Топырақтану ғылымының дамуы. Ресей ғалымдарының топырақтанудың дамуындағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 15:20, творческая работа

Описание работы

Топырақтану ғылымының РЕСЕЙДЕГІ (в.в. Докучаевке дейін) дамуы.
В.В.Докучаев –топырақ ғылымының негізін қалаушы.
Топырақ ғылымының Кеңес дәуірінде дамуы
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.

Файлы: 1 файл

Топырақтанудың дамуы.pptx

— 884.80 Кб (Скачать файл)

М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

Мемлекеттік Университеті

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Топырақтану ғылымының дамуы. Ресей ғалымдарының топырақтанудың дамуындағы рөлі.

 

                              Орындаған: Жусабек А, Залпатша Л.

                   Факультет тобы: ХТ-10-4к

                                                   Қабылдаған: Исабекова Н

 

Шымкент, 2013жыл

 

Презентация

Жоспары:

  1. Топырақтану ғылымының РЕСЕЙДЕГІ (в.в. Докучаевке дейін) дамуы.
  2. В.В.Докучаев –топырақ ғылымының негізін қалаушы.
  3. Топырақ ғылымының Кеңес дәуірінде дамуы
  4. Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.

 

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.

Топырақ биосфераның компоненттерiнiң бiрi ретiнде адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар  арсындағы тiкелей жəне жанама əсерлердi тепе-теңдiкте сақтап тұра алатын өздiгiнен  тазару процестерiнiң механизмдерiнiң  аса маңызды резервi болып табылады.

Топырақтану ғылымының  
негізін  
орыс ғалымы  
В.В.Докучаев қалады.

 

Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген.

В.В.Докучаев топырақ  түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады.

Ауа райы

Бастапқы аналық жыныстар

Өсімдіктер мен  жануарлар

Уақыт

Жер бедері

1765 жылы Петербургта егіншілік пен экономика салаларымен шұғылданатын Ресейдің алғашқы ауылшаруашылығы қауымы - Ерікті экономикалық қоғам ұйымдастырылды.

Оның  құрамында негізінен   табиғат зерттеушілері мен экономистер болды.Орыс қара топырағы тек Ресейді ғана асырып қойған жоқ, сонымен қатар онда өсірілетін астық, бидай Еуропамен байланыстырып негізгі сауда көзі болды.

 

Топырақтану ғылымының Ресейде

(В.В. Докучаевке дейін) дамуы.

Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс болжам айтқан орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов. Ол «Жер қабаттары туралы» атты кітабында: «Қара топырақтың пайда болуы, минералды емес, табиғи екі патшалықтан - өсімдіктер мен жануарлардан пайда болғанын барлықтарымыз мойындаймыз» деп жазды.

В.В. Докучаев бір ғасырдан кейін осыны ғылыми негізге алды.

Қара топырақтар туралы ХVІІІ ғасырда профессорлар М.А. Афонин, И.М. Комовтар да жазды.

Бірақ олар қара топырақтың пайда болуымен шұғылданған жоқ.

 

 

ХІХ ғасырдың көптеген табиғаттанушы – саяхатшылардың қаратопыраққа біршама көңіл аударып, оның пайда болуы туралы өздерінің болжамдарын (мұхиттардан, батпақтардан, жербеті өсімдіктерінің әсерлерінен) айтқандарымен, қаратопырақтардың шын мәнісінде пайда болуы, олардың таралуы мен қасиеттері, көп жыл бойы бидай егісіне пайдаланудан топырақ құнарының азаю себептері осы ғасырдың 80-жылдарына шейін белгісіз болып келді.

Міне, осы мәселелерді шешу үшін Ерікті экономикалық қоғам 1876 жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды. Комиссия жұмысына Петербург университетінің геология және минерология кафедрасында қызмет істейтін жас геолог В.В. Докучаев шақырылды. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді. Өйткені ол бұрында Ерікті экономикалық қоғамның Петербург табиғат зерттеушілер мен минерологтар қоғамдарының белсенді мүшесі болып, осы қоғамның қаржыларымен экспедиция ұйымдастырып, топырақтануға жақын мәселелермен, дәлірек айтсақ, төрттік дәуірдің шөгінділерімен, өзен арналарымен, сай-салалардың құрылысы және пайда болуы мәселелерімен шұғылданған.

