Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 09:14, реферат
Орман зиянкестерінің әсерін өртпен салыстыруға болады. Олармен күресудің үш бағытын атауға болады:
Химиялық улы химикиаттармен үлкен өнімділік және залалдықпен – бүріккіштер, тоңазытқыштар мен аэроалгенераторлар;
Биологиялық - ормандарға пайдалы зиянкестер жаулармен жәндіктер қоныстандыру;
Механикалық терең каналдар қазу және жарық ұстағыштар арқылы.
1. ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУГЕ ОРМАН МАШИНАЛАРЫНА ШОЛУ ЖАСАУ
2. ОРМАН ДАҚЫЛДАРЫН КЕПТІРУГЕ, СОРТТАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ КОНСТРУКЦИЯҒА ШОЛУ ЖАСАУ
3. ОРМАН СОҚАЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖҰМЫС ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
Жәшік қабырғалары жоғарғы жағында бір-біріне паралель келеді, ал төмеңгі жағында бір-біріне жақындатылған.
Жәшік пішінінің мұндай болуы тұқым мен тыңайтқыштың сепкіш аппараттарға құйылуын жеңілдетеді. Жәшіктің ұзындығына қарай қақпақты тұтас немесе екі бөлік етіп жасайды да, алдыңғы қабырғаның жоғарғы керпесіне топсамен бекітеді. Қақпақтың ашылуы тірекермен шектелген. Жәшіктің түбінде тесіктер бар. Тұқымға арналған сепкіш аппараттар солардың тұсына қойылған, ал жәшіктің артқы қабырғасында тыңайтқыш шашатан аппараттарға арналған тесіктер бар.
Тұқым сепкіш аппараттар. Дәнді дақылдардың тұқымы және шөп тұқымдарын себу үшін катушкалы сепкіш аппараттарды қолданады.
Бұл аппараттар құрылымы жағынан қарапайым, себу нормасын реттеу онша күрделі емес, пайдалануға қолайлы. Катушкалы сепкіш аппарат. Негізгі 4 бөліктен: тұқым қорабынан, сызаттары бар жұмыс катушкаларынан, жай жұмыр муфталардан және розеткалардан құралған.
Тұқым өткізгіш құбыр
тұқым мен тыңайтқышты сепкіш
аппараттардан сеялканың
Тұқым өткізігіш спиральді-ленталы құбырлы спиралша ширатылған болат лентадан жасайды. Оның жоғарғы ұшын серіппелі шаппа тіспен воронкаға жалғастырады. Ал тұқым өткізгіш құбырдың төменгі ұшында қапсырма болады, ол оны тұрақтандырғыш сым арқылы шүмектің корпусына бекітеді. Мұндай тұқым өткізгішті жасау қиын, бірақ ол икемді келеді. Оның кемшілігі: жұмысқа пайдалану кезінде керіліп, ұзарып кетеді. Спиральды-ленталы, құбырлы тұқым өткізгіш құбырлары СЗН-10, СЗН-16, СЗН-24, СУ-24, СУК-24А, ЛДС-4А, СУТ-47, СЗС-9, СЗС-2.1 сеялкаларына орнатады.
Дискілер шүмек корпусында бір-біріне 10° бұрышталып бір рет майланатын шарикті подшипникке орнатылған. Корпусқа дискілер салған борозда түбіне тұқымды төгіп отыратын воронка орнатылады. Дискілер аралығына ішкі жағына жабысқан топырақты түсіріп реттеп отыратын тазартқыш бекітілген. Мұндай дискілі шүмектерді СЗ-3,6, СЗС-2,1, СЗП-3,6, СУК-24А және т.б. сеялкаларға орнатады.
Сеялкаларды жұмысқа әзірлеу. Сеялкаларды егіс басына шықпай тұрып алдын ала тексеріп, жұмысқа әзірлеу керек. Алдымен сеялканың тораптары мен механизмдерінің бекітпелерін тексереді, сепкіш аппараттарды, тұқым өткізгіш құбырларды, шүмектерін қарап шығады. Байқалған ақаулардың бәрін жояды. Тұқым жәшігінен табылған бөгде заттарды алып тастайды. Содан кейін жалғастырғыш механизмдерді тексеріп, сеялканы майлап қояды.
