Геодезиялық жұмыстардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2015 в 16:44, реферат

Описание работы

Геодезия – жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың ерте заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуі негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлде қашан шыққаны түсінікті.

Файлы: 1 файл

Геодезиялық жұмыстардың түрлері.docx

— 17.10 Кб (Скачать файл)

                           Геодезиялық жұмыстардың түрлері

  Геодезия  – жер туралы өте ежелгі  ғылымдардың бірі. Адамзаттың ерте  заманда жер бетінде қашықтық  пен ауданды өлшеудегі ашқан  заңдылықтары геометрия мен геодезияның  ғылым ретінде дүниеге келуі  негіз болды. Грек тілінен аударғанда  «геодезия» сөзі «жерді бөлу»  деген мағынаны білдіреді. Қазіргі  заманғы геодезияның жерді бөлу  мағынасы шеңберінен әлде қашан  шыққаны түсінікті.

  Геодезия  – жердің немесе оның жекелеген  бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар мен пландарға  түсіру, сол сияқты адамның инженерлік қызметінің сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым.

  Геодезиялық жұмыстардың орындалуына байланысты геодезия келесі түрлерге бөлінеді.        

 Жер үсті геодезиясы — геодезиялық жұмыстар тікелей жердің үстінде жүргізіледі. Өлшеу кезінде жүмыстың мақсатына байланысты әртүрлі аспаптар қолданылады, өңдеу нәтижесінде жер бетінің планын және картасын алады. Бұл қызмет еліміздің территориясының барлық жерінде жүргізіледі. Аэрогеодезия — аспаннан (әуеден) ұшақ арқылы жердің бетін суретке (фотоға) түсіреді де, арнаулы аспаптар мен қондырғылар арқылы түсірген фотографияны өңдеу және талдау әдістерімен халық шаруашылығының маңызды мәселелерін шешеді. Мысалы, адам аяғы баспайтын жерлерде: тайгада, шөлде, таулы жерлерде және т.б., сонымен қатар, жол қурылыстарын жобалағанда, орман шаруашылығында қолданатын тиімді түсіру әдісі.        

 Ғарыштық геодезия — ғарышта жер серігі арқылы жердің бейнесі мен оның бөліктерін фотоға түсіріп, оны арнаулы әдістер мен аспаптар арқылы зерттейтін жұмыстың түрі.

Жер асты геодезиясы (марншейдерия) — жер астында және жердің жоғарғы қабаттарында жүргізілетін арнаулы геодезиялық жұмыстар.Мысалы, шахтада, карьерде, метро және т.б.

Су асты геодезиясы — кейінгі кезде геодезиялық жұмыстар су астында жүргізіле бастады, олар теңіздің, көлдердің, өзендердің түбін, оның рельефін зерттейді.

Жоғарыдағы көрсетілген әрбір жұмыстардың орындалуы геодезиялық қызметтер дейді. Қазақстан Республикасында Министрлер кабинетінің қаулысы бойынша қаңтардың 10-шы жулдызында 1992 жылы Министрлер кабинетінің жанында Геодезия және картография бас басқармасы (ГКББ) құрылды.

Осы Қазақстан Республикасының ГКББ-ында орталық картография қоры бар. Онда картография-геодезиялық жұмыстардың мәліметтері сақталады.

Мемлекеттік геодезиялық қадағалау басқармасы (МГҚБ) топография-геодезиялық жүмыстарды жүргізуге рұқсат береді, олардың орындалуының сапасын бақылап отырады, алғашқы мәліметтерге жататын материалдарды бір жүйеге әкеледі (мемлекеттік геодезиялық пункттердің координаталарының каталогтары).

  Геодезия біршама  ғылыми пәндерге яғни, математика, физика, астрономия, автоматика, телемеханика, радиотехника, география, геология, геоморфология, гравиметрия және геофизика жетістіктеріне  сүйенеді. Сондықтан геодезияның осы ғылымдармен тығыз байланыстығы күмән туғызбайды.

  Математика  геодезияны әр түрлі геодезиялық  есептердің аналитикалық түсіндірмелерінің тәсілдерімен, сондай-ақ өлшеу нәтижелерін өндеудің талдауларымен, әдістерімен қаруландырады. Физика геодезияны электроникамен және электроникамен қатар оптикалық, оптикалық-механикалық және электронды-оптикалық аспаптармен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін  дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радиоэлектроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар құрастырылады. Географияны білу жер бедерін құрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру заңдылықтарын танып білуге геология мен геоморфология көмекке келеді. Жердің фигурасын зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның заңдарымен аспаптарын пайдаланбай, мұндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда графикалық сапалы безендіру топографиялық сызу тәсілдерін білуді қажет етеді.

  Геодезияның  ғылыми зерттеулерде, жерді үйлестіруды, маркшейдерлік істе, құрылыста, еліміздің  әскери қорғанысында геодезияның  халық шаруашылығының түрлі-түрлі  салалары үшін практикалық үлкен  маңызы бар. Мәселен, геодезиялық өлшеулер, жолдар, каналдар, жерасты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кезендерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау т.б. үшін пайдаланады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Геодезия Нұржумин Е.Қ., Беристенов А.Т., Мусайф Г.М.

REFERATKAZ.KZ сайты

 

Жоспар:

  1. «Геодезия» ғылымы туралы түсінік
  2. Геодезиялық жұмыстардың түрлері
  3. Геодезияның басқа ғылыммен байланысы

 


Информация о работе Геодезиялық жұмыстардың түрлері