Нивелирлік белгілер
Нивелирлік белгілер – геометриялық нивелирлеу пункттерін жергілікті жерде
белгілеу және бекіту үшін орнатылатын
белгілер. Нивелирлік белгілер тұрақты
және уақытша, сондай-ақ іргетастық және грунттық реперлер, қабырғалық және шойын маркалар мен
реперлер және т.б. болып бөлінеді.[1]
Гидрология — су туралы ілім. Гидросфераның
қасиетін, динамикасын және жердің географиялық қабығындағы
басқа элементтермен өзара байланыстылыгын
зерттейтін ғылым. Зерттейтін объектілері
бойынша ол құрлық гидрологиясы және мұхиттар
мен теңіздер (океанология) гидрологиясы болып екіге
бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету, электр қуатын
алу, егін суару, көпірлер салу тағы басқалар.
мәселелерді шешу жөнінде гидрологияның
маңызы өте зор.[1]
Гидрология(гидро...
және грек. logos – ілім) – табиғи суларды,
оларда өтіп жатқан процестерді, олардың атмосферамен, литосферамен және биосферамен
байланысын зерттейтін ғылым. Гидрологияның зерттеу нысандарына
мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер,
бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ
және жер асты суларының физика-химия қасиеттері жатады. Жалпы Гидрология
мұхиттар Гидрологиясына (мұхиттану) және
құрлық Гидрологиясына жіктеледі. Құрлық
Гидрологиясы зерттеу нысандары бойынша:
өзендер Гидрологиясы; көлдер мен бөгендер
Гидрологиясы (лимнология); батпақтар Гидрологиясы (гельматология); жер асты суларының Гидрологиясы
(гидрогеология); мұздықтар Гидрологиясы
(гляциология) болып, ал зерттеу бағыты мен
әдіс-тәсілдеріне қарай жалпы Гидрология,
гидрография, гидрометрия, инженер Гидрология
және Гидрологиялық болжам салаларына
жіктеледі. Мұхиттану немесе мұхиттар
Гидрологиясы – дүниежүз. мұхитта өтіп
жатқан физика, химия, геология және биология
процестерді зерттейді. Мұхиттану мұхит физикасына (физ. мұхиттану,
теңіз физикасы), мұхитбиологиясы мен геологиясына,
мұхит гидрографиясына, т.б. бөлінеді.
Республика аумағындағы 85 мың өзен мен
маусымдық жылғалар, 48 мыңнан астам көлдер,
үлкенді-кішілі жүздеген бөгендер мен
тоғандар, т.б. су объектілерінің Гидрологиялық
жағдайы олардың география орнына, жер
бедеріне және климатқа тығыз байланысты
қалыптасқан. Қазақстан жерінің жазық бөлігінде жиналған
қар жамылғысындағы су ресурстары, қардың
еру режимі, қар түсу мен қар еру кездеріндегі
метеорология жағдайлар мен топырақтың гидрофизика ахуалы, т.б. факторлар мен деректер
әр жыл сайын шығатын гидрология жылнамаларда
жарияланып отырады. [2][3]
Гидрология — табиғи суларды
және оларда болатын құбылыстар мен
процестерді зерттейтін ғылым саласы.
Жер туралы ғылымдар санатына жатады. Геофизикамен, географиямен (көбіне физикалық географияның
бөлігі деп қарастырылады), сондай-ақ геология және биологияғылымдарымен тығыз байланысты.
Гидрология пәніне гидросфера суының барлық түрлері: мұхиттар,
теңіздер, өзендер, көлдер, батпактар,
топырақ және жер асты сулары, сондай-ақатмосфера сулары жатады. Зерттейтін нысандары
бойынша Гидрология құрлық гидрологиясы
және мұхитзерттеу болып бөлінеді. Гидрология
XVII ғасырда қалыптаса бастады.[4]
Геометриялық нивелирлеу
Геометриялық нивелирлеу— жер бетіндегі нүктелердің биіктік айырмашылығын
(өзара биіктікті) горизонтальдық көздеу
арқылы анықтайтын тәсіл. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ
НИВЕЛИРЛЕУ нивелир және рейканың (қаданың)
көмегімен орындалады. Нивелирді орналастыруға
байланысты ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ екі
әдіспен жасалынады: “ортаға қоюb) есептелінеді. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУде
нүктелердің арасы бір-бірінен алшақтау
болса, нивелирді нүктелердің ортасына
ретімен орналастырып (нивелир орналастырған
жерді “станса” деп атайды) нивелир жүрісі
жүргізіледі.-а=” және “алға нивелирлеу”. Маршруттық
нивелирлеуде “ортаға қою” әдісін қолдану
тиімді. Бұл әдісте нивелир екі нүктенің
ортасына қойылады, ал нүктелерде вертикаль
қалыпта рейкалар орналастырылады. Рейкалардан
артқы (а) және алдыңғы (b) санақтар алынады.
Осы санақтардың айырымы арқылы екі нүктенің
өзара биікт. (ї Екі b.S-аS=Нбаст.-Ні+їі формуласымен анықталады, мұндағы
і — нүктелердің реттік нөмірі. Бастапқы
және соңғы нүктелердің биіктік айырымы
артқы және алдыңғы санақтар қосындыларының
айырымына тең болуы керек, яғни Нсоңғ.=көршілес стансаға ортақ нүктелер нивелир
жүрісінің байланыс нүктелері болып табылады.
Олардың биіктік мәндері Ні+1 Жер бетінде ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ НИВЕЛИРЛЕУ арқылы
мемл. және жергілікті нивелирлік торлар
құрылады, олар арқылы республика территориясында
біртұтас биіктік жүйесі жасалынып, топогр.
түсірім мен инж. жұмыстар орындалады.
Алға нивелирлеу әдісі бөлу жұмыстарында, жерге жоба
белгілер мен еңістіктерді шығарғанда,
жерді вертикальдік пландауда ірі масштабты топогр. план алу үшін қолданылады.
Геометриялық нивелирлеу - нивелирдің
горизонталь нысаналау сәулесі
арқылы нүктелердің биікайырымдарын
анықтау әдісі.