің дамуына да оңды ықпал тигізеді. Ал қозаны қатар аралығын өңдеп – баптау кезінде оның тамыр жүйесіне ір түрлі зиян келтіреді. Сондықтан да қозаның тамыр жүйесінің дамуына саналы түрде мұқият көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар өсімдіктің сорттық және биологиялық ерекшелігіне байланысты тамыр жүйесінің топырақтағы таралу аймағы әртүрлі болады. Негізінен тамыр жүйесінің даму процессі оның тұқымының өнуінен бастау алады. Ал тамырдың өсу жылдамдығы тұқымның сорты мен қоршаған ортаның әсерінен болды. Мақта өсімдігінің тамырлары регенерация құбылысына ұшырап отырады. Мәселен, құрғақшылық жағдайда өскен мақтаның бүйір тамырлары жоғарыдан төмен қарай шіриді, яғни әрекет етуші тамырлары, ал қолайлы жағдайда суғару процесінен кейін жаңа тамырлар қалыптасады. Бұл процес өсімдіктен өнім алғанға дейін жүреді.
Мақта өсімдігінің тамырлары:
Сорушы тамырлар топырақтың беткі қабатында, ал әрекет ететін тамырлар топырақтың терең қабатына таралған.
Мақта өсімдігінің тамырлары тұздануға төзімді келеді.
Қарастырылатын сұрақтар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Мақта өсімдігінің тамыры және ерекшеліктері