Бір агрегатта бірнеше сеялкамен жұмыс істеу үшін тексергіштерді де дайындап қояды. Доңғалақтардың, осьтердің, кергіштердің ақаусыздығын, брустардың аспа механизмдерінің, қапсырмаларының күйін тексереді. Байқалған ақауларды сол жерде дереу жөндейді.
Қондырғыш тақтайды пайдаланып, шүмектердің орналасуын тексереді. Белгіленген себу сұлбасынан ауытқыған жағдайда шүмектерді ауыстырып қояды. Ең соңында сепкіш аппараттардың тұқымды біркелкі себуін тексеріп, сеялканы себу нормасына қояды.
Тұқымды сіңіру тереңдігін топтап және жекелеп реттелетін шүмектердің топыраққа бату тереңдігіне қарап анықтайды.
Топтап реттеу тереңдіктің бұраңдалы реттегішімен немесе көтергіш механизмімен жүргізіледі. Винтті босатқанда немесе тісті сектор бойынша рычагты көтергенде шүмектердің жүріс тереңдігі кемиді және керісінше, винтті қатайтқанда немесе рычагты түсіргенде арта түседі. Реттегіштердің винттері мен сеялканың екі бөлігіндегі көтергіш рычагтары шүмектерді бірдей тереңдікке батыратындай етіп орнатылуы қажет.
Шүмектердің жүріс тереңдігін жеке-жеке реттеу мынадай бірнеше тәсілмен жүргізіледі:
ОРМАН СОҚАЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖҰМЫС ПРОЦЕССІ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ
Соқалар – жер өңдеу құралы. Адамзат өркениетінің
қалыптасуы мен дамуы барысында орасан
зор орын алған, көне дәуірлерден қазірге
дейін қолданылып келе жатқан бұл еңбек
құралы мыңдаған жылдар бойы жетіле келе
ертедегі қарапайым имек ағаштан осы заманғы
күрделі а. ш. техникасына айналды. Ерте
егіншілік мәдениеті пайда болған әлемнің
аса ірі сегіз орталығында (Қытай, Үндістан, Алдыңғы Азия, Орта Азия, Жерорта теңізі
жағалауы, Эфиопия, Орталық Америка, Оңтүстік Америка) жер өңдеу саласы терімші-аңшылықтың
гүлденген кезеңінен кейін барып қалыптасты.
Терімші қауымдар тұтынған мүйіз, ағаш
кетпендер мен жерқазғыштар іс жүзінде
ежелгі соқаның пайда болуының алғы шарты
еді. Ежелгі қауымдар пішіні жағынан қазіргі
құралдарға ұқсас кетпендер мен түзу ұшталған
имек таяқ жерқазғыштарды жеуге жарамды
тамырлар мен түйіндерді қопарып алуға
пайдалана отырып, оны өгіз, бұқа, есек,
ат сияқты үй жануарларына тіркеу идеясына,
яғни алғашқы соқаның идеясына жетті.
Бұл ретте, әсіресе, дәнді дақылдардың
жабайы түрлерін азық қылуға дағдыланған
өлкелердің маңызы ерекше болды. Ерте
егіншілік, малшылық салалары қалыптасқан
неолиттік төңкерістің қарқындаған тұсында
соқа пайда болып, мұнан әрі жер өңдеу
кәсібі соқа қолданылатын және соқа қолданылмайтын
екі үлкен түрге жіктелді. Мұны ғылымда
соқалы егіншілік (танаптар малға, адамға
жегілген соқамен өңделді) және кетпенді
егіншілік (кетпендер, жерқазғыштар пайдаланылды)
деп атады. Бұл айырмашылықтың басты себебі
– ежелгі қауымдардың бір-бірінен әлдеқандай
нәсілдік артық-кемшіліктерінде емес,
табиғи-экологиялық жағдайлардың алуан
түрлілігінде болды. Соқаны пайдалану
орман-бұтасыз, кең, тегіс алқаптары жеткілікті,
жер қыртысы жұмсақ, тасы жоқ, мол су көзі
бар, жауын-шашын мен күн қызуы өзара қолайлы
үйлесімін тапқан өңірлерде қалыптасты. Ежелгі Азия, Африканың Шумер, Египет, Қытай, Үндістаннан өзге соқа анағұрлым кейін пайда болған Еуропа өлкелерінде де осы іспетті табиғи-экологиялық
алғы шарттар орын алды. Азияның, Африканың, Амер
Қазіргі трактор соқаларын былайша жіктеуге болады. Атқаратын жұмыстарына қарай жалпы жұмыс және арнаулы жұмыс плугтарына, корпус санына қарай 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 корпусты, тракторға тіркеуіне қарай – тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы. Корпустарының қайырма формасына қарай – дақылдық қайырмалы, торлы қайырмалы, жартылай винтті және винтті қайырмалы плугтар.
