Навигациялық теңіз карталары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 14:47, доклад

Описание работы

Теңіз картасы (Морские карты) — мұхиттар, теңіздер, шығанақтар, порттар және т.б. бейнеленген карта. Теңіз картасының ең көп тараған түрі — навигациялық карталар. Олар кемелерді жүргізуде қолданылады. Бүл карталарда теңіз түбінід жер бедері, жағасының әзгешелігі, қауіпқатер, навигациялық жағдай, гидрологиялық элементтер және т.б. бейнелснеді. Олардың мазмұны лоцияда (кемелерді жүргізу ғылымының бір саласы) толықтырьшады және түсінік беріледі.

Файлы: 1 файл

Навигациялық теңіз карталары.docx

— 17.66 Кб (Скачать файл)

Теңіз картасы (Морские карты) — мұхиттар, теңіздер, шығанақтар, порттар және т.б. бейнеленген карта. Теңіз картасының ең көп тараған түрі — навигациялық карталар. Олар кемелерді жүргізуде қолданылады. Бүл карталарда теңіз түбінід жер бедері, жағасының әзгешелігі, қауіпқатер, навигациялық жағдай, гидрологиялық элементтер және т.б. бейнелснеді. Олардың мазмұны лоцияда (кемелерді жүргізу ғылымының бір саласы) толықтырьшады және түсінік беріледі. Навигациялық карталар: негізгі және шолу (масштабтары 1 : 500000, 1 : 5000000) карталары болып екіге бөлінеді. Олар жұзу жолының жагдайын және навигациялық аралыкты зерттеуге қолданылады, сондай-ак навигациялық картаның жол аралығын корсететін (1 : 100000 1: 5000000), жағаға жақын жүзуге арналган (1 : 25000, 1 : : 100000) түрлері де болады. Навигациялық карталардан басқа теңіз картасына арнаулы, оқып-үйрену және анықтамалық карталар жатады

                                            Навигациялық теңіз карталары.

Бұл карталар кеме жүргізуді  қамтамасыз етуге, кеменің жолының  аралық төсемін және оның теңізде  тұрған орнын анықтау үшін арналған. Оларды арнаулы тағайындалған теңіз  карталарын жасау үшін негізгі материал ретінде қолданылады.

Навигациялық теңіз карталарын негізгі, жолдық, жеке карталар мен  пландарға бөледі.

Негізгі карталарды 1:1000 000 – 1:5000 000 масштабта жасайда. Олар жүзу ауданының навигационды гидрографиялық жағдайын жалпы зерттеу үшін, кеме жолының аралық төсемін алдын алып, ашық теңізде жүзуін қамтамасыз ету үшін арналған.

Жолдық карталар 1:100 000 – 1:500 000 масштабта жасайды. Олар кеме жүргізуді жаға бойымен, кейде жағадан  алшақтаған және көріністің толық ысырабымен жүзуді қамтамасыз ету ушін арналған. Жолдық карталарда кеменің навигациялық аралық төсемін жүргізіледі және оның жағаға жақындау мүмкіндігі анықталады.

Жеке карталарда 1:25000 – 1:50 000 масштабта жасайды және навигациялық қатынас қиын аудандарда ( жағаға жақын  ауданда, шхерлерде, тарлықтарда, теңіз  каналдарының өтулерінде) кеме жүргізуді  қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Пландар 1:500 – 1:25000 масштабта  кемелерді теңіз айлағына, порттарға  соғуы үшін қолданылады. Пландарды сондай ақ құрылыстарды, толқын өлшеуіштерді жағалауларды жобалауда және порттардың түбін тереңдету жұмыстарының өндірісінде қолданады.

Негізгі және жолдық карталар бүтін су алаптарына, ал жеке карталармен  пландар жағалаулармен аралдардың жеке аудандарына жасалады.

Навигациялық теңіз карталарын жобалауда ерекше қолданылатын математикалық негіз бен мазмұн элементін бірнеше ерекшеліктер бар.

Математикалық негіз элементтеріне  картографиялық проекция, масштаб және карта компановкасы, геодезиялық  және биіктік негізі жатады.

 

 

Мазмұн элементтері

 

Ерекше теңіздік

- теңіз түбінің рельефі;

- навигациялық қауіптілік;

- теңіз түбінің грунты;

-навигациялық құрылғы  құралдары;

- навигациялық бағдарлау;

- фарватерлер;

- теңіз каналдары;

- кеме қозғалысының бөлу  жүйелері;

- теңіз кратасы бөлігіндегі  аудандар;

- гидрологиялық элементтер;

- өлшеуіш сызықтар;

- суасты кабелі;

- арнайы жүктеме элементтері.

 

Жалпыгеографиялық элементтер

- жағалау сызығы, жаға  сызығының мінездемесімен;

- гидротехникалық құрылыстар;

- гидрографиялық жүйе мен құрлық рельефі;

- елді мекен пункті;

- жол жүйесі;

- жасыл жабынды;

- мемлекеттік шекара;

- жердің магниттік элементтері.

Безендіру  жазбалары және элементтері

- карта тақырыбы;

- масштаб шкаласы мен графигі;

- сұлба;

-жаға түрлері;

- ескертулер;

- жазбалар;

- рамка сыртындағы безендіру элементтері.

Навигациялық теңіз  карталарын тікбұрышты цилиндрлік Меркатор проекциясында  құру себебі, навигациялық есептердің шешу қарапайымдылығында кеменің сызығы аралық төсемін, түзу сызықты жүзуінде және нақты өлшенген бұрыштардың  картада бұрмаланусыз берілуі.

Әрбір теңіз картасына  Адмиралтейлі нөмір беріледі. Ол картаның сыртқы рамкасының шетіндегі төрт бұрышқа  да басылады. Нөмірден басқа, теңіз  картасына картада бейнеленген  аудан аты тақырып ретінде  басылады.

Теңіз түбінің мінездемесі  мен жағалауына жол ашықтығын  көрсету үшін, каналдар, зәкіртастайтын орындар, навигациялық қауіпті зоналар, маяктар, теңіз түбінің отметкалары  мен изобаттар бейнеледі. Бұл  карталарда жағалау шегінісін құрылысы жағажайдың ені бейнеленеді.


Информация о работе Навигациялық теңіз карталары