Эталондар және стандартты үлгілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 11:15, реферат

Описание работы

Эталон (фр. etalon) — бұл бірліктің қайта өндірілуін және (немесе) сақталуын, сонымен қатар өлшем құралдарының тексеру сұлбалары бойынша өлшемін төмендегіге беруді қамтамасыз ететін және белгіленген тәртіпте эталон ретінде бекітілген өлшеу құралы (немесе өлшеу құралдырының жинағы). Шама бірлігінің эталоны – уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте осы шаманың өзге өлшеу құралдарына өлшемін беру мақсатында шаманың бірлігін қайта өңдіру және сақтау үшін арналған өлшеу құралы.

Файлы: 1 файл

Лекция стандартизация.doc

— 32.50 Кб (Скачать файл)

3.6 Эталондар және стандартты үлгілер

 

Эталон (фр. etalon) — бұл бірліктің қайта өндірілуін және (немесе) сақталуын, сонымен қатар өлшем құралдарының тексеру сұлбалары бойынша өлшемін төмендегіге беруді қамтамасыз ететін және белгіленген тәртіпте эталон ретінде бекітілген өлшеу құралы (немесе өлшеу құралдырының жинағы). Шама бірлігінің эталоны – уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте осы шаманың өзге өлшеу құралдарына өлшемін беру мақсатында  шаманың бірлігін  қайта өңдіру және сақтау үшін арналған өлшеу құралы.

Шама бірлігінің мемлекеттік (ұлттық) эталоны  — Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы ретінде уәкілетті органның шешімімен танылған шама бірлігінің эталоны. Эталондар бірінші, екінші және жұмыс эталондарына жіктеледі.

Бірінші эталон (Etalon primaire) – бұл ең жоғары дәлдікпен физикалық шаманың бірлігін алатын эталон.

Екінші эталон (Etalon secondaire) – қарастырылатын шаманың бірінші эталонымен қосылу арқылы өлшем бірлігін алған эталон.

Жұмыс эталондары – бірлік өлшемін екінші эталоннан алады және дәлдігі төмен жұмыс эталонына немесе өлшемнің, саймандардың жұмыс құралдарына өлшемді беру үшін қолданылады.

 

Өлшем межеліктері

Өлшеу құралдарының межелігі — бұл өлшенетін шаманың бірізділік мәндерінің қатарына сәйкес келетін белгі мен сандардың тәртіпке келтірілген жиынтығы.

Метрологиялық тәжірибеде межеліктердің  бірнеше түрлері белгілі: атау межелігі, рет межелігі, қатынастар межелігі, абсолютті межелер, шартты межелер.

Атау межеліктері — бұл құрамында нөл және өлшем бірліктері жоқ сапалы межеліктер, мұнда «көп-аз» сияқты қатынастар болмайды. Түстер (түстер атласы) межеліктері мысал бола алады. Өлшем боялған заттың түс үлгілерімен (түс атласындағы эталонды үлгілермен) ойша түрде салыстырылуымен жасалады. Себебі әрбір түс көптеген реңге ие, мұндай салыстыру тек тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар визуалды ерекше қадағалай алу мүмкіндіктер сипатына ие сарапшының қолынан ғана келеді.

Рет межеліктері. Қасиеттің мөлшерлі пайда болуының өсуі немесе кемуіне қарай шамалардың қасиетін қатынастар эквиваленті ретінде және рет ретінде де сипаттайды. Бұл межеліктерде нөлдік белгі бар, бірақ өлшем бірліктері болмайды, себебі шама қасиетінің қай санда көп немесе аз болатынын анықтау мүмкін емес. әдетте рет межеліктері өлшенетін шаманың мәнін баллдармен (жер сілкінісінің күші, жел күші және т.с.с.) сипаттайды. 

Аралықтар межеліктері (түрліліктер). Шамалардың қасиеттерін балама және рет қатынастарының көмегімен ғана емес, сонымен бірге сол қасиеттің мөлшерлік пайда болу арасындағы аралықтардың сомалануын және үйлесімділігін қолданумен сипаттауға болады. Аралықтар межеліктері шартты нөлдік мәндерге ие, ал аралықтар келісім бойынша анықталынады. Мұндай межеліктер уақыт және ұзындық межеліктері.

Қатынастар  межеліктерінде нөлдік мән бар, ал өлшем бірлігі келісім бойынша анықталынады. Мысалы, таразы межелігі, нөлдік белгіден бастап, қажетті өлшеу дәлдігіне қарай әртүрлі градуирленуі мүмкін.

Абсолютті межеліктер әрқашан да физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің анықтамасына ие.

Шартты межеліктер — бұл физикалық шамалардың межеліктері, олардың бастапқы мәндері шартты бірліктерде көрсетілген, кейде оларды метрлік емес деп атайды. Оларға минералдар мен металдардың қаттылық межеліктерін жатқызады.

Ақпараттық  мәліметтер — бұл СҚЖ өтпеген немесе аттестаттауға жатпайтын материалдар мен заттар туралы дерекке негізделген мағлұматтар

 

 

 

 

 

3


Информация о работе Эталондар және стандартты үлгілер