Мектептің жаңа түрлері лицей гимназия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 18:45, реферат

Описание работы

Нивелир – жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге бөлінеді.
Н-0,5-дәлдігі өте жоғары нивелир 1 км-лік қос жүрістегі өсімшемен анықтаудың орташа дәлдігі 0,5 мм-ге тең.
Н-3-дәл нивелир. Орташа квадраттың дәлдігі 3 мм.
Н-10-техникалық нивелир. Өсімше анығтау дәлдігі 10 мм аспайтын нивелир түрі.

Файлы: 1 файл

геодезия.docx

— 17.02 Кб (Скачать файл)

                              Нивелир және оның құрылысы.

           Нивелир – жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге бөлінеді.

  1. Н-0,5-дәлдігі өте жоғары нивелир 1 км-лік қос жүрістегі өсімшемен анықтаудың орташа дәлдігі 0,5 мм-ге тең.
  2. Н-3-дәл нивелир. Орташа квадраттың дәлдігі 3 мм.
  3. Н-10-техникалық нивелир. Өсімше анығтау дәлдігі 10 мм аспайтын нивелир түрі.

Енді  геодезиялық жұмыстарда кеңінен  қолданылып жүрген нивелирлер Н-3 пен  Н-10-ның құрылыстарына тоқталамыз.

Н-3-нивелирі 3,4 кластық және техникалық нивелирлеу үшін

қолданылады. Оның негізгі бөлшектеріне: цилиндрлік деңгей қондырылған дүрбі, көтергіш винттер бар қондырғы, штатив бекіту үшін жасалған винт оймасы бар  пластинка жатады.

           Цилиндрлік деңгеймен бір коробкада  орналасқан призмалы құрылған  деңгей үлбіреуігінің бейнесін  көз алдына келтіреді. 

          Нивелирге қойылатын басты талап  нысалану сәулесінің горизонталь  болып орналасуы. Оны горизонталь  жағдайда дәл келтіру элевациондық  бұранда арқылы жүргізіледі, яғни  деңгей үлбіреугінің ең шетін  ұштастыру арқылы.

          Цилиндрлік деңгейдің сыртқы  жабық төрт түзетпе бұрандалары  бар. Нивелирдің вертикаль осін  алдын ала тік бағытқа келтіру  үшін, дөңгелек деңгей орнатылған  және оның үш түзетпе винттері  бар.

        Ең алдымен дүрбінің көздегіші  мен бекітпе арқылы бағыттап, одан кейін жетекші винт көмегімен  дәл көзделеді. Дүрбідегі жіптер торының анық көруін камтамасыз ететін кремальера бар.

         Элевациондық винтпен деңгей  үлбіреуігінің екі шеті ұштастырылғаннан  кейін, жіптер торының ортаңғысы  арқылы рейкадан есеп алынады.  Есеп әрқашанда төрт таңбалы  сан болып келеді, яғни көрсетілген  мысалда есеп 1145 мм-ге тең.

                                

 

                              Нивелирлік рейкалар

        Нивелирлеуде мантиметрлік бөліктері  бар екі жақты рейкалар қолданылады.  Олар ұзындығы 3-4 метр, ені 8-10 см  және қалыңдығы 2-3 см тұтас  ағаш тақтайдан жасалынады. Алып  жүруге қолайлы бүктемелі рейкалар  да жасалынады. Тақтайлар ақ майлы  бояумен боялып, оларға сантиметрлік  торкөз бөліктер түсіріледі. Онда  әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік  торкөз бөліктер  есеп алуды  жеңілдету мақсатымен 5 см сайын топтарға біріктірілген. Мәселен, Е әрпіне сәйкес топ 50 см-ді көрсетеді және оны санамай-ақ қойса да болады. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың төменгі жағында оны тез тозудан қорғайтын болат пластикадан жасалған табан қағылған.

       Рейкалар бір жақты немесе  екі жақты да болуы мүмкін. Екі жақты рейкалардағы бір  сантиметрлік бөліктер бір жағында  қара, ал екінші жағында қызыл  түспен белгіленеді. Рейканың  қара жағында есептеу нөлден  басталады да, ол негізгі жағы  болып есептелінеді. Рейканың қызыл  жағын тексеру үшін қажет, оның  табаны нөлден емес басқа саннан, мысалы, 4687 не 4787 мм-ден басталады.  Егерде нивелирлеу кезінде рейканың  екі жағынан есептер алынса, онда  қызыл жағынан алынған есептер  қара жағынан алынған есепті  шегергенде, әрқашан 4687 4787 саны қалып  отыруы қажет. Бұл сан есеп  алудың дәлдігін де, дұрыстығын  да көрсетеді. 

       Жұмыс жүргізер алдында нивелирлік  рейкалар тексерілуге тиіс.

