Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 22:24, доклад
Зерттеу нысаны жатаған укекіре (Acroptilon repens L.) карантиндік арамшөп. Мақалада жатаған қызғылт укекіренің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып арготехникалық және химиялық күресу шаралары қарастырылды. Химиялық күресу шараларында пайдаланған гербицидтер мен оларды араластырылып қолданғандағы тиімділіктері анықталды.
The subject of the investigation is quarantine plant Acroptilon repens. Considering biological particularities the agrotechnical and chemical measures of fight against Acroptilon repens were studied in the article. Herbicides and tank mixtures of the most effective influence in chemical measures of fight against Acroptilon repens were detrmined.
ӘОЖ: 632.959
УКЕКІРЕНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Габдулов М.А. а.ш.ғ.к., доцент, Кульжабаев Е.М. магистрант
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
Зерттеу нысаны жатаған укекіре (Acroptilon repens L.) карантиндік арамшөп. Мақалада жатаған қызғылт укекіренің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып арготехникалық және химиялық күресу шаралары қарастырылды. Химиялық күресу шараларында пайдаланған гербицидтер мен оларды араластырылып қолданғандағы тиімділіктері анықталды.
The subject of the investigation is quarantine plant Acroptilon repens. Considering biological particularities the agrotechnical and chemical measures of fight against Acroptilon repens were studied in the article. Herbicides and tank mixtures of the most effective influence in chemical measures of fight against Acroptilon repens were detrmined.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі агро өнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік инспекция сарапшыларының берілгені бойынша 2011 жылы укекіремен ластану аумағы республика бойынша 2.6 млн.га құраған.
Егістікке үлкен зиян келтіретін және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін күрт төмендетіп жіберетін карантинді арамшөптерді құртуға бағытталған жұмыс егіншілердің айрықша назар аударуын талап ететіні белгілі.
Академик Э.Ф.Госсен карантиндік арамшөптермен күресудің жалпы республикалық дәрежедегі шаралар кабылдаудың қажеттілігі туды деп есептейді. Нақтырақ айтқанда республиканың ғылыми зерттеу институттарының базасында жатаған укекіре мәселесімен шұғылданатын зертхана жасақтау және оны жою жолында мемлекеттік бағдарлама әзірлеу. Олардың қарқынды жайылуы республика бойынша өте жоғары өткен бес жыл ішінде жатаған укекіремен ластанған аумақ 900 мың гектар өсті. Осыдан түйетініміз жылдық өнім шығыны 4 миллиард теңгеден асып жығылады (сурет 1) [3].
Жойып жіберу қиынға түсетін
арамшөптің бірі – жатаған қызғылт
укекіре (Acroptilon repens L.) көпжылдық, атпа тамырлы, күрделі гүлдер
Укекіре тұқымнан және вегетативтік тамыр бұтақшалардан, көгентамырдан және олардың бөлшектерінен өсіп көбейеді. Бір өсімдікте жатаған укекіренің тұқым беру түсімділігі 3 мың дәнге дейін жетеді. 50 пайызы өнгіштік қасиетін сақтайды. Толық піскен жатаған тұқымы, топырақта өнгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды. Кекіренің негізгі тік тамырлары топыраққа 6-10 метр тереңдікте еніп кетеді. Тамырының басым көпшілігі, (80 пайызы) 20 сантиметрден тереңірек жатады, 0-20 см қабатында арамшөп тамырларының мөлшері аз болады. Демек, жерді 20-22 см тереңдікте жыртқанда укекіре тамырларының шамалы ғана бөлігі зақымданады. Сондықтан, ауылшаруашылық дақылдарының егістігіне 20 см терең жатқан және топырақты өңдегенде қырқылмай қалатын укекіренің жер астындағы тамырлары өте қауіпті. Сондықтан укекіремен күрес шарасы ерекше болуы қажет. Жатаған укекіренің басқа атпа тамыры арқылы көбейетін арамшөптермен салыстырғандағы ерекшеліктері - өркен пайда болу қасиеті жоғары, тамырында көп мөлшерде қоректік зат – көміртегі болуымен түсіндіріледі [ 2] .
Укекіренің тамыр жүйесі көп мөлшерде инулиннен (күрделі көмірсутегі) тұрады, бұл өз алдына арамшөптің өміршеңдігін жоғарылатуға әсерін тигізеді. Тамыр жүйесі терең болған сайын оның құрамындағы инулин мөлшері де артады. Инулин тамырдың топырақтағы төменгі көлденең қабатына жиналуы және қоректік заттарын топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде, жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізілуі арқылы, әр кесілген жерден 3-4 жаңа өркен топырақ бетіне шығады, фотосинтез құбылысы арқылы тамырланады. Сондықтан көптеген жатаған укекіре агротехникалық күрес әдістеріне төзімді болады.
