Топырақ құрылымы, жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 09:18, реферат

Описание работы

Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды.Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.
Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлімі:
1)Топырақ құрылымы, жіктелуі
2) Топырақтың технологиялық қасиеттері
3) Топырақтың құрамы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

топырақ реферат жанайым.docx

— 31.84 Кб (Скачать файл)

Жоспары

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімі:

1)Топырақ құрылымы,  жіктелуі

     2) Топырақтың технологиялық қасиеттері

     3) Топырақтың құрамы

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

Кіріспе

      Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды.Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.

Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік  өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін  негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс  салғанда – инженерлік құрылғылардың  іргетасының негізгі ретінде  және жол салуда гидротехникалық  құрылыста құрылыс материалы  ретінде маңызы зор.

Топырақта жүріп жататын  күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат  қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда  жаңа мүмкіндіктер ашады.Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді пайдалы қазба кен орындарын іздеу кезінде пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен қаралуы керек.Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда.

        

Топырақ құрылымы, жіктелуі

Топырақ құрылымы. Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі  қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық  элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа  жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат  біріккен органикалық және минералды  бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ  құрылымның пайда болуы-күрделі  биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік  микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды  үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында  кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар  кездеседі.

Топырақ бөлшектерінің құрылымы .

1. Құрылымы жоқ,  шаң-тозаңды,борпылдақ. 

2. Құрылымы майда  түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері  0,5-1 мм.

3. Дәнді түйіртпекті,  диаметрі 1-5мм.

4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм.

5. Майда кесекті  құрылым, топырақ бөлшектерінің  көлемі бірнеше см-ге жетеді.

Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы  топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық  құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады.

Топырақтың морфологиялық  құрылымын зерттеу үшін далалық  жағдайда тік қазылған шұңқырларды  пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет  В.В Докучаев қолданған, осы күнге  дейін бұл топырақтануда негізгі  әдіс болып қалды. Шұнқырды қазып, Бір бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп қараған кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады.

Топырақтың технологиялық  қасиеттері

    Грануметриялық құрамы жеңіл топырақтар жақсы су сіңімділігімен, оңтайлы ауа жүргісімен тез қызу қабілеттілігімен сипатталады. Сонымен бірге олардың теріс қасиеттері бар, мысалы ылғал сыйымдылығының төмендігі, қарашіріндісінің, қоректік элементтердің аз болуы, сіңіргіштік қабілетінің шамалылығы, жел эрозиясына бейімділігі.

Топырақтағы физикалық құммен саз бөлшектердің салыстырмалы мөлшеріне  сәйкес ол құмды, құмайт(құмдауыт), саздауыт ( жеңіл, орта, ауыр ), сазды (олда 3-ке бөлінеді: жеңіл, орта, ауыр ), ал топырақты өңдегенде  тарту кедергісіне байланысты шартты түрде жеңіл, орташа, ауыр топырақтар деп үш топқа бөлінеді.

Ауыр саздауытты және сазды  топырақтар жоғары байланыстылығы және су сыйымдылығымен, қарашірінді, қоректік заттармен қамтамасыз етілу деңгейі  жоғарлылығымен ерекшеленеді. Мұндай топырақтардың оң қасиеттері олардың  құрылымы жоғары болғанда айқын көрінеді де, керісінше, шаңдақ болғанда теріс  көріністері ұлғаяды.

Құрылымы нашар топырақтардың  арасында өздерінің қасиеттерімен  жеңіл және орта саздақты топырақтар ерекшеленіп тұрады.

Топырақтың физикалық  пісіп-жетілуі оның грануметриялық құрамына тығыз байланысты болып  келеді. Сонымен қатар топырақтың технологиялық қасиеттері (байланыстылығы, иілімділігі, жабысқақтығы ), қаттылығы, ісіну қабілеттілігі де оның грануметриялық құрамына байланысты.

Топырақтың грануметриялық құрамын еске ала отырып ауыл шаруашылық дақылдарын аумаққа орналастыру  әбден мүмкін. Мысалы, картоп, көптеген көкөніс дақылдарын құмдауыт, жеңіл  саздауытты жерлерге орналастырған  тиімді болып келеді.

Гранулометриялық құрам  топырақ тузуші жыныстан қалған оның өте тұрақты белгілерінің бірі, ол топырақты шаруашылықта пайдаланғанда  өзгерістерге ұшырайды деуге болмайды. Тек жылыжай жағдайларында немесе аз көлемді жерлерді органикалық  тыңайтқыштарды көп мөлшерде берумен  қатар сазды немесе құмды топырақпен араластыру арқылы оның грануметриялық құрамын өзгертуге болады.

 

 Қазақстанның топырақ жамылғысы

   Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.

Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар

Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар. Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі  қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп  жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде  құнарлы топырақ қабаты пайда  болады.

Абиогендік фактор

Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгітіліп, мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен  саздар суға шайылып, желдің күшімен  ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер  ғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел  қатты болса, жер беті өзгеріп  тұрады. Топырақтың ең негізгі қасиеті  табиғи құнарлылығы, яғни құрамында  өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректік заттардың  мол болуы. Сөйтіп, аналық тау жыныстарынан кейін топырақ түзуші жетекші  фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қышқылдар шығарады. Қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді (гуммус) пайда болған. Шірінді үгілген майда жыныстармен  араласып кіріккен. Осылайша топырақ  қалыптаса бастаған.

Жануарлар дүниесі

Жануарлар дүниесі өздерінің  тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты  байытады, өлгендері шірінді мөлшерін көбейте түседі. Шұбалшындар топырақ  пен органикалық қалдықтарды  асқазан шырынымен шылап өзгертіп, өңдеп шығарады.

Климат

Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор маңызы бар. Бұл  процеске қатысатын өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың  тіршілігі климатқа байланысты. Аязды  кезеңде топырақтың түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде баяулайды. Климат табиғаттың басқа компоненттері сияқты, топырақтың ендік зоналық, биіктік белдеулілік заңдылықтары бойынша таралуына әсерін тигізеді.

Жер бедері

Жер бедерінің топырақ  түзудегі рөлі жергілікті жердің жер  бедеріне байланысты. Олардың аналық жыныстарда әр түрлі, ылғалдың топыраққа  сіңуі де әр түрлі. Солтүстік беткейден  оңтүстік беткейге түсетін жылу мен  ылғал да әр түрлі болады.

Антропогендік фактор

Адам баласының топырақтың түзілуіне тигізетін әсері әр түрлі. Бір жағынан топырақты  тыңайтқыштар пайдаланып құнарлылығын арттырса, жерді суарып, батпақтарды  құрғатып жатса, екінші жағынан тыңайтылған  жерлерді үсті-үстіне пайдаланып, жел  эрозиясына ұшыратуда. Адамдардың қызмет әрекеті әрдайым топырақтың құнарлылығын арттыра бермейді.

Топырақ жамылғысын механикалық  құнарлылығына қарай ажырату

Топырақтың механикалық  құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің  жиынтығы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлі болады. Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқылдап алып, илегенде құрамында саз бен шірінді  бар топырақтар біріккіш келеді. Ал құрамы құмды, құмдауытты, саздауыт болса, онда топырақтың бірігуі нашар болады. Топырақтың қасиетіне қарай оның құрылымы да әр түрлі болады. Шірінді  өсімдіктің қоректенуі үшін ғана керек  емес. Ол топырақ құрылымының түзілуіне  белсенді түрде катысады. Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты. Шірінді мен кальцийге бай  қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ  болып саналады. Топырақ түйіршіктерінің  көлемі 10 мм-ге дейін болса, кеуек  топыраққа ауа, су оңай өтіп, өсімдіктердің  өсуіне қолайлы жағдай туады. Құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ  деп атайды. Құрылымды топырақ  құнарлы келеді. Түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ  деп атайды. Ол онша құнарлы болмайды. Топырақ құрылымы нашар жерлерде қар суы сіңбей, сай-салаға ағып кетеді. Құрылымды топырақтар тыныс алады. Күндіз топырақ қызады, ауаның көлемі ұлғайып, тысқа шығады, түнде керісінше  ауа топыраққа өтеді.

Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері

Қазақстанда өзге елдерде  кездесетiн топырақ түрлерiнiң  түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек  ылғалды субтропик белдемiне тән  топырақ қана жоқ.

Топырақ жамылғысының түрлері

Қазақстанның топырақ  жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша  таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52°  с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты  зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр  қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).

Қара топырақты  зона

Қара топырақты зона республиканың  солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын  түгелімен, Қостанай облысының көп  жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс  Қазақстан облыстарының солтүстік  бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына  бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының  оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан  алдыңғы екі өңірдің топырақ  құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі  астық өндіретін алқабы саналады.

Қара қоңыр  топырақ зонасы

Қара қоңыр топырақ  зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының  солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысыныңжазықтарын  алып жатыр. Бұл – республиканың  оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты  өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр  топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын  кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр  топырақ пен кәдімгі қызыл  қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының  гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ  зонасының солтүстігінде астық  өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі.

Қара қоңыр  топырақты зона

Қара қоңыр топырақты  зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ  топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен  қоңыр және сұр қоңыр топырақ  жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.

Информация о работе Топырақ құрылымы, жіктелуі