Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 14:04, курс лекций
Электрондық тахеометр – жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған.
Электрондық тахеометр – жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні – далалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады. Электронды тахеометр арқылы биікайырымды анықтаудың, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай-ақ жарықтың ауада таралуын жылдамдығы үшін түзетудің автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына шағылдырғыштар, штативтер, батарея, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күту жабдықтары кіреді. Түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы бар. Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.
Қазіргі таңда заманауй электронды
тахеометрлердің қолдану саласы
Жәй электронды тахеометр – бұл аспап дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді (арақашықтық, биікайырым) орындауға арналған аспаптар. Деректерді ішкі жадыға немесе қосымша жадыға жазады. Мұндай аспаптардың бұрыштық қателігі 5²-6², ал арақашықтықтікі 3-5мм құрайды. Бір призма бойынша арақашықтықты өлшеу қашықтығы 1100-1500 метрді құрайды.
Екінші типті электронды тахеомтерлерге
орташа класты аспаптар жатады (Leica, Nikon,
Trimble). Бұл тахеометрлер жәй тахеометрлерге
қарағанда қымбат, бірақ кеңінен
тараған. Олар барлық геодезиялық жұмыстарды
(Геодезиялық тораптардың
Тахеометрлердің үшінші типіне севрожетекпен (сервопривод) қамтылған роботталған тахеомтерлерді жатқызуға болады. Бұл аспаптар арнайы шағылдырғыштарға өздігімен бағытталып өлшеулер жүргізе алады. Сонымен қатар бұл аспап қашықтықтан басқарылатын (өлшенетін нүктеден тұрып) арнайы жүйемен қамтылған. Яғни бір адам ғана жұмыс істейді. Мұндай өлшеу жұмыстары жұмс өнімділігін 80%-ға арттырады.
8.2.1. Trimble фирмасының тахеометрі
MultiTtrack технологиясы
Trimble SPS серияларының тахеометрлері
автоматты режімде дәл
Target ID – бұл қадаға орнатылған құрал, Tracker функциясы қажетті призманы тез тауып, ID кодын сәуле арқылы жібереді.
SurеPoint технологиясы
SPSx10 сериясының тахеометрлері SurеP
68-сурет. MultiTtrack құралдары (Target ID)
Trimble SPS610 және SPS710 электронды тахеометрлерінің техникалық сипаттамасы 14-кесте.
14-кесте
Техникалық сипаттамасы |
Параметрлері | |
SPS610 |
SPS710 | |
Бұрыштық өлшеу дәлдігі |
5" |
3/2" |
Ұлғайтқыштығы |
30х |
Минимальді фокустық арақашықтық |
1.5 м | ||
Жіп торына жарық түсіру |
ауыспалы (10 деңгей) | ||
Компенсатор |
Екі өсті | ||
Компенсатордың жұмыс істеу диапазоны |
6' | ||
Сәуле жығару көзі |
импульсті лазерлі диод 660 нм, 1 класты лазер | ||
Призма бойынша арақашықтық өлшеу қашықтығы |
5000 м | ||
Шағылдырғышсыз өлшеу режімі, шағылысу коэффициенті 90% |
> 300 м |
> 800 м | |
Арақашықтықты өлшеу дәлдігі |
|||
стандартты бір призма бойынша |
± (2 мм + 2 ppm) |
± (3 мм + 2 ppm) | |
Стандартты шағылдырғышсыз режимінде |
± (3 мм + 2 ppm) |
± (3 мм + 2 ppm) | |
іздеу режімі |
± (10 мм + 2 ppm) |
± (10 мм + 2 ppm) | |
Сервомеханизмі |
MagDrive сервотехнологиясы
бойынша, қосылған серво/ |
180°-қа бұрылу уақыты |
3.2 с | |
Модельдері |
Robotic |
Servo, Autolock, |
Robotic режимінде өлшеу қашықтығы |
300 м | |
Далалық бағдарламамен қамтамасыз ету |
LM80 |
SCS900, LM80 |
Тоқ көзі |
литий-йонды батарея, 11.1В | |
Бір батареяның жұмыс істеу уақыты |
6 сағ. | |
Жұмыс істеу температурасы |
-20°-тан +50°-қа дейін | |
Шаңнынан-ылғалдан қорғану |
IP55 |
Trimble 3300 сериясының тахеометрі
Trimble 3300 сериясының тахеометрі механикалық деңгеймен қамтылған. Бұл тахеометр қолдануға жеңіл және көлікпен тасымалдауға қолайлы, сапалы оптика және де бекіту және жетекші бұрандалары бір өсте орналасқан, яғни дәл көздеуге бейімделген.
Техникалық сипаттамасы
15-кесте
Trimble 3305 |
Trimble 3303 | |
Бұрыштық дәлдігі |
1,5 mgon 5² |
1,0 mgon 3² |
Қашықтық өлшеу дәлігі |
5мм + 3ррм |
3мм+3ррм |
Жадысы |
Ішкі 1900 кб |
Ішкі 1900кб |
Trimble 3303 DR/3305 DR тахеометрі
Trimble 3303 DR лазерлі көрсеткішпен
қамтамасыз етілген. Ол көру
түтікшесінде құрылған және
Тахеометрдің техникалық сипаттамасы;
· бұрыштарды өлшеу дәлдігі: 3";
· арақашықтықты өлшеу дәлдігі: 3мм+2мм/км (сәулесіз);
· призма бойынша 2мм+2мм/км (сәулесіз 100м, рефлекторлы марка 800 м, бір призма бойынша 3000 м);
· 1900 нүктеге дейінгі жад;
· бір жақты дисплей;
· орысшаланған.
69-сурет. Trimble 3303 тахеометрі
Trimble 3303 DR – дің негізгі ерекшеліктері:
· жетілдірілген бағдарламалық қамтамасыз етілуі: топография үшін, табиғатқа шығару, геометриялық координат есептерін шешуге арналған қосымша;
· қашықтық өлшеуіш стандартты режімде призмаға өлшегенде, сол сияқты бейнесіз режімде жұмыс істейді;
· сәулесіз бейне режімін қосқанда көрінетін лазерлі көрсеткіш қосылады. Лазерлі көрсеткіштен көру түтікшесіне қарау қажеттігі жоқ. Бұл әдіс өлшеу қараңғыда немесе тунельде өлшегенде ыңғайлы;
· сәулесіз режім (DR) .
Тыс жердегі объектілерді өлшеу, мысалы, көпірлер, тунельдердің сұлбасы, археологиялық қазбалар, жол беттері. Аса көп көлік санына қарамай объектілердің координаттары жабық аумақта немесе адам баруға қауіпті жерде қолданылады.
· Қолданушы объектілердің дәл өлшеу мүмкіндігін алады, мұнда призманы қою мүмкін емес, мысалы, фонарь бағаналары және ғимараттардың бұрыштары. Trimble 3303 DR электронды тахеометрдің қолдануы қарапайым: кішкене пернелер тақтасының комбинациясы, графикалық экран және ыңғайлы интерфейс қолданушыға аспапта жұмыс істеуді меңгеруді жеңілдетеді;