Жатаған қызғылт укекірені жою үшін зерттеу жұмыстарын, арамшөптердің таралу картасын жасап, алдын-алу, агротехникалық-биологиялық және химиялық әдістерін қолдану жоспары жасалынады. Арамшөппен күрес тамыр жүйесінің өмір сүргіш қабілетін біртіндеп жоюдан басталады.
Укекірені түгел құрту үшін бірнеше жыл бойы агротехникалық, химиялық және басқа шараларды кешенді жүргізу керек. Топырақ өңдейтін құралдармен тамырларын бірнеше рет қырқу арқылы ұсақ бөлшектерге бөліп, тамырдағы қоректік көміртектік зат-инулиннің көбеюін азайту арқылы тамырдан қайта өсуіне жол бермеу қажет. Укекіремен күресудің негізгі топырақ өңдеу жұмысы болып табылады. Дәнді дақылдарды жинап алғаннан кейін қопсытқыштармен 2-3 рет 10-12 см тереңдікте укекіре тамырын кесу арқылы ұсақ тамырлардың өсіп жер бетіне шығуына дейін қоректік заттарды пайдаланып үлгереді де, тамыр жер бетіне шықпай жойылады.
Укекіренің одан әрі таралып кетуіне жол бермеу үшін ауыл шаруашылық дақылдарының жақсы тазартылған тұқымын себудің айрықша маңызы зор. Тамырдан шығатын улы заттар көптеген екпе дақылдарға зиянды әсерін тигізеді, олардың өсу энергиясын төмендетеді. Сондай-ақ укекіре көптеген жануарларға зиянды. Әсіресе, жылқы малына, шөппен араласқан укекіре малдың улануына әсер етеді, бидаймен араласқан тұқымдарынан алынған ұнның ащы дәмі болады, тамақ өнеркәсібінде қолдануға болмайды. Оның көп жайылмауына барлық агротехникалық және химиялық әдістерді қолдана білу керек [ 4].
Укекіремен күресу
шараларының технологиясын
Арамшөптермен тиімді күресу үшін, олардың негізгі биологиялық ерекшеліктерін білу керек. Укекіре көктеу басында өте баяу өсіп және дамиды сондықтан бастапқы мерзімде жылдам өскіш ауыл шаруашылық дақылдарын ауыспалы егістікке енгізу қажет.
Жертаған жапырақ кезеңі аяқталып бұтақтану кезеңі басталған кезде укекіренің тамыр жүйесінің тамырлануы мен ұлғайып өсуі басталады, тамырлануы мен ұлғайып өсуіне және вегетативтік көбею органдарының қалыптасуына жол бермеу үшін укекіренің биіктігі 10-15см жеткен шағында агротехникалық күресу шаралары қажет. Өйткені тамыр жүйесі толық қалыптасқан жағдайда егістікте укекіренің толық қанды сақталуына негіз болады.
Ауа темпертурасы 18-20°С ылғалдылығы 60% төмен болмағанда укекіренің қарқынды өсіп дамуына жағдай жасалады. Атмосфералық және топырақтық құрғақшылық кезінде, сондай-ақ арамшөп кезеңі дұрыс таңдалмаса, гербицид мөлшерінің дұрыс есептелмеген жағдайда укекіре өсу «диапаузасына» ұшырайды. Диапауза кезінде ішкі физиологиялық процестер баяулап гербицидтер мүлдем әсер ете алмайды. Сондықтан арамшөптер қарқынды өсіп-дамып жатқан кезінде гербицидтер қолданған жөн. Осы кезеңде жүйелік әсер ететін гербицидтер еш кедергісіз физиологиялық ағындармен өсімдіктің жер үсті және жер асты бөліктерінің жүйке талшықтарына таралады.
Укекіренің шанақтану мен гүлдену фазаларында тамыры мен тамыр сабақтарында бүршік жаңаруы қалыптаса бастайды. Осы мерзімде зат алмасу қарқындылығы жоғарылап арамшөптер айтарлықтай осал болып келеді. Жаңару бүршіктерімен толық қанды тұқым пайда болудың алдын алу үшін және укекіренің вегетативті мүшелері мен тамыр жүйесіне барынша залал келтіру мақсатында жүйелік әсер ететін гербицидтерімен өңдеуді шанақтану мен гүлдену кезеңдерінде жүргізген жөн.
Укекіре жапырақтарының су сіңіру қабілеті атмосфералық құрғақшылық пен жапырақтың қартаю кезінде төмендеп және ауа температурасы 12°С төмендегенде 30%-ға, 10°С төмендегенде 50%-ға қысқарады. Укекірені гербицидтермен күзде өңдеген кезде атмосфералық температураның төмендігі мен қартайған арамшөптерді есепке ала отырып гербицидтер мөлшерін ұлғайтып және Раундап экстра, араластырылып қолданғанда Раундап Экстра+ Дезармон эфир, Дезармон эфир + секатор турбо препараттарын қосқан жөн [ 5].