 

 

                           Нивелирдің тексерулері мен жөндеулері

      Далалық нивелирлеу жұмысы басталар  алдында аспапты ең алдымен  толық сыртқа өткізеді, нивелир  бөліктерінің жиынтығына, винттердің  түзілуіне көз жеткізеді. 

       Нивелирге қойылатын басты талап  деңгейлік ось пен нысаеалау  сәулесі бағытының өзара параллель  болуы. Жұмыс жүргізер алдында  нивелир жан-жақты тексеріліп, биіктік  өсімшесін дәл анықтауға әсер  ететін кемшіліктер түзетілуге  тиісті. Нивелирдің осьтері арасындағы  геометриялық байланыстарды тексеру  былайша жүргізіледі.

        Дөңгелек деңгейді тексеру. Дөңгелек деңгейдің осі нивелирдің айналу осіне параллель болуы тиіс. Көтергіш үш винт арқылы дөңгелек деңгей үлбіреуігі ортасына келтіріледі.

      Одан кейін нивелир дүрбісін 180 градусқа бұрады да, көпіршіктің  орнын тексереді. Егер көпіршік  нөл пунктте қалса да, онда  жоғарғы тексеру шартының орындалғандығы. Керісінше, шарттың орындалмаған  жағдайында дөңгелек ұстап тұрған  үш түзеткіш бұрандалары арқылы  ауытқудың жартысы түзетіледі. Ал  қалған жартысы көтергіш бұрандалар  әсеріменен түзетіледі.

    Жіп  торларын тексеру. Жіп торларының  горизонталь штрихы нивелирдің  айналу осіне  перпендикуляр,  ал вертикаль штрихы параллеьді  болуы тиіс. Екі штрихтың бір-біріне перпендикуляр болуына зовод кепіл береді, сондықтан бұл тексеруді вертикаль штрижтың көмегімен жасаған дұрыс. Ол үшін нивелирден 20-25 м қашықтық жерге тіктеуіш іліп қойылады да, нивелирдің айналу осі тік бағытқа келтіріледі.

   Егер  дүрбіні тіктеуішке көздеген  кезде вертикаль штрих тіктеуіш  жібімен қабысып, оның бойымен  өтетін болса, онда тексеру  шартының орындалғандығы. Керісінше,  бұл шарт орындалмаса, онда  тордың түзету бұрандаларын босатып,  диафграманы жіптер торымен түзетеді.

    Негізгі геометриялық шартты тексеру. Цилиндрлік деңгейдің осі көздеу осіне параллель болуы үшін бір жазықтықта жатуы керек.

    Бұл  тексеру екі рет нивелирлеу  арқылы жүргіхіледі, яғни бір  қашықтықты екі рет алға нивелирлеу  арқылы тексеріледі.

    Қашықтығы  30-40 м жерге екі қазық А және  В қағылып, А нүктесіне нивелир,  ал В нүктесіне рейка орнатылады. Аспап биіктігі өлшеніп, рейкадан  В₁ есебі алынады. Егер көздеу осі VV мен деңгей осі vv параллель болмаса, онда В₁ есебінің орнына В₁ есебі алынып, қате шамасы анықталады. Сонда В нүктесінің А нүктесіне қарағандағы биіктік өсімшесі мынаған тең болды:

 

                                 H=i-b₁=i₁-(b₁-x)

 

   Енді  нивелир мен рейканың орнын  алмастырып, қайтадан аспап биіктігі  өлшенеді және А нүктесіне  тұрған рейкадан есеп i₂ алынады. Екі нүктенің арасы өзгеріссіз қалғандықтан і₂ есебіндегі қате шамасы тағы да Х тең болады, яғни:

                                   H=b₂-i₂=b₂-x₂-i₂

 

Егер х<+-4 мм болса, түзету жүргізілмейді. Керісінше, 4 мм-ден асып кетсе, элевациондық бұранданың көмегімен тордың ортаңғы штрихын түзетілген есепке b₁= b₂-x келтіріледі. Бұл жағдайда цилиндрлік деңгей көпіршігі нөл пункттен ауытқиды. Көпіршіктің ауытқуы цилиндрлік деңгейін түзеткіш бұрандалары арқылы қалпына келтіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           С.  Сейфуллин атындағы агротехникалық  университеті

 

 

 

                       Кафедра геодезия және картография

 

 

 

        РЕФЕРАТ

    

  Тақырыбы:                 Нивелир

 

 

 

                                                                                    Орындаған: Турмагамбетова А

                                                                                         Жерге орналастыру 101 топ

                                                                                    Тексерген: Сайфуллина Р. Ш

 

 

 

 

       

                                                 Астана, 2011


Информация о работе Мектептің жаңа түрлері лицей гимназия