Егер далалық жұмыстар 1877-1878 жылдары жүргізілсе, одан кейінгі.1879-1881 жылдары химия-аналитикалық және ғылыми-өңдеу жұмыстары қолға алынды. Сонымен 1883 жылы В.В. Докучаевтың тарихта топырақтану жөніндегі әлемге әйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген ғылыми еңбегі шықты.

Бұл туралы В.В. Докучаевтың шәкірті, аса дарынды ғалым геохимик В.И. Вернадский кезінде былай деген:«Топырақтану ғылымының дамуы үшін қаратопырақ, кальцит кристаллографияның, бақа физиологияның, ал бензол органикалық химияның дамуына үлкен ролін атқарды».Бұл еңбектерінің нәтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін, кеңістіктегі өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай келіп, жалпы топырақ туралы жаңа түсінікке келді.

Топырақты зерттеудің ерекше жаңа топырақ-географялық салыстырмалы зерттеу әдісін ұсынды. Докучаев топырақтың табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі екенін анықтады. Топырақтың өте күрделі құрылымды екенін, ол өзін түзген тау жыныстардан морфологиялық көрінісі және химиялық құрамы жағынан жақсы ажыратылатынын, оның қалыңдығы тек жыртылған қабатпен шектелмейтінін көрсетті. 

Сондықтан мұны табиғаттанушылар ғасыры, табиғат ғасыры деуі жай емес. В.В. Докучаев «Табиғат зоналары туралы ілім» деген мақаласын былай бастайды: «Табиғатты, оның күшін, апатын, денесін тану үшін ХІХ ғасырда алып қадамдар жасалды.

Дегенмен адамзаттың осы ұлы білім жеңістеріне назар аудара отырып әсіресе Лавуазье, Ляйэл, Дарвин, Гельмгольц т.б. жұмыстарынан кейін, аса маңызды, әрі мәнді кемістікті байқамауға болмайды. Негізінен әр түрлі денелер-минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар және олардың болмысы,

Ал шын мәнінде тек осы қатынастар, осы заңды қарым-қатынастар мен бір-біріне әсері табиғаттанудың негізін құрайды, табиғаттанудың ең бір тамаша әрі жоғарғы ғажабы». Кейбір табиғи заттар -от, су, жер, ауа зерттелді.Тек олардың қатынастары, пайда болулары, ғасырлық, әрдайым заңды табиғат күштері мен денелері, тірі мен өлі табиғат арасындағы байланыстары мен болмыстары зерттелмеді.

В.В. Докучаев өзі негізін қалаған ғылым – топырақтану ғылымы жоғарыда жіберілген кемістіктерді ескеріп, табиғаттағы бұрыннан бар тірі мен тірінің, тірі мен өлі табиғаттың қарым-қатынастары мен бірінің-біріне әсерін зерттейтін ғылым деді.

 

Докучаев осы терең ғылыми түсініктерімен табиғат ландшафтары туралы ілімді қалыптастырды. Ландшафтағы топырақ маңызын айта келіп, топырақты «ландшафтың айнасы» деп сипаттады.

1925 жылы Докучаев атындағы топырақтану  комитеті, КСРО Ғылым академиясының В.В. Докучаев атындағы топырақтану институты болып қайта құрылды. Оның директоры болып академик К.Д. Глинка тағайындалды. Кеңестік заманны ңәр кезеңдерінде  КСРО-ның әр республикаларында да арнайы топырақтану және  агрохимия институттары ұйымдастырылып,  жемісті зерттеу жұмыстарын бастады. Бұлардың барлығына В.В. Докучаев  атындағы Топырақтану  институты методикалық  жетекшілік етті. Кеңбайтақ  Кеңестік елдердің басым территорияларында топырақ-географиялық  зерттеулер өріс алса, кейбір республикаларда  топырақты мелиорациялау бағыттарында зерттеулер жүргізіле бастады. Еліміздің ылғалы мол батыс аймақтарында топырақты құрғату, ал Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Кавказдың  оңтүстігінде топырақты  суару мелиорациялары дамыды.