Жатаған укекіремен күресу шаралары
Өңдеу тереңдігін ұлғайта отырып бірнеше қайталанымда жасалады алғашқыда 6-8 см, кейін 8-10 см, 10-12 см, 12-14 см дейін жетеді. Укекіренің жертаған жапырағы қалыптасқаннан кейін қопсыту шаралары жүргізіледі. Қопсыту шараларының кешіктірілуі укекіренің тамырлануына жол беріп жүргізілетін жұмыс тиімділігін төмендетеді. Қопсыту шаралары мамыр айынан бастап шілде айының ортасына дейін жүргізіліп шанақтану кезеңінің жақсы дамуына жағдай жасалады.
2-сурет. Укекіремен ластанған сүрі жер танабы
Шанақтану мен гүлдену кезеңдерінде химиялық күресу шаралары жүргізіледі. Биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып химиялық өңдеуді уақытылы жасау өте маңызды. Укекіренің қарқынды дамуы кезінде шанақтану – гүлдену кезеңдерінде гербицидпен өңдеу жүргізіледі. Соңғы жылдары тұрақты арамшөптермен соның ішінде карантинді укекіремен күресу шаралары кезінде негізсіз және үдейі түрде глифосат құрамды препараттар таза қалпында қолданылып жүр. Глифосаттардың ерекшелігі арамшөптердің тамыр жүйесінде инулин мөлшері жоғары болған жағдайда олар баяу еніп жылжиды. Сондықтан да укекіре немесе басқа да арамшөптер глифосаттарға төзімді болып келеді. Ғылыми ұсынымдарға қарамастан карантинді өсімдіктермен күресуде глифосаттарды таза күйінде қолдану жалғасуда. 90 жылдары ҒЗИ зерттеулері бойынша глифосаттарды тұздармен, эфирлермен бакты қоспа ретінде қолданғанда тиімді екені дәлелденген болатын. Әйтсе де, жергілікті жерлерде арамшөптермен күресу шараларының технологияларын жеңілдету көзделуде нәтижесінде тиімділіктің төмендігінен ластануды азайту емес керісінше соңғы бес жыл ішінде 900 мың.га ұлғайттық [1].
«Ізденіс» ЖШС егістіктерінің сүрі жерлерінде карантиндік арамшөптерімен соның ішінде укекіремен күресу мақсатында зерттеулер жүргізілді. Сүрі жерде 2 ізді қопсыту жұмыстары, содан кейін бір қайтара төмендегі гербицидтермен химиялық өңдеу жүргізілді. Укекіре арамшөптер санын анықтау тәжірибеде екі кезеңде жүргізілді:
Кесте 1 - «Ізденіс» ЖШС укекіремен химиялық күресу нәтижелері
№ |
Вариант |
Өңдеу мөлшері, л/га |
арамшөп саны, дана |
Биологиялық тиімділігі, % | |
дейін |
кейін | ||||
1 |
Бақылау (өңдеусіз) |
— |
12,8 |
12,5 |
- |
2 |
Раундап Экстра+ Дезармон эфир |
4,0+0,3 |
12,5 |
1,6 |
82,2 |
3 |
Раундап Экстра |
4,0-5,0 |
12,4 |
1,9 |
84,8 |
4 |
Дезармон эфир + Секатор турбо |
0,3 +0,05 |
12,7 |
1,3 |
90,6 |
Бірінші есептеу кезінде танапта арамшөптер саны 1м2 жерде 12,5 дана болды. Гербицидтермен өңделгеннен кейін бір ай өткен соң танаптағы арамшөп санын есептегенде гербицидтермен өңделген танаптағы арамшөп саны күрт азайғаны байқалды. Дәлірек айтқанда, өңделген танаптардағы арамшөп саны 1,3 пен 1,9 аралығына дейін азайды. Демек сыналған гербицидтердің тиімділігі жоғары болуы, атап айтқанда
Қорыта келгенде аса
қауіпті карантиндік нысан
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Колмаков, П.П. Минимальная обработка почвы/ П.П.Колмаков, А.М.Нестеренко. - Москва: Колос. кн.изд-во, 1981. -162 с.
2. Құмғанбаев,А. Управление предпринимательства и промышленности Алматинской области [Электронный ресурс]: Маман кеңес береді. Карантинді арамшөп – укекіреден абай болайық/ А.Құмғанбаев.www.karasay.kz.
3. Омаров, С.А. Меры борьбы с горчаком ползучим/ С.А.Омаров, А.С.Нугуманов// Агровестник Астана нан. - 2010. -№4(12). –С. 16.
4. Сорока, С.В. Интегрированные системы защиты сельскохозяйственных культур от вредителей, болезней и сорняков/ С.В. Сорока. – Минск : Белорусская наука, 2005. -48-60 с.
5. Суслин, А. Очаг горчака ползучего захвотило все поле/ А. Суслин// Защита и карантин растений. – 2011. -№11.-С.12.
Информация о работе Укекіренің биологиялық ерекшеліктері мен күресу шаралары