Соқалардың маркалары: ПН – аспалы плуг, ПБН – батпаққа арналған аспалы плуг, ПСГ – гидрофикциаланған бай-бақша плугы; екі мәнді цифр корпус алымының ені, цифрдан кеінгі әріп плугтың өзгертілген түрі (А-жаңа модельі, Р-тіркеуіш доңғалағы бар, ПГ- топырақ қазғышы бар әрі гидровикалық жолмен басқарылады).
Соқаның құрлысы:
СА-2 автотіркеуіші бар тракторға арналан бес корпусты үйлестірілген аспалы ПЛН-5-35 плугы құрамында тасы жоқ, 30 с тереңдікте дейін жыртуға арналған. ПЛН-5-35 плугы ДТ-75 М, Т-150 К және Т-4А тракторларына агрегатталады.
Плугтың негізгі жұмыс органдары дискілі пышақ, шым аударғыш, және табан арқылы түрен, қайырма және жақтау штампталан болат тірекке бекітілген корпус болып табылады. Плуг рамасы пісірмелі, ал брус арқалықты қатайтып ұстап тұрады.
Түрен - топырақ қыртысы астын тілуге арналған. жүзінің 20-35 см енін жылулық өңдеуден өткізеді. түрен борозда түбіне 22-300 бұрыш жасап, көлбей орнатылуы тиіс. Түрен трапеция немесе қашау тәрізді болады. Бүгінгі таңда қашау тәрізді түрендер көп таралған. Түренді оның кескіш жүзі плугтың жүріс бағытымен сүйір бұрыш жасайтындай етіп орналастырады. бұл өсімдік тамырлары мен топырақ кесектерін кесуге қолайлы жағдай туғызады, өйткені плугтың қозғалысы кезінде олар оның кесікш жүзінің бойымен сырғиды.
Қайырма – топырақ қыртысын аудару мен ұсақтауға арналған. Қайырмалар бет формасына қарай дақылдық, цилиндірлі, жартылай винтті және винтті болып бөлінеді. винтті және жартылай винтті қайырмалар топырақ қыртысын жақсы аударады. Топырақ қыртысын жақсы аудару үшін қайырманың ұшына екі болат жолақ бекітіледі.
Қайырманы үш қабатты болаттан жасайды. олардың ыртқы қабаттары көмртекті, ортаңғысы аз көміртекті болаттан құралады да жылумен өңделеді.
Атыз тақтайшысы плугтың жүрісін тұрақтандырады, тіректі бүйірлік күштерден жеңілдетеді, борозда қабырғасын құлаудан сақтайды.
Шым аударғыш – бұл алым кеңдігі 23 см дақылдық жұмыс беті бар кіші-гірім корпус. Шым аударғыш топырақтың жоғарғы қабаты 12 см-ге дейінгі тереңдікте кесіп, ұсақтап, аударып, оны борозда бетіне салуға арналған. Соның нәтижесінде арамшөптер мен өсімдік қалдықтары көміліп қалады. Шым аударғыш болат тіректен және оған басы жасырын тұрған болаттар арқылы бекітілетін қайырма мен түреннен құралған.
Пышақ топырақ қыртысын вертикаль бағытта тіліп, борозда қабырғасын тегіс болуын қамтамасыз етеді. ол дискілі немесе сапты пышақ тәрізді болуы мүмкін.
Дискілі пышақ айналатын және сапты пышаққа қарағанда жұқа болатындықтан жұмыс кезінде аз күш жұмсауды қажет етеді.
Дискілі пшақ болат дискіден тұрады. Дискі жүзі екі жаққа бірдей қйырылып, ені 75 мм шамасында жылумен өңделген. Дискі өз осімен күпшекке орнатылған екі радиалды шарикті подшипникте айналып тұрады. Топырақ тереңдеткіш жыртылған қабаттың астын тереңдігі 6-15 см болатындай етіп қопсытуға арналған. Жыртылған топырақ астын қопсытуға топырақ тереңдеткіштен басқа, екі сатылы етіп жыртатын арнаулы корпус пайдаланылады.
