Геодезиялық жұмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:02, доклад

Описание работы

1993 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкі» туралы жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкінің басқару қүрылымдары терең өзгерістерге үшырады. Сонымен, Қазақстанда Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезеңінен нақты жүмыс істей бастаған болатын.

Файлы: 1 файл

КР улттык валютасынын калыптасуы 1.docx

— 14.53 Кб (Скачать файл)

1993 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкі» туралы жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкінің басқару қүрылымдары терең өзгерістерге үшырады. Сонымен, Қазақстанда Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезеңінен нақты жүмыс істей бастаған болатын. Ұлттық банк жаңа заңға сәйкес жаңа басқарма сайлады, оның қүрамына Президент әкімшілігінен, Парламент аппаратынан, Үкімет пен Қаржы министрлігінен өкілдер кірді. 
Өз ұлттық валютамызды еңгізу қажеттігі 1991 жылдың аяқ шені мен 1992 жылдың бас кезінде айқын болды. Валютамыздың күрделі процесі ақша реформасымен түспа-түс келіп жоне мән-жайы белгілі бір қиындық туғызды. Оның үстіне ақша реформасы өз ақшасы, өз валютасы бар жерде жүргізілетіні белгілі ғой. 
Сонымен бірге, алтынның, күмістің және басқа да асыл металдардың жеке меншік банктер мен жеке тұлғаларға жылыстауы туралы қауіптер Мәскеудегі Орталық, Ұлттық, Резервтік және басқа да мемлекеттік банктерді орағыта алтын қүймалық жинақтамалардың даму үрдесін ескере отырып, орын алды. Осы жағдайда республикамызда Жоғарғы Кеңес төралқасы мен сессисының шешімін шапшандатқаннан басқа амал қалмады. 1991 жылдан 1993 жылдың бас кезіне дейін 1 доллардың шамамен 100 рубльге ара қатынасы 1 доллар 980-990 рубль ара-қатынасына дейін көтерілді. Уақыт өтіп жатты және жорамалданған 1 теңге — 1000 рубль арақатынасы туралы айтуға тура келді... 
Оз ұлттық валютасын еңгізген және бүрынғы Одақтың ыдырауынан пайда болған тәуелсіз мемлекеттермен көп 
 
валюталық ақшалай айналыс кезінде ҚР-ның Ұлттық Банкі өз үлггық валютасымен алтын валюталық қорын рынокқа республиканың валюталық биржасы арқылы шығаруы және басқа елдердің қажетті валютасын: РФ рублін, Украина гривнасын, литтерді, латтарды, манаттарды, сомдарды, маркаларды, юаньдарды, швейцар франкілерін, иендерді және т.б. алуы тиіс болды. Мәселе өте күрделі бастады, сондықтан Достастық елдерінде жаңа рубль еңгізілген кезде ҚР-ның Ұлттық Банкімен оның валюталық биржасы теңгенің айырбас бағамының 1-ші сатысывда теңге тек қана РФ рублімен, АҚШ долларымен және ФРГ маркасымен жұмыс істейтін болды.

 

2006 жылы 15 қараша күні  ұлттық валютамыздың жаңа дизайнмен әрленген 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттары айналымға шықты.

Дизайн мемлекеттік рәміздерді, еліміздің сәулет нысандары мен  табиғи ландшафтарын бейнелей отырып, Қазақстанның осы заманғы бейнесін береді. Қолайлылық үшін номиналдарды сандық және жазбаша белгілеу ірі  қаріптермен басылған. Нашар көретін  адамдар үшін банкноттарда әр жеке номиналға тән жоғары бедерлі  арнаулы элементтер пайдаланылған.

Көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан, ал теңгенің – Қазақстан  Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды.  Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді.

Қазақтың өз ақшасы, ұлттық валютасы – теңге айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің нығаюына, халықтың және кәсіпорындардың сеніміне ие болып, өзінің 18 жыл тарихында  тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің  қаржы-несиелік саясатына орасан зор  ықпалын тигізді. Теңгенің де алдағы уақытта атқарар игі істері мол.

Ұлттық ақшамызды айналымға  енгізу – Тәуілсіздігіміздің қалыптасуына, сондай-ақ еліміздің экономикалық және саяси өміріне зор ықпалын  тигізген ірі оқиға болды. Бұл  мемлекетіміздің  өздігінен ақшалай-несиелік саясатын жүргізуде үлкен мүмкіндіктерге жол ашып, зор бетбұрыс жасаған батыл қадам еді.

Мереке тұсында ауданымыздың әлеуметтік дамуына қажырлы еңбегімен  өз үлестерін қосып келе жатқані  қаржы қызметкерлерін төл мерекесімен  құттықтап, зор денсаулық, жемісті  қызмет, отбасыларына амандық тілеймін!


Информация о работе Геодезиялық жұмыстар