Геоақпарат ғылымының ТМД мен Қазақстанда даму тарихы мен деңгейі. Геоақпарат ғылымының картография мен және информатикамен байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 08:09, реферат

Описание работы

ГАЖ (Геоақпараттық жүйелер) – жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Геоақпараттық жүйе дегеніміз – табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым. Географиялық ақпараттық жүйе кеңістік базасының құрастырушысы және әркелкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктурідің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады.

Содержание работы

І. Кіріспе бөлім.......................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім:
ІІ.І. ГАЖ-дың тарихи даму кезеңдері..........................................................4
ІІ.ІІ. ГАЖ-дың құрылымы............................................................................5
ІІ.ІІІ. Қазақстандағы ГАЖ-дың даму деңгейі.............................................5
ІІ.IV. ГАЖ-дың карта құрастырудағы рөлі.................................................6
ІІ.V. ГАЖ-дың картографиямен байланысы. Зерттелетін аймақтың картасын құрастыру...................................................................................8
ІІ.VI. ГАЖ-дың информатикамен байланысы..........................................11
ІІІ. Қорытынды бөлім.........................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................14

Файлы: 1 файл

stud.kz_118765597 (2).docx

— 39.09 Кб (Скачать файл)

ГАЖ-дың информатикамен байланысы

Геоақпарат (геоинформатика) – информатика терминінің туындысы болып табылады. Сондықтан ГАЖ  Информатикамен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта геоинформатика  және ГАЖ бағыттарының интернетпен  байланысы  дамып қалыптасқан. Бұл Интернеттік  технологиялар негізінде жүреді. Қысқа уақыт кезеңінде  телекоммуникацияның жаңа даму  технологиялық  базалары қалыптасты. Бұл технологиялық  база аз уақыт ішінде, әсіресе соңғы 3-4 жылда ГАЖ-Интернет қосымшалардың  туындауында  катализатор рөлін атқарды. Жаңа зерттеу бағыттары пайда болып,  жаңа терминология құрастырылды, мысалы, WEB –картографиялау, картографиялық  Интернет- Сервер және тағы басқалары. Желілік  технологиялардың  30 жылдың даму тарихына  қарамастан 1995 жылдан бастап дамыды деп айтуға болады. Интернет “Желілер желісі” ретінде қоғамда, ақпарат тасымалдау қызметінде  маңызды рөлге ие болды. Глобальды мәдениеттің  ажырамас бөлігі. ГАЖ және геокеңістіктік  мәліметтер  осындай қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта Интернет географиялық ақпараттардың  барлық формада, карта, график, текст түрінде  кеңінен таралу туралы ретінде қарастырылады.        

                  ГАЖ және Интернет-технологиясының бірігуі географиялық ақпараттарды глобальды өңдеп,  ұйымдастыруға  мүмкіндік берді. Өз кезегінде бұл мүмкіндік ГАЖ-дің  дәстүрлі әдістерінің әйгіленуіне және қолданылуына жол ашты. Интернет арқылы геоинформатика өзінің  күнделікті қоғам өмірінде қолданылуын кеңейтті. Батыс мамандарының бағалауынша, қазіргі уақытта интерактивті картографиялық сервис және геокеңістіктік ақпарат, информациялық технологиялар көлемінде  белгілі орынға ие болды. ГАЖ және Интернет технологиясы интеграциясының қазіргі  заманғы  мәселесін бөліп көрсетуге  болады:

•Клиенттер үшін  ақпараттардың сақталуы және өңделуі, осы ақпараттарды қолданылып,  талдануы, сервер мен клиент арасындағы ақпараттар  ағынының бақылануы геоинформациямен  жұмыс технологиясының даму мәселесі;

•Географиялық ақпараттарда  толық және эффективті байланыс жасаудың стандартты  өңдеу мәселесі;

•Картографиялық  бейнелерді беру және қалыптастыру, үлкен көлемдегі геодезиялық ақпараттарды сақтау, зерттеу жүргізуді тездету мәселелері және тағы да басқалары.                   “Серверлік” стратегиялар геомәліметтерді және ақпараттық құралдарды қолдануда жалпыланған сервер режимін талдау нәтижелерін бағыттауға арналған. Бұл стратегия белгілі деңгейде локальды желідегі ГАЖ жұмысын қамтамасыз етуде қолданылатын “terminal-to-mainframe” дәстүрлі моделінің жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда  клиенттің компьютерінің сапасы жоғары болуы керек. Ондай стратегияға келесі процедуралар қатары тән.

•тұтынушы  Web-браузер терезесінің көмегімен сауал құрастырады;

•сауал Интернет желісі арқылы серверлерге жіберіледі;

•сервер сауалдарды өңдейді;

•жауап қолданушыға Интернет желісі арқылы оралады.

  Сондықтан да альтернатив  ретінде ГАЖ апплеттерді клиент  компьютеріне орнатуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытынды  жасай  келе, ГАЖ - дың қазіргі  таңда  әр  түрлі бағыттағы  мәліметтік  жүйені  құрастырудағы  рөлі  үлкен . Ол жахандық  мәліметтік  қоғамның  талаптарына  жауап  береді. Әсіресе бұл жүйеде біз иоформатика, соның ішінде Интернет желісін айта кетуіміз керек. ГАЖ және Интернет-технологиясының бірігуі географиялық ақпараттарды глобальды өңдеп,  ұйымдастыруға  мүмкіндік берді. Өз кезегінде бұл мүмкіндік ГАЖ-дің  дәстүрлі әдістерінің әйгіленуіне және қолданылуына жол ашты. Интернет арқылы геоинформатика өзінің  күнделікті қоғам өмірінде қолданылуын кеңейтті. Батыс мамандарының бағалауынша, қазіргі уақытта интерактивті картографиялық сервис және геокеңістіктік ақпарат, информациялық технологиялар көлемінде  белгілі орынға ие болды. ГАЖ және Интернет технологиясы интеграциясының қазіргі  заманғы  мәселесін бөліп көрсетуге  болады. ГАЖ – жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы»  4 – том, 58-59 беттер, Алматы 2002ж.

2. Е.Г.Капралов, А.В.Кошкарев, В.С.Тикунов  «Геоинформатика» 2004г.  152-161 бет

3.Коновалова Н.В., Капралов  Е.Г. Введение в ГИС.- М., 1997, 92 бет.

4.Линник В.Г. Построение  геоинформационных систем в физической

географии. - М., изд. МГУ, 1990, 80 бет.

5.Лурье И.К. Геоинформатика. Учебные геоинформационные системы. -М.,изд.МГУ, 1997, 115-117-ші беттер.

6.Кошкарев А.В., Каракин  В.П. Региональные геоинформационные  системы.-М. ,Наука, 1987, 126-128 беттер.

7. Кошкарев А.В.,Тикунов  В.С. Геоинформатика.- М.,Картгеоцентр-

Геодезиздат. 1993, 213 бет.

8. Интернет желісі: www.ru.wikipedia.org – ГАЖ-дың тарихи даму кезеңдері

   http://geoimage.kz – ГАЖ-дың карта құрастырудағы рөлі

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Геоақпарат ғылымының ТМД мен Қазақстанда даму тарихы мен деңгейі. Геоақпарат ғылымының картография мен және информатикамен байланысы