Негізгі арқалық дискілі пышақ бекітілген консольмен жабдықталаы. Негізгі арқалықтың алдыңғы және артқы бөлігінде төрт тесік бар. Осы тесіктер арқылы негізгі арқалықтың алдыңғы жағына борозда доңғалағының механизмі, ал арт жағына артқы борозда механизмі мен тіреуіш доңғалақтар бекітіледі. Көлденең тартқыш оң және сол винттерден және тартқыш ұзындығын реттеуге көмектесетін қосалқы гайка мен жалғастырғыш муфтадан тұрады.
Аспалы плугтағы СА-2 автотіркеуішінің құлпы раманың көлденең брусына, ал айқыш тартпа раманың негізгі брусына бекітіледі.
Аспалы плугтың корпусы рама жолағына үш болтпен бекітіледі, ал шым аударғыш корпус алдына тұтқыш пен қамыт арқылы оның сол жағына бекиді. тіреуіш доңғалағы бойлық арқалықтың сырт жағынан тырма тіркмесінің алдынан орнайды. Шым аударғыштар рама жолағына бекітіледі.
Бойлық арқалықтың сырт жағынан дискілі пышақтың консолы бекітіледі.
ПЛ-5-35 жартылай аспалы плугының артқы тіреуіш доңғалағы жер жырту тереңдігін реттеуге арналған. Тиісті тереңдікке қою үшін тіректе белгілер жасалған. Артқы тіреуіш доңғалағы тіректен, тұтқыштан, жартылай осьтен және доңғалақ дискілі құрсаудан тұрады. Доңғалақ жартылай оське бекітілген. Ал жартылай ось күпшектегі 7508 номірлі екі роликті подшипникке орналасады. Күпшектің бір ұшы дискілі құрсаумен бес шпилькалы конусты гайкалар арқылы, ал екінші қарама-қарсы ұшына болаттар арқылы төсемі бар қақпақ бекітіледі. Тіреуіш доңғалағы негізгі арқалыққа орналасады. Ол жоғары көтеру немесе төмен түсіру винт артқы доңғалақтан айрмашылығы – тұтқыш құрлысының өзгешілігі мен екі қамытының болуында.
Құрылысы бойынша ПЛП-5-35 аспалы плугының тіреуіш доңғалағы ПЛ-5-35 жартылай аспалы плугының тіреуіш доңғалағына ұқсас.
ПЛ-5-35 жартылай аспалы плугы екі пневматикалық доңғалақпен жабдықталған және олар тасымалдау кезінде де, жер жырту кезінде де тіреуіш доңғалақтарының қызметін атқарады.
Пневматикалық доңғалақ жартылай оське, ал жартылай ось екі конусты роликті подшипниктер арқылы күпшекке орналасқан. подшипниктер шаң кіргізбес үшін манжетпен қорғалған.
Алдыңғы борозда доңғалағының
механизмі корпустың тіреу
Алдыңғы борозда доңғалағының механизмі негізгі арқалыққа құрастырылады, ол кронштейннен, жетекшіден, екі рычагтан, ішкі жағында осьі бар, төменгі және жоғарғы екі стаканнан тұрады.
Аспа плугты тракторға тіркеуге және бақару механизмінің тартқышы арқылы борозда доңғалағын басқаруға арналған.
Аспа траверс тірегінен, траверстен, саусақтардан, шайбадан, втулкадан, рычагтан, шплинтті мұрындықтан және қапсырмадан тұрады.
Автотіркеуіш құлыбы
СА-2 автотіркеуішімен жабдықталған плугты
трактор автоматты түрде
Басқару механизмі артқы пневматикалық доңғалақты басқаруға арналған. Бұл басқару трактор арқылы жүргізіледі.
ПЛ-5-35 плугы тырмаға арналған тіркемемен жабдықталуы мүмкін және ол брустан, шынжырлары мен саусақтары бар бойлық арқалықтан және втулкадан тұрады.
Плугты жұмысқа дайындау. Плугты жұмысқа дайындауды оның дұрыс құрастырылғанынан тексеруден бастайды.
Дұрыс құрастырылған плуг мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Шым аударғыш түрендерінің тұмсығы мен негізгі корпустың арасына дейінгі қашықтық 250 мм-ден кем болмауы керек. Шым аударғыштың тірегін жырту тереңдігі 24 см болғанда – үшінші, 25-26 см болғанда төртінші, ал 27 см кезінде – ең төменгі тесігіне бекітеді.