 

Осы кезде топырақтанудағы ірі тұлға К.К. Гедройц (1872-1932) болды. Ол топырақтану химиясы саласында, дәлірек айтсақ топырақтың сіңіру комплексін, сор топырақтар мен сортаң топырақтарды зерттеуде аса ірі теориялық жетістіктерге жетті. Топырақтану, жалпы жер қыртысы геохимиясы саласындағы ірі ғалым Б.Б. Полынов (1877-1952) болды. Бұл екеуінің кейінірек академик болып сайлануы кездейсоқ емес екені анық. Кеңестік заманда топырақтың органикалық бөлігі туралы ірі жетістіктерге академик И.В. Тюрин жетсе, топырақтың географиясы саласында академиктер Л.И. Прасолов, И.П. Герасимов, топырақ агрохимиясы саласында академиктер Д.Н. Прянишников пен Я.В. Пейве терең зерттеулер жүргізіп, көптеген жаңалықтар ашты. В.В. Докучаевтың шәкірті академик В.И. Вернадскийдің айтуынша топырақ – аса күрделі, әрі өлі, әрі тірі дене. Сондықтан оны зерттеу де оңайға түспейді. Бір жағынан оған геологиялық ғылымдар әдісі қажет болса, екінші жағынан биологиялық ғылымдар әдістерін қолдану қажет. Алайда топырақ таза геологиялық та, таза биологиялық та дене болмағандықтан оны зерттеулер әдістері үнемі дұрыс нәтижелер бере бермейді. Топырақ сияқты күрделі денеге екі әдіс жеткіліксіз.

Топырақ осындай күрделі дене болғандықтан осы күндерге шейін оны белгілі бір ғылымдар қатарына жатқызу туралы әлемде біртұтас пікір жоқ. Мысалы біздің елімізде 1948 жылға шейін топырақтану ғылымы Жер туралы ғылымдарға жатқызылып, ол саладағы мамандар жоғары оқу орындарының геология-топырақтану факультеттерінде дайындалды.

1948 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының тамыз сессиясынан кейін Топырақтану ғылымы бірауыздан биологиялық ғылымдарға жатқызылды. Мамандарды да дайындау оқу орындарының биология-топырақтану факультеттерінде басталды.

Сонымен топырақтану ғылымы аса күрделі және өте қажетті ғылым. Халық санының күн сайын өсуі, олардың әл-ауқатының көтерілуі үшін топырақтанудың маңызы жылдан-жылға арта бермек.

Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы

 

Бұл бөлімшедегі  мәліметтер Қазақ ССР Ғылым академиясының топырақтану институты туралы еңбектен алынды. Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануыӨмірбек Оспанұлы есімімен тікелей байланысты. Мәскеудегі Тимирязев ауылшаруашылық академиясының топырақтану және агрохимия мамандығын алған. ө.Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В.В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология-минерология ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө. Оспанов топырақтану саласынан өз ұлтымыздан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі бар ғалым болатынын мақтанышпен айтамыз.

 

Ғылыми дәрежесі бар ғалым алғаш  КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында геология секторында аға ғылыми қызметкер, кейінірек филиал төл алқасында қызмет атқарды.

Осы кездері филиал төралқасының төрағасы Қ.И. Сәтпаевтың орынбасары бола жүріп, болашақ Қазақ Ғылым академиясының негізін қалауда көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ө. Оспанұлы Қазақстанда топырақтану секторын ұйымдастыру мәселесін көтеріп, оған басшылық ету үшін елімізге аты белгілі профессор А.И. Безсоновты шақырды

Сонымен республикамызда топырақ зерттеуші алғашқы ғылыми ұжым пайда болды. Бұл топқа Отан соғысы жылдарының басында Алматыға көшіп келген КСРО Ғылым академиясы Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры Л.И. Прасолов бастаған, кейінірек академик болған И.П. Герасимов, профессорлар М.А. Глазовская, Е.В. Лобова т.б. қосылды. Сонымен Қазақстан топырақтары жан-жақты ғылыми негізде зерттеле бастады. Дегенмен сектор ұйымдастырылғанға дейін Қазақстан жерінің топырақтары туралы ешқандай мәліметтер болмады десек шындыққа үйлеспейді.

Қазақстан жерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Ресей ғалымдары тарапынан жасалған ғылыми экспедициялар: Лепехин, Гмелин, Паллас, Краснов, Миддендорф, Пржевальский, Уәлиханов, Семенов т.б. негізінен жалпы табиғаттану мақсатындағы географиялық сапар-саяхаттар еді. Ал тікелей топырақ қыртысын Қазақстанда зерттеу осы үстіміздегі ғасырдың басында, Ресейдің халық тығыз мекендеген Еуропалық бөлігінен шаруаларды шығысқа, Қазақстан мен Сібірге көшіру мақсатымен құрылған қоныстандыру басқармасы қолға алғанды. 

 

Назарларыңызға  рахмет!


Информация о работе Топырақтану ғылымының дамуы. Ресей ғалымдарының топырақтанудың дамуындағы рөлі